Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2015 в 19:28, курсовая работа
Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығындағы ең маңызды сала. Аса қажетті азық-түлік (сүт, май, ет, тағы басқа сойыс өнімдері), бағалы жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын (тері, қылшық, мүйіз, т.б) береді. Қазақстанда сиыр етін өндіру осыдан 25 жыл бұрынғы деңгейге әлі жеткен жоқ. 1990 жылы елімізде сойылған мал есебі бойынша 1,6 млн. т ет өндірген болатын. Оньң ішінде сиыр етінің үлесі 45 пайызды көрсетеді. 2010 жылы бұл көрсеткіш 700 мың тоннадан шамалы ғана асты, оның ішінде сиыр етінің мөлшері 50% құрады. 1990 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімдеме бойынша ТМД –да ірі қара малының жалпы саны 118,3 млн басқа жетсе, оның ішінде сауынды сиыр 41,7 млн-ға жеткен.
Негізгі бөлім
1 Технологиялық жобалық бөлімі..............................................................................7
Ірі қара малдың жылдық айналымы....................................................................7
Сиырлар мен тайшалардың төлдеуі мен оларды ұрықтандырудың жоспары...................................................................................................................8
1.3 Малды азықтандыру және күтіп бағу..................................................................9
1.3.1 Сауын сиырлардың қысқы кезеңге арналған тәуліктік рационы (тірі салмағы, сүт өнімі, майлылығы)................................................................................9
1.3.2 Тайыншаларды өсіру схемасы (сиырлардың өсуі аяқталғандағы тірі салмағы 500-550 кг)...................................................................................................10
1.3.3 Төлдерді етке өсіру схемасы (өткізгендегі тірі салмағы 400 кг).................11
1.3.4 Малдың азыққа төсеніш және суға қажеттілігі, ц.........................................12
1.4 Сүт және ет өндірісінің көлемін есептеу..........................................................13
1.4.1 Сүтті сату және өндіру.....................................................................................13
1.4.2 Сиыр етін тірі салмағына өндіру.....................................................................14
1.4.3 Малды бордақылауға қою мен оны етке сату жоспары................................15
1.4.4 Сүт және ет өндіру бойынша 2015 жылға жоспарлық тапсырмалар..........16
1.5 Еңбекті ұйымдастыру..........................................................................................17
1.6 Шаруашылықтың экономикалық тиімділігін бағалау.....................................18
Қорытынды мен ұсыныстар.....................................................................................19
Қолданылған әдебиеттер тізімі20
Мазмұны
Кіріспе5
Негізгі бөлім
1 Технологиялық жобалық
бөлімі........................
1.3 Малды азықтандыру және күтіп
бағу..........................
1.3.1 Сауын сиырлардың қысқы
кезеңге арналған тәуліктік рационы (тірі
салмағы, сүт өнімі, майлылығы)....................
1.3.2 Тайыншаларды өсіру
схемасы (сиырлардың өсуі
1.3.3 Төлдерді етке өсіру схемасы (өткізгендегі тірі салмағы 400 кг).................11
1.3.4 Малдың азыққа төсеніш
және суға қажеттілігі, ц.............................
1.4 Сүт және ет өндірісінің көлемін
есептеу.......................
1.4.1 Сүтті сату және өндіру........................
1.4.2 Сиыр етін тірі салмағына
өндіру........................
1.4.3 Малды бордақылауға қою
мен оны етке сату жоспары.......................
1.4.4 Сүт және ет өндіру бойынша 2015 жылға жоспарлық тапсырмалар..........16
1.5 Еңбекті ұйымдастыру...................
1.6 Шаруашылықтың экономикалық
тиімділігін бағалау.......................
