Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 09:00, реферат
Тәуелсіздік алған жас мемлекетте Кеңес Үкіметінің мұрасының орнына жаңа әлеуметтік қоғам құрыла бастады. Жаңа ғана тәуелсіздік алған мемлекеттер өз дамуының басында үлкен қиыншылықтарға тап болды. Ең біріншіден экономикалық қайта құрылу, әрбір мемлекеттің өзіндік жаңа бюджетін қалыптастыру. Екіншіден өзіндік ұлттық мұраны сақтап қалу арқылы халықты жаңа даму сатысына алып шығу. Мемлекеттің барлық саяси, экономикалық күші енді жаңа қоғам құруға бағытталды. Осы үлкен өзгерістер айнасында қазақ әйелдерінің де рөлі үлкен сипат ала бастады.
Кіріспе
Социализм кезеңiнде еңбекшi бұқараның мемлекеттiк және қоғамдық iстердi басқаруға белсендi қатысуы кеңес қоғамының саяси дамуының басты бағыты деп есептелiндi. Әйелдердiң қоғамдық — саяси қызметiне кеңiнен тартылуы социализмнiң экономикалық, әлеуметтiк, рухани саладағы нақты жеңiстерiмен қамтамасыз етiледi делiндi. Материалдық өндiрiс қоғамдық қатынастарды жетiлдiруде, негiзгi өндiргiш күш және жаңа өмiрдiң жасампазы ретiнде белгiлi роль атқарады, сондықтан қоғамдық өндiрiсте әйелдердiң қатысуымен оның тұлға ретiнде қалыптастырып рухани интеллектуалдық өсуiне ықпал етедi, мемлекеттiң барлық iстерiне қатысты екенiн сездiредi. Елдiң Конституциясында кеңес адамдарының әлеуметтiк белсендiлiгiнiң объективтiк жағдайы мен кепiлi заң түрiнде бекiтiлдi. Сөз, баспасөз бостандығы, митинг, көше шерулерi, демонстрацияға қатысу сияқты саяси құқықтармен қатар мемлекеттiк және қоғамдық iстердi басқаруға қатысуға құқық берiлдi. Еркектер мен әйелдердiң қоғамдық — саяси және мәдени қызметiнде тең құқықтары бар деп көрсетiлдi.
Тәуелсіздік алған жас мемлекетте Кеңес Үкіметінің мұрасының орнына жаңа әлеуметтік қоғам құрыла бастады. Жаңа ғана тәуелсіздік алған мемлекеттер өз дамуының басында үлкен қиыншылықтарға тап болды. Ең біріншіден экономикалық қайта құрылу, әрбір мемлекеттің өзіндік жаңа бюджетін қалыптастыру. Екіншіден өзіндік ұлттық мұраны сақтап қалу арқылы халықты жаңа даму сатысына алып шығу. Мемлекеттің барлық саяси, экономикалық күші енді жаңа қоғам құруға бағытталды. Осы үлкен өзгерістер айнасында қазақ әйелдерінің де рөлі үлкен сипат ала бастады. Кеңес үкіметі құлдыраған кезде, көптеген әйелдер жұмыссыз қалды. Сол кезде әйелдердің көбі ұсақ-түйек сауда-саттыққа бас ұрды. Экономикалық тығыршылықпен инфляция, жұмыссыздық сияқты ауыр салдарларға әйелдер ер адамдарға қарағанда тез бейімделіп, өз отбасын ер адамдармен қатар қамтамассыз етуге кірісті. Сол кездері қазіргі таңда «бизнесмен әйелдер» деп аталатын әйелдердің негізі қалыптасты.
