Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 15:10, реферат
«Әйел теңдігі» мәселесін қанша даурықтырғанымен, шындап келгенде, жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай Тағала еркек-әйел етіп, бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел яки еркек етіп жаратар еді ғой. Еркек пен әйел табиғатындағы өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «екі жарты бір бүтін» деген. Әйел мен еркек минус пен плюс сияқты заңдылықтары іспетті. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспетті.