Мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 16:41, реферат

Краткое описание

1. Позитивистік әлеуметтанудың ерекшелiктерi. О. Конттың әлеуметтануы
Позитивистік әлеуметтанудың бастаулары. Огюст Конттың әлеуметтанулық доктринасының пайда болуының әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени алғышарттары. О.Конт бойынша әлеуметтанудың пәні, міндеттері және әдістері. Позитивизм ғылымның дәлелдемесі ретінде. "Үш кезең" Заңы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология каз.doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)

 

  1. Экономикалық мiнез-құлық

Экономикалық  әлеуметтану экономикалық мiнез-құлық  және экономикалық әрекет туралы ғылым ретiнде. «Экономикалық мiнез-құлық» және «экономикалық әрекет» ұғымдары. «Экономикалық сана, ойлау, мүдделер мен стериотиптер экономикалық мiнез-құлықтың алғышарттары ретiнде. Экономикалық және әлеуметтiк бағытталған әрекеттердің өзара байланысы.

 

  1. Айырбас қатынасы әлеуметтік талдаудың объектiсі ретiнде

Ақша әлеуметтiк-экономикалық айырбас құралы ретiнде. Ақшаның  функциялары. Ақшаның көптеген формалары. Ақша әлеуметтiк-мәдени феномен ретiнде. Монетарлық мінез-құлық экономикалық мінез-құлықтың түрi ретiнде. Ақшаның жаратудың гедонистiк және рационалды мотивтерi. Көпшiлiк санасындағы ақшаға қатынас. Ақша жаратудың құрылымы мен интенсивтiгiн анықтайтын факторлар.

 

  1. Тұтыну әлеуметтануы

Тұтыну экономикалық әлеуметтану пәнi ретiнде. Тұтыну мен өндiрiстiң өзара байланысы. Әлеуметтануда тұтынуды зерттеудiң әлеуметтiк-экономикалық алғышарттары. Бұқаралық тұтыну мәдениетi әлеуметтанудың пәнi ретiнде. Тұтыну қоғамы концепциясы. Ұжымдық тұтыну саласы.Тұтынушылық мiнез-құлықты талдау.

 

  1. Үй шаруашылығы

Үй шаруашылығы және үй еңбегi түсiнiгi. Үй шаруашылығы жеке тұтынуға бағытталған, отбасы мүшелерiнiң жұмыс iстеу саласы ретінде. Үй еңбегi қоғамдық еңбектiң ажырамас бөлiгi ретiнде. Үй еңбегiнiң түрлерi. Үй шаруашылығының экономикалық ролiнiң өсуiн мойындау.

 

  1. Әлеуметтік-экономикалық даму теориялары

Капитализм әлеуметтанулық зерттеудiң пәнi ретiнде. Капитализм әлеуметтiк-экономикалық жүйе ретiнде. Капитализм концепциясы. Әлеуметтану классиктерiнiң еңбектерiндегi батыс-европалық капитализмдi зерттеу. В. Зомбарт батыс-еуропа капитализмі жөнінде. К. Маркстің капитализм теориясы. Вебердiң капитализмдi талдаудағы ерекшелiктерi. Протестанттық этика және капитализм рухы. Капитализмнің тарихи типтері. К. Маркс пен М. Вебердiң көзқарастарын салыстырмалы талдау.

 

  1. Экономиканы зерттеудегі инсититуционалдық тәсіл

Шаруашылық  қызметті институционалды талдау. Әлеуметтану  және экономикадағы институционализм. Әлеуметтанудағы және экономикадағы  институционализм. Шаруашылық институттарды  талдау: жекеменшік құқығы, басқару  құрылымы, айырбас  тәртібі. Нарық әлеуметтік институт ретінде. Институционалды матрицалар теориясы. Нарықтық және редистрибутивті экономиканың негізгі институттары. Экономиканың институционалды өзгерістері. Қазақстандағы нарықтық шаруашылықтың дамуының институционалды негіздері.

 

  1. Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық стратификациясы

Әлеуметтiк-экономикалық стратификация және әлеуметтiк-экономикалық құрылым ұғымдары. Әлеуметтiк-экономикалық стратификацияның объективтi негiздерi: табыс, өмiр деңгейi, меншiк, капитал. Стратификациялық талдаудың негiзгi тәсiлдерi. П.Сорокин экономикалық стратификация және экономикалық мәртебенің флуктуациясы туралы. Стратификациялық жүйелердiң негiзгi түрлерi.

