Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі қосымша білім беру ұйым мұғалімдері мен отбасының бірлескен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Августа 2013 в 09:06, реферат

Краткое описание

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәіресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Содержание

Кіріспе
1.1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны.
1.2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы.
1.3. Қосымша білім беру ұйым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы.
1.4. Ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі.
Қорытынды..........................................................................................................
Әдебиеттер тізімі.................................................................................................
Қосымша..............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі.docx

— 30.95 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасының тәрбиелік потенциалын          арттырудағы қосымша білім беру          орталығының рөлі

 

 

 

                          

 

 

 

 

 

 

                                                                               Орындаған :   А.М.Касымжанова

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Алматы қаласы 2013 ж.

Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі қосымша білім беру ұйым мұғалімдері мен отбасының бірлескен қызметі.

Жоспар

Кіріспе  
1.1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны. 
1.2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы. 
1.3. Қосымша білім беру ұйым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы. 
1.4. Ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі. 
 
Қорытынды.......................................................................................................... 
 
Әдебиеттер тізімі................................................................................................. 
 
Қосымша..............................................................................................................

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл  жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас  нәіресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын  жоспарлайды және саналы азамат болып  өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған  баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне  үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Баланың дамуының қандай қырын алмайық, қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының ролі ерекше.

Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық:

Тәрбиелік;

Сауықытыру;

Рухани-адамгершілік;

Танымдық-білімдік;

Тұрмыстық;

Еңбек;

Мәдени-ағаратушылық;

Демалыс-шығармашылық;

Тұлғаның өзіндік тәжірибесін  ынталандырушы;

Басты міндеттері:

Баланы үйлесімді дамыту;

Бала денсаулығына қамқорлық жасау;

Оқуына көмек көрсету;

Еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;

Тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;

Ізгі, эмоцианалды-адамгершіліктік  қатынас тәжірибесін қалыптастыру;

Жалпы мәдени және интеллектуалдық  дамуына қамқорлық жасау;

Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзін дамытуға дайындау;

Жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық  өмірге даярлау.

Сонымен қатар отбасының тәрбиесінің  мәңгілік басты құрауыштары бар.

Олар:

Отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қатынасы, жайлылығы);

Отбасы өмірінің күн тәртібі;

Әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың).

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Р. М. Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.

Ж.Б. Қоянбаев «Семья және балалар  мен жеткіншектер тәрбиесі» атты еңбегінде отбасының өзіне тән  ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын, қажеттік- шаруашылық функциясын ,  отбасының тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді.

Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің  бір қалыпты жағдайда іске асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуының басты себебі- ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді

Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы матириалдық  әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы;

Отбасының мәдени потенциалы:күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, үйелмендік дәстүрлік мерекелер.

Ішкі отбасылық қатынастар,отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;

Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық  міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттатарына қатыса;

Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналарының және басқа мүшелердін педагогикалық мәдени дәрежесі.

Әр халықтың өзіндік ерекшелігіне қарай отбасы тәрбиесінде де өзгешеліктер болады.

Белгілі ғалым Я.И.Ханбиков: «Халықтық  эмпирикалық білімдер саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары  мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданылатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары , іскерліктері мен дағдылары көрініс табады»,- деп бекер айтпаса керек.

Ал, Г.Н.Филоновтың: «Белгілі бір халық белгілі бір жерде қолданылатын тәрбие тәсілдері  мен әдістерінің жиынтығы болады. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады және олар ең алдымен адамдардың тіршілік процесіне ие болған белгілі бір дағды мен білім  ретінде меңгеріледі. Адамзат баласының пайда болған кезінен өмір сүре отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген  ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген”,-  деген пікірі де әр халықтың бала тәрбиесінде  өзіндік ерекшеліктері  болуының заңды құбылыс екенін дәлелдей түседі.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы  сол халық отбасы тәрбиесінің де  өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

