Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 09:00, реферат
Тәуелсіздік алған жас мемлекетте Кеңес Үкіметінің мұрасының орнына жаңа әлеуметтік қоғам құрыла бастады. Жаңа ғана тәуелсіздік алған мемлекеттер өз дамуының басында үлкен қиыншылықтарға тап болды. Ең біріншіден экономикалық қайта құрылу, әрбір мемлекеттің өзіндік жаңа бюджетін қалыптастыру. Екіншіден өзіндік ұлттық мұраны сақтап қалу арқылы халықты жаңа даму сатысына алып шығу. Мемлекеттің барлық саяси, экономикалық күші енді жаңа қоғам құруға бағытталды. Осы үлкен өзгерістер айнасында қазақ әйелдерінің де рөлі үлкен сипат ала бастады.
Егерде біз Балжан Бөлтірікованың
өмірбаянын тізіп жазар болсақ, онда энциклопедиялық
анықтама болар еді. Қазақ қыз-келіншектерінің
арасында тоталитарлық кеңес үкіметі кезеңінің
тек қана республика көлемінде ғана емес,
КСРО және талай шетелдік мәжілістерге
қатысқан қазақтың тұңғыш қызының еңбегі
зор. 22 жасынан партия мүшесі болған Б.
Бөлтірікова қоғам қайраткерлігі дәрежесіне
дейін көтерілді. 1941–1949 жылдары Алматы
қаласындағы қазақ орта мектебінің директоры
болған Балжан 1949–1955 жылдары республиканың
бастауыш және орта мектеп қызметкерлері
кәсіподағының Орталық Комитетінің төрайымы,
1955–1966 жылдары қазақтың әлеуметтік қамсыздандыру
министрі, 1965–1971 жылдары Қазақстан Министрлер
Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақстан
сыртқы істер министрі, 1971–1974 жылдары
Қазақстан Оқу министрі, 7 рет қатарынан
сайланған Қазақстан Жоғарғы кеңесі депутаты,
СОКП ХХІІІ съезі делегаты. Ал 1965–1970 жылдары
КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі
тұрақты комиссиясының мүшесі, 1975–1980 жылдары
кәсіптік-техникалық білім беру комитеті
төрағасының орынбасары, ал 1981 жылдан Одақ
көлеміндегі дербес зейнетке шықты. Англияның
Кембридж қаласында шыққан «Кто есть кто»,
Мәскеуден шыққан «Дипломатический словарь»
атты сөздіктерде, Қазақстан энциклопедясында
т.б. кітаптарда Б. Бөлтірікованың саяси
қайраткерлік өмірбаяндары баяндалып,
Еңбек Қызыл Ту орденімен т.б. медальдармен
марапатталған [17]. Әйелдердің жауапты
қызмет атқаруына қоғамдағы адамдардың
сенімсіздік көзқараспен қарауы әдетке
айналған. Сондықтан да өз ортаңда нақты орныңды
Ғалымдар мен саясаткерлер әйелдердiң жағдайы, президент әйелдер жөнiнде, жаңа әйел бiрлестiктерi жайлы белсендi дискуссиялар жүргiзуде. Мұнда олар егер елiмiз әлемдiк өркениет арнасында болғысы келсе әйелдерге саясатқа енуiне жол беруге тиiс, партия мен қозғалыстар қызметiне, қоғамды басқару саласына енуiне даңғыл жол болуы тиiс деп есептейдi. Ал әйелдi үйге оралту керек, әйтпесе семья құруға, бала тәрбиесi нашарлайды дегенді алға тартушылар да жоқ емес. Біздің ойымызша, осылардың әрқайсының өз шындығы бар. Бiрақ жәй сөз айтысынан өзгерер ештеңе болмас, өйткенi әйел өз тағдырын өзi таңдайды. Бiрақ мемлекеттен тәуелдi болатын нәрсе: әйел өз тағдырын өзi таңдауда болған кедергiлер арқылы өте ме әлде қоғамның қолдауына сүйене ме деген мәселе еріксіз алға шығады. Тарихи прогресс қоғамның демократиялануы барлық азаматтардың басқаруға белсене үлес қосуы, саясатқа қатысудың жаңа түрлерінің пайда болуы, азаматтардың саясаттың субъектiсi, жасампазы ретiнде ролiнiң жоғарылауын талап етеді. Шынында қоғам саясаттан, басқарудан өз азаматтарының жартысын — әйелдердi тыс қоя ала ма? Бұрын Кеңестер Одағында олар халықтың 52,7 пайызын, еркектер 47,3 пайызын құрады. Қазақстан халқының жартысын — әйелдер құрайды. БҰҰ есебi бойынша жалпы әлемдiк жұмыс уақытының 2/3 пайдалану әйелдер үлесiне тиетiнiн көрсеткен. Әлемдегi әрбiр үшiншi семьяны әйелдер асырап отыр. Бұдан шығатын қорытынды екеу: 1. Кез келген өкiмет, егер шын мәнiнде қоғам, халық мүддесiн ойласа, әйелдердi қамқорламай тұра алмайды. 2. «Әйел кiмнiң жағында?» деген сұраққа кез келген қоғамдық қозғалыс, партия, ұйымдардың жағдайы тәуелдi. Көптеген саясаткерлер мұны түсiнедi, олардың сайлау алдындағы бағдарламалары мен уәделерi және мемлекеттiң семьяға көмек шаралары осыны көрсетедi.