 

  1. Нарық әлеуметтануы

Нарық әлеуметтанулық талдаудың  объектiсi ретiнде. «Нарық» ұғымы. Нарықтық ұйымдастыру жүйесi. М. Вебер нарықтық жағдай туралы. Нарықты реттеудiң ерекшелiктерi. Нарықтық және бюджеттiк басқарылатын экономика. Нарықтық жағдайда таптық жағдайдың детерминациясы. 

 

  1. Шаруашылық идеология

Шаруашылық  идеология түсiнiгi. Шаруашылық идеологияның 3 деңгейi: идеологиялық жүйе, экономикалық бағдарлама, бұқаралық сана деңгейiндегi шаруашылық идеология. Ұлттық менталитеттiң шаруашылық идеологияның қалыптасуына әсерi. Шаруашылық идеологияның негiзгi түрлерi.

 

«Жастар әлеуметтануы» пәні

 

  1. Жастар әлеуметтануының тарихи және әдістемелік мәселелері

Жастар туралы ғылымның теориялық және әдістемелік негіздері. Жастар әлеуметтанулық білім жүйесінде. Жастар әлеуметтануының пәні. Жастар қоғамның әлеуметтік құрылымында. Жастарды әлеуметтанулық зерттеу ерекшелігі.

 

  1. Жастар: ұғымның концептуализациясы мен зерттеу бағыты.

«Жастар» түсінігін  анықтаудың түрлі бағыттары. Жастардың  әлеуметтанулық мәнін анықтау. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде.  Жасөспірімдік әлеуметтік мәселе ретінде. Жастардың жасаралық айырмашылықтары әлеуметтік-демографиялық топ ретінде. Жоғарғы және төменгі айырмашылықтарды негіздеу. 

  1. Батыс әлеуметтануындағы жастар мәселесін зерттеудің даму тарихы

  Жастар мәселесін зерттеудегі теориялық концепцияларды талдау (К. Мангейм, Г. Шельски, Ф. Тенбрук, Л. Розенмайер, Ф. Найдгарт).  Психоаналитикалық бағдар. З. Фрейд және неофрейдизм. Э. Эриксонның эпигенетикалық принципі. Р. Бенедикт «әлеуметтік мінез-құлық» туралы.

 

  1. Жастық әлеуметтік мәселе ретінде.

Жастық түсінігі. Жасаралық  стратификация. Жасөспірімдік шақ теориясы. Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының өмірлік жолы. Л.С. Выготский бойынша жоғары психикалық қызметтердің даму теориясы. Жасөспірімдіктің әлеуметтік мәртебесі. Жасөспірімдік өзін-өзі анықтау тұлғаның қалыптасуының маңызды кезеңі ретінде. Әлеуметтенудің психологиялық аспектілері.

 

  1. Ұрпақтар сабақтастығы диалектикасы

Ұрпақ – әлеуметтік-жастық категория. Ұрпақ әлеуметтік-тарихи құбылыс ретінде.  Ж. Дромелдің саяси ұрпақ тұжырымдамасы.  Тарихтың «ұрпақтық» кезеңге бөлінуі. К. Мангейм бойынша «Ұрпақ мәселесі». Ұрпақ қақтығысының ғаламдық теориялары. Парсонс, Фойер, Мандел, Лоренц теориялары. М. Мидтің позициясы. Ұрпақтар сабақтастығы мәдениеттер диалогы ретінде.  

 

  1. Жастар мәдениеті 

«Мәдениет» және «субмәдениет» түсінігі. Мәдени жан-жақтылық. Мәдени таралу аймағы. Мәдени мұра. Мәдениеттің формалары: элитарлы, бұқаралық, халықтық.  Мәдениеттің түрлері. Мәдениеттің негізгі элементтерінің сипаттамасы. Мәдениеттің қызметтері. Қоғам мәдениетінің субъектілі құрылымы. 

 

  1. Жас отбасы әлеуметтанулық және әлеуметтік-психологиялық зерттеудің объектісі ретінде.

Отбасының жағдайы мен  даму болашағы. Отбасының тарихи түрлерінің өзгеруі. Отбасын әлеуметтанулық тұрғыда зерттеудің негізгі бағыттары. Отбасының түрлері. Отбасындағы билікті бөлу. Отбасындағы тұлғааралық қақтығыстар. Студенттік отбасы және оның негізгі мәселелері.  Отбасының құрылымдық ерекшеліктері. Феминизмдік қозғалыс. Отбасының тұрақтылығын анықтайтын факторлар. Ажырасу және оның салдарлары. 

