Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 17:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда елімізде немесе бүкіл әлем бойынша мүгедектіктің өсіп келе жатқанына байланысты, елімізде алдын алу шараларын қарастыру, мүгедектікті болдырмау, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТТАРЫН АНЫҚТАУ ҮШІН МОДЕЛЬДІК МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР
1.1 Мемлекеттік қызмет көрсету.........................................................................6
1.2 Мемлекеттік қызметтер стандарттарын (нормативтік көрсеткіштерді) анықтау ................................................................................................................14
2 МҮГЕДЕКТЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1 Мүгедектің құқықтары...................................................................................23
2.2 Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге мүгедектер үшін, оның ішінде бөгде адамның күтуіне және көмегіне мұқтаж мүгедек балалар үшін құжаттарды ресімде....................................................................................................................33
2.3 Инватакси.......................................................................................................37
Қортынды.............................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................40
\

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мугедектерге алеуметтик кызмет корсету.doc

— 187.50 Кб (Скачать документ)

<

>

< </h1>

<h2>

<h3>Жоспар

Кіріспе......................................................................................................................3

1   МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТТАРЫН АНЫҚТАУ ҮШІН МОДЕЛЬДІК МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР

1.1 Мемлекеттік  қызмет көрсету.........................................................................6

1.2  Мемлекеттік қызметтер стандарттарын (нормативтік көрсеткіштерді) анықтау ................................................................................................................14

2 МҮГЕДЕКТЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

2.1 Мүгедектің құқықтары...................................................................................23

2.2  Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге мүгедектер үшін, оның ішінде бөгде адамның күтуіне және көмегіне мұқтаж мүгедек балалар үшін құжаттарды ресімде....................................................................................................................33        

2.3 Инватакси.......................................................................................................37

Қортынды.............................................................................................................38

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................40

 

</h3> 
Кіріспе

      Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда елімізде немесе бүкіл әлем бойынша мүгедектіктің  өсіп келе жатқанына байланысты, елімізде алдын алу шараларын қарастыру, мүгедектікті болдырмау, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға , мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жетілдіру жолдарын көрсету.

      Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың мәнін анықтау
  • Қазіргі таңда мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктерін

ашып көрсету;

  • Мүгедектерді әлеуметтік, техникалық көмек құралдарымен, көлік және рекреакциялық құрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз етілуін және материалдық, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету.

 

Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық  және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады.

Сонымен бірге, еңбекке  жарамсыз болған жағдайдағы міндетті сақтандыру төлемдері заңмен қарастырылған.

Ауру, жарақат алу, мертігу  салдарынан болған әлсіздікті жою бағытында диагностикалық, емдеу және қалыпқа келтіру сияқты медициналық сауықтыру шаралар жүргізіледі.</h4>

Мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру мүгедектердің әлеуметтік статусын, олардың әлеуметтік-тұрмыс және әлеуметтік-орталыққа үйрету мақсатында жүргізіледі. Оған мүгедектерді әлеуметтік, техникалық көмек құралдарымен, көлік және рекреакциялық құрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз етілуін және материалдық, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету кіреді.

Қосымша көмек қажет  ететін мүгедектердің әлеуметтік қамтамасыз етілу жүйесіне республикада мед-әлеуметтік мекемелердің, әлеуметтік қорғаудағы территориялық орталықтардың және үйде жеке көмек көрсету сияқты мүмкіндіктері кіреді. Интернат-үйлерінде тұратын мүгедектер мен қарттарға медициналық, әлеуметтік-тұрмыс жағынан, әлеуметтік адаптация, еңбекке жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты көмектер көрсетіледі.

Республикамызда мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек  көрсететін, медициналық, әлеуметтік және кәсіби даму, мүгедек-балаларға білім  беру бағдарламасын жасау, моральды-психологиялық жағынан қолдау көрсету, олардың хұқықтары туралы ақпарат беретін 13 территориялық орталықтар бар. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес  мүгедек — тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Сонымен қатар осы заңда мүгедек балаға да мынадай жеке анықтама беріп өтеді: тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Ал мүгедектiк дегеніміз — организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi. Ал халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғауға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы  2006 жылы 13 желтоқсанда «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын» қабылдады. Бұл конвенция 2008 жылы 3 мамырда өз күшіне енді. Осы конвенциямен бір уақытта оның Факультативті протоколы қабылданды. Осы конвенцияда мүгедек әйелдер мен балалар туралы былай дейді: «Қатысушы мемлекеттер мүгедек әйелдердің және мүгедек қыздардың көптеген кемсітуге ұшырайтынын мойындайды және осыған байланысты олардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең іске асыруын қамтамасыз ету  шараларын қабылдайды. Қатысушы мемлекеттер әйелдердің жан-жақты дамуын, жағдайының жақсаруын және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін, олардың осы Конвенцияда бекітілген адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын іске асыруына немесе жүзеге асыруына кепілдік беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды».

