Әлеуметтік процесс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 13:15, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке – жеке қарастырып өтелік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

НУРИК СОЦ.docx

— 42.12 Кб (Скачать документ)

Адамдардың саяси мүдделері  олардың өмірлік әрекеттері, әлеуметтік жағдайлары және өмір сүріп отырған ортадағы саяси қатынастар жүйесіндегі объективтік жағдайларымен анықталады. Субъектілердің саяси мүдделері олардың саяси қатынастарының объективтік көрінісі болып табылады, сондықтан аталған мүдделер де объективті болады. Олар өмір сүріп отырған саяси қатынастар жүйесінде таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттық қауымдастықтардың және өзге де субъектілердің саяси құқықтары мен еркіндіктерін толық пайдалану үшін объективті түрде пайдалы әрі тиімді.

Осылайша субъектінің  қайсыбір саяси мүддесінің мазмұны, саяси тұрғыдағы пайдасын түсінуі сол субъекті санасының жемісі болып саналмайды, оның нақтылы саяси ақиқатқа объективті қатынасының сәті ретінде өмір сүреді. Саяси ақиқатты субъект саналы түрде қабылдауы керек, оны, айталық, оған саяси тұрғыда ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін белгілі бір сәтке дейін түсінбеуі мүмкін. Сөйтіп, ол өзінің саяси мүддесіне объективті сәйкес келетінді немесе қарама-қайшы келетін құбылысты түсінбеуі мүмкін.

Саяси қатынастар әлеуметтануы өзінің алдына субъектілердің саяси  мүдделерін айқындау мен зерттеу  міндеттерін қояды, яғни олардың  қайсыбір жағдайда саяси тұрғыда өзін-өзі анықтау үшін не нәрсе маңызды және пайдалы екенін қарастырады. Бұл орайда саяси қатынастар субъектілерінің өздерінің объективтік саяси мүдделерінің қаншылықты тереңдігін түсінуі де және осы негізде олардың саяси істе саналы түрде басшылыққа алатын саяси мүддесінің қаншалықты екенін және олардың объективті қалыптасқан саяси мүдделеріне сай келуін анықтау да маңызды.

Осыған орай аталған субъективтік мүдделіктің өзі шынайы болуы  мүмкін, яғни бірдей саяси жағдайларға субъектілердің әрекеті не жалған, немесе, тіптен, мифологиялық (қияли) та болуы мүмкін. Бүгінде саяси мифтер бұқаралық санадағы кең тараған құбылыс. Бұл проблемалар теориялық және қолданбалы әлеуметтану деңгейінде зерттеледі, сондай-ақ нақты әлеуметтануға қатысты зерттеулердің барысында қарастырылады.

Қазіргі кезде субъектілердің шынайы саяси мүдделерін түсіну, сонымен  қатар олардың өз саяси мүдделерін түсінуі біздің қоғамымыздың дамуында аса маңызды болып отыр. Еліміз экономикасының, әлеуметтік және рухани өмірі дамуының негізіне алынатын мәселелерді шешу демократия принциптерін дамытумен тікелей байланысты екені белгілі. Олай болса, нағыз халықтық билік ретіндегі демократияны нығайту – бүкіл қоғамның түбегейлі саяси мүддесі. Оны қоғамның барлық мүшелері түсінуі тиіс. Бірақ ол көбінесе жалпылама тұрғысынан түсіндіріледі.

Іс жүзінде демократияны қандай саяси әрекеттер дамытатынын, олар қоғамның қандай жіктеріне көбірек  қызмет ететінін, саяси әрекеттер  басқа да әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделеріне нұқсан келтіретінін анықтауға тырысқанда қиыншылықтар туындайды. Бұл проблемаларды шешуде демократияны дамытудың мәнісі зор. Алайда, бұлар көпшілік саяси және мемлекет қайраткерлері қабылдай алмайтын аса қиын мәселелер болып табылады. Көбінесе мемлекет деңгейінде қоғам дамуы үшін қабылданған пайдалы шешімдер жүзеге асырылмайды немесе бұрын түсініксіз болған шешімдер, бүгінде қайсыбір әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың мүдделеріне қайшы келетіні белгілі болып отыр.