 

  1. Жастар және қоғамдық пікір

Қоғамдық пікір феномені. «Қоғамдық пікір» ұғымы. Қоғамдық пікірді  зерттеу ерекшелігі. Б.Грушин бойынша  қоғамдық сананың компоненттері. Алынатын мәліметтердің сапасы. Жастар мәселесіне қатысты қоғамдық пікірді зерттеу.

 

  1. Жастардың девиантты мінез-құлқы, қылмыстық және әлеуметтік тәжірибе 

Девиантты мінез-құлық  әлеуметтануының негізгі ұғымдары. Делинквентті мінез-құлық. Әлеуметтік норма түсінігі. Әлеуметтік санкциялар. Әлеуметтік ауытқудың  позитивті  және негативті мәні.  Әлеуметтік бақылау әрекеті. 

 

  1. Білімнің әлеуметтік мәселелері

Білім жүйесі – жастардың  әлеуметтенуіндегі маңызды фактор. «Білім әлеуметтануы» ұғымының мазмұны. Білім жүйесі. Қазіргі Ресейдегі  білім саласындағы саясат. Қазақстандағы  білім және жастар. Батыстағы білім (АҚШ, Германия, Франция, Англия). Білім саласын әлеуметтанулық зерттеудің өзекті мәселелері.  

 

  1. Жастар және дін

Өркениетті қоғамдағы  діннің рөлі. Жастар және дін. Қазақстандағы  дін. Діни ұйымдар және олардың қоғамдағы  рөлі. Жастардың діндарлығындағы  әлеуметтанудың мәні. Жас ұрпақтың діндарлығының қалыптастырудағы әлеуметтанулық зерттеулердің міндеттері. 

 

  1. Мемлекеттік жастар саясатының әлеуметтік аспектілері

Жастар саясаты: мәні мен түрлері. Жастар саясатының принциптері.  Мемлекеттік жастар саясатының құқықтық қамтамасыз етілуі.  Әлеуметтік және жастар саясаты: ортақтығы және ерекшеліктері. Жастар саясатының аймақтық ерекшеліктері. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары. Жастар саясаты шеңберінде қолданылатын әлеуметік технологиялар.

 

  1. Жастар мәселелерін зерттеудің әдістемелік және әдістік ұйымдастырылуы

Жастарды зерттеудің әдістемелік принциптері. Жастардың  әлеуметтік мәселелерін зерттеуде  қолданылатын процедуралардың ерекшеліктері. Сауалнама, сұхбат, іштей бақылау, эксперттік бағалау, тест, контент-талдау.    Жастар мәселесін зерттеудегі мәліметтерді жалпылау ерекшеліктері.  Ұсыныстарды өңдеу. Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу ерекшеліктері.

 

 

5. Ұсынылатын  әдебиеттер тізімі:

 

Негізгі әдебиет:

  1. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы - Алматы, 2008. 280 б.
  2. Әбдірайымова Г.С. Социологиядағы аксиологическая проблематика: зерттеудің теориялық аспектілері – Алматы, 2008. 144 б.
  3. Әженов М.С. Білім әлеуметтануы. - Алматы, 2007.
  4. Әбдікерова Г.О., Әбдірайымова Г.С. Әлеуметтік анторопология: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2012. 174 б.
  5. Әбдікерова Г.О. Тұлға әлеуметтануы: оқу құралы. - Алматы 2009. 222 б.
  6. Биекенов К.У. Әлеуметтану тарихы: оқу құралы. - Алматы, 2009.
  7. Жаназарова З.Ж. Отбасы әлеуметтану. Учебное пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. 192 б.
  8. Қылышбаева Б.Н. Қақтығыстану: оқу құралы. -  Алматы, 2010. 

 

Қосымша әдебиет:

  1. Әбдірайымова Г.С. Студенттік ортадағы әкелік феномен (әлеуметтанулық аспект). Әдістемелік нұсқау. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. 74 б.
  2. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Основы социологии. – Алматы, 2012. 456 б.
  3. Әженов М.С., Садырова М.С. Социальная структура общества. - Алматы, 2007.
  4. Биекенов К.У., Садырова М.С., Ноғайбаева З.А. Институционализация казахстанской социологии. - Алматы, 2006.
  5. Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. – Астана, 2002.

 


Информация о работе Мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы