Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Августа 2013 в 09:06, реферат
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәіресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Кіріспе
1.1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны.
1.2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы.
1.3. Қосымша білім беру ұйым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы.
1.4. Ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі.
Қорытынды..........................................................................................................
Әдебиеттер тізімі.................................................................................................
Қосымша..............................................................................................................
Қорытынды:
Ата-ана мен қосымша білім беру ұйымының арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында
“Аналар мектебі” мен “Әкелер”мектебі жұмыс жасайды. Олардың мақсаты- оқушыларды инабаттылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу және халқының ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойларына сіңіру. Осы мақсатта жылына екі рет “Аналар” мектебінің аналарымен қыздарға арналған “Қызым саған айтамын”, “Қыз қылығымен сүйкімді”, “Қыздарға ақыл-кеңес”, “Ұлым, сен ертеңгі азаматсың”, “Жігітке жеті өнер де аз” т.б тақырыптарда тәрбиелік мәні зор іс шаралар өткізілді.
Сонымен қорыта келгенде, отбасы тәрбиесіндегі этникалық мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:
Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.
Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.
Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».
Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».
Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.
Әдебиеттер тізімі:
Интернет ақпаратынан.