Басқа жағдайларда қоғамның әр түрлі әлеуметтік күштер саяси мүдделерінің қайшылығы тиісінше саяси әрекеттерге қозғау салуы мүмкін. Мысалы, депуттаттары сайлау туралы қабылданған заңдардың халық тарапынан қатаң сынға алынуын айтуға болады. Депутаттардың арасында жұмысшылар мен шаруалардың азайып, немесе болмауы, керісінше, интеллигенция өкілдері санының артқаны байқалады. Қазіргі қоғам дамуында интеллигенцияның рөлі жоғары және әрдайым артып келе жатқаны дау тудырмайды. Сонымен қатар, жоғары билік органдарының білікті кәсіби деңгейде жұмыс істеуі маңызды, демек, бұл органдар жұмысының кәсіби деңгейінің өсуі интеллигенция өкілдерінің, әсіресе заңгерлердің көмегіне байланысты болса, онда олардың оған қатысуы қажетті нәрсе. Десек те, елдің жоғары заң шығарушы органдарында негізгі әлеуметтік топтардың арасалмағы халықтың әлеуметтік құрамына сәйкес келуге тиіс. Қоғамның   әлеуметтік топтары үшін олардың мүдделерін қорғайтын өз өкілдерінің елдің заң шығарушы органдарында болуы маңызды. Қазіргі кезде де бұл мәселе өзінің көкейтестілігін сақтап отыр. Бұл қоғамдағы барлық жіктердің, бүкіл әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси және өзге де мүдделеріне қатысты болып отыр.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасындағы  саяси коммуникацияның ерекшеліктері  мен проблемаларын зерттеуге  арналған диссертациялық жұмыста алынған  ғылыми нәтижелерге байланысты келесі қорытындыларды ұсынамыз. Саяси коммуникацияны зерттеуге байланысты әдебиеттер мен ғылыми зерттеулердің көптігіне қарамастан, оның жекелеген салаларына қазақстандық саяси ғылымда  зерттеу жүргізу соңғы жылдарда ғана қолға алынып келе жатыр. Саяси коммуникацияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану – саяси субъектілер, билік пен қоғам арасындағы өзара байланыста алшақтықты жойып, еліміздегі азаматтық қоғамды қалыптастыруға, демократияны нығайтуға бағытталған нық қадамдардың бірі. Қазақстандағы саяси коммуникацияның ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеу, жаңа саяси жүйеге аяқ басқан мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды қадам болып саналады. Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық кеңістігіндегі болып жатқан жағдайларға талдау жасау тақырыптың маңыздылығын көрсетеді.

Дәлелденгендей, өркениетті, дамыған қоғамға қадам басуға бағыт алған демократиялық принциптерді нығайту жолындағы мемлекетіміздің  ақпараттық саясаты жаңа мән-мағына ие болып, даму үстінде. Мұның нақты белгісі ретінде – Қазақстандағы саяси субъектілермен бірге, билік пен халық арасындағы ақпарат алмасудағы өзара байланыстың қалыптасуын негіздейтін саяси құндылықтардың дамуы, саяси жүйеде ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылып келе жатқандығы.

Анықталғандай, еліміздегі саяси коммуникация мәселелері жалпы  қоғамдық-саяси жүйедегі қызметімен бірге, қоғамның талап-тілектерін ескеруге тырысатын, халық пен саяси субъектілердің мүдделерін жақындастыруға бағыттайтын мемлекеттік саясаттың негізгі ажырамас бөлігі. Алайда, саяси субъектілер, билік пен қоғам арасындағы өзара байланыстағы ақпарат алмасу тең дәрежелі диалог түрінде жеткілікті дамымағандығын ескеру қажет.

Айқындалғандай, Қазақстан  Республикасында демократиялық  қайта құруларды жемісті түрде іске асыру үшін, қазіргі саяси коммуникация сферасындағы мемлекеттің ақпараттық саясат зор мағынаға ие болады. Тәуелсіз Қазақстанды саяси реформалаудың тәжірибесі жаңа демократиялық, тұрақты және тиімді саяси жүйе құру үшін қоғамдағы саяси өлшемдердің нәтижесі мен сипатына, деңгейіне байланысты ұзақ және күрделі процесс екендігін көрсетті. Бұл қоғамды модернизациялаудың жемісі болмақ.

Анықталғандай, Қазақстанда  саяси мүдделердің келісімге  келуі, қоғамдағы идеялардың бірігуі, қатынастардың үйлесімділігі, билік құрылымының мүдделерімен, бір жағынан қоғамның әртүрлі таптарының, топтарының және екінші жағынан, олардың дамуы мақсатында кері байланыс пен басқару құрылысымен қоғамдағы PR-ды саяси басқарудың жүйесіне қоспай, саяси билікті жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстандағы PR жүйесін дамытудың нақтылы жолдары қарастырылады. Олардың қоғам мен билік үшін тиімді жақтары анықталып, баяндалады. Саяси коммуникация құралдары саналатын: PR, саяси жарнама, паблисити, үгіт пен насихат, БАҚ т.б. Қазақстандағы тиімділіктерін арттыру мәселелері ұсынылады.

Айқындалғандай, Қазақстанда саяси коммуникация мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбеген. Себебі, шетел және ресейлік оқу бағдарламаларына саяси коммуникация арнайы пән ретінде енгізіліп, мамандар даярлауды қолға алып жатса, Қазақстан бұл жағынан әлі артта қалып жатыр. Арнайы мамандардың жоқтығынан, біздегі саяси субъектілер шетелдік саяси технологтар мен мамандардың тәжірибесіне жүгінуге мәжбүр болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан  халқының әл-ауқатын арттыру –  мемлекеттік саясаттың басты  мақсаты: Қазақстан Республикасы  Президентінің Қазақстан халқына  Жолдауы  //Егемен Қазақстан. — 2008. — 7 ақпан.

2 Адилова Л.Ф. Институт  паблик рилейшнз в сфере политики  переходного общество // Евразийское  сообщество: общество, политика, культура. – 1998. — №1. — С. 4-11.

3 Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов «Әлеуметтану» Алматы: Қарасай,2007 жыл.

4 А.И. Икенов, А.Д.Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы Экономика 2004 жыл

5 Насимов М.Ө. Қазақстан  Республикасындағы саяси жарнаманың  дамуы //Қаз.ҰУ Хабаршысы. Философия.  Саясаттану. Мәдениеттану сериясы.  — 2006. -№2 (26). — 189-194 бб.

6 Нуртазина Р.А. Образовательная  политика Республики Казахстан  в условиях глобализации. – Алматы: Ғылым, 2004. — 320 с.

7 Сұлтанбаева Г.С. Саяси коммуникация: негіздері мен тәжірибесі. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. — 162 б.

8  Шварценберг Р.Ж. Политическая  социология.- М.: 1992. — Часть I.- 180 с.

9  Политическая энциклопедия: В 2-х томах.- М: Мысль, 2000. -Т.1. — 533 с.

10 Ахатова Б.А. Политический  дискурс и языковое сознание. – Алматы: Экономика, 2006. — 302 с.

11 Дөрбетханұлы Т. Партиялық саяси имиджді қалыптастырудағы  коммуникациялық байланыстың ролі //Саясат. – 2003. — №2. — 62-64 бб.

12 Блэк С. Паблик рилейшнз: Что это такое? — М.: 1990. — 239 с.

13 Рысбаева С.Ж. Паблик  рилейшнз (PR): к проблеме деструктивных  технологий в переходном обществе //Евразийское сообщество. – 2002. -№1. — С. 37-43.

 


Информация о работе Әлеуметтік процесс