Конституция латын тіліннен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 20:00, реферат

Краткое описание

Қазақ елінің Конституцияларының тарихына көз жүгіртсек. Қазақ Совет социалистік республикасы совет мемлекеттердің одағында болғанда халық бірінші – Сталинің (05.12.1936ж) және Л.Брежневтің кезіндегі қабылдаған 25.10.1977ж Конституциялармен өмір сүрді. Аталған Конституцияларда көрсетілген әр бір ел өз еркімен одақтан шығыуға болады, өкінішке орай ол іске аспай қалды, себебі мемлекетте егемендік болған жоқ. Мемлекетің бір негізгі белгісі ол егемндік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Конституция fcfy cрс.docx

— 39.37 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Конституциясында, Президенттің Президент туралы, Парламент және оның депутаттары туралы, Республикалық референдум туралы Жарлықтарында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болатын актінің бір ғана түрі қарастырылған – ол шешім. Қаулы емес, жарлық емес, конституциялық және жай заң емес, шешім. Осындай шешім қабылданғаннан кейін Конституцияға    өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әрине,  өзгерістер мен толықтыруларға қажеттілік Конституцияның сапасына, конституциялық қағидалардың мемлекет пен қоғамның болашақтағы стратегиялық мақсттары мен міндеттеріне  қаншалақты  сәйкес келетіндігіне, конституциялық  идеялардың  қазіргі  деңгейіне, сондай-ақ  халықаралық құқық  нормаларын  қаншалықты   бейнелей  алатындығына  байланысты  туындайды. Егер  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  қатаң  талап  тұрғысынан  келсек, негізінен, ол  бұған  жауап  бере  алады. Қазақстандағы  саяси  тұрақтылық – бұл  көбіне  көп  Конституция  қызметінің нәтижесі. Мұны теріске шығаруға болмайды. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы  жетілдірілмейді  деген  сөз емес.   Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сонымен  бірге  Конституцияның  тұрақтылығына  қамқорлық  жасап  та  отыру  қажет.

Тұрақтылық, негізінен, екі жақты тәсілмен қамтамасыз етіледі. Бірінші тәсіл – Конституцияны жиі өзгертуге және толықтыруға құлшынған әрекеттің ықпалында кетпеуі. Мұндай әрекет конституциялық қағидаларды  негізсіз  сынға  алудың  тәтижесінде  туындайды. Тіпті  Конституцияның  кейбір қағидаларын айтылған орынды сынның  өзі  Конституцияға өзгерістер мен  толықтырулар  енгізу  туралы  асығыс  шешім қабылдауға негіз бола алмайды. Екінші тәсіл – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбеу. Конституция – тарихи мәні бар акт, елеулі мәдени құндылықты белгілейді. Халықтың, нақ сол кезеңнің саяси жетекшілерінің қайталанбас туындысы ретінде белгілі бір тарихи кезеңде, белгілі бір уақыт аясында қалай қабылданса сол күйінде сақталуы тиіс. Егер оған  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, онда дәуір ерекшелігі жойылады және түптеп келгенде Конституция өзінің мәдени-құқықтық құндылық  ретіндегі мәнінен  айрылады. Сонымен бірге оның беделі де төмендейді. Құқық тарихындағы  көптеген  белгілі заң актілерінің  құндылығы оның  алғаш  қабылданғандығы түрінің сақталуында. Құлдық туралы қағида сақталған Америка Конституциясын мысалға күелтіруге болады. Сондай-ақ қазақ  құқығы тарихында  да  «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті Жарғысы» сияқты актілер белгілі.

Сірә, мүмкін  өзгерістер  мен  толықтыруларды  Конституцияға  енгізбей-ақ, ол туралы шешімді  Қазақстан Республикасының Конституциясына қосымша ретінде сақтаған жөн  шығар. Бұл Конституцияның тұрақтылығын қаматамасыз етіп, беделін көтереді, оны, әрине, қолданылып жүрген және қолдануға, конституция баптарының, өзгерістер мен толықтыруларының  мазмұнын түсіндіруге ыңғайлы құқықтық жәдігерлік ретінде сақтайды.

Енді Конституция мен конституциялық және өзге заңдардың өзара қатынасы туралы. Конституциялық және жай заңдар Конституция негізінде және орындау үшін қабылдануы тиіс. Егер заң шығарушы заң шығарушылық процесінде заң жобаларының Конституциясының идеяларымен, принциптерімен, нормаларымен тұрақты түрде салыстырып тексеріп отырса және оны қатаң сақтаса, Конституцияның қолданылатындығы, конституциялық заңдылықтыңсалтанат құратындығы туралы айтуға болады.

Конституция мен заңдардың өзара қатынасын белгілеген кезде Қазақстан Республикасының Перзидентінің заң шығарушылық өкілеттігі мәселе ерекше аталады. Бұл үшін екі мәселенің басын ашып алған жөн.

  1. Конституцияның 53-бабының 4-тармағында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысыменбір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы екендігі көзделген. «Заң шығару өкілеттігіне» кең мағынада:

1)            Конституцияға    өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу туралы шешім қабылдау құқы;

2)            Конституциялық заңдар қөабылдау құқы;

3)            Жай заңда қабылдау құқы ұғынылады.

Конституция  заң  шығарушылық   өкілеттілігін  Президентке беруге  қандай  да  бір шектеушілікті  белгілемегендіктен, Парламент  Президентке  барлық  үш  өкілеттікті  де бере  алады деген тұжырым жасуға болады. Алайда, олай емес. Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігіне Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау құқығы  кіргенмен, Парламенттің өзі Конституция бойынша өзгерістер  мен толықтырулар  енгізуге  жоқ  құқықты  Президентке  бере  алмайды.

Конституциялық заң қабылдау құқын Президентке беру мүмкіндігі туралы нақтылай түсуді қажет етеді. Конституцияның  45-бабының  2-тармағында  Парламент  заң шығарушылық  құқын берген жағдайда  Президенттің заң шығаратыны  жазылған. Мұны Конституциялық  Кеңес  түсіндіруі тиіс.

  1. Парламент қабылдауы мімкін конституциялық заңды Президенттің тоқтатып қою құқын тарату мүмкіндігі туралы мәселе де анық емес.

Ресей  Федерациясы  Конституциясында  Президенттің  Конституциялық заңды неліктен тоқтата ламайтындығы және қайталап қарау үшін оны неліктен Парламентке қайтаратындығын анықтайтын тәртіп белгіленген. Қазақстан Республикасының Конституциясында Президент конституциялық заңға емес, Парламент қабылдаған заңға қол қоғанға дейін оның Конституцияға сәкестігі туралы мәселені қарау үшін Конституциялық Кеңеске жүгінуге құқылы екендігі жазылған. Демек, Президент Конституциялық Кеңеске тек жәй заңдардыңконституциялығына байланысты ғана жүгіне алады. Конституцияда Презитденттің конституциялық заңдардың Конституцияға сәйкестігіне орай Конституциялық Кеңеске жүгіну құқы көзделмеген. Бұған конституциялық заңды қабылдау процесі куә. Ол Парламенттің әр Палатасы депутаттарының  жалпы санының кем дегенде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. Конституция бойынша  Парламент тек Президенттің қарсылығын туғызған заңдарды ғана қарайды және қарсылық әр Палата депутатарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен ғана ескеріледі (53-баптың 3-тармағы). Егер Президент Парламент қабылдаған конституциялық заңды қайтаруға құқылы болса, онда Парламент Президенттің қарсылығын, жай заңдарға қатысты бұрын істелгендей, үштен екісінің дауысымен емес, төрттен үшінің дауысымен еңсерер еді. Нақ осы тұс Конституцияда қарастырылмаған. Демек, Президент те, Конституциялық Кеңес те Парламент қабылдаған конституциялық заңның Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені қарай алмайды.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы 1993ж. 28 қантар
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы 1995ж. 30 тамыз
  3. Совет Социалистик республикаларының Конституциясы, 1936ж.

5 желтоқсан, 25.10.1977

  1. Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулық, Алматы 1998ж.
  2. Жалпы ұлттық республикалық газет «Егемен Қазақстан», 31тамыз 2010ж.

 


Информация о работе Конституция латын тіліннен