Огюст Конттың өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 20:53, реферат

Краткое описание

Әлеуметтану - теориялық және практикалық түрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні, яғни адамзат қоғамын, оның құрылымы мен даму заңдарын, адамдар мен қауымдастықтарда және әлеуметтік топтарда қандай әлеуметтік өзгерістердің жүріп жатқанын, әлеуметтік өмірдің әр түрлі бағытта өзгерістерге ұшырауының мазмұнын және нәтижесін түсіндіреді.

Содержание

Кіріспе: Огюст Конттың өмірі.
Негізгі бөлім:
1 . Алғы сөз.
2 . Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші.
Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Конт.docx

— 34.51 Кб (Скачать документ)

Қоғам дамуын адамдардың танымдық қызметінің және олардың қоғамдық санасының бір сатысынан келесі сатысына өтуі арқылы түсіндіріп, "үш сатылы заңды" дәйектейді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми). Теологиялық сатыда адамзат ақыл-ойының, сонымен қатар қоғамның дамуы, Конттың пікірі бойынша, 1300 жылға созылған. Осы сатыда әрбір құбылыстар жоғары құдіретті күштердің тигізетін әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылды. Бұл фетишистік діни сананың шыққанын көрсетті, кейін ол политеизммен, яғни көпқұдайшылықпен алмасып, қайсыбір құбылыстар түрлі құдайлардың ықпалы арқылы болады деп бейнеленді. Теологиялық сатының соңына таман бірқұдайлыққа (монотеизмге) өту қалыптаса бастады. Сөйтіп, барлық құбылыстарды адам дінінің негізінде жатқан күш деп түсінеді. Мұндай сана тайпа көсемдерінің, әскер басыларының, аристократтардың билігін құдіретті күшпен байланыстырды. Иерархиялы әлеуметтік ұйым қоғамда өмір сүріп отырған тәртіпті нығайтуға бағытталды. Теологиялық сатының ең жоғарғы кезеңі — католиктік феодалдық қоғам болды. Монотеизм гармониялық әлеуметтік тәртіп орнатуға ықпал жасады, бірақ ол өзінің тиімділігіне қарамастан консервативтік институттарды қалыптастырды. Алайда, адамзат ақыл-ойының жетілуі ерте ме, кеш пе, теологиялық түсініктің догматикалық жүйесімен қақтығысары анық еді. Себебі, ол әлеуметтік жүйенің бүкіл құрылымына бойлап енді, сөйтіп, бұл тәртіп прогреске кедергі жасады. Бірақ прогресті тоқтату мүмкін емес еді, даму заңдары ескі жүйені күйрете бастады. Ескіні бұзу тұтас дәуірді қамтыды, Конттың анықтауынша, бұл қоғам дамуының метафизикалық сатысы болды. Бұл сатыда бұрыңғы қоғамдық тәртіп ыдырады, ол 1300-1800 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды.

Бұл сатыда адам санасы жәй пайымдаудан гөрі, сыртқы дүниенің нақты процестерін білдіретін ұғымдарды көп қолданады. Алайда, ғылымның баяу дамуына байланысты бұл ұғымдар әлі де болса абстрактілі еді. Бұл сатыда ескі қоғамдық бастаулар қирайды (реформация, ағартушылық, революциялар, соғыстар, т.б.), тұтастық ыдырайды. Бұл күйреудің жағымды жақтары болғанымен (жаңа экономикалық және саяси идеялардың орнауы, т.б.), "метафизикалық рух" сенімсіздікті, эгоизмді, моральдық тозушылықты және саяси тәртіпсіздікті жоя алмады. Қоғамда тәртіп орнатып, әлеуметтік тұтастықты жөнге қоятын жаңа идеология қажет болды. Оны, Конттың пікірі бойынша, позитивизм, яғни ғылымның дамуы жүзеге асыра алады.

Позитивтік дәуір, Конттың тұжырымына сүйенсек, 1800жылдан басталады, оның мәні — ойлау бағдарының түбегейлі өзгеруімен, қайта құрылуымен сипатталады. Адам санасы өз пайымдауларында және қорытындыларында көбіне-көп ғылыми бақылауға сүйенеді. Дүниеге теологиялық және абстрактілі — метафизикалық тұрғыдан қарауды оның заңдарын ашу мен зерттеу, құбылыстарды бақылау секілді тәсілдер алмастырады. Бұл заңдарды ұғыну үшін олардың әрекетін ескеру және көре білу қажет. Сол тұстағы жаңа қоғамға әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарасақ, онда ол эгоизмді альтуризмнің жеңуі, әлеуметтік сезімнің артуы, әлеуметтік тәртіп пен келісімнің орнауы, әскери қоғамнан өнеркәсібі дамыған қоғамға өтудің іске асуы арқылы сипатталады. Алайда, жаңа қоғамның да жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі, теріс тұстары да бар, сондықтан ғылым осы қоғамды келеңсіз қылықтардан тазалауға көмек көрсетуді өзіне мақсат етті.

Конттың көзқарасы бойынша, қоғамның дамуы заңды және прогрессивті сипатта болады. Ол қоғам өз дамуы барысында биологиялық заңдарға, сондай-ақ "астрономиялық" заңдарға, яғни ғарыштың, аспан денелері мен планеталардың қозғалыс заңдарына бағынады. Ол қоғам дамуына ауа райы мен халықтың нәсілдік құрамының ықпал ететіндігі туралы да жазды. Алайда, Конттың пікіріне сай ой тұжырымдасақ, онда адамзаттың интеллектуалдық эволюциясы қоғамның дамуына ерекше әсер етеді екен. Әлеуметтік мәселені шешуде адамдар санасының негізгі, бірінші рөл атқаратыны және оның қоғамның дамуына шешуші ықпал жасайтыны туралы О.Конт позитивтік қорытынды жасайды. Осыған байланысты позитивизмнің негізін қалаған интеллектуалдық эволюцияның жоғарғы көрінісі ретінде ғылымның осы саласына айрықша мән береді.

Конт өзінің қоғам дамуы жөніндегі көзқарастарын жүйелей келіп, әлеуметтануды үлкен әрі маңызды екі тарауға: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикаға бөлді. Әлеуметтік статика қоғам құрылымының жұмыс істеу заңдарын қарастырады. Әлеуметтік динамика қоғам жүйесінің өмір сүру жағдайы мен оның жұмыс атқару заңдылықтарын зерттеуге тиісті болды. Әлеуметтік динамика ең алдымен негізгі қоғамдық институттардың, соның ішінде отбасының, мемлекеттің, діннің қоғамдағы атқаратын міндеттерін және олардың татулық пен ынтымақтастықты орнатудағы рөлін қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің дамуы мен өзгеру заңдарына да назар аударады. Осыған орай қоғамдық прогрестің позитивтік теориясын да 0. Конт әлеуметтік динамика деп атап кеткен еді. Прогресс, оның пікірі бойынша, дамудың ең биік сатысына көтерілу болып табылады. Қоғамдық прогреске жетуде материалдық (өмірдің сыртқы жағдайын жақсарту), физикалық (адам табиғатын дамыту), интеллектуалдық (ақыл-ой, діни және метафизикалық дүниетанымнан позитивизмге көшу) және моральдық (адамгершілік пен ұжымдық сезімдердің артуы) секілді алғышарттар ең маңыздылары болып есептелінеді.

Конттың қоғам дамуын гармонизациялау және оның тұрақтылығының проблемалары жөніндегі көзқарастары да аса құнды. Қоғамдағы гармония "әлеуметтік жүйенің" тұтастығы мен бөлімдерінің арасындағы гармония болып саналады, сонымен қатар оған қоғам өмірінін барлық жақтарының келісімді өзара әрекеті — саяси, экономикалық, рухани, биологиялық, т.б. жатады. Оның пікірі бойынша, әлеуметтік гармонияға ғылымның көмегі арқылы жетуге болады. Ғылым коғамның барлық бөлімдері арасындағы өзара әрекеттің қажетті механизмін тауып беруі тиіс.

Сондай-ақ, түрлі тұлғалар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін барынша үйлестіре білуде қоғамдағы гармонияның ерекше рол атқа-ратынын да жазды. Саяси өкімет билігінің маңыздылығы сонда, ол әлеуметтік субъектілердің мүдделерін ақылмен дұрыс үйлестіріп отыруы тиіс. Бұдан Конт саясаткерлердің бедел алатынын пайымдады. Қоғам гармониясынан Конт оның тұрақтылығының негізгі жағдайын, әр сословиенің, әр халықтын, әр адамның қалыпты дамуының мүмкіндігін байқады. О. Конт әлеуметтанудың негізін қалады, ал Г. Спенсер оны одан әрі дамытты.

Қорытындылай келе, О.Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Бірінші- қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екінші – әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Огюст Конттың өмірі