Әлеуметтану ғылымының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 06:50, реферат

Краткое описание

Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға – барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.

Содержание

Кіріспе

Әлеуметтану ғылымы.

Негізгі бөлім

Әлеуметтану ғылымы пайда болғанға дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы.

Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер-әлеуметтанудың негізін салушылар.


Қорытынды бөлім
1.1. Э.Дюркгеймнің социологиясы,оның әдіс-тәсілдер туралы ілімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтану ғылымының тарихы.docx

— 29.35 Кб (Скачать документ)

                            Алматы технологиялық университеті

 

 

 

 

           Тақырыбы:  Әлеуметтану ғылымының тарихы

 

 

 

 

Орындаған: Алибаева Куралай

гр. ХТОВ 13-11

Қабылдаған: Иманбаева Мадина

 

 

                                                Алматы 2013

                                                   Жоспар 

 

  1. Кіріспе

 

    1. Әлеуметтану ғылымы.

 

  1. Негізгі бөлім

 

    1. Әлеуметтану ғылымы пайда болғанға дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы.

 

    1. Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер-әлеуметтанудың негізін салушылар.

 

 

  1. Қорытынды бөлім

     1.1.    Э.Дюркгеймнің социологиясы,оның әдіс-тәсілдер туралы ілімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

I - 1.1. Әлеуметтану ғылымы. Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда – еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.

       Әлеуметтанудың қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға – барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.

 

II-1.1.Әлеуметтану ғылымы пайда болғанға дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы. Социология (ХІХ ғ-дың 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады.Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

       Алайда,социологияның кеш пайда болуынан,оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек.Керісінше,ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын.Мәселен,философиялық,экономикалық,тарихи,саяси шығармаларда жалпы қоғам,оның кейбір элементтері және даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көтере бастады.Осы орайда,Ертедегі Шығыс цивилизациясының – Көне Египет,вавилон,Үнді,Қытай-қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады.Мәселен,конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі.Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе-адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі.Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ,Конфуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге,атаққұмарлыққа ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын,кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық»,«кішіпейілділік»,«адамды сүю»,«тура жолмен жүру»(дао) сияқты принциптерге сүйенеді.Сайып келгенде,Конфуций адамдар арасындағы әлеуметтікқатынасты-борыш пен заңды мойындайтын,оны бірінші орынға қоятын адам мен өз пайдасын көздейтін адамды салыстыра отырып,олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді.Бірінші образдағы адам бірлікке,татулыққа ұмтылатындығын,ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.Біріншісінің басқа үшін өз жанын қиюға баратынын,екіншісінің өзіне-өзі ор қазатындығын немесе ыза-кектен өзіне-өзі қол салуға жақын болатынын көрсетеді.Яғни Конфуцийдің пікірінше,бірінші адам 3 нәрседен қорқады:аспан құдіретінен,ірі тұлғалардан,ақылды адамдардың сөзінен.Ал адамдық қасиеті төмен адам-аспан тәңірінен қорықпайды,жоғары лауазымды адамдарды жек көреді,ақылдының сөзіне құлақ салмайды.

       Сонымен,Конфуций  лауазымды басқарушылардың басқалар  алдында моральдық жағынан таза  болып,оларға үлгі болуы-қоғамды  басқарудың кілті деп көрсетеді.Егер  басшылар «дао» жолымен жүрсе,онда  халық оны сыйлайды,соңынан ереді  дейді.Қорыта келгенде,Конфуций  дұрыс әлеуметтік қатынастың  тұтқа көздерін анықтады.Егер  басшы жақсылыққа ұмтылса,кең  болса,халық та соған ұмтылады  деп тұжырымдайды.

      Әлеуметтік  қатынас жөніндегі Заңшылдар  мектебінің пікірі конфуцийшілерге  кереғар болғанын көруге болады.Мәселен,олар адамдар арсындағы әлеуметтік қатынасты моральдық нормадан гөрі,заң арқылы күштеу тәсілдеріне негіздеуді уағыздайды.Ар-ұяттың орнына «үрейді» қояды.Қоғамды басқарудағы қаталдықты,қатыгез механизмдерді жақтайды.

      Ежелгі  Үндістанда әлеуметтік ойлар  буддизм мен джайнизм мектептерінің  социологиялық мифтерінде біршама  қарастырылған.Мәселен джайнизмнің  этикалық,эстетикалық жүйесінде  адам мінез-құлқындағы кейбір  нормалар мен тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген.Тақуалық (аскетизм) деген «нәпсіні тый» деген мағынаны береді.Ондай норманың бірі ретінде ахисаны алады,яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі.  

      Алайда,ежелгі  Шығыс елдеріндегі социологиялық  ой-пікір прагматистік сипат алды,яғни  әлеуметтік тек тәжірибемен ғана  байланыстырылды.Жағымды мінез-құлықтардың үлгілерін тек уағыздаумен және адамның міндеттерінің тізбегін атаумен ғана шектелді.

      Әлеуметтік  теорияның біршама айқын элементтері  ежелгі Грецияда қалыптаса бастады.Мәселен,әлеуметтік  пікірдің кейбір элементтерін  Гомер мен гесиодтың шығармаларынан  кездестіруге болады.Алайда,ежелгі  грек философтарының арасынды  қоғамға және қоғамдық институттарға  ерекше көңіл бөлгендер софистер болды.Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса,софистер адам мен қоғамға басты назар аударады.Өйткені,сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселесіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатың.

      Софистердің  ішіндегі біршама көрнекті өкілі-Протагор  болған.ол өндіргіш күштер рөлінің  маңыздылығын көре отырып,онымен  бүкіл қоғамның дамуын байланыстырады.Сондай-ақ,оның  еңбектерінде адамның табиғи  құқы туралы идеялар болды.Бүкіл  қоғамдық қатынасты адамның еркіндігімен  өлшеді.«Адам барлық нәрсенің  өлшемі» деп көрсетті.Ол өз  еңбектерінде азаматтар дұрыс  өмір сүру үшін,өз еріктерімен  мемлекет құрады деген пікірді  айтты.Сонымен қатар софистердің  әлеуметтік көзқарастарында адамдардың  табиғи теңдігі идеясы да көрсетілген.Қорыта  келгенде,софистердің ілімінде,социологиялық тұрғыдан алғанда,қоғамның құрылуындағы келісім теориясының жатқандығын көруге болады.Яғни алғашқы адамдар табиғатынан абсолютті еркіндік адамдар арасындағы наразылықтарды туғызып,күрестерге әкеліп отырған да,адам өмірінің қауіпсіздігіне сенімі жоғала бастаған.Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болды және оның мүшелері ортақ нормаға бағынатын болды деп көрсетеді.

      Платон  өзінің социологиялық мифтерінде  софистердің мемлекет адамдарының  ортақ келісімінің нәтижесінде  пайда болды деген пікірге  қарсы болады.Платонның пікірінше,мемлекет  адам мүдделерінің әртүрлі болуына  негізделіп құралатын болған,содан  еңбек бөлінісі пайда болады.Қоғамдық  еңбектің бөлінісіне байланысты  платон адамдарды 3 топқа (кастаға)  бөледі:жоғарғы билеуші топ,қолөнершілер  және құлдар.Адамдар арасындағы  касиалық қатынасты жақтайды.Адамдар,Платонның пікірінше,табиғатынын тең емес.Жаратылысынан адамның бірі аристократ,екіншісі шаруа,үшіншісі құл болып туылады және өмір бойы солай өтеді.Халық соны мойындауы керек.Бірақ олар тату өмір сүруі тиіс,өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе-Жер-Ана деп көрсетеді.

      Платонның  іліміндегі социология үшін басты  нәрсе,ол-қоғамдық еңбектің бөлінуі  және оның қоғамдық қатынас,әрі  жеке адамдар арасындағы қатынас  үшін маңызды фактор болуы.Екіншіден,ол  қоғамдағы таптық күрестің болу  потенциалын көрсетеді.Өйткені, ол еңбектің бөлінуінен,адамның табиғи теңсіздігінен мемлекеттің үлкен 2 топқа: ауқаттылар мен кедейлер тобына бөлінуін көреді.Үшіншіден,Платон қоғамда адамдарды бірлікке шақыру үшін тәрбиенің,қоғамдық сананың қажеттілігін көрсетеді.

      Социологиялық  ой дүниесінде Аристотельдің  де алатын орны ерекше.Аристотель  ежелгі Грецияның саяси тәжірибесін  қорытындылай келе,адам-әлеуметтік  жаратылыс деген қорытындыға  келеді.Мемлекет адамдардың туа  біткен «бірігіп өмір сүруге  ұмтылғыштық» қасиетінен пайда  болады деп көрсетеді.

      Сонымен,бұдан кейінгі дәуірлерде: орта ғасырда,қайта өрлеу,жаңа дәуірлерде де адамдардың қоғамдық өмірі жайлы пікірлер болды.Бірақ оларды толық социологиялық ілім деп айтуға болмайтын еді.Өйткені олар тек әлеуметтік ойлар философиясы немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алады.

 

1.2. Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер-әлеуметтанудың негізін салушылар. Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О.Конттың есімімен байланысты (1798-1857).Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі.Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді.  