 

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

<h4>1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТТАРЫН АНЫҚТАУ ҮШІН МОДЕЛЬДІК МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР

1.1 Мемлекеттік   қызмет көрсету

 

 

ҚР заңында  «мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтердің тұтынушылары»  деген терминдерге анықтама берілген.

Мемлекеттік қызмет дегеніміз: мемлекеттік тапсырысты орындайтын, тұтынушының заңды құқығын және мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, немесе ұйымдардың қызығушылық білдірткен азаматтармен және  мекемелермен бірге істескен жұмыстың нәтижесі [1].

Мемлекеттік қызметпен  жабдықтаушылар дегеніміз мемлекеттік тапсырыс бойынша белгілі қызметтер көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар.</h4>

Мемлекеттік қызметтердің тұтынушылары дегеніміз көрсетілетін қызметтерді алу үшін келген, ҚР азаматтары, шетел азаматтары, елімізде тұратын азаматтылығы жоқ адамдар немесе  мекемелер болып табылады.

Кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер мен халыққа көрсетілетін қызметтердің арасында айырмашылықтары бар. Олар спецификасымен, жұмыстың көлемімен,  төлем ақысымен т.б. ерекшеліктермен ажыратылады.

 Көрсетілетін қызметтердің тізімін жасау үшін, ең алдымен мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтердің  «инвентаризациясын» жасау керек. Содан соң, әр түрлі объектілерді белгілі бір қасиеттерімен жинақтап, олардың классификациясын жасау керек.

 «Әлеуметтік-экономикалық  қауым саясаты және мемлекеттік басқару саласындағы көрсетілетін қызметтер» ГК 04-2003 деп аталатын бөлімде мемлекеттік қызметтердің тізімі  өнімдер классификаторы арқылы еңгізілген.

Бастапқы анализдердің мәліметтеріне қарай ең маңызды  қызметтердің тізімі анықталады. Стандарттарды өңдеу үшін приоритеттік қызметтердің тізімін анықтау барысында қойылатын негізгі талаптар мынадай:

- көрсетілетін қызметтің әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы;

- көрсетілетін қызметтің бұқаралықтығы;

-      мемлекеттің   азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін міндетті қызметтер;

- коррупциогендік қызметтер.

Әлеуметтік  маңызы бар қызметтер. Әлеуметтік маңызы зор қызметтер дегеніміз, заңға қайшы келмейтін,  азаматтардың әлеуметтік, экономикалық құқықтарын қамсыздандыратын қызметтер. Бұл топқа әл ауқаты нашар адамдарға, немесе жанұяларға, жұмыссыздарға және т.б. жәрдемақы беру қызметтері кіреді. Сондай-ақ бұл категорияға кәсіпкерлерді тіркеу қызметі де кіреді. Денсаулық сақтау  жүйесіндегі мұндай қызметтердің ішіне тегін медициналық көмек көрсету   кіреді.

Бұқаралық қызметтер. Көрсетілетін қызметтердің бұқаралықтығы дегеніміз, біршама айтарлықтай азаматтардың және мекемемлердің осы қызметтерді талап етуі. Бұл топқа басқа да қызметтер кіреді, мысал үшін қысқа мерзім ішінде (бір айда, бір тоқсанда) көрсетілетін қызметтер.

Сондай-ақ бұл қызметтердің ішіне заңға сәйкес міндетті түрде  көрсетілетін қызметтер (мысал үшін төлқұжат алу, куәлік алу, есептік салық  нөмірін алу) кіреді.

Міндетті қызметтер. Бұл қызметтерге жеке күәліктерді, салық төлеушінің тіркеу номерін, белгілі қызметке заңда қарастырылған лицензияны алу, азаматтарды тұрақты мекен жайы бойынша тіркеу және басқа да қызметтер жатады.

Коррупциогендік қызметтер. Коррупциогендік дегеніміз административтік жүйедегі сыбайластық пен жемқорлыққа  көбінесе шалдығатын қызметтер.

 Бұл топқа мемлекеттік  органдардың бақылау және қадағалау,  рұқсат беру мен фискальдік  функциялары кіреді. 

Манызы зор қызметтер  жайында ақпарат алу үшін уәкілетті  органдардың қызметкерлерінен және халық арасында сауалдама жүргізу керек.   Бұл жағдайдағы ең басты принцип – ол ақпарат көздерінің құпиялығы. Басқа сөзбен айтқанда, сауалдама жауап берген адамдар туралы мәлімет құпия түрінде сақталады.

