Адвокатура және нотариат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 16:24, реферат

Краткое описание

Адвокатура – азаматтадың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды заң шеңберінде жүзеге асыра отырып, адвокаттық қызметті атқаратын азаматтардың ерікті қоғамдық ұйымы. Жалпы халықтың сауаттылығының және мәдениетінің көтерілуі, олардың әлеуметтік саяси – тәжірибеге ие болуы, демократияның дамуы оның негізгі принциптерінің насихатталуы, соның ішінде азамматтардың құқыктары мен бостандықтарын қорғау және басқаларды, осы аталғандар адвокатура сияқты құқықтың институттың туындауына себеп болды. Адвокатураның ұйымдастырушылық құқықтың нысаны – адвокаттар алқасы, ал оның мүшелері адвокаттар болып табылады.

Содержание

I Кіріспе .
II Негізгі бөлім:
2.1. Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі
2.2. Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
2.3. Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері
2.4. Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер
2.5. Қазіргі кездегі нотариат саласындағы өзекті мәселелер
III Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адвокатура және нотариат 15 бет.doc

— 120.50 Кб (Скачать документ)

Құқықтық квалификациясын  көтеру мақсатында адвокатураға арналған арнайы хабар-анықтама, номативтік және методологиялық әдебиеттер шығарылған материалдар бар қиын сауалдар туындаған жағдайда тәжірибелі, жоғары сауатты адвокаттар қатарымен методологиялық кеңес мәжілісінде қаралады. Консультациялық жұмыстың қорытындысы жүйелік түрде талап қортындайды. Осыған келіп заңды кеңестің дұрыс берілуін бақылайды және сапасын бағалауға мүмкіншілік береді. Тәжірибе бойынша консультациялық жұмыс көбінесе азаматтық, отбасы, еңбек және әкімшілік заңдар тарапындағы қатынастардан туындайтын сауалдар кездеседі.

Құқықтық қатынастарды реттеу үшін адвокат нақты мамандандырылған кеңес беру керек. Кеңес беру арқылы тауып тұрған дауды

азаматтар өз құқықтарын тәжірибеде жүзеге асыру, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді қорғау аясында көп жағдайларда  азаматтық іс-жүргізуде – сот  өкілдігі институтын қолдау арқылы қамтамасыз етіледі.

Бұл институтты қолдау мүмкіндігі АІЖК-нің 58-бабында бекітілген, яғни азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы, сондай-ақ, азматтық іске өзінің қатысуы  оның бұл іс бойынша, өкілі болуы құқығынан айырмайды.

Сот өкілдігі – азаматтық  іс жүргізу құқығының дәстүрі  және негізгі институттарының бірі болып табылады. Сот өкілдігіне азаматтық  істер жүргізушілік заң барлық азаматтық  істер бойынша барлық соттарда және азаматтық іс жүргізудің барлық салаларында жүзеге асыуына жол береді.

болдырмауға, құқықты  қалпына келтіруге немесе бұзушылықты  әшкерлеуге жәрдем береді.

Ең маңыздысы азаматтарға  көмек беретін заңды кеңестер мағыналы болу керек. Соттағы іс бойынша  бір жақты болуды, талап арызды беруді, жеткілікті негіздерге байланысты қарсы талап беруді қажет ететін әрекетерден құралу керек.

Егер адвокат өзінше келіп түскен сауалды жан-жақты  зерттеп дұрыс шешілсе, онда туындап  тұрған даудың нәтижесі әділетті түрде  шешіледі. Әрине, сотта даудың бағытын білу болжамды түрде болып келеді. 

Соттағы істерге байланысты берілетін заңды кеңестер, бұл  адвокаттың консультациялық жұмыстың бір түрі. Ең көп жақтысы бұл  – тараптары мен құқықтарын, міндеттерін  білу барысында дауды бейбіт жолмен шешу. Адвокат азаматтарды қабылдаған кезде заңды нормаларды ерікті сақтауға бағыт береді. Жақсы ұйымдастырылған және орындалып жатқан консультациялық жұмыс адвокаттың алдындағы  заңды сауалдардың дұрыс қамтылуында берілетін жәрдем.

Маңызды рөлі болып адвокатқа  берілген заңды дұрыс қолданудағы және талқылауындағы құқықтық сана. Адвокат құқықтық ойдың байлығын, заңның насихатталуын талап ететін әділеттікті аңсайтын болу керек.

Адвока алқасының негізгі  взносы заңды консультациямен және адвокат кеңселері болып табылады.