Көптеген партиялар мен қозғалыстардың бағдарламалық құжаттарында әйелдер жағдайын жақсарту идеялары, ана, отбасы, еңбеккер әйелдер жағдайы туралы идеялар ұсынылған. Басшы қайраткерлер мәлiмдемелерi мен сөздерiнде әйелдердi халық шаруашылығы мен мәдениетте басқару жұмыстарына көтеру, олардың қоғамдық-саяси белсендiлiгiн дамыту мiндеттерi туралы айтылады.
Қоғамның саяси өмiрiне қатысу-деңгейiнiң өзгеруiне қарап әйелдердiң әлеуметтiк статусы мен сана — сезiмiндегi өзгерiстердiң тереңдiгi туралы пайымдауға болады. Бұл жағынан қоғамдағы кез келген әлеуметтiк топтың нақты статусының негiзгi көрсеткiшi (өлшемi) болып табылады.
Қазақстан әйелдерiнiң саяси өмiрге қатысуы әлемдiк үрдiс арнасында соңғы жылдары, өкінішке орай, қысқарып барады. Кеңес өкіметі кезеңінде дауыс беру құқығын алған әйелдердi саяси өмiрге тарту коммунистiк идеологияның негiзгi принциптерiне айналғанымен, бұл іс кең өріс ала алмады. Ал Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн әйелдердiң саясат саласына ұмтылуы айтарлықтай күшейгені байқалады. Әйелдер биліктiң жергiлiктi органдары жұмысына араласуда, қалалардың мэрi, Президенттiң кеңесшiлерi, Парламент депутаттары, жергiлiктi өкiлдiк органдардың депутаттары бола бастады.
Алайда бұрын заң шығарушы органдарда әйелдер үлесiне белгiлi бiр орын сақталған болса, идеологиядағы кейiнгi өзгерiстерге байланысты бұл практика тоқтатылып, әйел депутаттар саны 5 пайызға дейiн төмендедi, бұл Батыс Европа елдерiнен төмен. Мысалы, 90 — жылдарда парламентарийлер арасында әйелдердiң үлесi Швейцарияда — 38 пайыз, Норвегияда — 34,4 пайыз, Германияда — 19,3 пайыз болды. Британ парламентiнiң 1377 жылдан бүгiнге дейiн көп ғасырлық тарихында 154 еркек адам спикер болып келсе, 62 жастағы Элизабет Бутройд палата спикерi қызметiне әйелдер арасынан тұңғыш рет сайланды.
Саяси процесте әйелдердiң нақты ойластырылған бағытының
болмауы өте үлкен кемшiлiк. Егер әйелдердiң
көзқарастары нақты белгiленiп, саясатта
ескерiлмесе, әйелдердiң мұқтажына жете
көңiл бөлу мүмкiн емес, ескерiлмейдi-де.