Бастапқы  кезеңде  сауалдаманы арнайы сауалдама жүргізетін мекеме арқылы  өткізу керек. Сауалдаманың қорытындыларын мемлекеттік емес ұйымдардың уәкілетті қызметкерлерімен және жұмыс тобымен талқыға салыну керек. Кейін сауалдама уәкілетті органның қызметкерлерімен жүргізілсе болады. 

Таңдалған қызмет үшін нормативті және мақсатты көрсеткіштер анықталады, сол себептен, таңдалған қызмет айтылған талаптарға сай болу керек. Маңызды қызметтердің тізімі жайында ақпарат Қосымшаның «мемлекеттік қызметтердің тізімі» 1-ші Формасына жазылу керек.

1-ші тармақ (No.)  – қызметтің реттік саны көрсетіледі

2-ші тармақ (мемлекеттік  қызметтің атауы) – мемлекеттік  қызметтің нормативтік актілерге  сай толық аталуы көрсетіледі; 

3-ші тармақ (соңғы нәтиже) – көрсетілген қызметтің формасы  көрсетіледі  (мысал: туу туралы  куәлікті беру, лицензия беру, рұқсат қағаз беру, жанұя құрамы жайында анықтама беру,  т.б.)

4 -ші тармақ (тұтынушылар  саны) - тұтынушылар саны туралы  мәлімет немесе көрсетілген қызметтердің  саны ( әр жыл сайын).

Тұтынушылар саны статистика жүргізетін мекеменің мәліметтеріне сүйене анықталады. Осындай мәліметтерді жинауға мүмкідік болмаса, оны ұйымадстыру қажет.

5-ші тармақ (қызмет көрсетуді бақылайтын құқықты-нормативтік акт) – барлық құқықты-нормативтік актілердің толық аталуы және қызмет көрсететін мекеменің деңгейі, қызмет көрсету тәртібі (күні, нөмірі) көрсетіледі.

6-ші тармақ (басқарма  деңгейі) – мемлекеттік басқарманың  деңгейі (республикалық /областық/ райондық) көрсетіледі..

Мемлекеттік қызметтердің құрамын анықтау 

Заңда көрсетілгендей мемлекеттік  қызметтердің көрсеткіштері және қолайлығы жайында мынадай анықтама берілген  «көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өлшейтін, қадағалайтын, баға беретін сандық және сапалық жиынтық параметрлері»  [1].

Мемлекеттік қызметтердің  стандарттарды өңдеу үшін олар белгілі тәртіптер мен ережелерге сәйкес болу керек.

<h4>Көрсетілітін қызметтер мынадай талаптарға сәйкес болу керкек:

- релеванттық;

- қарапайым және  түсінікті тұжұрым;

- өлшемділік.

Релеванттық. Релевантты болу үшін қызмет көрсеткіштері, тұтынушының  көзқарасы бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде пайда болатын ең проблемалы мәселелердің шешіміне бағытталу керек. </h4>

Қарапайым және  түсінікті  анықталуы. Мемлекеттік органдар мен  мекемелердің жұмысының өлшенетін  қорытындылары бойынша, көрсеткіштер, қарапайым және түсінікті тілмен жазылу қажет. 

Өлшемділік. Таңдалған  көрсеткіштер статистикалық бақылау  әдістер бойынша, мәліметтердің  өңделуі және тіркелуі өлшемге келу керек, немесе тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер жайында  әртүрлі сауалдама өткізу арқылы өлшену керек.

Қызмет көрсету процессінің  нәтижелі болуы үшін, көрсеткіштердің  құрамын анықтайтын талғамдар релеванттық  талаптарына сай болу керек. Бұл  дегеніміз осы жүйе тұтынушылар  үшін мекемелермен қарым қатынас  жасаған кезде ең маңызды мәселелерді шешуге бағытталған болу керек.

Шетелдік және отандық  зертеулердің қорытындындылары бойынша, тұтынушылардың  (шамамен 40%) мынадай  нәрселерге қанағаттанбаған: көрсетілетін қызметтердің мерзімдеріне; көрсетілетін қызметтердің сапасына; қолайлығына;  шағымдану тәртібіне; қызметкерлердің сыпайылығына. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметтерінің көрсеткіштер құрамы мынадай:

- сапа;

- қолайлық;

- шағымдану процессі;

- сыпайылық.

Бұл талаптар тұтынушылардың көбінесе шалдығатын проблемаларына қарай іріктелген. Азаматтардың кәсіпкерлердің арасында жүргізілген сауалдаманың нәтижесіне сүйенсек,  құжаттардың сапасы өте төмен екені анықталған [2].

Айтылған талаптар, тұтынушылармен  мемлекеттік органның қарым-қатынасын  реттейтін сұрақтар, заңда келтірілген [3, 4].

Сапалықты және қолайлықты анықтайтын көрсеткіштер екі топқа бөлінеді:

Информация о работе Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету