Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 20:00, реферат
Қазақ елінің Конституцияларының тарихына көз жүгіртсек. Қазақ Совет социалистік республикасы совет мемлекеттердің одағында болғанда халық бірінші – Сталинің (05.12.1936ж) және Л.Брежневтің кезіндегі қабылдаған 25.10.1977ж Конституциялармен өмір сүрді. Аталған Конституцияларда көрсетілген әр бір ел өз еркімен одақтан шығыуға болады, өкінішке орай ол іске аспай қалды, себебі мемлекетте егемендік болған жоқ. Мемлекетің бір негізгі белгісі ол егемндік.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «қолданыстағы құқық» ұғымына жалпы түсінік берілген және ол осы тектес актілерде өте сирек кездеседі. Оның айқын сипатталуына байланысты «қолданыстағы құқық ұғымына конституциялық түсініктеме беруге тура келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының Конституциялық Кеңесі төмендегіше түсіндіріледі: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағының мән-мазмұны бойынша «қолданыстағы құқық» деп Конституцияның нақты кезеңге күш жойыомаған, ал халықаралық міндеттемелері бұзылмаған нормалары және осы бапта аталған басқа да нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ Республиканың халықаралық міндеттемелер түсіндірілуі тиіс. Бұрын қабылданған актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, сондай-ақ жаңа актілер қабылданған жағдай осы актілердің нормалары қолданыстағы құқықтың құрамына қосылады, ал күші жойылды деп танылғандары – одан алып тасталды. Жаңадан қабылданған нормалар Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 5)тармақшасында орнықтырылған заңның кері күші туралы қағиданы сақтай отырып күшіне енеді»
Конституциялық Кеңестің берген түсіндірмесі Қазақстан Республикасы Конституциясындағы «қолданыстағы құқық» ұғымын мәніне сай белгілей алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қолданыстағы құқық Қазақстан Республикасында оның заңдарына сәйкес келетін Конституция нормалары болып табылады» деп жазылған. Осы конституциялық ұғым мәнінің тереңдігі мынада, «қолданыстағы құқық» ұғымына тек Конституция нормалары ғана емес, заңда және басқа нормативтік актілер сәйкес келуі тиіс бүкіл Конституция білдіреді. Кейінгі баяндауларда көрінетіндей, Қазақстан Республикасының Конституциясы тек құқық нормаларына ғана емес, сондай-ақ тиісті субъектілер үстем қағидалар ретінде басшылыққа алуы тиіс құқықтық идеялардан, принциптерден де тұрады.
Осыған орай Конституция тура белгілейді немесе оның идеяларын, қағидаларынан, принциптері мен нормаларынан тек өзіне ғана тән санаттар туындайды. Меніңше, мұның қатарына төмендегідей санаттар жатады.
Конституция Президенттің, Парламенттің, Парламенттің Мәжілісінің, Сенаттың, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Прокуратураның, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдардың конституциялық өкілеттігін белгілейді.
1) Азаматтарға;
2) Шетел азаматтарына;
3) Республика азаматтары бірлестіктеріне;
4) Шетел азаматтары бірлестіктеріне;
5) Мемлекеттік органдарға;
6) Мемлекеттік лауазымды адамдарға қатысты.
Аталған ұғымдар, санаттар конституциялық нормалармен бекітіледі және бүкіл мемлекеттік-құқықтық ұғымдардың, санаттардың негізі болып табылады. Мұның тек ғылми ғана емес, сондай-ақ практикалық та мәні бар, өйткені ол конституция мен заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің өзара таным қатынасының негізі болып табылады. Сондықтан Конституцияны қабылдаудың, оған өзгерістер мен толықтырулар егізудің ерекше тәртібі белгіленген. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар егізудің ерекше тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы бірнеше бапта айтылады. Конституцияның 53-бабында Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні, конституциялық заңдар қабылдайтыны айтылады. Мұнда үш жәйтке назар аудару керек:
1) Президент ұсыныс енгізеді;
2) Президенттің бұл ұсынысы «Конституцияға өзгеріс пен толықтыру» деп аталады;
3) Өзгеріс пен толықтыру конституциялық заң қабылдау жолымен жүзеге асырылмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президенттің заң шығармашылық бастама құқығы жоқ. Ендеше, Президенттің Конституцияға өзгеріс пен толықтыру ұсыныс құқығын немен түсіндіреміз? Ол заң шығармашылық бастама құқының бір түрі немесе басқаша құқытық құбылыс болып табылама? Бұл сұраққа мүмкін Конституцияның, Президенттің Қазақстан Республикасының «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығының, Мәжіліс Регламентінің және Сенат Регламентінің, Парламент Регламентінің тиісті нормаларын талдау негізінде жауап беруге болатын шығар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы заң шығармашылық бастама ұғымын бермейді, тек заң шығармашылық бастама құқының Парламент депутатарына және Үкіметке берілетіні көрсетілді.