Негізгі бөлім
Бiз қарастырып отырған кезеңдегi кеңес адамдарының, оның iшiнде әйелдердiң де қоғамдық саяси белсендiлiгiнiң ең жоғарғы көрiнiсi — Кеңес Одағы Коммунистiк партиясына мүше болу деп қаралды. Оның қатарында Кеңес елi бойынша 4,5 млн., ал Қазақстан бойынша 1990 жылы 251260 әйел болды. Әйелдердi партия қатарына қабылдауда қалыптасқан партиялық разнарядкаға қарамастан көптеген әйелдер партия iсiнiң адалдығына жан тәнiмен сенiп, партия қатарына қабылдануға ерекше ықылас танытты. Партияға қабылданған әйелдер саны үздiксiз өсiп отырды. 1960 жылдан 1990 жылға дейiн 17,6 пайыздан 29,8 пайызға өстi (1 — кестенi қараңыз) [1].
Кесте 1 — 1946 — 1990 жылдары Қазақстан Коммунистiк партиясы қатарында болған әйелдер:
Жылдар |
Абс. |
% |
1946 1950 1955 1960 1965 1966 1970 1971 1976 1981 1986 1990 |
40616 43333 44582 55915 78650 84841 102853 109614 143951 181816 227713 251260 |
27,3 19,2 19,0 17,6 17,5 17,6 18,5 19,0 21,9 24,9 28,1 29,8 |
Партия ұйымдарының әкiмшiлiк
қызметтерiн бақылау жөнiндегi комиссиялары жұмыстарына
әйелдердiң қатысуының үлкен маңызы болды.
Ұйымдастырушылық және саяси
Кесте 2 — Қазақстан Коммунистiк партиясы номенклатура қызметкерлерi құрамындағы әйелдер саны:
КП Орталық Комитетiнiң номенклатура қызметкерлерi |
1952 ж. 1 қаңтар |
1955 ж. 1қаңтар |
1960 ж. 1қаңтар |
Еркектер |
3980 – 87,5% |
3627 – 92,3% |
2911 – 94,8% |
әйелдер |
567 – 12,3% |
302 – 7,7% |
159 – 5,2% |
Оның iшiнде: қазақ әйелi |
191 – 33,5% |
69 – 22,2% |
55 – 34,6% |
Облыстық партия комитеттерiнiң номенклатура қызметкерлерi |
1952 ж. 1 қаңтар |
1955 ж.1 қаңтар |
1960 ж. 1 қаңтар |
Еркектер |
13578 – 86,2% |
14251 – 90,7% |
11465 –92,2% |
әйелдер |
2171 – 13,8% |
1456 – 9,3% |
972 – 7,8% |
Оның iшiнде: қазақ әйелдерi |
596 – 27,4% |
284 – 19,5% |
211 – 21,7% |
Қалалық және аудандық партия комитеттерiнiң номенклатура қызметкерлерi |
1952 ж.1 қаңтар |
1955 ж.1 қаңтар |
1960 ж.1 қаңтар |
Еркектер |
37227 – 86,3% |
66946 – 88,3% |
52883 –90,1% |
әйелдер |
8934 – 13,5% |
8895 – 11,7% |
5817 – 9,9% |
Оның iшiнде: қазақ әйелдерi |
2585 – 28,9% |
1883 – 21,1% |
1191 – 20,5% |
Облыстық, қалалық және аудандық партия ұйымдары хатшыларының құрамында әйелдер саны үздіксіз өсіп отырды. Мысалы, 1955 жылы 78 әйел осы қызметте жұмыс істесе, 1960 жылы 88-ге, 1976 жылы 193-ке, 1981 жылы 204-ке, 1989 жылы 252-ге жетті [1, с.219; 2, 2-3 пп.] 3-таблицаны қараңыз.
Кесте 3 - Қазақстан Коммунистiк партиясы облыстық, қалалық және аудандық ұйымдары хатшыларының құрамы:
Жылдар |
Барлық хатшылар |
Оның ішінде әйелдер |
1952 1955 1960 1971 1976 1981 1986 1989 1990 |
766 1029 737 704 858 1002 1002 893 905 |
243 78 88 141 193 204 311 252 243 |
Қазақстан Коммунистiк партиясы
Орталық комитетi, жергiлiктi партия комитеттерi
партия өмiрiне әйелдердi белсендi қатыстыруға үнемi
көңiл бөлiп отырды. Қазақстан Коммунистiк
партиясы Орталық комитетi құрамында Партия
ұйымдары біз қарастырып отырған кезеңде әйелдердің
қоғамдық белсенділігін арттыру олардың
идеялық деңгейін көтеру мақсатында саяси
тәрбие жұмыстарының жалпы және арнаулы
формаларын қарастырды. Әйелдер арасында
барлық партия ұйымдары үшін ортақ идеялық
тәрбие берудің құралдарын саяси білім
беру, бұқаралық-саяси шаралар, лекциялық
насихат, саяси хабарлама т.б. қолданды.