Заңды консультация – заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін адвокаттар алқасының төралқасы құрады.

Заң консультациясы орналасқан жерді адвокаттар алқасының төралқасы  белгілейді.

Заң консультация барлық адвокаттар алқасы сияқты территориялық принцип бойынша құралады.

Заң консультациясының  басында адвокат консультациясының  жиналысында жарысын дауыспен меңгерушісі  басқарады.

Заң консультациясының  меңгерушісі адвокаттық қызметпен  айналысуға құқығы бар.

Адвокат алқасының мүшесі – заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланатын жеке адвокаттық кеңселер құруға құқылы.

Адвокат кеңесі мекеме нысанындағы  коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Жеке адвокаттар кеңсесін өз қызметін жарғы негізінде немесе құрылтай шарт негізінде жүзеге асырылады. Жеке адвокаттық кеңес әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.

          Азаматтың, кез – келген саладағы қоғамдық – құқықтық қатынастардың қатысушы ретінде құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің, оның органдары мен ұйымдарының, дербес азаматтарының мүмкіндігі мен уәкілеттігіне кіреді. Бұл конституциялық қағиданы бүкіл мемлекеттік жүйемен қатар, азаматтар мен олардың бірлестігінің (заңды ұйымдардың) құқықтарын қорғауды, мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, оларға тиісінше білікті заң көмегін көрсететін ұйым – Қазақстан Республикасының адвокатурасы болып табылады.

 

Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер

 

Қазақстан Республикасындағы 2010-2020 жылдарға дейін кезеңдегі Құқықтық саясат тұжырымдамасының 3 тармағына  сәйкес, маңызды міндеттердің бірі нотариат қызметінің жүйесін жетілдіру болып табылады. Әділет Министрлігі аталған тұжырымдаманы іске асыру мақсатында қазіргі күні нотариат саласындағы заңдылыққа бірқатар өзгерістердің енгізілуіне қол жеткізді, және де біздің министрлікпен берген заң актілеріне басқа да ұсыныстар қазіргі уақытта Парламенттің қаралуында.

Әр қайсысына бөлек  тоқталар болсақ, 2011 жылыдың 1 шілдесінде ҚР Үкіметінің № 752 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 қыркүйек 2001 жылғы № 1235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысына (әрі қарай-Қаулы) қол қойылды. Бұл Қаулыға сәйкес, біліктілік емтиханын қабылдау жүйесін Әділет департаменттеріне берілді, яғни енді нотариус және адвокат қызметімен айналысуға үміткер азаматтарымызға Астанаға бармай-ақ, өтініштерін тұрғылықты жері бойынша облыстардың әділет департаменттерінде құрылған аттестаттау комиссияларына жолдап, жергілікті жерлерде сынақтан өтуге мүмкіндік туды. Әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қабылданған бұл өзгеріс өз кезегінде азаматтарымыздың уақыты мен жол шығынын да үнемдейді. Қаулыға сәйкес комиссия құрамы 7 мүшеден тұрады, оның ішінде Әділет департаменті, прокуратура өкілдері, құқықтанушы-ғалым, мәслихат депутаты және нотариус, адвокаттар бар. Бұл құрам ҚР Әділет Министрінің бұйрығымен бір жыл мерзімге бекітіледі. Қазіргі таңда департамент басшылығымен кезекті аттестацияны өткізу бойынша қажетті іс-шаралар толықтай ұйымдастырылды. Қаулының алғаш ресми жариялануынан он күнтізбелік күн өткеннен соң, үміткерлер Атырау облысының әділет департаментіне құжаттарын тапсыра алады. Қажетті құжаттардың тізімін өзгерістер енгізілген 2001 жылғы 25 қыркүйегіндегі №1235 ҚР Үкіметінің қаулысынан, немесе Әділет департаментінің ресми сайтынан қарауға болады.