Президенттің Парламент туралы Жарлығында заң шығармашылық бастама ұғымы беріледі, онда: «Заң шығармашылық бастама құқы субъектісінің Парламентте міндетті түрде қаралуғы тиіс заңның немесе Парламенттің өзге де заң актілерінің жобасы мәтініне ресми түрде енгізуге заң шығармашылық бастама болып табылады» делінген (15-бап). Заң шығармашылық бастама құқы депутат пен Үкіметке Парламентке тек заңның немесе Парламенттің өзге де заң актілерінің жобасын енгізуге заңдық мүмкіндік беретіні түсінікті. «Өзге де заң» актілері деп нені түсінеміз? Мұны анықтау үшін Республика конституциясына жүгінелік.
Конституция заң актілеріне қарағанда Конституциялық заңды шектейді. Олардағы шектеудің негізгі өлшемі мынадан көрінеді, конституциялық заң әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде -сінің көпшілік дауысымен қабылданады. Ал Парламенттің заң актілері Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады (61-баптың 4-5-тармақтары). Демек, біріншіден, коституцилық заң, заң актілері тобына жатпайды, екіншіден, коституцилық заң, заңдық күші жағынан заң актілерінен жоғары тұрады.
Енді нормативтік-құқытық актілердің қандай түрлерінің заң актілеріне жататынын анықтайық. Заң актілерін Парламент қабылдайтынын атап көрсеткен жөн, бұл Конституцияда анық айтылған. Конституцияның 62-бабында республиканың заң және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының тегламенттерімен реттелгендігі айтылған.
Қандай актілердің нақ Парламенттің заң актілерінежататындығын анаықтаудың үш қайнар көзі бар. Алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясынан басталық. «Заң актілері» термині Конституцияда үш рет қайталанылады және үшеуінде жай заңдардың синонимі ретінде қолданылады. (62-баптың 5,8-тармақтары және 69-баптың 3-тармағы). Сөйтіп, Конституцияда заң актілері ретінде тек жай заңдар түсініледі. Алайда, нормативтік құқықтық актілерді конституциялық сұрыптауда тіпті Конституцияның өзін заң актілеріне теңестіруге ұмтұлушылық та кездеседі. Бұлай істеуге болмайтын себебі, біздіңше, нормативтік құқықтық актілерді сұрыптау және олардың бір-біріне бағыну, қабылдау процесі тәртібінің бұзылатындығынан ғана емес. Одан да маңыздысы, мұндай жағдай заң шығарушылық бастама құқының мәні мен мазмұны түбегейлі түрде өзгереді. Жоғарыда айтылғандай, заң шығарушылық бастама құқы Парламентке тек заң жобаларын енгізудің заңдық негізін жасайды. Егер заң актілері Конституцияға теңестірілсе, онда Президенттің де заң шығарушылық құқы болар еді.
Президенттің Парламентке немесе Референдумға Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқы ерекше, оның мемлекеттің басшысы ретінде, халықтың және мемлекеттің атынан сөйлейтін жағдайымен белгіленген арнаулы құқық. Мұндай құқықты Президенттің конституциялық бастама құқы деп атауға болады. Бұл мазмұны терең құқық, өйткені Парламенттің қарауына немесе референдумға енгізілетін Конституция өзгерістері мен толықтыруларының мазмұнын Президенттің өзі белгілейді. Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын Президенттің белгілейтіні Конституцияның 91-бабында көрсетілген, онда былай делінген: «Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгерістері мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды». Демек, «жоба» деген сөзді енгізілген мәселенің тұжырымдалуы деп түсінген жөн. Мұны Президенттің 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығының 18-бабындағы қағида растайды. Онда, референдум тағайындау туралы шешімді Республика Президенті «оған енгізілетін (енгізілген) мәселенің (міселелердің) тұжырымдалуы» белгіленетін тиісті Жарлық шығару жолымен енгізіетіндігі айтылған. Демек, конституциялық азңда Президенттің конституциялық бастама құқына ие екендігі анық көрсетілген. Президентте конституциялық бастама құқының болуы конституцияның тұрақтылық негізіне қызмет етеді.