Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 05:57, реферат
Отбасы дегеніміз- некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жқбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметік нормалардың, санкциялардың және міңез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы- некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Отбасын құру және оның проблемалары
1.2.Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
1.3.Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Алайда аталған өзгерістер әр аймақта әр түрлі жүріп жатыр. Мысалы, біздің еліміздің тарихи- мәдени ерекшелігі-туыстық –достық, көршілік байланыстардың өте тығыз болып қала беретіндігінде. Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының бас ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше сәттен тұрады:
Ажырасу себептері: сотта талқылау барысында 1-ші орында мінез-құлқының сәйкессіздігі;2- орында- жұбайының адалсыздығы тұр. Тағы бір себеп-ішкілікке салыну. Жиі кездесетін себептер: отбасын құруға мүдделі болмау; жыныстық өмірге қанағаттанбаушылық, бір-біріне нашар қарау, қаржы мәселесі бойынша келіспеушілік, қызғану, балалы болмау, аурулар. Өте сирек кездесетін себептер: ерлі-зайыптылыардың саяси немесе діни көзқарастарының келіспеуі.
1.3.Мемлекет тарапынан
жас отбасыларына қолдау
Қазақстанда жасы 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар
жұбы жас отбасы болып саналады.Сонымен
қатар 29 жасқа толмаған оның ішінде айырылысқан
не жесір қалған баланы ата-аналардың
біреуі жалғыз тәрбиелейтін толық емес
отбасы болып саналады.
Әдетте берік материалдық іргетассыз
отбасын құрайын деп жатқан жас адамдарға
көп дәйекті ескертулерді тыңдауға тура
келеді. Бірақ бұған қарамастан, жас жұбайлардың
материалдық жағынан қамтамасыз етілгендігін
міндетті деп санайтындарға қарағанда,
жас отбасын құруда рационалды дәйектер
басым болады Мұндай мақұлдаудың дәлелі
ретінде жастардың бір-біріне деген махаббаты
мен шын, адал сезімдерін келтіруге болады.
Тұрмыс құруға мотивациялық даярлық дегенге
мыналар: отбасын құрудың басты себебі
ретінде махаббат, дербестікке даярлық,
құрылайын деп жатқан отбасына жауапкершілік
сезімі және баланы тууға және тәрбиелеуге
даярлық кіреді.
Көптеген отбасылар махаббат негізінде
құрылатынын естен шығармауымыз тиіс.
Социологтардың мәліметтеріне сүйенсек
мұндай отбасылардың саны шамамен 70-75%
құрайды. Шын, құштарлық сезімсіз «ақыл
бойынша» 15-20% отбасылар жастар арасында
құрылады. Шамамен 5-10% отбасылар әл-ауқатты
құндылықтар бойынша құрылады. ( яғни болашақ
ерлі-зайыптылардың біреуі әл-ауқатты
– жақсы жабдықталған пәтер, жоғары еңбек
ақы, автомобиль және т.б. ие болғанда ).
Студенттік отбасылар
Студенттік отбасы деп ерлі-зайыптылардың
екеуі де студент болып табылатын
отбасын айтамыз. Мұндай жас отбасында
ерлі-зайыптылардың жасы 25- тен, ал отбасылық
стажы 5 жылдан аспайды.
Жастардың
жалпы көзқарастарының байланыстылығына,
қызығушылықтарына, жалпы мақсаттары
мен дүниеге деген көзқарастарына қарамастан,
олардың көпшілігі отбасылық өмірдің
алғашқы сәттерінен бастап ажырасуға
әкеп соқтыратын мәселелерімен қақтығысады.
Әл-ауқаттың жағдайсыздығы, тұрақсыз табыс,
бөлек баспананың болмауы - мұның бәрі
жас отбасылардың ішінде арақатынастардың
бұзылуын тудыратын себептер. Бірақ жас
студенттік отбасылардағы ең маңызды
мәселе - баланың тууы болып табылады.Себебі
оқуды баланы тәрбиелеу, тұрмыс және отбасын
құру мәселелерін шешумен бірге қиыстыру
үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты
қажет етеді. Жас отбасының барлық қиындықтарды
жеңудегі жетістігі мен бұдан былайғы
тіршілігі негізінен мемлекеттің демеуі
мен ықыласына байланысты болады.
Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы
Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау
аймақтық және салааралық бағдарламалармен
айналысатын жерлердегі меморгандары
арқылы жүзеге асады
Қолдаудың шаралары жас отбасылардың
әлеуметтік мұқтаждықтарына сараптама
жасау негізінде белгіленеді
Қазіргі кезде жас отбасыларының қолдауын
қамтамасыз етуде, сонымен қатар жастардың
арасында некелерін сақтау үшін қолайлы
жағдайлар туғызу мақсатында мемлекет
тарапынан келесі іс-шараларды өткізу
жоспарлануда:
Жас отбасыларына жеңілдік
несиелерін беру;
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту.
Өз мақсатында әр адам өзінің түсінігі мен түйсігінде жердің бай және құнарлы аралшығы ретінде біртума және жеке, сүйікті отбасын құруға талпынады. Мұндай берекелі жерде ұрық өсіп, балалар дүниеге келеді. Адамдарды қалай бақытты қылуға болады, және сол адамдар сенімен бірге өмір сүретін өз отбасын, аралшығын қалай табуға болады? Бұл сұраққа жауап әр адамға жеке болып табылады. Психологтармен сарапталған және жылдар бойы жиналған дені сау отбасын құруының жалпы беталыстары бұл қиын мәселені түсінуде көмек көрсетеді.
Дені сау отбасы – бұл жақындықтың, махаббаттың, сонымен қатар таластардың және өшпенділіктің ашық көрініс мекені. Дені сау отбасының мүшелері осы отбасына қатысты барлық үдерістерге еркін қатыса алады. Ұрпақтар арасындағы айқын аралық – бұл жақсы берік отбасы құрылымының негізгі құрауыштардың бірі (мұны отбасы ішіндегі қатал иерархиялық қатынастарымен алмастыруға болмайды). Ата-аналар мен балалардың «билік» және «жауапкершілік» сияқты түсінік көзқарасы жағынан бірдей емес екені анық байқалады. Өзара ынтымақтас ата-аналар балаларға қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ететін отбасының омыртқа бағанасы ретінде көрінеді. Бірақ дені сау отбасы, ата-аналардың балаларға деген басымдылығына негізделмейді керісінше, біріншілердің екінші тұлғаларға қамқорлығын қамтамасыз етуге негізделеді. Себебі бұл күш айқын зерделеді де, ешбір күмән келтірмейді сондықтан ата-аналарға әрдайым мұны балаларға не өздеріне ашық көрсетіп, дәлелдеудің қажеті жоқ. Олар ойынға деген жайдарылық қатынасын, ролдік сараптау- қарым-қатынас шығармашылығын мадақтайды.
Азаматтық хал-ахуалды
таңдау Қазіргі қоғам өз азаматтарына өмірдің
кез-келген саласынан еркін таңдау жасауды
ұсынады. Ер адамдар мен әйелдер өз отбасылық
жағдайын таңдауда АХАЖ органдарында
ресми тіркелмеген неке қазіргі
қоғамда кең таралып келеді. Ер адам мен
әйелдің арасындағы мұндай қарым-қатынастардың
түрі ашық болып, ешқандай материалдық
және моральдық міндеттемелер жүктелмейтіні
туралы көзқарас қалыптасты.
Ресми
неке – адамдардың өз азаматтық жағдайының
еркін таңдауының нәтижесі, толыққанды
отбасын құрудың классикалық үлгісі болып
қалатын ер адам мен әйел арасындағы заңды
жолмен тіркелген қарым-қатынастар. Қатынастардың
бұл түрін таңдаған кезде ерлі-зайыптылар
өздеріне өзара моральдық және материалдық
міндеттемелерін артады. Толыққанды отбасында
туған балалардың әлеуметтік жағынан
толық қорғанысының айқын кепілдіктеріне
ие. Некеге тұрғаннан кейін әдетте, әйел
жұбайының тегін алады.