Қорытынды мен ұсыныстар.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі20
Кіріспе
Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығындағы ең маңызды сала. Аса қажетті азық-түлік (сүт, май, ет, тағы басқа сойыс өнімдері), бағалы жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын (тері, қылшық, мүйіз, т.б) береді. Қазақстанда сиыр етін өндіру осыдан 25 жыл бұрынғы деңгейге әлі жеткен жоқ. 1990 жылы елімізде сойылған мал есебі бойынша 1,6 млн. т ет өндірген болатын. Оньң ішінде сиыр етінің үлесі 45 пайызды көрсетеді. 2010 жылы бұл көрсеткіш 700 мың тоннадан шамалы ғана асты, оның ішінде сиыр етінің мөлшері 50% құрады. 1990 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімдеме бойынша ТМД –да ірі қара малының жалпы саны 118,3 млн басқа жетсе, оның ішінде сауынды сиыр 41,7 млн-ға жеткен. Қазақстанда жалпы ірі қара мал саны 9,7 млн–нан, ал сауынды сиыр 3,2 млн-нан асқан. 1932 жылы асыл тұқымды ірі қара малы 10%-ға жетсе, 1990 жылы 95%-дан асты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2004 жылы ірі қара саны 5 млн 803,7 мың бас болса, оның ішінде сиырдың саны 2 млн 379,4 мың басқа жеткен. Әрбір жыл сайын ірі қара басының саны көбеюде. Отанымыздың азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45 пайызға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда. Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті-етті және 8-сүтті ірі қарасының асыл тұқымды малдары өсірілуде, бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде, бұрынғыдай сиыр еті өндірісін көбейту тек сүтті және сүтті-етті ірі қара мал тұқымын пайдалану негізінде шешілуде. Арнайы етті ірі қара мал тұқымдарының көптеген ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Олар жоғары ет өнімділігімен және аса сапалылығымен, тез жетілгіштігімен, өнімге азықты аз жұмсайтындығымен ерекшеленеді. Сойған кезде жеуге жарамды жүмсақ еті мол, халықаралық стандарт талабына сай ауыр ұша және сапалы тері, шикізат алынады. Етті ірі қара шаруашылығы саласына шығын аз жұмсалады және жерді экстенсивті пайдаланатын аймақтарда тиімді ет өндіруге мүмкіндік береді. Жақын жылдары бұл саланы ірілендіруге, шаруашылық субъектілерін мамандандыруға, шаруашылықтарда етті ірі қара малының көпшілік бөлігін шоғырландыруға, жергілікті азық жағдайына, ұдайы өндіруді қарқынды жүргізуге, төлдерді өсіруге, жайып-семіртуге және бордақылауға, өндіріс-үрдісін ықшамдауға, сиырдың маусымдық төлдеуін реттеуге байланысты жұмыстар атқарылуы тиіс. Бұл шаруашылықтарда отандық етті ірі қара малдың таза тұқымдарын кебейтуге және шағылыстыруға етті ірі қара мал тұқымының әлемдік қорын пайдалануға жол ашады. Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы қабылданып, облыста осы жобаның шеңберінде 2011-2015 жылдарға арналған «Сыбаға» бағдарламасын бекіткені белгілі. Онда шетелдік селекцияның жоғарғы өнімді ірі қара малының импортымен ет бағытындағы репродуктор-шаруашылықтар желісін құру жөнінде әр облысқа нақты тапсырмалар берілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты тауарлы ірі қара мал табындарында етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалар қолдану арқылы мал тұқымын жақсарту және бордақыланатын мал контингентін құру. Бұл табындардың өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
2011-2014 жылдары «Сыбаға»
бағдарламасы бойынша
Экспортқа өңделген сапалы ірі қара мал етін шығару мақсатында Алға қаласында етті қайта өңдеу комбинатының құрылысы жүргізілуде. Жобаның қуаттылығы жылына 7 200 тонна ет өндіреді. Құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, төртінші тоқсанда іске қосылуы күтілуде.
Негізгі бөлім
1 Технологиялық-жобалық бөлім
1.1 Ірі қара малдың жылдық айналымы
Табынның айналымы дегеніміз уақыттың белгілі бір кесімді кезеңінде малдың орын алмастырылуларын (кіріс, шығыс және т.б) білдіреді.
