Адвокатура және нотариат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 16:24, реферат

Краткое описание

Адвокатура – азаматтадың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды заң шеңберінде жүзеге асыра отырып, адвокаттық қызметті атқаратын азаматтардың ерікті қоғамдық ұйымы. Жалпы халықтың сауаттылығының және мәдениетінің көтерілуі, олардың әлеуметтік саяси – тәжірибеге ие болуы, демократияның дамуы оның негізгі принциптерінің насихатталуы, соның ішінде азамматтардың құқыктары мен бостандықтарын қорғау және басқаларды, осы аталғандар адвокатура сияқты құқықтың институттың туындауына себеп болды. Адвокатураның ұйымдастырушылық құқықтың нысаны – адвокаттар алқасы, ал оның мүшелері адвокаттар болып табылады.

Содержание

I Кіріспе .
II Негізгі бөлім:
2.1. Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі
2.2. Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
2.3. Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері
2.4. Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер
2.5. Қазіргі кездегі нотариат саласындағы өзекті мәселелер
III Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адвокатура және нотариат 15 бет.doc

— 120.50 Кб (Скачать документ)

Соның бірі болып жоғарыда жазылып кеткен адвокатураның қызметін реттейтін заң, заңды орнатуда әрбі адам өзінің тарапынан іс-қимылдар жасауы қажет.

Егер де заңдар орындалмай тұр деп айтсақ, онда өзіміздің  бір қалыпты жұмыс жасай алмайтындығымыз  әшкерленеді.

Адвокатура – сотқа  өз тарапынан көмек ретінде құрылған мекеме. Сотта іс жүзінде адвокат  әділдікті орнатуға көмек береді. Адвокатура тұрғындарға заңды көмек беретін қоғамдық ұйым. Әрбір адвокат көмек сұрап келген тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шақырылған тарап болып есептеледі1.

Кез келген ұйымның, құрылымның міндеттері бар, сол сияқты адвокатураның да, заң негізінде қызмет ететін қоғамдық ұйым ретінде өзіндік міндеттері бар, олар келесідей көрініске ие:

  • Азаматтар мен заңды ұйымға қылмыстық істер бойынша заң тұрғысынан көмек көрсету;
  • Азаматтар мен заңды ұйымдарға азаматтық, әкімшілік және т.б істер бойынша өкілеттілік арқылы заңи көмек көрсету;
  • Азаматтар мен заңды ұйымдардың мемлекеттік билік пен басқару органдарында және басқа да тұлғалар алдындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен білдіруге көмек көрсету2.

Адвокаттық қызметтің  құқықтық негізі “Адвокаттық қызмет туралы” заңның 2-ші бабында бекітілген. Олар адвокаттық қызмет туралы заңынан және басқа да жандардан тұрады3.

Адвокатураның Қазақстан  Республикасының қызметінің ұйымдық  негізі – адвокаттар алқасы болып  табылады. Бұлар он құрылтайшының басымылығы бойынша, ауқымдық белгілер бойынша құрылыды. Адвокаттар алқасын құруға  мемлекеттік рогендердің арнайы рұқсаты талап етілмейді.

Адвокаттар алқасы адвокаттық қызметпен шұғылданатын адамдардың ерікті бірлестігі болып табылады. Адвокаттар алқасы заң бойынша коммерциялық емес, дербес, мамандандырылған, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын адвокаттардың ұйымы болып табылады.

Адвокаттар алқасы азаматтар  мен заңды тұлғаларға мамандандырылған заң

жүзінде көмек көрсету  үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғау үшін, Қазақстан Республикасының “адвокаттық қызмет туралы” Заңында белгіленген т.б. қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, республика астанасының аумағында бір адвокаттар алқасы құрылып, қызмет істей алады.

Адвокат алқаларының  қызметін белгілейтін негізгі құжат  адвокат алқаларының жалпы жиналысында  қабылданған оның жарғысы болып  табылады.

Адвокаттық  қызметінің ұйымдық нысаны:

 – заң консультациясы (кеңестері);

 – адвокаттық кеңселер (конторы);

 – заңды тұлғаны  тіркемей-ақ жеке-дара адвокаттық  кеңес құру.

Адвокаттық қызметтің  ұйымдық нысанына қарамастан барлық адвокаттар аумақтық сипатына қарай  адвокаттар алқасына біріктірілген.

Заң кеңестері (юридические  консультации) аумақтық принцип бойынша адвокаттар алқасының Төралқасымен ауданда (қалада) құрылады. Заң кеңестері заңды тұлға болып табылмайды, адвокаттар алқасының жалпы жиналысы қабылдаған ереже негізінде қызметін жүзеге асырады. Заң кеңестері адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады да, заң жүзінде көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Заң кеңесін адвокаттар алқасы төралқа тағайындаған меңгеруші басқарады1.

–   Адвокаттық кеңселер адвокаттар алқасының мүшелерімен, өз бастамалары   бойынша және өз қаражаттары есебінен құрылады. Адвокаттың адвокаттық кеңсені құру мақсаты - өзінің қызметін материалды, ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.

– Адвокаттық кеңселердің қызметін осы кеңсе орналасқан аумақтағы адвокаттар алқасы қадағалайды. 

Өз міндеттерін орындау  барысында адвокат сотта күннен-күнге  дейін азаматтардың, ұйымдардың құқықтары  мен міндеттерін қорғау үшін қызмет жасайды. Адвокат – заңдылықтың  нығайтылуына жәрдем беретін, сонымен  қатар жоғарыда айтылып кеткен қызметі жүзеге асыратын қоғамдық қызметкер.

Адвокаттық қызметті бір мезгілде мамандырылған және қоғамдық қызметке бөлу қажеті жоқ. Адвокаттың бүкіл қызметі – оның қоғамдық қызметі. Адвокатты әр уақытта  заңның түсінігін  әділ де, талаптарға сай  түсіндіру керек2.

Адвокаттың мақсаты  азаматтарға заңды көмек көрсетуден тұрады.

Шарттың жасалуы мен  бұзылуын, сотта өкіл болу мен алдын  – ала тергеуден 

өтетін айыпкерді сотта  қорғауды, заңды сауал беретін  мекемелерге беретін құқықтық кеңестен туындайтын көмектен құрылады.

Адвокаттар  мынадай заңдық көмек көрсетеді:

  • Заңдық мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелер, заң нормаларына ауызша және жазбаша анықтамалар береді;
  • Арыздар, шағымдар мен заңдық сипаттағы басқа да құжаттар жазады;
  • Азаматтық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта және т.б. мемлекеттік органдарда әділдікті жүзеге асырады;
  • Алдын ала тергеуге, сотқа қорғаушы, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысады1.

Жалпы сауал бойынша  адвокаттың міндеттері  Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңның 15-ші бабында көрсетілген  6-шы тармақтың жалпы сипаттамасы.

Ең басты міндеті: біріншіден, адвокат заң талаптарын орындауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға және заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.

Екіншіден, іс бойынша көмек сұрап өтініш сұраған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстауына тыйым салынады, адвокаттың қылмыстық іс бойынша қолданған тапсырмалардан бас тартуға құқылы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адамның өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім  шығарылған жағдайда оған берілен тәртіппен шағым жасауға міндетті. Үшіншіден, адвокатқа мемлекеттік қызметкер болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Жалпы азаматтың отбасылық, тұрғын үй, еңбек және әкімшілік  заңдарымен реттелетін қатынастардың күрделілігі, сондай-ақ, азамат өзінің субъективтік құқықтарын толық жүзеге асыру  және қорғау үшін заң нормаларын, оларды қолдау тәртібін тиісті дәрежеде білмеу кәсіби заңгер – адвокаттық билік көмегін сұрауға итермелейді2. Ал адвокат заңда көрсетілген барлық құралдар мен әдістерді қолданып, азаматтың құқықтары мен мүддлерін қорғаудың ең тиімді жолдарын таңдап, сапалы заң көмегін көрсетуге тырысады және ол оның басты міндеті болып табылады. Атап айтқанда, адвокаттар – заң сұрақтары бойынша, кеңестер беру, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен азаматтардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету, азаматтық істер бойынша сот өндірісіне талапкердің жауапкер және басқа да тұлғалардың өкілі ретінде қатысуы сияқты басқа да заң көмегін көрсетуді соның ішінде заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын дайындау, шарт жасау және т.б.

 

Адвокаттың  мәртебесі, оның құқықтары мен  міндеттері

 

Адвокат – міндетті түрде  адвокат алқасының мүшесі болып табылатын және Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының нормаларымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы1.

Адвокат алқасының мүшесі болу үшін жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметі жүзеге асыру құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы мүше бола алды.

Қазақстан Республикасының Президентінің  “Лицензиялау туралы” Заң күші бар Жарлығында айтылғандай: “Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлері лицензиялауға жатады: мемлекеттік емес суъектілердің із кесу (детективтік) және күзет қызметіне, адвокаттық қызметке байланысты заң қызметін көрсету”2.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны әділет біліктілік алқасының ұсынымы негізінде  Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі береді. Берілген лицензия негізгі тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының  барлық аумағында қолданылады.

Адвокатқа лицензия біліктілік емтиханын тапсырған жағдайда беріледі.

Адвокаттық  қызметті жүзеге асыру үшін лицензия мынадай тұлғаларға берілмейді:

    1. қасақана жасаған қылмысы үшін сотталған тұлғаға;
    2. жазасын өтеп жатқан тұлғаларға;
    3. алкаголь мен есірткі заттарды пайдалануы нәтижесінде тиісті тәртіппен әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған тұлғаларға;
    4. лицензия алу үшін біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғаларға;
    5. кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе қандай да ақы төленетін қызмет түрімен айналысатын тұлғаларға;
    6. заңмен көзделген т.б. жағдайларда.

Адвокаттың көмекшілері  мен тағлымдамалардан өтушілер, болуы  мүмкін.

Адвокаттың көмекшілері  еңбек шартының негізінде заң

консультациясында, адвокат  кеңесінде немесе адвокаттық қызметпен

жеке-дара айналысатын  адвокаттың жанында жұмыс істейді.

Көмекшілері адвокатың  барлық тапсырмалары мен бұйрықтарын  орындауға құқылы болып табылады.

        Жоғары заң білімі бар азаматтар  авокаттық тағлымдамадан өтушілер  деп атайды. Бұл тағлымдама туралы шарттардың негізінде адвокатта тағлымдамадан өтеді.

Адвокаттың  құқықтары:

Адвокат алқаларының  мүшелеріне құқықтар мен міндеттер  берілген. Адвокат алқасының мүшелерінің  құқықтары 2 топқа бөлінеді.

Бірінші топқа – адвокат  алқаның  мүшесі екендігін көрсететін құқықтар.

     Екінші  топқа – қылмыстық бойынша  қорғаушы және азаматтық іс  бойынша өкіл ретінде адвокаттық  кәсіби құқықтары жатады1.

Адвокат алқа мүшесі ретінде:

  • Адвокаттар алқасының органдарына сайлануға және сайлауға;
  • Адвокаттар алқасы органдарына алдына алқа қызметіне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның оргындарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • алқа органдары оның қызметі немесе мінез-құлқын тексерген және талқыланған барлық жағдайларда өзі қатысуға;
  • өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.

Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде мынадай әрекеттер  жасауға құқылы:

  • Заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
  • Көмек сұрап келген адамға қатысты материалдармен танысуға және оларды ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен белгілеп алуға;
  • заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы2.

Адвокаттың  міндеттері:

Адвокат заң талаптарын сақтауға міндетті және көмек сұрап  өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ және т.б.

Мемлекет өз кезегінде  адвокаттарға заң бойынша, қойылған талаптарды орындалуын қамтамасыз ету  үшін белгілі-бір шараларды қолданады, яғни құқық қоргау органдарында және әділет органдарында белгілі-бір өкілеттікті беру арқылы құқықтық қызмет пен халыққа заң көмегін көрсету аясындағы қызметі құқықтық тұрғыда реттейді. Осылайша, реттеудің мақсаты болып, құқықтық көмек көрсету рыногын жоғары, сапалы құқыққорғау қызметімен толтыру болып табылады.

Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотқа қатысудан басқа адвокат азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, бірлестіре отырып ұйымдарға, мекемелерге, кәсіп орындарға берген сауалдарына заңды негізге ала отырып, консультациялық кеңес береді. Осы консультациялық кеңес негізінен туындап тұрған дауды бастамас бұрын талап арызды қалай керек екендігін, әкімшілік, әлеуметтік саяси тұрғыдан еңбек қатынастарының барысында туындаған даулы сауалдардың дұрыстығын анықтауға адвокат осы жұмыс арқылы ашып береді1.

Консультациялық жұмыс адвокаттардың қызметтерінің бір түрін көрсетеді. Заң көмегін қамтамасыз етеді. Мысалы: бір қызметкерлерді жұмыстан заңсыз түрде шығарып тастады, осы заңдылықты шешіп, әшкерлеу барысында адвокат қыруар жұмыс жасап айқындайды:

Біріншіден, заңды көмек  сұрап келген қызметкер ауруханада емделген бе, емделсе қай уақыт аралығында. Жұмыстан шығарып жіберу қағазы қашан жазылған, алдын-ала қызметкерге жұмыстан қудаланатындығы туралы ескертіледі ме деген сауалдарға жауап іздеп дауды дұрыс шешілуіне адвокат өзінің кеңесі арқылы көмек береді. 

Конституциялық қызметті адвокаттар басты жағдайларда заң  консультацияларда жүргізеді. Қазақстан  Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы ” Заңында заң консультациясын  құру тәртібі бар.

  1. Заң көмегін көрсету жөнінде жұмысты ұйымдастыру үшін адвокатар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.
  2. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның өз атауы мен тиесілі адвокаттар алқасына белгіленген мор мен мөр таңбасы, заң көмегін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы бекіткен ереже негізінде іс-қимыл  жасайды.

Информация о работе Адвокатура және нотариат