Соңғы
жылдары ерлі-зайыптылардың міндеттемелері
мен құқықтары сонымен қатар, қарым-қатынастардың
материалдық жағы сөз етілетін некелік
келісім шартын жасау тәжірибесі кең таралып
келеді. Бұл құжат әділет органдарында
тіркеледі және оның заңды күші бар. Ажырасу
жағдайында ерлі-зайыптылардың қатынастары
осы құжаттың негізінде реттеліп, осыған
байланысты көптеген мәселелерден құтылуға
көмектеседі. (мүлік бөлінісі, балалармен
қарым-қатынас, материалдық көмек) және
т.б.
1. Жас отбасыларды мемлекеттiк
қолдау мақсатында орталық
Жас отбасыларын мемлекеттік қолдау саласындағы
салалық және өңiрлік бағдарламаларды
қалыптастыру мен iске асыру жас отбасыларына
қатысты мемлекеттiк қолдау шаралары белгiленетiн
олардың әлеуметтiк қажеттіліктерін талдау
негiзiнде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
даму болжамына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған шаралар жас отбасыларына әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды шешуде материалдық және
өзге де көмек көрсетуге, тиiстi бiлiм бepу,
медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық,
ақпараттық, консультациялық, соның iшiнде
балалардың денсаулығын сақтауды, оларды
тәрбиелеудi және дамытуды, жастарды әлеуметтiк
қорғауды, бейiмдеудi және оңалтуды қамтамасыз
ету жөнiндегi басқа да қызметтер көрсетуге
бағытталған.
Қорытынды
Ертеректе
ажырасу деген өте сирек
Ел арасында 22 жасқа дейін отбасын
құрмаған бойжеткендер тұрмысқа не тым
кеш шығады, не мүлдем жалғыз қалады деген
түсінік бар. Неге? Мамандар мұның себебін
былай түсіндіреді: 22 жасқа дейінгі бойжеткендер
психологиясында эмоцияға берілу жайы
жиі кездеседі екен. Махаббатқа, өз сезіміне
сенеді. Және таңдаған жұбының өзіне адал
серік екендігіне күмәнданбайды. Ал бұл
жастан өткен бойжеткендердің көбі ақыл
тоқтатып үлгереді. Олардың болашақ жарына
деген талабы күшейе түседі. Олар сымбатты,
ақылды, табысы мол қызмет істейтін т.б.
жігіттерді іздей бастайды. Оның үстіне
қазіргі кезде жоғары білім алу, одан табысы
жақсы қызметке тұру, баспаналы болу деген
мәселелер негізгі табиғи міндетті кейінге
ысыра береді. Мұндай табыстарға қол жеткізгенше
қыздар жағы тағы да есейе, тәжірибелі
бола түседі. Бұл кезде сезімнен гөрі,
ақылға «құлақ» түреді.
«Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлығы
ажырасу процесін жиілетіп жіберді» деген
бос сөз» деп қарсы пікір білдіретіндер
де бар. Олардың айтар уәжі, келтіретін
мысалы – Батыс Еуропа. Алдыңғы қатардағы
дамыған мемлекеттердің сапында тұрған
оларда да бұл мәселе өте көңіл қуантатындай
дәрежеде емес. Тіпті бұл жағынан бізді
басып озады деуге негіз бар. Сондықтан
«ажырасу ауруының» диагнозы басқа. Ал
оны дәл тауып, соған лайықты «ем» қабылдау
жөніндегі әңгіме бөлек. Осы жерде бізде
бұрын бәрі де болды ғой деген ой туады.
Ең бірінші отбасылық өмірдің өзіндік
қалыптасқан механизмі болды. Бұл талай
ғасырлар бойы іріктеліп алынған тәжірибе
еді. Халқымыздың отбасылық өмірдегі әркімнің
өз орны, міндеті жайлы жазылған және жазылмаған
заңдылықтары болды. Арыға барсақ Құранда,
беріге келсек, Тәуке ханның «Жеті жарғысында»
бұл мәселе жайына кеңінен тоқталған.
«Баланы жастан, әйелді бастан» деген
қағиданы ұстаған да біздің ата-бабаларымыз.
Тым ерте жасынан-ақ баланың отбасы
алдындағы жауапкершілігін
Пайдаланылған әдебиеттер