Мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 16:41, реферат

Краткое описание

1. Позитивистік әлеуметтанудың ерекшелiктерi. О. Конттың әлеуметтануы
Позитивистік әлеуметтанудың бастаулары. Огюст Конттың әлеуметтанулық доктринасының пайда болуының әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени алғышарттары. О.Конт бойынша әлеуметтанудың пәні, міндеттері және әдістері. Позитивизм ғылымның дәлелдемесі ретінде. "Үш кезең" Заңы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология каз.doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

                                                                       

                                                                      

                                                                                                                           

 

                                                                                                        

 

«6М050100 - ӘЛЕУМЕТТАНУ»

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША  МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ  2012

 

 

 

Емтихан тақырыптарының тізімі

 

«Теориялық әлеуметтану тарихы» пәні

 

  1. Позитивистік әлеуметтанудың ерекшелiктерi. О. Конттың әлеуметтануы

Позитивистік әлеуметтанудың бастаулары. Огюст Конттың әлеуметтанулық доктринасының пайда болуының әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени алғышарттары. О.Конт бойынша әлеуметтанудың пәні, міндеттері және әдістері. Позитивизм ғылымның дәлелдемесі ретінде. "Үш кезең" Заңы.

 

  1. К.Маркстiң формация теориясы

Маркстың әлеуметтанулық доктринасының пайда болуының әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени алғышарттары. Адам және қоғам. Тарихтың материалистiк түсiніктері. Әдiстеме. Әлеуметтiк жүйелер теориясы. Әлеуметтiк даму теориясы. Әлеуметтiк революция. Класстар және класстық күрес теориясы.

 

3. Э. Дюркгеймнiң органикалық және механикалық ынтымақтастығы

Э. Дюркгейм шығармашылығының теориялық алғышарттары, оның әлеуметтiк  ұстанымы. Дюркгейм бойынша әлеуметтанудың пәні мен әдісі, оның қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны. Әлеуметтік факт түсінігі, әлеуметтік факттің табиғаты мен түрлері. "Социологизм" әлеуметтанудың философиялық дәлелі ретінде. Себептi және функционалдық талдау.

 

4. Г. Спенсердiң әлеуметтанулық жүйесi

Г.Спенсердiң түсiндірмесіндегі  әлеуметтану пәні. Теориялық құрылымдағы негізгі принциптер: қоғамды организм ретінде түсіну және қоғамды физиологиялық модель бойынша үлгілеу. Қоғам мен биологиялық организмнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Эволюция заңды органикалық процесс ретінде.

 

5. Макс Вебердiң  әлеуметтануы

Макс Вебердiң әлеуметтiк  көзқарастары мен теориялық ұстанымдарының қалыптасуының теориялық және қоғамдық шарттары. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі  жалпы концепциясы. Әлеуметтiк әрекет ұғымы, оның құрылымы және түрлері. Идеалды  тип теориясы. "Идеалды әлем" әлеуметтанулық зерттеудiң құралы ретінде. "Түсiну" әдiсі және оның әлеуметтiк әлем тұжырымдамасымен байланысы.

 

6. Фердинанд Теннис әлеуметтануы

Ф.Теннистiң әлеуметтанулық идеяларының бастауы. Теннистiң негiзгi еңбегі – "Қауым және қоғам". Қауым  келісім, дәстүрлі қатынастардың басымдығына негізделетін қоғамдық байланыстардың формасы ретінде. Қоғам әлеуметтiк қатынастар, келісім-шарт негізінде құрылатын ерекше форма ретінде. Қоғамдық қатынастар және әлеуметтiк топтардың типологиясы.

 

7. Вильфредо Паретоның әлеуметтанулық теориясы

Италиядағы әлеуметтану  дамуының ерекшеліктері. В. Паретоның  ғылыми қызығушылықтарының қалыптасуы, теориялық көзқарасының эволюция кезеңдері. В.Паретоның әлеуметтанулық көзқарастарына иррационалистік және волюнтаристік  концепциялардың ықпалы. Парето бойынша әлеуметтанудың әдістемелік принциптері.

 

8. П.А Сорокиннің әлеуметтанулық көзқарасы

П.А. Сорокиннің әлеуметтанулық көзқарасының теориялық қайнар көзі. П.А. Сорокиннің әлеуметтік идея эволюциясының негізгі  фазалары. Әлеуметтік-мәдени динамика концепциясы. Әлеуметтану аппаратының аналитикалық ұғымын жасау. Қоғамдық құрылым, оның құраушыларының өзара әрекет механизмі түсіндірмесі.

 

9. Т. Парсонстың әлеуметтанулық доктринасы

Әлеуметтік әрекет концепциясының қалыптасуы. Т.Парсонс және оның "жалпыәлеуметтанулық теориясын" құрудағы талпынысы. "Қарапайым әрекет" - әрекет теориясындағы талдаудың негізгі бірлігі. Құрылымдық элементтер: қатысушы тұлға, мақсат, жағдай, әрекеттің нормативтік бағдары.

 

10. Роберт Мертонның құрылымды-функционалды талдауы

Орта деңгей теориясы тұжырымдамасы. Парадигма  әдістемелік  құрылым ретінде. Парадигманың функциялары. Дисфункция (әрекетсіздік) ұғымы. Мертонның  уақыттың функциялық теориясын талдауы. Ашық және жасырын атқаратын қызметтері. Қазіргі қоғамдағы функциялық саралаудың негізгі принциптері мен шарттары. Мертонның құрылымдық талдауы.

 

11. Әлеуметтік қақтығыс теориялары

Конфликтологиялық парадигма. К. Маркс, Л. Гумплович, Г. Зиммель әлеуметтік қақтығыс туралы. Қақтығыс Льюис Козердың еңбектерінде идеалды көрініс ретінде. Қақтығыстың конструктивті және деструктивті маңызы. Қақтығыстың әмбебабтылығы. Консенсус және конвергенция қақтығысты шешу жолдары ретінде.

 

12. Социометрия (микрәлеуметтану)

"Социометрия" ұғымы.  Джекоб Морено тұлғаралық қатынасты  өлшеу теориясы туралы. Шағын топтардағы топ ішіндегі байланыс пен иерархияны зерттеу әдістері. Социограмма. Социометриялық процедура. Социометриялық техника.

 

 «Қоғамның әлеуметтік  құрылымы» пәні

 

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы

Оқу курсының пәні, объектісі, мақсаты мен міндеттері. Пәнді оқытудың отандық және шетелдік тәжірибесі. Ресей қоғамының қазіргі дамуындағы әлеуметтік құрылым мәселесінің өзектілігі. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі оқу пәнінің орны мен рөлі. Әлеуметтік құрылым теориясы салалық әлеуметтанулық теория ретінде.

 

  1. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде

Қоғам жүйенің нақты  түрі ретінде. «Қоғам», «қауымдастық», «тап», «стратификация», «әлеуметтік  топ», «теңсіздік» және т.б. ғылыми ұғымдар.

Қоғам туралы жүйелік  ұстанымдардың тарихи бастауы (О. Конт, Г. Спенсер). Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің марксистік теориялары: қоғамның негізгі ішкі жүйелері.

  1. Әлеуметтік топ әлеуметтік құрылымның элементі ретінде 

Қоғамға құрылымдық бағыттың қалыптасуы. Структурализм, функционализм  және құрылымдық функционализм әлеуметтік құрылым теориясының дамуындағы негізгі бағыттар ретінде (Б. Малиновкий, А.Р. Рэдклиф-Браун, К. Леви-Стросс). Әлеуметтік құрылым туралы қазіргі заманғы түсініктер. Әлеуметтік және социеталды құрылымдар: қоғамның макро-, мезо- және микро құрылымдары. Әлеуметтік қажеттіліктер мен қызығушылықтар.

 

  1. Қазіргі заманғы әлеуметтік құрылымның негізгі бөліктері  

Ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылым (әкімшілік-мемлекеттік ұйымдастыру: бюрократиялық иерархия, билік түрлері  мен бағыну). Әлеуметтік-салалық құрылым (сала әлеуметтік қауымдастық ретінде: әлеуметтік-салалық стратификациялар пирамидасы). Әлеуметтік-демографиялық құрылым (адамдардың негізгі демографиялық сипаты; демографиялық топтағы әлеуметтік теңсіздік).

 

  1. Әлеуметтік құрылым және стратификация әлеуметтанулық білімнің объектісі ретінде

Теңдік-теңсіздік категориялары. Теңсіздік түрлері. Стратификация  теорияларының базалық ұғымы. Әлеуметтік стратификациядағы негізгі бағыттар: құрылымдық және функционалистік. Билік  стратификацияның негізгі критерийі ретінде, биліктің белгілері. Меншік және әлеуметтік престиж – әлеуметтік теңсіздік критерийлері. Мәртебелік кристаллизация және мәртебелік қайшылық.

 

  1. Стратификациялық жүйелердің түрлері

Стратификациялық модельдердің әртүрлілігі. Әлеуметтанулық теориядағы класстар мен әлеуметтік таптар. «Тап» пен «топ» ұғымының байланысы. Америкалық және еуропалық дәстүрлер. Қазіргі жағдай. Таптық жағдайлар мен өмірлік мүмкіндіктер. Стратификацяның жүйелік сипаты. Әлеуметтік стратификация.

 

  1. Әлеуметтік мобильділік теориясы

Әлеуметтік кеңістік ұғымы. Әлеуметтік және физикалық кеңістік ұғымы. Әлеуметтік координаталар жүйесі. Әлеуметтік өзара әрекет ұғымы. Әлеуметтік өзара әрекет әлеуметтік кеңістікті құрудың негізгі принципі ретінде. Әлеуметтік топтар теориясы. Әлеуметтік топтардың мүмкіндіктерінің критерийлері, олардың түрлері. Әлеуметтік стратификация ұғымы.   

8. М. Вебердің әлеуметтік  теңсіздігі

«Әлеуметтік іс-әрекет»  категориясы әлеуметтік теңсіздікті  зерттеудің негізгі пункті ретінде. Меншік, билік, престиж стратификацияның негізгі өлшемі ретінде. Экономикалық класстарды веберлік түсіну. Индивидтердің нарықтық мүмкіншілігі класстық дифференциацияның негізі ретінде. Статустық топтардың иерархиясы.

9. Марксистік теориялардағы таптар мәселесі

Ортодоксалды марксизмдегі таптар теориясы дамуының негізгі кезеңдері. К. Маркс пен Ф. Энгельс жұмыстарындағы таптық мәселелер. «Тап өзінде» және «тап өзі үшін» ұғымдары. Таптық күрес антагонистік қоғамның негізгі мазмұны мен қозғаушы күші ретінде. Капитализмдегі таптар дихотомиясы. Таптарды жүйелік анықтау. Таптық идентификация белгілері. Қазіргі әлеуметтану тұрғысынан таптардың марксистік теориясын сыни талдау.

 

10. Халықтың  кәсіби құрылымы

Адамдарды кәсібі бойынша  бөлу және кәсіби стратификация. Топтардың  кәсіби қызығушылықтары және олардың халықтың басқа тобының қызығушылықтарымен сәйкестілігі мен сәйкессіздігі. Престижді, аз престижді және престижді емес мамандықтар – олардың елдің экономикалық, технологиялық және әлеуметтік-саяси дамуына байланыстылығы.  