Қоғамды реформалау барысында бұл үшiн
заң шығару механизмi бекiтiлуi керек. Әйелдердiң
қоғамдық — саяси белсендiлiгiнің төмендегi
параметрлер бойынша бөлiп көрсетуге болады
деп ойлаймыз:
§ қоғамдық-саяси қозғалыстар
мен саяси партияларға қатысуы;
§ дауыс беруге қатысуы;
§ заң шығару органындағы өкiлдiлiгi;
§ әйелдердiң гуманитарлық мұқтаждары;
§ мемлекеттiк қызметтегi әйелдер жұмысы.
§
Мемлекеттiк билiктiң биiк шыңдарын алу
талпыныстарына қарамастан әйелдер негiзiнен
төменгi ұйымдарда, бұқаралық қозғалыстарда
едәуiр үлкен белсендiлiк көрсетiп отыр.
Қазақстанда сексенiншi жылдары бүкiл әлемдегi
сияқты әйелдер әсiресе соғысқа қарсы қозғалысқа белсене
араласты.
Қоғамдық пiкiрде және ғылыми талдауда күнi бүгiнге дейiн әйелдер тұрақты консервативтi электорат ретiнде қабылданып, олар саяси шешiмдер қабылдаудан алыс жүредi деген пiкiр орныққан. Саясат әлi-де болса еркектердiң үлесiнде қалып отыр, әйелдiң статусын көп жағдайда семья белгiлейдi. Егер әйел жынысынан қандайда болмасын бiр өкiлi билiк басына келе қалса — ал бұл үшiн әйелге өзiн қоршаған саясаткер еркектерден асып түсетiн қыруар қасиеттердi игеруi керек — әйел саяси мiнез — құлықтың «еркектер» стандартына толық сәйкес басқаруға мәжбүр, кей жағдайда тiптi еркектерден-де қатал болып кетедi.
Соған қарамастан бүгiнде әйелдердiң электоралдық мiнез құлқында бiрқатар өзгерiс байқауға болады. Солардың бiрi — әйелдер үшiн жұмыстың перспективтi тәсiлдерiнiң бiрi — әйелдердiң мемлекет аралық деңгейде белсендiлiгiнiң ұйымдастырылуы болып табылады. Европа қауымдастығы елдерiнiң тәжiрибесi көрсеткенiндей әйелдер өз елдерi парламенттерiнен гөрi Европа парламентiнде үлкен табыстарға жеткен. Әсiлi дәстүрлерден гөрi жаңа институттар тез игерiлетiн болса керек. Европа парламентi депутаттары арасында Европа қауымдастығы елдерiнiң әйелдерi сексенiншi жылдардың басында депутаттардың жалпы санының 16 пайызын құрады, ал сол кезде олар ұлттың парламенттерiнде 7 пайызы ғана болған едi. 90 — жылдар басында билiк құрамында әйелдер 12 пайыз болды [19].
1997 жылдың басында Қазақстан парламенті депутаттарының арасында әйелдер саны 10,7 пайызға жуық, оның iшiнде сенатта — 6,5 пайыз, мәжiлiсте — 13,4 пайыз болды, республикалық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларының арасында бiр әйел болса, ал облыс әкiмдерiнiң арасында бiрде — бiр әйел болған жоқ [20].
Қоғамдағы саяси және
Мемлекет iстерiне әйелдердiң тең құқықта араласуы iсiн демократиялық қауым ұзақ әрi орнықты бейбiтшiлiктi қамтамасыз ету үшiн тұрақты экономикалық дамуда, ұлтаралық наразылықты болдырмаудың, елдер арасындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты қалыптастыруда бiрқатар әлеуметтiк, нәсiлдiк, этникалық т.б. проблемалардың өткiрлiгiн жұмсартуда прогресс үшiн қажеттi шарт ретiнде қарастырады.
Қазақстан Республикасының тәуелсiз дамуы кезеңiнде мемлекеттiң басшы орындарында, сонымен бiрге жаңа саяси партияларда, қозғалыстарда, майдандарда, ассоцияцияларда, қайырымдылық т.б. қоғамдарында жаңа саяси элита құрған активист әйелдер келдi. Олар — Н. Каюпова, Ш. Беркiмбаева, З. Федотова, Р. Кенжетаева, А. Арыстанбекова, А. Жағанова, В. Сиврюкова, Н. Савостина, Т. Квятковская, Н. Коржова, А. Самакова, Ж. Ертiлесова, Р. Сарсенбаева және тағы басқалар [22]. Алайда демократия және бәсекелестiк жағдайында әйелдерге саяси карьера жасау, саяси лидер болу қиын. Бұл қоғамдық санада лидер ретiнде еркектер мен әйелдердi бағалаудың критерийiндегi терең ассиметрияның болуынан (сәйкессiздiгiнiң қалыптасуынан) болып отыр.
Әйелдер мен еркектердiң нақты тең құқылығына жету мүмкiндiгiне кедергi келтiрушi факторлардың бiрiншi тобы — экономикалық. Ол әйелдердiң еңбек рыногындағы жағдайына, олардың кәсiби қызметiмен шұғылдануындағы табыстарының деңгейiне байланысты. Табыс-деңгейiндегi айырма әйелдердiң толық экономикалық тәуелсiздiктi алуына кедергi келтiретiн жағдайлардың бiрi, еркектермен электоралдық күресте тең бәсекелесу мүмкiндiгiне кедергi келтiредi. Өйткенi республикалық деңгейде ғана емес, тiптi оқшау бiр жердегi сайлау науқанының өзi үлкен қаржы шығындауды қажет етедi. Бұл әйелдердiң потенциалдық мүмкiндiктерiн электорат тарапынан бағаламауға немесе төмендетуге және өзiнiң өзiн бағалауын төмендетуге әкеледi, саяси иерархия баспалдағымен көтерiлуiн қиындатады.
Екiншi топ — әйелдердiң жеткiлiксiз
саяси белсендiлiгi және шешiмдер қабылдау
процесiне қатысуының төмен дәрежесi. Оған себеп
болған жыныстардың отбасылық нақты теңқұқықтығы
Үшiншi топ — бұрыннан қалыптасқан және қазiр-де қалыптасқан, орын алып келе жатқан жаппай қоғамдық сананың стереотипi. Әйелдер саясаттың субъектiсi емес, объектiсi ретiнде қабылданады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Коммунистическая партия Казахстана:
организационно-политическое развитие.
Справочник. Алма-Ата, 1990, с. 149
2. Орталық мемлекеттік мұрағат (ОММ). 2249 —
қор, 1-тіз., 26-іс, 2–3 парақтар
3. Компартия Казахстана за 50 лет. Алма-Ата,
1972, с. 357
4. ХIV съезд Компартии Казахстана. Стенографический
отчет. Алма-Ата, 1976
5. Казахстанская правда, 16 января 1987, с.
2
6. Опыт КПСС в решении женского вопроса.
Москва: Мысль, 1981, с. 206
7. Государственные учреждения КазССР.
Справочник. Высшие органы государственной
власти и государственного управления
КазССР (1937–1977). Алма-Ата, 1985, сс. 18, 20, 23,
26, 30, 34, 37, 41
8. Қазақстан Республикасының Президенттік
мұрағаты (ҚР ПМ), 708-қор, 34-тiзбе, 1669- iс, 247-парақ
9. Ниязбеков С. Казахская Советская Социалистическая
Республика. М., 1972. С. 69.
10. ҚР ПМ,708-қор, 34-тiзбе, 1669- iс, 50-парақ
11. Казахстанская правда.16 января 1987 г.
12. Казахстан за 50 лет. Сборник статей. Алма-Ата,
1971, с. 20
13. Алтынбекова Г., Каланова Ш. Давайте
подруги, обсудим… //Мысль, 1999, № 5, с. 22
14. Кондакова Н. И. Женщины в современной
общественно-политической жизни //Женщины
в общественных объединениях. Москва:1992,
с.13
15. ОММ, 2249 — қор, 1 тіз., 1–87 — істер
16. ОММ, 2249 — қор, 1 тіз., 23-іс, 45-парақ
17. ОММ, 2249 — қор, 1 тіз., 37-іс, 1–2 парақ
18. Иманбаева Ұ. Министр болған Б. Бөлтірікова
//Азия. № 2, 1992, 5–7 беттер
19. Женщины в общественных объединениях.
Москва: Луч, 1992, с.6
20. Канапьянова Р. М. Женщина на государственной
службе: современная политика и перспективы.
Москва, 1996, с.60.
21. Казахстанская правда. 6 марта 1997 г.
22. Саясаткер қыздар //Ана тiлi. 8 наурыз
2001 жыл, 3-бет