Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 15:10, реферат
«Әйел теңдігі» мәселесін қанша даурықтырғанымен, шындап келгенде, жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай Тағала еркек-әйел етіп, бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел яки еркек етіп жаратар еді ғой. Еркек пен әйел табиғатындағы өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «екі жарты бір бүтін» деген. Әйел мен еркек минус пен плюс сияқты заңдылықтары іспетті. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспетті.
ҚАРАҒАНДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИЕТІ
Қазақстан тарихы мен саяси пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Әйел мен еркек тең бе?
Орындаған: Әбен Н 220 топ ЖМФ
Тексерген:
Қарағанды 2011ж
Әйел мен еркек тең бе?
«Әйел теңдігі»
мәселесін қанша
Сыр өңірінің ақыны Тұрмағанбеттің:
Әйел көктен түскен жоқ,
Ол – еркектің баласы!
Еркек жерден шыққан жоқ,
Әйел – оның анасы!- дегеніндей екі жыныс өкілінің де қоғамда өзіндік міндеттері бар. Кей тұстарда еркектен асып түскен әйел, кей тұстарда одан төмен тұрады. Мысалы: еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала әкеле алиайды. Өйткені, тоғыз ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық – тек әйелдің ғана қолынан келетін ерлік. Ер кісі сәбиге әйел секілді түн ұйқысынан төрт бөліп қарай алмайды. Бала тәрбиесінде де әйелдегі мейірімділік пен ептілікті ер адам көрсете алмайды. Балабақшалардағы тәрбиешілікке көбіне-көп әйелдердің алынуы – осының айғағы. Міне, әйелдер өз табиғатындағы осындай қасиеттерімен еркектен жоғары болмақ!
Ал, еркектер әйелдерге қарағанда
дене бітімі жағынан ірілеу
әрі күштілеу келеді! Міне, сондықтан
жауға қарсы шауып, ел қорғау
секілді басқа да ауыр
Әйелдерден еркек жасағысы
Осы «Әйел теңдігі» мәселесі қайдан шықты? Батыста XIX ғасырдың орта шеңіне дейін әйелді адам құрлы көрмеген. Өйткені, олар өз діндеріндегі жаңсақ сенім бойынша Хауа ана Адам атаға тыйым салынған жемісті жегізіп, бүкіл адам баласын жұмақтан шығарған. Сондай-ақ қияметке дейін келетін барша адамзаттың күнәларына себепкер болған Хауа ана деп иланады. Сондықтан батыс жалпы әйелдерді лағынеттеп, оларды жек көрген. Міне, осы қорлыққа намыстанған әйелдер, еркектердің алдында тұқырмаудың жолын қарастырып, «феминизм», «әйел теңдігі» деген ұғымдар мен ұрандарды шығарды. Ал бізге оның түкке де керегі жоқ еді. Біз әрдайым әйел баласын, ананы қадір тұтып, құрметтей білген елміз. Батыс бүгінде мұның зардабын тартудай-ақ тартып отыр.
Иә, «менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асырай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, тіпті мына ғылым дамыған заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп желігіп жүрген әйелдер де кездеседі. Ал мұндай әйелдердің күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде, алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жаратылысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ислам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Сондықтан әйелдер қоғамдағы әр түрлі іс-қызметтерде де бала тәрбиесі мен отбасының істерін қатар алып жүре алатындай өз болмысына сай жұмыстарды таңдағаны жөн. Бірақ қажеттіліктің күн санап артқан қазіргі мына заманда әйел баласы жанұя экономикасына өз үлесін қосып, ерінің бір жағынан шығу үшін түрлі жұмыстарда істеуде. Мұндай жағдайда әйелдің үйдегі жұмыстары мен бала тәрбиесіне ері көмек көрсеткені жөн. Бұл жатырқап қарайтындай жат нәрсе емес. Мұхаммед (с.а.у) пайғамбар да қат-қабат шаруалар мен сан алуан оқиғалардың бел ортасында жүріп, үй шаруаларында жұбайларына үнемі көмек көрсетіп, бір жағына шығысқан.
Ал әйеліне сыртта жұмыс
Жоғарыда әйелмен еркек минус пен плюс зарядтары секілді бір-бірін толықтырып, бір-біріне үйлеседі дедік. Ал екеуі де минус яки плюске айналған жағдайда араларындағы үйлесімділік жоғалып, бір-бірін кері тебе бастайды. Бұның арты сөзсіз ажырасуға соқтырып жатады.
Бір мемлекетте екі президент,
бір көлікте екі рөл, екі
жүргізуші болмайтыны секілді
кішігірім мемлекет –
Құранда: «Еркектер әйелдерге пана, қамқоршы, жауапкер, қорған, басқарушы» деген. Ендеше, осы жауапкершілікті арқалаған еркек отбасының тізгінін өз қолына алып, парасаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен басқаруы тиіс. Еркек отағасы екенмін деп дөрекілікке, «мен айттым болдыға» салынбай, бар мәселені өзара түсіністікпен, үнемі ақылдасумен шешкені жөн. Әйелдер де бағынуы тиіс.
Иә әйел болмысы басшылық не қаттылыққа емес, керісінше, мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен ізеттілікке бейім. Ал еркектердің болмысы дөрекілік пен қатыгездікке емес, жауапкершілікке, отбасына қамқоршы, қорған болуға бейім.
Пайғамбарымыз
(с.а.у) бір хадисінде «
Ұлы Жаратушының
алдында пенде баласы еркек
немесе әйел болғандығымен,