 

11. П. Бурдьенің   қоғамдық ұдайы өндіріс теориясы

П. Бурдьенің әлеуметтанулық талдаудағы фундаменталды алғышарттары. Әлеуметтану "әлеуметтік топология" ретінде. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік алаң түсінігі. Әлеуметтік кеңістікті құру қағидасы. Капитал және оның әртүрлі  формалары. Символикалық капитал. Тап түсінігі. «Ықтимал» тап және «нақты» тап. Ұдайы өндіріс түсінігі. Білім беру жүйесі қазіргі қоғамның ұдайы өндірісінің ортақ механизмі ретінде. Таптардың білімі мен қарым-қатынасы.

12. Әлеуметтік мобильділік  және әлеуметтік ұдайы өндіріс

Әлеуметтік мобильділік: процесстің анықтамасы мен мәні. Әлеуметтік мобильділіктің негізгі екі түрі – горизонталды және вертикалды. Өрлеуші  және құлдыраушы мобильділік. Әлеуметтік мобильділік факторлары. Қоғам түрі мен әлеуметтік мобильділік сипаты. Әлеуметтік қоныстануларға ашық және жабық қоғамдардың әсер ету ерекшеліктері.

13. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу әдістері

Ғылыми әдістер түсінігі және оның құрылымы. Әдістердің мазмұнды-генетикалық  және формалды-логикалық элементтері, олардың өзара әрекеттесуі. Әдіс пен теория. Әдістер, заңдар, категориялар мен принциптер. Әлеуметтік құрылымды зертеудегі жалпы ғылыми әдістердің рөлі. Қолданбалы әлеуметтанудағы дәстүрлі әдістер және оны әлеуметтік құрылымды зертеуде қолдану. Әлеуметтік құрылымның талдау әдістерінің ерекшеліктері: субъективті әдіс, беделді зерттеу әдісі, әлеуметтік құрылым үлгісін талдау әдісі. Әлеуметтік құрылымды оңтайландырудағы қолданбалы зерттеудің рөлі.

 

 «Экономикалық әлеуметтану»

 

  1. Экономикалық әлеуметтанудың  пәнi

Экономикалық  әлеуметтану әлеуметтік бiлiмнiң  бір саласы ретінде. Экономикалық әлеуметтанудың объектiсi мен пәнiнiң жалпы сипаттамасы. Әлеуметтiк және экономикалық ұғымы. Әлеуметтiк және экономикалық салалардың өзара байланысы. Экономиканы дамытудың  әлеуметтiк механизмi. Экономикалық әрекет және әлеуметтiк-экономикадағы теңсiздiк қатынастар әлеуметтанудың пәнi ретiнде.

 

  1. Экономикалық әлеуметтанудың  пайда болуы мен қалыптасуы

Әлемдiк әлеуметтанудағы  экономикалық әлеуметтанудың қалыптасу  кезеңдерi. Пәннiң пайда болуының әлеуметтiк және ғылыми алғышарттары. Экономикалық теория және экономикалық әлеуметтанудың дамуындағы өзара байланысы. Дамудың классикалық кезеңі.

 

  1. Экономикалық әлеуметтанудың қазіргі дамуы

Қазіргі экономикалық әлеуметтанудың дамуының негізгі бағыттары. Рационалды таңдау, желілік амал, жаңа институционализм, мәдени-тарихи және этнографиялық тәсіл әлеуметтануы. Кеңестік әлеуметтанудағы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер. Қазақстан және Ресей экономикалық әлеуметтануының дамуының негізгі кезеңдері.

 

  1. Экономикалық әлеуметтанудың негiзгi категориялары

Экономикалық әлеуметтанудың категориялар жүйесi. Жалпыәлеуметтiк  және арнайы категориялар. Әлеуметтiк  сана ұғымы әлеуметтiк топтар мен  индивидтердiң экономикалық бiлiмдерi мен көзқарастарының жиынтығы ретiнде. Экономикалық сана мен экономикалық iс-әрекет арасындағы байланыс. Экономикалық ойлау экономикалық сананың тәжірибелік көрiнiсi ретiнде.

Информация о работе Мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы