Қиын баламен жұмыс әдістемелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 17:14, курсовая работа

Краткое описание

Мәселенің өзектілігі – қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр...

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3-5
І тарау. Қиын жасөспірім мәселесінің әдіснамалық негіздері............................6-33
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері...............................................................................................................6-11
1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың
шығу себептері мен факторлары............................................................................12-21
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі......22-33
ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті
балалармен жұмыс істеу ерекшелігі.......................................................................34-49
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалауыныз және панасыз қалуының
алдын алу.................................................................................................................34-38
2.2 Әлеуметтік педагогтың агрессивті балалармен
жұмыс жасау ерекшелігі..........................................................................................39-42
2.3 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары......................................................43-49
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары...................................................50-79
3.1 Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік
педагогикалық тұрғыдан қарастыру......................................................................50-56
3.2 «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.............................57-76
3.3 «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру...............................................................................................77-79
Қорытынды...............................................................................................................80-82
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................83-85
Қосымшалар............................................................................................................86-107

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қиын баламен жұмыс әдістемелік нұсқаулық.doc

— 624.00 Кб (Скачать документ)

«Қиын балалар», «мінез-құлықтағы  қиындық» ұғымынан басқа, «қиындықпен  тәриелену» ұғымы де кеңінен қолданылады.

«Қиындықпен тәриелену» - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал Кейде бұл қайшылық  табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын  дау-жанжал екеніні айтуға болады. Ал мұндай да кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.

«Қиындықпен тәриелену» мәселесі Г.А.Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттеген. Өзінің зерттеулерінде  «қиын бала» ұғымына былайша  түсінік  беріп, оларға үлгермеушілер  мен тәрбие ықпалына көнбейтін  балаларды  жатқызады. «Қиын балаларға» ол психикалық бұзылудан жапа  шеккендерді жатқызады. Г.А.Фортунатов қиын  балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептеріне түсіндіреді және  осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы  негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады.

«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен  қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетімін»(8.), - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.

Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып ғана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке-жүйесінің  бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балаларда ішкі дау-жанжалдың  ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық  сияқты қатынастар пайда болады.

Л.С.Выготский «қиындықпен  тәрбиеленумен» күресудің нақты  жолын анықтап берді. Өзінің  «Қиын  балалық шақтың педагогикалық клиникасы  және  дамудың  диагностикасы» (1936ж.)  еңбегінде ол былай жазады : «Жеке  адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы» (8.) да нәтижеге  жетуге болады. Л.С.Выготский жеке адам тәрбиесі  психологиясының маңызды бір мәселесі – аффектілі-қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді.

Соғыстан кейінгі жылдарда қиындықпен тәрбиеленушілердің  әлеуметтік  мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді, ал 1950-60 жылдар басында олардың шығу себептерін, мінез-құлықтағы  таңқаларлық  ауытқушылықтарды,  жеке  адам дамуының  динамикасымен  байланысын  терең  зерттей бастады.

    1950-70 жылдары  зерттеушiлер негiзгi зейiндерiн ,,Қиындықпен  тәрбиеленетiн,, балалар мен жасөспiрiмдерге  себепшi болатын әлеуметтiк-психологиялық  және психо-педагогикалық факторларға  бөледi.

1970-80 жылдары ,,Қиындықпен  тәрбиелену,, мәселесi отандық ғылымда жан-жақты зерттелiндi.

Мінез-құлықтың ауытқушылығы (тәртіпсіздігі) мәселесіне  ең алғаш  көңіл бөліп қараған жаңа автор  Л.С.Славина болды. Мұндай  мінезге  ол аффектілі (жан – күйзелісі, қайғыру). Психологиялық ерекшелегін  алды және бұл саладағы баларды екі топқа бөлді. Бірінші топ балаларының тәртіпсіздігінің  себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдайда қалыптаспауы салдарынан, өте  күшті  эмоционалды  қайғыру  және жан-күйзелісінен болады. Л.С.Славина екінші топ балаларының  тәртіпсіздігінің  себебіне  мінез-құлық ережелерімен  санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдай да меңгермеуді жатқызады.

 

І.2.  Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары

Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық,  еркін  сезінуі мен үйлесімді  дамуы үшін көптеген  факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға  сырттан  әсер етуші  жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін  өз халқының  сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет»(17.) деп санайды.

Қандай да олқылығы бар  баланың даму жағдайы, әдетте  қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың  дамуына  кері  тиетін  тәрбиелеуші  шағын  әлеуметтің  сипаттарынан  тәрбиелеу-оқыту  үрдістерінен және ықпал еткен  тәрбиеленушілердің  ішкі  ұстанымынан құралады.

Балалалардың  әлеуметтік-педагогикалық  олқылығының  пайда болу тетігі мен  дамуы  баланың  тұлға  болуға деген  қажеттілігі  мен сондай  болу  мүмкіндігінің   арасындағы  қайшылықтар  негізінде  іске  қосылады.

Баланың  персонализациялануға  ұмтылуы  оған  қатысты  референттік   топтардың  ( бірінші  отбасының,  одан  кейін  балалар  бақшасындағы  және  мектептегі  құрбыларының (  оның  әлеуметтік  қалыптарға  сай  емес  жеке  дара  көріністерін  қабылдағысы  келмейтіндігімен  және  құрбыларының  жас  ерекшелігіне  байланысты  мұндай ұстанымы  педагогтердің және  ата- аналардың  олқылығы   бар  балаларға  қатынасы  негізінде  қақтығысқа  түседі.

Әлеуметтік – педагогикалық  олқылық  ерте  балалық  шақтан, шамамен  үш  жастан  басталады, яғни  баланың өзіндік санасының,  мінез – құлқының ережеге  сәйкестігінің  және нормативтік  іс-әрекетінің дами  бастаған  шағымен  қатар  келеді. Жағымсыз  даму  жағдайында  олқылықтардың  сандық белгілері  мен  көріністері  жинақталып  қалады.

Ерте  зерттеу,  алдын  алу және  түзету  жұмыстары  олардың  жоғары  нәтижелі  маңызына ие.

Ауытқушы  (девианттық)  мінез-құлық  деп  қоғамда  қалыптасқан  нысандарға  сәйкес  емес әлеуметтік  мінез-құлықты  айтамыз  ( И.Невский). Белгілі  әлеуметтанушы  И. Кон  девианттық  мінез-құлықты  психикалық  денсаулық, құқық, мәдениет немесе  адами   қалыптарының  жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде   қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).   

Балалар мен жеткіншектердің  мінез-құлқындағы ауытқушылық  көріністері олардың адамгершілік  және әлеуметтік  дамуы жағынан дара ерекшеліктер  мен   тұлғалық  көріністеріне,  нақты жағдаяттар  мен өмір  жағдайларына  және  іс-әрекеттеріне  қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Мінез-құлықтық  реакция  бір рет  немесе жүйелі  түрде әсер  ететін  өмірдің   жағымсыз  жағдайларымен  және  шарттарымен  негізделеді. Соңғы  жағдайда  нақ  осы  немесе басқа  ахуалға  алып  келетін  мінез-құлықтағы  өзгерістер  біртіндеп  тойтарыс  беруді, қарсы  шығуды, кетіп  ұялуды,  агрессияны  келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары   өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен  қоса  бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар   жиі қайталанып,  бірінің үстіне бірі  қатпарлана берсе, онда  реакциялар  беки  түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың  дамуына алып келетін  тұрақты психологиялық  кешендер  туындайды.

Жасөспірімдердің  мінезіндегі  ауытқушылықтың  себептері мен  факторларына  тоқталып өтсек:

  • дұрыс тәрбиеленбегендерінің  себебінен  қажетті  білімдердің, біліктердің, дағдылардың  жоқтығы,  мінез-құлқындағы  жағымсыз  топтардың  қалыптасқандығынан  баланың,  жеткіншектің  өзін  дұрыс  ұстамайтындығынан  туындайтын  әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
  • жайсыз   отбасылық  өзара қарым-қатынастар,  жағымсыз  психологиялық  ахуал,  оқудағы  жүйелі  сәтсіздіктер,  сынып   ұжымдарындағы  құрбылармен  өзара  қарым-қатынастың  орындамағандығы,  ата-аналарының,  мұғалімдердің  сыныптас  жолдастарының  дұрыс  емес (әділетсіз, дөрекі, қатал)  қатынастарынан  туындайтын  терең  психологиялық   жайсыздықтар;
  • психикалық және  физикалық  денсаулығы мен дамуы  жағдайындағы ауытқушылықтар,  жас  ерекшелік  дағдарыстарындағы,  мінез  акцентуациясы  және  басқа да  физиологиялық,  психоневрологиялық  ерекшеліктер  себептері;
  • ішкі және   сыртқы  белсенділігінің  саналы  көріністеріне, өзін-өзі  көрсетуіне  жағдай  жасалмағандығынан,  іс-әрекеттердің  пайдалы  түрлерімен  айналыспайтығынан,  жағымды  және  маңызды  әлеуметтік,  сондай-ақ,  жеке  өмірлік  мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
  • қараусыз  қалумен,  қоршаған  ортаның кері  ықпал етуімен және осының негізінде дамитын  әлеуметтік-психологиялық  дезадаптациямен,  әлеуметтік  және жеке  құндылықтарының  жағымсыз  түрде ауысуы және жағымсыз жайттар.