1 кесте – Ірі қара мал табынының жылдық айналымы 2015 жылға, бас
Жыныстық жастық тобы |
01.01 саны |
Кіріс |
Шығыс |
31.12 саны |
Орташажылдықмал басы | ||||
туғаны |
Сатып алғаны |
Кіші топтан ауысқан |
Жоғары топқа ауысқан |
Мемлекетке өткізгені |
Қоғамдық тамаққа | ||||
Сиырлар |
545 |
131 |
109 |
567 |
556 | ||||
Құнажындар |
109 |
76 |
131 |
0 |
3 |
51 |
80 | ||
1 жастан үлкен тайыншалар |
62 |
119,5 |
76 |
0 |
6 |
119,5 |
91 | ||
1 жылға дейінгі тайыншалар |
140 |
20 |
285 |
119,5 |
19 |
2 |
285 |
212 | |
1 жастан үлкен өгізшелер |
234 |
397,5 |
330,5 |
5 |
296 |
265 | |||
1 жылға дейінгі бұқашықтар |
467 |
285 |
397,5 |
62 |
8 |
285 |
376 | ||
Туғаны: |
|||||||||
Тайыншалар |
299,5 |
285 |
14,5 |
||||||
Бұқашықтар |
299,5 |
285 |
14,5 |
||||||
Бордақылаудағы сақа мал |
109 |
109 |
|||||||
Барлығы: |
1557 |
599 |
20 |
1403 |
1403 |
520 |
52 |
1603,5 |
1580 |
Қорытынды: Ірі қара мал табыны жыныстық-жастық топтар бойынша жеке-жеке көрсетілді. Кестенің кіріс бөлігіндегі туған тайыншалар мен бұқашықтар саны 599 бас, сатып алған 1 жылға дейінгі тайыншалар 20, ал кіші топтан ауысып түскен жалпы саны 1403 басты құрады. Шығыс бөлік шығыны бойынша мемлекетке өткізгені 520, қоғамдық тамаққа берілгені 52 және жоғары топқа ауысқан мал саны 1403 бас болды. Орташа жылдық мал басы жыл басындағы мал басы қосындысының жартысына тең болғанда 1580 басты көрсетті.
1.2 Сиырлар мен тайыншалардың бұзаулауы мен оларды ұрықтандырудың жоспары
Сиырдың тірі салмағы оның жасымен тығыз байланысты. Өте ерте ұрықтандыруға қосу сиырдың беретін сүт өніміне қолайсыз әсер етеді, оның өсуін тежейді. Алғаш ұрықтандыруға кеш қосу сауын сүтке болымсыз әсер етеді. Бірақ та алғаш ұрықтандыруды кеш жасау – экономикалық жағынан қолайсыз, оларды өсіруге кететін еңбек шығындар, құралдар, азықтар жоғары болады. Кеш ұрықтандырылған сиырлар өмір сүру аралығында төлді аз беретіндіктен, сүтті де аз береді. Алғашқы ұрықтандыру уақыты бірқатар жағдайларда байланысты, ол негізінен малдардың тұқымдық және өзіндік ерекшеліктеріне, азықтандыру, күтілу және т.б. жағдайларға байланысты.