Мәдени құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негізгі  құбылыстырдаңы бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған  дүниедегі объектілдердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен  табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсету, түсіндіру үшін қолданылады. Сондай-ақ, мәдени құндылықты қоғамдық сана түрінде сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді, немесе кемшілікті жоюдың есебі деп санайды. Мәдени құндылықтардың арасында философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығы  және оған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез-келген халықтың өмірінде мәдени құндылықтардың орнығуы  қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік мүмкіндігі басқа мәдени құндылықтар сияқты мыңдаған жылдар бойы жинақталады және жаңа үлгінің негізі адамның мінез-құлқын реттеуші ретінде қызмет етеді. Мамандар дәлелдегендей, оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игеруге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда, діни мәдениетте жазылып қойған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде  көрінеді.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне  тән ерекшеліктері  оның  халықтық педагогика  мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында  жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен  әрекеттерінде  белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты  жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты  бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн  тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.

Қазақ халқы  еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп  баланы  еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына  құрметпен қарауға,  халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу,  еңбек іс – әрекетінің барысында  олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға  дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді  еңбекке тікелей  қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық  нормасын  орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және  қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.

Сондай-ақ, қазақ отбасында адам  зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты  болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық  біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.

Тәрбиенің басқа да салаларымен  тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы  ерекше мән  берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде  экономикалық тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да  тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері  еңбек тәрбиесінде  екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.

Қазақ халқы ежелден ұл бала мен  қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты  үй ішінің ішкі жұмыстарына  үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.

 «Жеті Жарғы» заңының бір бабы «құн төлеуге   арналуы және «судың да сұрауы бар» деген ата-бабаларымызды кім экономикадан хабарсыз болды дер екен.

Сол кезеңдегі қазақ теңгелерінің дүниеге келуі оның тек қана сауда  айналымы үшін ғана емес, өзінің экономикасын жүргізу жолдарын ерте меңгергендігін де дәлелдейді.

Қазақ халқы экономиканың жана –табыс табу мәнін балаға түсіндіре отырып, оның таза жолмен  келгені дұрыс екендігін де ескертіп отырған. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу, пайда табудан  да үлкен өнер екенін жақсы түсінген. Мәселен, «Артық олжа- басқа еңбек», «Оңай олжа –тұрмас қолға», «Шығын шықпай , кіріс кірмейді», -дейді халық.

Қорыта келгенде, қазақ отбасында  экономикалық тәрбие берудің мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға, уақытты, ұтымды пайдалануға, үнемшілікке, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақша, қаражатқа  дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың  қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деуге толық негіз бар.

Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген,ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан.

Қазақ халқы адамның сұлулық  сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.

Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары  дегенде халық ауыз әдебиетін, ұлттық ойындар, айтыс, және шешендік сөздерді, ойын-сауықтарды т.б. айтамыз.

Қазақ отбасы тәрбиесіндегі өзіндік  ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің  бірі бұл-тұспалдап айту арқылы шешендікке баулу.Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді –сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге  қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды .

Бала алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап айтылған мазақтамалар арқылы зеректікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын болған. Ол үшін қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген.

Мәселен, үйге қонақ келгенде алдымен  қонаққа арнап балаларға өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.

Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде  ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз.

Халқымыздың мінез – құлқының елеулі ерекшелігі болып саналатын, адамдардың бір-біріне көмектесу, әсіресе қуаныш пен қайғыда сүйеу болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де өнегелі дәстүрге айналған. Және қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі-ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.

Қазақ отбасының осындай  өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады.

Қосымша білім беру ұйымының негізгі міндеті- тәрбиелеу,өнерге баулу,балалардың бос уақытын тиімді пайдалану. Осы орайда біздің ұйымымызда жас ұрпақтың бойында ата-бабамыдың салт дәстүрін дәріптеуге, құрметтеуге негізделген ұлттық орталықтар жұмыс жасайды.

Информация о работе Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі қосымша білім беру ұйым мұғалімдері мен отбасының бірлескен қызметі