Жасөспірімдер мен балаларға  қоршаған  адамдардың  немқұрайдылығы  зейін  қоймауы  негізінде  дамитын  әлеуметтік-педгогикалық  бақылаусыздық бұл  тізбектегі  ерекше  рөл мен  мағынаға ие. Нәтижесінде  жалғыздық, қараусыз  қалғандық,  қажетсіздік,  қорғансыздық  сезімдері,  жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының  қызығуы  мен  икемділіктерінің  өз бетінше  ұйымға, кооперацияға,  өзін-өзі  ұйымдастыруға  ұмтылуына  алып  келеді.

Қазіргі кездегі  жасөспірімдердің  жүрген ортасы қолайлы  емес. Өйткені,  бала  ауытқушылық  мінез-құлықтың  әр түрлі  нысандарын  мектепке  бара   жатқанда да, аула  мен қоғамдық  орындарында  да, тіпті  үйде де  көреді. Дәстүрлі  ұлттық  құндылықтар  нормасының  босауы,  ата-ананың, әсіресе,  отбасындағы  әке беделінің төмендігі,  мінез-құлықтың  тұрақты  үлгілері  мен  моралдық  шекаралардың  жоқтығы,  әлеуметтік  бақылаудың  босаңсуы  жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы  және өзін-өзі жоюға мінез-құлықтың  өсуіне ықпал етеді.

Балалалар мен  жасөспірімдердің  дамуы мен мінез-құлқына  кері әсер ететін  сыртқы  факторларға  мыналарды  жатқызуға  болады:

  1. Қоғамдағы өтіп жатқан  үрдістер:
  • қоғамдық  құндылықтар  иреархиясын  өзгертуге бағытталған  айқын  жағымды  мемлекеттік  идеологияның  жоқтығы;
  • заңдардың  және құқық  қорғаушы  орындардың  жетілмегендігі, қылмыстардың  жазаланбауы;
  • жұмыссыздық (нақты және жасырын);
  • экономикалық тұрмысы төмен  балалы  отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен  және  мемлекеттік  қолдаудың жоқтығы;
  • өскелең  ұпақтың   әлеуметтенуінің  дәстүрлі институттарының  күйреуі  мен  дағдарысқа ұшырауы;
  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және  қатігездікті насихаттау;
  • балалардың денелік және  психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің  және квалификациялық  диспансеризациясының болмауы
  • темекіге, ішімдікке,  нашақорлық заттарға  жолдың ашықтығы.
  1. Отбасының  жағдайы және оның ахуалы:
    • толық емес отбасы; отбасының  материалық жағдайы;
    • ата-аналардың төмен  әлеуметтік-мәдени деңгейі;
  • отбасындағы тәрбие  стилі (балаға  бірыңғай  талаптардың  қойылмауы,  ата-аналардың  қатігездігі, олардың  жазасыздығы және  баланың құқықсыздығы);
  • ата-аналардың ішімдікті, нашқорлық заттарды теріс пайдалануы;
  • ата-аналардың  балалардың психоактивті  заттарды  қолдануына жол беруі.
  1. Мектепішілік өмірдің жеткілксіз ұйымдастырылуы:
  • оқу және тәрбие  үрдісін  басқаруды  ұйымдастырудың  толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын  ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және меткептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының  жоқтығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз  ұйымдастырлуы; мектепте балалар  ұйымдарының болмауы;
  • мұғалімдердің  бала және жас ерекшелік  психологиясын  білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара  қарым-қатынастарының автолитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы;
  • жетілмеген жаңа оқу бағдарламасын енгізу, құндылықтар бағдарламаларының өзгеруі және соның негізінде «нені және қалай оқыту?» мәселесінің  туындауы;
  • мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу  түрткілерінің төмендігі.

Жасөспірімдердің түрлі  себептермен мектепке бармай қалуы да туындайды.

Баланың мектепке бармай қалуының айтарлықтай  жиілеп кетуі оны психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше  жағадайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектпеке барудан қасақана бас тартуы сиықты келтірілген сылтаулардың барлығы оның эмоциональды бұзылуына  байланысты  болатындықтан, мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы – оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен,  өз кезегінде  әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін көрейік. Схематикалық процедураның талдауы.

 

 

 

 

1-суретте келтірілген.

Бала мектептегі сабақта  жоқ


 

 

                       бала үйде жоқ                                 бала үйде отыр


                      (бетімен лағып кеткен)

 

                                                           бала мектепке барудан             баланы үйде

Информация о работе Қиын баламен жұмыс әдістемелігі