2 кесте - Сиырлар мен тайыншалардың
бұзаулауы мен оларды
Айлар |
Өткен жылы |
Жоспарланған жылы | ||||
ұрықтандыру |
ұрықтандыру |
бұзаулау | ||||
сиырлар |
тайыншалар |
сиырлар |
тайыншалар |
сиырлар |
тайыншалар | |
Қаңтар |
45 |
6 |
45 |
23 | ||
Ақпан |
45 |
6 |
46 |
23 | ||
Наурыз |
45 |
5 |
45 |
23 | ||
Сәуір |
45 |
22 |
45 |
5 |
45 |
23 |
Мамыр |
45 |
22 |
45 |
5 |
45 |
22 |
Маусым |
45 |
22 |
45 |
5 |
46 |
|
Шілде |
45 |
22 |
45 |
5 |
46 |
|
Тамыз |
45 |
21 |
46 |
5 |
45 |
|
Қыркүйек |
45 |
46 |
5 |
46 |
||
Қазан |
45 |
46 |
5 |
45 |
6 | |
Қараша |
45 |
46 |
5 |
46 |
6 | |
Желтоқсан |
45 |
46 |
5 |
45 |
5 | |
Барлығы |
405 |
109 |
545 |
62 |
545 |
131 |
Қорытынды: Өткен жыл бойынша сәуір айынан бастап сиырлар 405 бас, ал тайыншалар 109 бас ұрықтандырылды. Жоспарланған бойынша ұрықтандыру сиырларда 545 бас, тайыншалар 62 бас болатын. Бұзаулауы сиырларда 545 бас, ал тайыншаларда 131 басты құрады.
1.3 Малды азықтандыру және күтіп бағу
1.3.1 Сауын сиырлардың
қысқы кезеңге арналған
Шаруашылықтағы мал денсаулығын сақтап, өсіп-өнуі мен өнімділігін арттыруды нормалап, организмнің сыртқы ортадан енетін қоректік заттарға мұқтаждық көрсеткіштеріне малдың жеген азығының қоректілігін сәйкестендіріп, мөлшерлеп азықтандыру негізінде іске асырады. Организмнің зат алмасу барысындағы тіршілігін қамтамасыз ету мен өнім түзу қажеттілігінен туындайтын малдың мұқтаждық көрсеткіштері азықтандыру нормасы арқылы белгіленеді. Ол көрсеткіштер түлік түріне, жасына, жынысына, өнімдік бағыты мен тұқымына, физиологиялық ахуалы мен тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты өзгереді. Азықтандыру нормасына негіздеп азықтандыру рационын, яғни әр мал басына жегізілетін жем-шөп мөлшерін құрастырады.
3 кесте – Сауын сиырлардың қысқы кезеңге арналған тәуліктік рационы, ( тірі салмағы; сүт өнімі; майлылығы, %)
Азықтар |
Тәуліктік азық мөлшері |
Азықта бары | |||||
Азық өлшемі |
Қант,г |
Қорытылатын протеин, г |
Са, г |
Р, г |
Каротин, мг | ||
Пішен |
9 |
5,31 |
249,3 |
324 |
25,29 |
7,83 |
244,8 |
Жоңышқа пішені |
4,6 |
2,208 |
360,18 |
427,8 |
56,58 |
8,188 |
116,978 |
Жүгері сүрлемі |
6,6 |
1,254 |
16,5 |
92,4 |
8,58 |
3,96 |
116,16 |
Жоңышқа пішендемесі |
1 |
0,29 |
75 |
6,52 |
0,92 |
21,5 | |
Концентраттар |
1 |
1,17 |
22 |
91 |
1,22 |
2,15 |
|
Бидай сабаны |
3 |
0,66 |
45 |
11,49 |
2,19 |
9,9 | |
Диаммоний фосфат |
1,5 |
62,1 |
225 |
34,5 |
|||
Динатрий фосфат |
0,4 |
8,8 |
|||||
Фторсыз фосфат |
0,07 |
20,4 |
0,96 |
||||
Тұз |
0,07 |
||||||
Бор |
0,08 |
||||||
Рационда барлығы |
10,892 |
710,08 |
1055,2 |
130,08 |
69,498 |
509,338 | |
Норма |
10,5 |
950 |
1055 |
73 |
51 |
475 | |
Нормадан айырмашылығы |
0,39 |
-239,92 |
0,199999 |
57,08 |
18,498 |
34,338 |
Қорытынды: Сауын сиырлардың қысқы кезеңге арналған тәуліктік рационының нормадан айырмашылығы азық өлшемінде 0,39, қант -239,92 г, қорытылатын протеин 0,19999 г, кальций 57,08 г, фосфор 18,498 г, ал каротин мөлшері 34,388 мг көрсетті.