Сонымен бірге осы кезеңде партия ұйымдары жұмыстарының
маңызды бөлігіоның қатарын алдыңғы қатарлы жұмыскерлер
есебінен толықтыру, өсіру, оларды халық
депутаттығына, сайланбалы кәсіподақ және комсомол
Қазақстан Коммунистiк партиясы Орталық комитетi, жергiлiктi партия комитеттерi партия өмiрiне әйелдердi белсендi қатыстыруға үнемi көңiл бөлiп отырды. Қазақстан Коммунистiк партиясы Орталық комитетi құрамында 1971 жылы ХХIII съезде сайланған әйелдер Орталық Комитет мүшелерiнiң 10 пайызы, Орталық комитет мүшелiгiне кандидаттар 6 пайыз, ревизия комиссиясы мүшелерi 6 пайыз болды) [3]. Коммунист әйелдер белсендiлiгiнiң неғұрлым жоғарғы көрсеткiшi — партияның жоғарғы органы — съезд жұмысына қатысуы болды. Өткен съездер делегаттарының жалпы санында әйелдер ширегiн құрады. Қазақстан Коммунистiк партиясы ХIҮ съезiне делегат болған 418 әйел съезд делегаттарының жалпы санының 27 пайызын құрады) [4]. Бұл әйелдердiң қоғамдық және саяси белсендiлiгiнiң өскендiгiн көрсеттi.
Әйелдердiң қоғамдық саяси белсендiлiгiнiң жарқын көрiнiсi қоғамның саяси негiзi болған халық депутаттары кеңестерi қызметiне қатысуы едi. Кеңестер арқылы халық мемлекеттiк билiктi жүзеге асырады деп есептелдi. Әрине кеңестер жұмысында көптегент формалдылық орын алды. Соған қарамастан сайланған депутаттар, оның iшiнде әйелдер Заң жобаларын дайындау мен қабылдауға қатысты, тұрақты комиссияларда жұмыс жасады, сайлау округтарында халықпен жұмыс жүргiздi. КСРО Жоғарғы кеңесiнiң 1979 жылғы сайлауында 1745471 сайлау комиссиялары жүмыс атқарып, оның құрамына I661406 өкiл еңбек ұжымдарынан, қоғамдық ұйымдардан, халықтың барлық әлеуметтiк тобынан ендi. Комиссия мүшелерiнiң жартысына жуығын (48 пайыз) әйелдер құрады [5].
Қазақстанда республиканың ең жоғарғы мемлекеттiк билiгi — Жоғарғы Кеңеске сайланған әйелдердiң саны сайлаудан сайлауға дейiн өсiп, не болмаса бір дәрежеде тұрақты болып отырғаны байқалды. 1947 жылы жалпы депутат құрамының 78-і — әйел, яғни ол жалпы депутат құрамының 26 пайызы болса, 1951 ж. сәйкес 149 (37 пайыз); 1955 ж. — 122 (28,7 пайыз); 1959 ж. — 146 (32,4 пайыз); 1963 ж. — 158 (33,4 пайыз); 1967 ж. — 158 (33,5 пайыз); 1971 ж. — 170 (35,2 пайыз); 1975 ж. — 174 (35,5 пайыз) /30/) [6]; 1985 ж. — 183 (35,9 пайыз) болды [7].
1959 жылы жергiлiктi кеңестерге 28556 [8], ал 1971 жылы 50 мың депутат әйел сайланған [9]. 1959 жылы сайланған жергiлiктi кеңестердiң депутаттарының оны — аудандық атқару комитеттерiнiң төрайымдары, 284 әйел, аудандық, селолық, поселкелiк кеңестер атқару комитеттерiнiң төрайымдары болды.
