Огюст Конттың өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 20:53, реферат

Краткое описание

Әлеуметтану - теориялық және практикалық түрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні, яғни адамзат қоғамын, оның құрылымы мен даму заңдарын, адамдар мен қауымдастықтарда және әлеуметтік топтарда қандай әлеуметтік өзгерістердің жүріп жатқанын, әлеуметтік өмірдің әр түрлі бағытта өзгерістерге ұшырауының мазмұнын және нәтижесін түсіндіреді.

Содержание

Кіріспе: Огюст Конттың өмірі.
Негізгі бөлім:
1 . Алғы сөз.
2 . Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші.
Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Конт.docx

— 34.51 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

Кіріспе: Огюст Конттың өмірі.

Негізгі бөлім:

1 . Алғы сөз.

2 . Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші.

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          АЛҒЫ СӨЗ

Әлеуметтану - теориялық және практикалық түрғыдан алғанда аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні, яғни адамзат қоғамын, оның құрылымы мен даму заңдарын, адамдар мен қауымдастықтарда және әлеуметтік топтарда қандай әлеуметтік өзгерістердің жүріп жатқанын, әлеуметтік өмірдің әр түрлі бағытта өзгерістерге ұшырауының мазмұнын және нәтижесін түсіндіреді.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, өзінің кәсіби қызметіне орай адамдармен, әлеуметтік топтармен жұмыс істейтіндердің бәрі әлеуметтану білімін қорытындыламай және ұсыныстар енгізбей қоғамдық қатынастарға ықпал жасай алмайды.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында әлеуметтану курсы оқу бағдарламасына енгізілді. Білім беру саласындағы реформаға сәйкес, әлеуметтану пәні сапасы биік әрі білікті мамандар даярлауға, оқудың тиімділігін арттырута, студент жастарға жан-жақты тәрбие беруге, олардың түлға болып қалыптасуына зор әсер етіп келеді.

Бұл курс бойынша студентгер әлеуметтану ғылымы классиктерінің теориялары мен қазіргі әлеуметтанушылардың көзқарастарын, қоғамда орын алып отырған құбылыстар мен процестерді, солардан туындайтын заңдарды және олардың әрекет ету деңгейін, т.б. күрделі мәселелерді оқып біледі, өмірде оларды басшылыққа алып, жүзеге асыру жолдарын үйренеді.

Аталмыш міндеттерді іске асыруда оқулықтар мен оқу құралдары-ның атқаратын рөлі зор. Олар ең алдымен білім берудің көзі саналады. Білім — әлеуметгану мазмұнының басты элементі. Сондықтан әлеуметтану жөніндегі оқу құраддары анық та түсінікті үлгіде жазылуы тиіс. Бұл ретте адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибені, ілімдерді, қолданбалы және басқа да үрдістерді мақсат етуіміз керек.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында пайдаланылып жүрген әлеуметтану оқулықтары мен оқу құралдары негізінен Ресейден шыққан еді және оның санын орыс тілінде жазылған отандық авторлардың оқу құралдары көбейте түсті. Бұл кітаптар орыс бөлімінде оқитын студенттерге айтарлықтай көмек беріп отыр. Орыс тілінде шыққан әлеуметтану оқу құралдары көп болғанымен, қазақ тілінде басылған мұндай оқулықтар саны өте аз және олардың кейбіреулері мемлекеттік білім беру қалыбына сәйкес келмейді десек, бұл артық айтқандық емес. Ол — объективтік себептерге байлаңысты. Осы оқу құралдарының кейбіреуі Қазакстан Республикасында әлеуметтанудың бір үлгідегі курстық бағдарламасы дайындалғанға дейін басылып шықса, екіншілері қаражат, тағы да басқа тапшылыктарға байланысты баспаханаларда бірнеше жылдар бойы жатып қалып, ескі материалдар негізінде аталмыш бағдарламадан кейін шықты. Оқу күралдарының саны неғұрлым көбейген сайын, студенттердің со ғұрлым өз бетінше оларды таңдап оқуына мүмкіндік туады.

Осы себептерге орай бүгінгі талап — ана тілімізде әлеуметтану оқу құралын әлі де болса жазуды, оларды жетілдіруді қажет етеді. Біз осы оқу құралын жазуда курстық бағдарлама негізінде құрылған жұмыс бағдарламасының 14 тақырыбын таңдадық және ұзак жылғы лекция мен семинар сабақтарындағы тәжірибені де басшылыққа алдық, атап айтқанда, студенттердің ұғынуына ауыр тиетін тақырыптарды, т.б. анықтап, олардың түсінікке жеңіл жолдарын қарастырдық. Соның негізінде студенттерге теориялық біліммен қатар қолданбалы құралдардың, тәсілдердің тиімділігін арттыратын, әдет-дағдыларды және іскерліктерді қалыптастыратын әдістерді ұсынуды жөн көрдік.

 

 

 

1. Исидор Огюст Мари Француа Ксавье Конт 1789 жылы Монпельедегі кішігірім салық шенеунігінің отбасында дүниеге келген. Өзінің алғашқы білімін Монпельедегі лицейде алған. 1814 жылы Париждағы политехникалық ғылыми-зерттеу мектебіне түседі. Оның бүкіл өмірі бұл мектеппен байланысты болды. Алайда, 1816 жылы мектеп белгілі бір себептермен жабылып қалғанда, О.Конт өзінің бар құштарлығы мен ниетін математика мен басқа да ғылымдармен айналысуға жіберді және де ол өз уақытында политэконом, тарихшы ойшылдардың еңбектерін зерттеді. 1817 жылы Конт  қоғамдық реформашы А. Сен-Симонның жеке хатшысы болып тағайындалды, бірақ 1824 жылы Конт Сен-Симонмен ара-қатынасын біржолата ұзеді.

     Ол өзінің  алты томдық кереметін, яғни позитивтік  философия курсын (1830-1842 жж)  Париждегі  атақтылар назарында лекция түрінде  көрсеткісі келді. Бірақ ол өзінің екі лекция көрсеткен соң, оның жүйке жүйесі нашарлап, лекция курстарын тоқтатуға мэжбүр болды. Конт сол аурудан дұрыс сауықпай, кейінгі жылдарда өмірін біртүрлі өткізді.

     Оның өміріндегі  екінші басты еңбегі ол төрттомдық  позитивтік жүйесі. 1851-1854 ж – философия  тарихындағы ең түсініксіз еңбектер. 1829 жылы Конт қайтадан ойлаған лекция курстарын оқуға кірісті, бұл жолы сәтті болды. Кейінгі жылдары өмірі позитивтік философия курстарына арналды, сосын позитивтік саясат жүйесіне.

     1832-1845 жылдарында  Конт Политехникалық мектепте  муғалім болып, экзамен қабылдаушы  болып қаражат тауып жүрді. Бұл  орыннан айырылып, ол қалған өмірін  Д.С. Милль таныстырған ағылшындық  оқушыларды оқытумен өткізді. Конт 1857 жылы 5 қыркүйекте Париж қаласында  дүние салды.

 

      XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет өтуіне дәл талдау қажсттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары өз еңбектерін арнады. Солардың арасынан бірінші қатарға ғылымның атын өйлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген, оны ғылыми білімдер жүйесіне қосқан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген және оның дамуына ықпал еткен Огюст Конт (1798—1857) шықты.

Ол Францияда каржы чиновнигінің отбасында дүниеге келген. 1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп, антиклерикалдық және республиканың көзқарастары үшін оқудан шығарылады. Отбасындағы оқытушылық жұмысын, кейінірек, яғни 1818 жылдан 1824 жылға дейін Сен-Симонның хатшысы қызметін атқарумен алмастырды. Бірақ Сен-Симонның ұстанған социализм идеясын қабылдамай, хатшылықтан кетіп, таптар келісімі идеясын уағыздайды, жеке меншікті мейлінше қорғайды. Осы козқарастары үшін К. Маркс және оның ізбасарлары оған салқын қарады. Сол тұста О. Конт озінің позитивизмін тұжырымдайды. Позитивизм — әлеуметтанулық білімді жаратылыстану ғылымының методологиясын қолдану негізінде құрмақшы болған әлеуметтік ой мен қоғамдық ғылымдағы жаңа ағым болатын. Позитивизм ұғымы латынның "позитивюс" — дұрыс, жағымды деген мағына беретін сөздерінен шыққан. Ол позитивтік козқарастарын өзінің еңбектерінде тұжырымдап, дәлелдеді. Осыған орай Конт алты томдық "Позитивтік философия курсы" деген еңбегінде (1830— 1842 жылдар аралығында жарияланды) ғылымды топтастырып, позитивтік философия мен әлеуметтану принциптерін жасаса, екінші бір еңбегін саясат негіздеріне және болашақтың дініне арнады. Ал төрт томдық кітабын "Позитивтік жү'йе немесе адамзаттың дінін белгілейтін трактат" (1851 — 1854) деп атаған. Конттың тірі кезінде позитивизмді негіздеген бұлардан басқа да "Қарапайым астрономия туралы философиялық трактат" (1844), "Позитивтік катехизис" (1856) еңбектері жарияланып, ал қайтыс болғаннан кейін төрт томдық "Огюст Конттың осиеттері" деген шығармасы жарық көрді. Конт әлеуметтану ғылымына "позитивтік синтез" ретінде қарап, оны ғылыми білімді жинақтаған энциклопедияға балады. Қоғамды зерттеуте жекелеген ғылымдар соншалықты қажет емес, қоғамды зерттеуге бір ғана әлеуметтану ғылымының көмегі жеткілікті деп, әлеуметтануға басымырақ маңыз берді.