Сондай-ақ, ҚР-ның «Нотариат  туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын тағы бір заң жобасы талқыланып, Мәжіліспен мақұлданды. Заң жобасының мақсаты нотариаттық қызметпен айналысуға белгіленген квотаны алып тастауды көздейді. Бұл жоба қазір де қоғамда көптеген дау туғызып жатыр. Алайда, бұл жобаны Парламентке ұсынар алдында Әділет министрлігімен жан-жақты, соның ішінде әлем тәжірибесі бойынша зерделенген болатын. Мысалы, біздің мемлекетте шектеу қойылған басқа ешбір мамандық жоқ, Республикада қарастырылған квота бойынша 2018 жеке нотариус қызмет атқарып отыр, ал лицензиаттардың саны 4642-ні құрайды. Сонда 2500 адам лицензияларын пайдаға асыра алмай отыр. Францияда шектеу нотариустардың санына емес, нотариаттық палаталардың санына қойылған. Украинада бұл шектеу 2007 жылдан бері алынған. Ал, Европада шектеу қойылған кейбір мемлекеттерде нотариустар сот алдындағы сатының ролін атқарады, ал біздің заңнамамызға сәйкес, өздеріңіз білесіз, сот төрелігі соттың өзінде ғана. Казақстанда нотариат азаматтар мен заңды тұлғалардың ҚР Конституциясымен кепілдендірілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Екіншіден, бұл жобанын объективтік те субъективтік те жақтары бар. Жобаға сәйкес, нотариустарға қойылатын талаптар және мемлекеттік қадағалаудың күшейуі, лицензияның күшін тоқтату немесе қайтару үшін қосымша негіздер, т.б. көзделген. Сондай-ақ, азаматтар 30 жасқа толғаннан кейін ғана нотариус бола алады деп, көзделген.

 

Қазіргі кездегі  нотариат саласындағы өзекті мәселелер 

 

«Нотариат туралы» заңға  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша түсініктеме  берген Әділет министрінің орынбасары Әмірхан АМАНБАЕВТЫҢ айтуынша, бұл  құжат нотариаттық қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру және осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын бірқатар өлшемдерді жою мақсатында әзірленіпті. Соның маңыздысы ретінде Әмірхан Тапашұлы нотариустардың бос орнына үміткерлерді конкурс бойынша іріктеу мен олардың санын шектеу өлшемінің алынып тасталғанын атады. Оның айтуынша, бұл – бүгінде нотариус қызметінде әр- түрлі деңгейдегі құқықбұзушылықтардың көбеюіне орай қабылданған шешім. Өйткені, мұндай заңсыздықтар қатары жылдан-жылға артып бара жатыр.

Мәселен, 2008 жылы әртүрлі сатыдағы соттар 145 нотариат іс-әрекетінің құқықбұзушылық екенін анықтаған болса, 2009 жылы 116, 2010 жылы 277 жұмысты заңсыз деп тапқан. Сонымен қоса, үш жылдың ішінде нотариаттардың заңсыз іс-әрекеттері бойынша 68 қылмыстық іс қозғалыпты. Әмірхан Тапашұлы осының бәрі нотариус қызметіндегі өзара бәсекелестіктің жоқтығының, бұл қызметке қол жеткізуде тамыр-таныстық пен сыбайласқан жемқорлықтың орын алуының салдары екендігін айтты. Осы орайда, квотаның алынып тасталуы жеке нотариусқа қызмет етуге шынымен ниетті әрі білікті мамандардың келуіне жол ашады деген сенімін жеткізді.

Әмірхан Тапашұлы квоталауды алып тастауға байланысты айтылып жатқан қауіптердің негізсіздігі жөніндегі  өз пайымдарын да ортаға салды. «Шектеу  алынған жағдайда нотариустар қатары көбейіп кетеді деген қауіпке еш негіз жоқ. Мәселен, 2007 жылдан бастап осындай жүйеге көшкен Украинада нотариустар саны жиырма пайызға ғана өскен. Мұндай жағдайда ауылдық елді мекендерге нотариустар көшпейді, оларға басқа өңірден нотариус тарту қажеттігі тумайды. Нотариустар қай жерде қызметтік қажеттілік бар, сол жерге назар аударатын болады. Ал, егер кейбір елді мекендер нотариустық қызметсіз қалған жағдайда осы заң жобасы бойынша әділет органдарында мемлекеттік нотариустарды бөлу қарастырылған. Құзырлы ұйым өзінің құрамында лицензиясы бар нотариусты тағайындайды», –деді ол.

Заң жобасында, сонымен  қатар, азаматтардың құқықтары бұзылатын  жағдайлар да назардан тыс қалмапты. Құжатта осы мақсатта есептік  тіркеудің рөлін анағұрлым арттыру  және лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру өлшемдері қарастырылыпты. Сондай-ақ, нотариаттық ұйымдардың іс-қимылын автоматтандыру бағытында бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе енгізілмек. Вице-министрдің айтуынша, бұл жеке нотариаттар тарапынан құқық- бұзушылыққа, алаяқтықтың орын алуына бірден-бір пәрменді тосқауыл болады.

Парламенттегі жұмыс  тобында, комитет отырыстарында  қаралған кезде заң жобасына бірқатар сапалық өзгерістер енгізіліпті. Әмірхан  Тапашұлы олардың негізгілері ретінде  біліктілік емтихандарын өткізуді орталықсыздандыру, оларды жергілікті ұйымдардың құзыретіне беру, нотариаттық тарифтердің қатаң ставкалары белгіленуі туралы өлшемдерді атады. Заң жобасында көзделген мақсаттардың халық үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы екендігін айта келіп, Әмірхан Аманбаев аталмыш құжатқа депутаттардың қолдау көрсетуін сұрады. 

Алайда, басында айтып  кеткеніміздей, халық қалаулылары  бұл заң жобасына бірден қолдау көрсете  қоймады. Депутаттар Аманкелді Аршабаев пен Ержан Рахметов «құжатқа депутаттар енгізген біраз ұсыныстардың жеткілікті талқыланбау салдарынан енгізілмей қалғандығын, көптеген өлшемдердің толықтай жетілдірілмегенін айтып, жобаны екінші оқылымда пысықтау керек»  деген ұсыныс айтты. Мұндай әңгіме заң жобасы бойынша қосымша баяндама жасаған депутат Зағипа Балиеваның да аузынан шықты. Оның айтуынша, аталмыш заң жобасында, ауылдық елді мекендерді нотариус қызметімен қамтудың тетіктері толыққанды дәйектелмеген. Сонымен қатар, нотариустардың заңсыз іс-әрекеттері бойынша жауапкершілігінің өлшемдері, жеке нотариустардың біліктіліктерін көтеру мәселелері тиісті деңгейде қарастырылмаған. Зағипа Жақияқызы осы орайда  жобадағы әр нотариустың өз қаржысы есебінен біліктілігін арттыру жөніндегі өлшемін сынады. Ол нотариустардың өз қаржысымен білімін көтеруге мүдделі болмайтындығын, сондықтан, бұл мәселе мемлекет қаржысы есебінен шешілуі қажеттігіне назар аудартты.

Сұрақ пен жарыссөздің  тайталасын депутат В.Нехорошевтің «Заң нотариат қызметіндегі сыбайласқан  жемқорлықты жояды, бәскелестікке  жол ашады, сондықтан, оны қолдайық»  деген  ұсынысы тоқтатқандай болған. Алайда, салыстырмалы кестеге түсірілген депутаттар ұсынысын қабылдау  пікірталасты қайтадан қыздырды. Сөз кезегі өзіне келгенде депутат Ирак Елекеев сұрақ қоюға, жарыссөзге шығуға тоқтау салу өрескелдік дей келіп, жалпы аталмыш заң жобасына деген қарсылығын білдірді. «Өйткені, осы заңдағы квоталау жүйесінің алып тасталуы үш жүзден астам ауданды нотариуссыз қалдырайын деп отыр. Ауданға кім барады? Бәрі Алматы мен Астанаға келгісі келеді. Алдымен тәртіп орнату керек», – деді ол. Оны құптағандар да, құптамағандар да аз болмады. Ұзақ талқының соңы  аталмыш заң жобасының көпшілік дауыспен мақұлданып, Сенатқа бет түзеуімен бітті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқығы және бостандығы.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-шы тамызда Референдумда қабылданған Конституциясына сәйкес адам құқығы мен бостандығы танылып, оларға мемлекет тарапынан кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасының демократиялық және құқықтық мемлекеттердің қатарына жатқызылады, бұған сәйкес әркімнің қоғамдық және мемлекеттік өмір аясында қоғамдық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Бұған әркімнің өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауды да жатқызамыз.

Осыларды ескере отырып, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігін айтуды жөн деп ойлаймын.

Азаматтың, кез-келген саладағы қоғамдық-құқықтық қатынастардың қатысушы ретінде құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің, оның органдары мен ұйымдарының, дербес азаматтарының мүмкіндігі мен уәкілеттігіне кіреді. Бұл конституциялық қағиданы бүкіл мемлекеттік жүйемен қатар, азаматтар мен олардың бірлестігінің (заңды ұйымдардың) құқықтарын қорғауды, мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, оларға тиісінше білікті заң көмегін көрсететін ұйым – Қазақстан Республикасының адвокатурасы болып табылады.

Жоғарыда аталған функцияларды өз қызметін мақсат тұтқан адвокатура Қазақстан Республикасында заңдылықты, құқықтары мен бостандықтарды қорғау мен қалпына келтіруді жүзеге асырады.

Информация о работе Адвокатура және нотариат