Әлеуметтік процесс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 13:15, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке – жеке қарастырып өтелік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

НУРИК СОЦ.docx

— 42.12 Кб (Скачать документ)

 Қазақстан Республикасында  мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.

 Әлемнің өркениетті  елдеріндегі өмір тәжірибесі коғамның саяси жүйесінің тұрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату кажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен катар дербес, баска биліктерді толықтырушы, екінші жағынан олардың қызметінің занда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы керек.

Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

1)       Еңбек  нәтижелері саналы түрде мемлекеттік  ұйымдасқан адамдардың ерекше  тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.

2)       Әлеуметтік  ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық  экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.

3)       Әлеуметтік  ортаны ұйымдастырудың үшінші  түрі- аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.

 Саяси жүйе қоғамның  объективтік даму процесінде қалыптасып, өміреге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы  оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері.

Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін танып-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтануы жалпы мынандай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси процестер, саяси институттар және т.б. Осы және өзге де ұғымдар қиын ұғымдардың қатарына жатады, сондықтан олардан логикалық тізбек құру мүмкін емес, өйткені олар өздері бейнелейтін шынайы саяси құбылыстар сияқты өзара көп жақты байланыстардан тұрады.

Қоғамның саяси өмірінің әртүрлі жақтарын сипаттау барысында саясат әлеуметтануының маңызды ұғымдарының мазмұнын ашу орынды.

Саясат әлеуметтануы- әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Осы айтылғандардың танымдық маңызы зор болғандықтан саясат әлеуметтануының негізгі мәселелерін баяндаудың еш артығы жоқ шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның объектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік- саяси қатынастар- саясат әлеуметтануының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.

Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси  қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық сласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау жасауға баса назар аударады.

Мұнда «саясат әлеуметтануы», «саяси қатынастар әлеуметтануы», «саяси ұғымы» ұғымдары кеңінен қолданылады. Алайда, бұлардың ара жігі бүгінгі дейін түбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та «саясат әлеуметтануы» ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы, саясаттану туралы сөз болады. Батыс Европада, керісінше, «саясаттану» терминін сирек қолданып, «саясат әлеуметтануы» ұғымына басымырақ маңыз береді.

Дегенмен, бұл екі ғылымның зерттеу объектілері бір болғанымен, қарастыратын пәндері өзгеше. Зерттеу пәні тұрғысынан алғанда, саясаттану негізін саясат саласын, саясаттың бір  түрін – «саяси саясатты», яғни мемлекеттік-әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдану аясына байланысты қатынастарды қарастырады. Ал саясат әлеуметтануы саясатты қоғамның өзге дербес салаларымен, яғни экономика әлеуметтік, саяси және рухани салаларымен байланыста зерттейді.  Бұл ғылым саясатты әлеуметтік құрылымдарға және формальды емес әлеуметтік жүйелерге қоғамдық пікір мен тәртіпке, әлеуметтік-саяси процестердің бүкіл кешеніне, нормалар мен қатынастарға талдау жасау болашағымен, тұлғалар мен шағын топтарды, олардың көптеген психологиялық және социомәдени сипаттамаларын зерттеу тұрғысынан қарастырады.

Саясат әлеуметтануының  пәніне  — саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен құрылымның өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік –саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәннін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардың ерекшіліктерін айқындаудың да маңызы зор. Саясат әлеуметтануы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көптүрлігін ескере отырып, әлекметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпыдүниежүзілік, жалпыадамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс.

Осымен байланысты заңдардың  екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси  өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған әлеуметтік- саяси өмірдің әрекет ету заңы, оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әртүрлі элементтерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну заңы, әртүрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.

Даму заңы – бұл әлеуметтік  өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстардың себебін ашады, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық саяси қозғалыс, т.с.с.

Осы заңдарға сәйкес саяси әлеуметтанудың категориялары да қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді: 1.Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет,билік жүйесі,партиялар,бейресми бірлестіктер,популизм,ереуілдер,т.с.с.;2.Даму категориялары. Мысалы,билік үшін күрес,реформа,жариялылық,көппікірлік,саясаттандырылған тұлға және т.б.

Саясат ұғымы саяси  құбылыстар мен процестерді толық  көрсетеді. Оған ең алдымен мемлекетке және оның барлық деңгейіндегі жалпы  саяси билігіне қатысты таптар мен  басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады. Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу жатады. Бұл көптеген қоғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші болады. Саясат саласына халықаралық саясаттың негізгі мазмұнын құрайтын мемлекетаралық қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процестердің  бәрі де жинақталып «саясат» ұғымынан көрініс табады.

Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар нақты құбылыс ретінде саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңірегінде қоғамдағы жүріп жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топтасады, дамиды және бірін-ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды (ситуацияны) бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты әлеуметтік субъектілер арасындағы қатынастарды көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның нақты саяси өмірін зерттейтін саяси қатынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси қатынастар арқылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттері қарастырылады.

 

 

Қазақстандығы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері

Саяси билікті жеңіп алу немесе оны жүзеге асыруда кез келген әлеуметтік субъектілер саясаттың субъектісі бола алады, сол субъектілер ішінде өзара қатынастарға түсетін таптар, саяси партиялар, жеке тұлғаларды бөліп айтуға болады. Өзара саяси қатынастарға түскен ұлттар мен тұтас халықтар, сондай-ақ мемлекет саясаттың субъектілері болып табылады.

Жоғарыда атап айтылғанындай, саясаттың негізгі мәселесі -  саяси билік туралы мәселе. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік күштердің өз саяси еріктерін басқа әлеуметтік күштерге және бүкіл қоғамға тану арқылы көрінеді. Мұны партиялық элитаның, яғни шағын топты партия басшылары мен олардың төңірегіндегілердің, сондай –ақ жеке партия көсемдерінің өз ерітерін бүкіл партияға таңатынынан жиі кездестіреміз. Бірақ саяси биліктің ең жоғарысы мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағдайда мемлекеттік билікті қолына жинаған әлеуметтік күштер өз еріктерін қалған қоғам мүшелеріне таңады, бұл істе мемлекеттік аппарат пен қоғамға ықпал ететін мемлекеттік тетіктерге, яғни идеологиядан бастап құқық пен әскерге сүйенеді. Мемлекеттік билік тетіктерін қолдана отырып, олар өздерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мүдделеріне қатысты кең ауқымды мәселелерді шешеді. Қоғамда өз саяси билігін нығайта отырып, олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын да нығайтады, өз жеке басының әл-ауқаты мен дамуы үшін жағдай жасайды.

Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты, жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға бағытталған көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер сол қоғамның басқа субъектілеріне олардың бағытына қарсылық білдіру немесе үшінші субъектілердің кері әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында да қолданылады. Кез-келген субъектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол әрекетті өзге субъектілердің қалай қабылдайтыны есепке алынады және бұл олардың саяси өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субъекті көбіне қайсыбір адамдардың үлкен әлеуметтік топтары немесе қауымдастығы, кейде бүкіл халық атынан өкілеттілік ете болады. Қалай дегенмен де, олардың саяси қызметі, әдетте, көпшілік бұқара халықтың мүддесін көздейтін болады. Саясатты миллиондардың ісі дейтіні де сондықтан. Саясат пен саяси қызмет саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады. Топтың, т.б мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды.

Субъектілердің саяси  қызметі олардың саяси қатынастары  арқылы  жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси қызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекеттерге түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, біріншіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, қалыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси қызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады.

Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси  билік үшін күресінің немесе өзге де саяси қызметтерінің нәтижесінде  қалыптасып, өздері осы қызметтің  әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар қоғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, сонымен қатар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азаматтық құқық пен бостандықты жүзеге асырумен байланысы да қалыптасады.

Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы  және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат қайсыбір саяси партиялардың рухани мәдениет саласындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір- бірімен тығыз байланысты және бір-біріне әсер етеді.

Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай –ақ оның өміріндегі моральдық-психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.

Адамдар арасындағы саяси  қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалымен қалыптасады. Алайда, қалыптасқан саяси қатынастардың  өздері субъектілердің әр түрлі саяси мүдделерін тудырады. Бұл мүдделердің мазмұнын қоғамда нақтылы орын алып отырған саяси қарым-қатынастардың мазмұны анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастары олардың саяси мүдделері ретінде көрініс табады. Адамдардың, әсіресе барлық таптардың, ұлттардың және саяси партиялардың саяси мүдделерінің өзара әрекетіне талдау жасаудың қажеттігі саяси қатынастар мазмұнынан туындайтын субъектілер саяси мүдделерінің мазмұнын түсінуге және жаңадан пайда болған саяси мүдделердің ықпалымен саяси қатынастардың өзіндегі өзгерістертің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл сол сәтте орын алып отырған саяси шындық негізінде қоғамның бүкіл саяси өмірінің өзгерісі мен даму бағытын пайымдауға көмектеседі. Мұның басты буыны саяси қатынастар болып табылады. Сондықтан субъектілер саяси қатынастары мен саяси мүдделерінің өзара әрекеттестік проблемаларын зерттеу саяси қатынастар әлеуметтануының аса маңызды міндеттерінің қатарына жатады.

Информация о работе Әлеуметтік процесс