Конт әлеуметтанудың объектісі мен пәнін анық айыра білмей, ғылымның осы атрибуттарын шатастырып алды. Оның пікірінше, әлеу-меттану жалпы заңдарды зерттеуі тиіс: а) ерекше әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның тұтастығы; б) адамзат (оның өткені, бүгінгісі және болашағы); в) бүкіл адамдар ұрпақтарының органикалық тұтастығы ретінде түсіндірілетін адамзат; г) қазіргі елдер, халықтар мен мемлекеттер жүйесі ретіндегі бүгінгі адамзат; д) адамзат қызметі нәтижесінің обьективтілігі; ж) адамдар санасы мен психологиясын жетілдіру процестері; з) адамдар мінез-құлқы; и) адамдар идеялары мен ой-пікірлерінің дамуы; ж) отбасы, мемлекет және басқа да әлеуметтік институттардың құрылуы. Басқаша сөзбен айтқанда, Сонт әлеуметтануды адамзаттың пайда болуы, өмір сүруі мен озгеріске түсуін анықтайтын жалпы заңдар денгейінде, сонымен қатар олардың нақты қоғамдық құрылыстары мен формаларының заңдары деңгейінде қоғам туралы білімдерді біріктірген әмбебап теориялық ғылым ретінде түсінеді.

Конттың көзқарасына сәйкес әлеуметтану мынадай әдістерді қолдануы тиіс: қоғамдық процестердің барысын қадағалау үшін бақылау; эксперимент, яғни әдейі, арнайы жасалған өзгерістерге бақылау жасау; адамзат өмірін жануарлар дүниесімен салыстыру; әр түрлі елдер мен халықтардың өмірін белгілі бір керсеткіштер бойынша салыстыру; тарихи талдау әдісі, әр түрлі тарихи кезеңде адамзаттың немесе жекелеген халықтардың әр түрлі қалпын салыстыру;

Алайда, әлеуметтік қалыптағы өзгерістерді анықтауда математикалық процедура мен өлшемдерді қолдануды талап ететін бақылау әдісін Конт негізгі әдіс деп санайды. Конт бақылаудың анықтығы мен дәлдігі, осы әдістің процедурасын жасау проблемаларын көтерді, алайда оларды сол тұстағы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер тәжірибесінің шектеулігіне байланысты шеше алмайды. Аталмыш әдістер, — деп үйретті Конт, іргелі элеуметтану теориялары болған жағдайда ғана позитивтік білім алуды камтамасыз етеді. Мұндай теориясыз олар тек көңілге қонбайтын толған фактілерді берген болар еді. Ал мұндай теорияны жасау үшін айтылған әдістермен алуға болатын қорытындылаушы материалдар қажет. Конт пікіріндегі қарама-қайшьшықты былайша түсіндіреді: теория мен қорытындаушы материал бірінсіз-бірі бола алмайды, теория әлеуметтану материалдарын тиісінше жинауға мүмкіндік берсе, ал қорытындыланған материалдар теорияның дамуына негіз болады.

О. Конттың ойынша, позитивтік ғылым дінді алмастырып, қоғамды ұйымдастырушы негізгі күшке айналуы тиіс болды. Ол өзінің тарихи миссиясын болашактың "Ғылыми Библиясын" жасауға балап, ғылымды адамзат баласының өмір сүру формаларының шыңына көтермекші болды. Ғылымдарды біріктіру идеясы XVIII ғасырда етек алған еді. Сол тұста білімді біріктіру — қарапайым және түсінікті ережелерге сәйкес іске асырылды. 0. Конт бұл мәселені жаңа қырынан көтерді. Ғылымдарды классификациялауда ол бірқатар негіздерге сүйенді: тарихи (ғылымның пайда болу уақыты және бір ізділігі), логикалық (абстрактіліктен нақтылыққа өту), зерттеу пәнінің күрделілігі бойынша (қарапайымнан күрделіге қарай), практикамен байланыс сипаты бойынша.

О.Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар санатына ол шешілмейтін мәселелерді қарастырумен айналысатын және дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға мүмкін емес ережелі ғылымдарды қосқан. Бұлардың қатарына теологияны, мистицизмді, спиритуализмді, алхимияны, утопизмді, сонымен қатар метафизиканы, яғни философияны жатқызған. Озінің ұстазы Сен-Симонның пікірін қолдай отырып ол нағыз, шынайы ғылымдар деп позитивтік ғылымды атаған. Олардың арасынан абстрактілі (теориялық) және нақты ғылымдарды бөліп көрсетті. Абстрактілі ғылымдар жалпы заңдылықтарды қарастырады, ал нақты ғылымдар бұл заңдарды жеке салаларда (мысалы, биология, медицина) қолданады.

Конттың пікірі бойынша, абстрактілі позитивтік ғылымдар саны алтау: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану. Бұлардың осындай реттілікпен орналастырылуы оларда позитивизмнің көрінуі мөлшерімен байланысты. Неғұрлым материя қарапайым болса, соғұрлым ол туралы позитивті пайымдау жеңіл болады. Әрбір позитивтік ғылым алдыңғыларға негізделеді, олардың өзіндік ойлау қалпындағы жақсыларды қабылдайды және дамытады.

Оның көзкарасы бойынша, математика басқа ғылымдарға айтар-лықтай тәуелді емес, бірақ соншалықты абстрактілі, қарапайым және практикадан аластатылған ғылым, сондықтан ол басқа ғылыми таным формаларынан ерте пайда болған. Әлеуметтану, керісінше, практикамен тікелей байланысқан, күрделі, нақты, өзгелерден кейін пайда болды, өйткені ол басқалардың жетістіктеріне арқа сүйейді. Әлеуметтанудың қалыптасуын қоғамның жаңа даму сатысымен байланыстырумен бірге, оны бүкіл ғылымдардың даму тарихымен де сабақтастырады. Ғылымды топтастыру барысында ғылым иерархиясы жасалып, оған жоғарыда аталған ғылымдар енгізілді. Сөйтіп, бұл жүйе бітім дамуының қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, жалпыдан ерекшеге өтуінің тарихи процесін көрсетті.

Әлеуметтануға біртабан жақын және біршама туысқан ғылым ретінде биологияны атайды. Бұл екеуін зерттеу пәнінің күрделілігі біріктіреді, тұтастық жүйе де соған дәлел бола алады, сондықтан биология мен әлеуметтануға талдау жасау жолын негізгі бағыт етіп ұстанбайды, яғни бөлімнен түтастыққа қарай қозғалмау керек. Жануарлар әлемі мен адамзат қоғамы индивидтердің механикалық агрегаты емес, керісінше — тұтастық. Бұл тұтастық өз бетінше өмір сүреді және өзін құрайтын бөлімдердің касиеттерін белгілейді. Сондай-ақ, жалпы схема бойынша әлеуметтанудың тікелей биологияның заңдарына сүйенетіндігін, тіптен онсыз мүмкін емес екендігін айтқанымызбен, алайда, екінші жағынан, әлеуметтанудың өзіндік ерекшелігінің бар екендігін, бұл заңдардын соның негізінде түрін өзгертетінін, ал осы заманғы өзгерістер индивидтердің өзара қимыл-әрекетінің арқасында туындайтынын тұжырымдайды. Конт жануарлардың біріне-бірін тартатын жыныстық инстинктін және олардың ұрпағына камкорлық жасауын әлеуметтіліктің бастамасы етіп алады. Сурет пен бейнелеуді (иллюстрацияны) әлеуметтік пен биологияның өзара тығыз байланыстылығынын қос көрінісінің мысалы деп алға тартады. Адамдарда өзін-өзі сақтау инстинктінің рөлі жоғарылығын, "индивидтік инстинкттің" болатындығын мойындай отырып, Конт келе-келе адамдарда әлеуметтік эгоизмнің үстемдік алатынын жазды.

Әлеуметтану биологияға арқа сүйейді, әрі одан автономдығын да сақтайды, материяның күрделі формасымен байланысады, ең жоғарғы және күрделі теориялық ғылым болғандықтан позитивтік ғылыми білімдер жүйесін аяқтаушы болып саналады. Сондай-ақ, оған қоғамдық білімдерде үстем еткен ойлау қалпы тән болуы тиіс.

Информация о работе Огюст Конттың өмірі