Семей қалалық Совет атқару комитетiн Зоя Сергеевна Лосева, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ащыкөл ауылдық советiн Зәуре Баймулдаева басқарады, олар республика Жоғарғы Кеңесi депутаттары.
Қызылорда облысы, Шиелi ауданында Кердерi ауылдық советiнiң төрайымы Шара Бәйiмбетованы ел жақсы бiледi. Осы ауылдық совет депутаттары жергiлiктi халықпен бiрiге отырып, сайлаушылардың тапсырмасын орындауда жақсы табыстарға қол жеткiздi. 1960 жылы осында медпункт, әйелдер босанатын үй, 57 тұрғын үй (олардың 10-ы малшыларға арналған) салынды [10].
Республикада 1973 жылы ауылдық,
селолық, поселкелiк, аудандық, қалалық және облыстық
кеңестерге сайлауда әйелдер барлық депутаттардың
46,7 пайызын құрды, бұл көрсеткiш 1961 жылы —
32 пайыз болған едi, ал 1984 жылы жергiлiктi
кеңестер сайлауында әйелдер барлық депутаттардың
50 пайызын құрды [11]. 1969 жылы жергiлiктi кеңестер
сайлауында 106600 депутаттың 46167 — әйелдер
болған. 1975 жылы жергiлiктi кеңестерде 59341
әйел депутат жұмыс жасаған, ол халық депутаттарының
жалпы санының 48,1 пайызын құрды. 1970 жылғы.
сайлау бойынша КСРО Жоғарғы Кеңесіне
Қазақстан республикасынан барлығы 71 депутат
сайланды, оның 22 — i әйелдер, КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң
Одақтар Кеңесiне барлығы 39 адам, оның 11-i
әйел, КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Ұлттар Кеңесiне
32 адам, оның iшiнде он бiр әйел сайланды
[12]. 1990 жылғы сайлауда барлығы 358 депутат
сайланды, оның 26-ы әйел болды, ол барлық
депутаттардың 8 пайызы ғана болды [13].
1987 жылы жастар, әйелдер, жұмысшылар өкiлдерiнiң
белгiлi квотасын алып тастағаннан кейiн
билiк органдарында әйелдер еркектермен
тең күрестi. КСРО Жоғарғы кеңесiнiң соңғы құрамындағы депутаттар
арасында әйелдер 15,7 пайыз, Россия парламентi
депутаттары арасында — 6 пайызға жуық
[14]. Бiрақ санының аздығына қарамастан
әйел депутаттар тобы билiк органдарының,
әсiресе әлеуметтiк, экологиялық проблемаларын,
азаматтық келiсiм мәселелерiн және әйелдер
жағдайы, отбасы мәселелерiн шешуде қомақты үлес
қосты.
Тарих және қазiргi заманның көрсетiп
отырғанындай бiздiң отандас әйелдерiмiз
өздерiнiң бейiмдiлiк, бiлiктiлiк жағынан
Ұлыбритания, Норвегия, Исландия Бангладеш,
Жапония т.б. елдер әйелдерiнен еш кем емес,
бұл елдерде әйелдер билiк органдарында
үкiметтi, саяси партияларды табысты басқаруда және басқарып
келген. Ал Исландияда парламентте әйелдер
фракциясы өз позициясын берiк ұстауда.
Саясатта Қазақстан әйелдерi арасынан
Индира Ганди, Маргарет Тэтчер, Мадлен
Олбрайт, Беназир Бхутто, Тансу Чиллер
сынды халықаралық деңгейде танымал саясаткер
өкінішке орай жоқ. Ал халықаралық әйелдер
форумдары мен қозғалыстарының жұмыстарын
белсене атқарып, әлем әйелдерiне танымал
болған қазақ әйелінің біз қарастырып
отырған кезде болғанын мұрағат құжаттарынан
таптық [15]. Балжан Бөлтірікова Қазақстан
тарихындағы алғашқы сыртқы