      О. Конт  социологияның қажеттілігін қалай негіздеді?,- деген сұрақ туады.

Бұл мәселені О.Конт философия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының 3 сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метофизикалық және позитивтік (ғылыми) сатылар. Екінші сөзбен айтқанда оларды адам интелектінің дамуының 3 тарихи қалпы деп айтуға болады. Яғни, бұл адам ақылы өзінің табиғи қасиеттеріне байланысты ойлаудың ең алдымен теологиялық (діни), содан кейін метафизикалық, одан кейін позитивтік (ғылыми) тәсілдерімен қолданатындығын көрсетеді. Демек,адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстракт тілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделелді. Конттың пікірінше ойлаудың алдыңғы сатылары кейінгілерге негіз болып отырады. Адам ақыл көзінің осы 3 стаының бірінен екіншісіне, одан үшіншісіне өту эволюциясын көрсетеді деп тұжырымдайды Конт. Сөйтіп, позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп көрсетеді. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды дейді. Ал социологияны позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Басқаша айтқанда, адам ақылының бақылау арқылы біліми тұжырымдар жасау процеснің шегі ретінде социология пайда болу керек немесе социология жасалынуы керек деп қорытындылайды. Конттың ғылымды жүктеу тәсілі бойыншы, социология биологиядан кейін пайда болған. Егер биология қозғала алатын немесе әрекет жасай алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, социологияның одан айырмашылығы сол, ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастыралы деп көрсетеді. Яғни социология адамды өзі сияқты адамдардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Екіншіден, социология өзінің зерттеулерінде позитивтік тәсілдерге негізделеді деген пікірге келеді. Демек, социология өзінің теориялық талдауларында әр-түрлі бақылаудың, эксперименттердің нәтижелеріне салыстыру арқылы алынған эмперикалық мәліметтерге сүйенеді деген сөз.

      О. Контты  социлогияны жасауға итермелеген  екінші бір нәрсе – ол еңбектің  бөлінуі және кооперациялану  заңының ашылуы. Осы факторлар  қоғам дамуында маңызды рөл  атқарады. Өйткені еңбектің бөлінуі  мен кооперациясы арқылы қоғамда  көптеген жетістерге жетуге болатындығын  мойындай отырып, Конт, сонымен бірге  ол факторлар (еңбектің бөлінуі  мен кооперациялануы) қоғам негізін  әлсіретіп, күйреуге де әкелуі  мүмкін дейтін пікір айтты.  Себебі, олар байлықтың бір жақты  шоғырлануына, адамды адамның қанауына, бір жақтылы кәсіптенуіне, адамның  бұзылуына бағытталған деп көрсетіледі.  Ортақ әлеуметтік сезім бір  бағыттағы маман иелерін ғана  біріктіре алады. Ал ондай сезім  оларды басқа маман иелеріне  қарсы қоюы мүмкін. Осыдан топтық, кооперациялық эгоисттік мораль  қалыптасады да, олар өз тарапынан  бүкіл халық арсындағы бірлік, ымырашылдық сезімді бұзады деген қорытынды жасайды.

      О. Конт  социолигияны негізінен екіге  бөледі: әлеуметтік статика және  әлеуметтік динамика. Әлеуметтік  статика әлеуметтік жүйенің өмір  сүру жағдайымен оның қызмет  ету заңдылықтарын зерттейді. 

     Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында  басты екі идея жатыр. Біріншісі  – қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі – әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

     ХІХ ғасырдың ағылышын ғалым – философы Г. Спенсер социологияның қалыптасып дамуында маңызды рөл атқарады. Жас кезінен ғылым жолына түскен (темір-жол инженері) Г. Спенсер, Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен, эволюция урдісімен айналысады. Эволюция теориясын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырп, оны адамазат қоғамының тарихынада қолдануға болады деп мойындайды. Сонымен, ол эволюциялық гепотезаны дәлелдеу үшін өзінің алдына көптеген эмперикалық қорытындылар жасауды мақсат етіп қояды. Спенсердің пікірінше, биологиялық организм қоғам жай формадан күрделі формаға қарай дамиды. Спенсер бұл эволюциялық процестің 3 түрін көрсетеді: бейорганикалық, органикалық және жоғары органикалық. Ол эволюцияның жоғары органикалық түріне баса көңіл аударады. Өйткені ол қоғамның даму эволюциясын көрсетеді деп есептейді. Сондықтан, социология осы жоғарыорганикалық эволюцияның зерттеуі керек деп саналады.

      Қорыта  келегенде, Спенсер социологиялық  теорияның дамуына едәуір үлес  қосты деп айтуға болады:

Информация о работе Әлеуметтану ғылымының тарихы