Еегіншіліктің ғылыми негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Июля 2015 в 17:42, лекция

Краткое описание

1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары
2 Топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру жолдары
3 Топырақ режимдері және оларды оңтайландыру жолдары
4 Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары

Прикрепленные файлы: 1 файл

магистратура жауабы.docx

— 37.76 Кб (Скачать документ)

Сүрі танапқа енгізілген минералды тыңайтқыштардың әсерінен топырақтағы қоректік элементтердің жылжымалы түрлері көбейіп, арпа өсімдіктерінің  қоректену жағдайлары жақсаратындығы белгілі.

Мысалы, тәжірибе танабына тыңайтқыштар енгізілгенге дейінгі нитраттың (40,3 мг/кг), жылжымалы фосфордың (23,2 мг/кг) және ауыспалы калийдің (550 мг/кг) бастапқы көлемін айта келіп, зерттеу үлгісіндегі P30  аясында берілген 30 кг азоттың арқасында топырақтың 0-40 см қабатындағы нитраттардың мөлшері түптену кезеңінде орта есеппен 1,8 мг, топырақты негізгі өңдеу алдында енгізілген 30 кг әсерлі зат дәрежесіндегі суперфосфаттың әсерінен арпа себер алдындағы жылжымалы фосфор 1,0-1,1 мг көтерілетіндігі анықталды.

Көктемде тұқыммен бірге қатарлап берілген P15 нұсқасындағы фосфор қышқылының шамасы да өсімдіктердің түптену кезеңінде өзінің тиісті өсімін тапқан.Ал егін жинар алдындағы топырақ үлгілеріне жүргізілген зертханалық талдаулар арпа өнімінің деңгейіне сәйкес егістік танабында қалған қоректік элементтердің нақты көлемін сипаттайды.

Жоғарыда айтылған жайларды түйіндей келсек, ылғалы жеткіліксіз тәлімі жердегі ауыспалы егістің сүрі танабына минералды тыңайтқыштар енгізу арпа егістігінің қоректік заттармен жабдықталуын жақсартып, өсімдіктердің өсу жағдайын  оңтайландыра түсуге айтарлықтай негіз қалайды.

 

3.4 Тұқымның егістік өнгіштігі

 

Мәдени дақылдар тұқымының өнгіштігін көтеру ертеден-ақ көптеген зерттеушілердің басты назарына іліккен, бірақ бұл әсіресе кейінгі жылдары шешімін тағатсыз күткен өзекті мәселеге айналып отыр. Аграрлық ғылымның түрлі салаларының даму нәтижесінде тұқымның төмен өнгіштігінің кейбір себептерін айқындайтын маңызды фактілер анықталып, зертханалық және егістік өнгіштікті көтерудің  жаңа жолдары қарастырылуда.

Егістіктегі дән өнімін құрауға қатысатын алаң бірлігіндегі өсімдіктер саны әрдайым тұқымның егістік өнгіштігіне тікелей бағынышты келеді. Сондықтан ылғалы жеткіліксіз тәлімі жер үшін оның аса құрғақ климатты жағдайында аталған көрсеткіштің құндылығы сөзсіз арта түспек.

Тәжірибедегі есептеулерге жүгінсек, тұқым сіңіру тереңдігіндегі топырақ ылғалдылығының шамамен бірдей болғанымен, басқа егістіктерге қарағанда сүрі жерге себілген жаздық арпаның егістік өнгіштігі біршама жоғары екендігі байқалады. Мәселен, 1979-1992 жылдар ішінде сүрі жердегі арпаның егістік өнгіштігі орта есеппен 74,3% құраса, ал екінші және үшінші дақылы мен танабы үздіксіз ауыспайтын егістіктерде тиісінше 72,0; 70,5 және 68,2% немесе 2,3; 3,8 және 6,1 пайызға кеміген. Мұндай құбылыс, біздің пікірімізше, ауыспалы егістегі алғы дақылдарға қарай топырақтың жыртылатын қабатының құрылымына және сүрі танап бетіндегі аңыздық қалдықтардың жоқтығына байланысты болуы керек.

Зерттелген жылдары тұқым себу мөлшері мен оның егістік өнгіштігінің арасында орнығатын кері тәуелділікті айта кетуіміз қажет, яғни себу мөлшері көбейген сайын тұқымның егістік өнгіштігі төмендей түседі және керісінше қайталануы ықтимал.

Атап айтсақ, себу мөлшерін гектарына 2-ден 5 млн. дәнге арттыру сүрі жердегі арпаның егістік өнгіштігін 6,2%, екінші дақылында 6,3%, үшінші дақылында 6,9 пайызға төмендеткен.

Сүрі танапта жүргізілген тәжірибедегі қоректену аясы мен аумағына қарай жаздық арпаның егістік өнгіштігін талдай келсек, тыңайтқышсыз нұсқадағы бұл көрсеткіштің орташа мәні 74,7% болса, 15 кг фосфорды тұқыммен бірге қатарлап енгізгенде 77,8%, Р30 аясында 79,0%, N30Р30 – 78,8 пайызға теңелген.

Көп факторлы тәжірибе нәтижелерін дисперсиялық талдау арпа тұқымының егістік өнгіштігі бірінші кезекте қоректену аумағы мен аясына (48,5-63,1%), сонан соң алғы дақылға (25,6-38,5%) қарай өзгеретіндігін көрсетеді.

Тәжірибедегі сыналған агротехникалық шараларға сәйкес жаздық арпаның егістік өнгіштігі жөніндегі деректерді жинақтай келе төмендегідей тұжырым жасауға болады. Аталған көрсеткіштің түзілу шамасы алғы дақылға, қоректену аумағы мен аясына қарай бірталай аралықта ауытқиды, дегенмен негізгі анықтаушы фактор ретінде тұқым сіңіретін тереңдіктегі топырақ ылғалы мен температурасын атауымыз қажет.

 

3.5 Тамыр жүйесінің дамуы

 

Тамыр жүйесінің қуаттылығы – топырақ ылғалдылығы мен құнарлылығын барынша пайдаланудың арқасында сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің төзімділігін арттырып, тіршіліктегі маңызды бірқатар органикалық қосылыстардың алғашқы синтезінде айтарлықтай қызмет атқаратын және өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерінің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі.

Өсімдіктердің даму сатысында бас өркен мен түптену өркеніндегі, әсіресе колеоптиль буынындағы буын тамырлардың барынша қарқынды қалыптасуы түптену-түтіктену кезеңінде байқалады. Түтіктену кезеңінен кейін ұрық тамырлар мен колеоптиль буындағы тамырлардың өсуі бірден әлсірегенімен, бірақ олардың тіршілігі дәннің сүттенген мезгіліне дейін тоқтамайды. Оның есесіне түтіктену – масақтану кезеңінде бас өркеннің буын тамырлары жанданып, өсуді ерекше үдете түседі. Арпа өсімдіктерді бас шығарғаннан соң тамырлардың дамуы өте баяу болса да, олардың өсуі дән толысқанға дейін жалғасады.

Тамырлардың тармақтану қарқындылығы олардың ең белсенді аймағы жөнінде дұрыс мағлұмат алуға мүмкіндік жасайды. Жүргізілген бақылаулар арпаның ұрық тамырларының барынша жедел тармақтануы түптену кезеңінде 5-25 см, түтіктенуде 15-35, масақтану мен сүттенуде 45-70 см тереңдікте өтетіндігін дәлелдейді. Ал 25-35 см тереңдіктегі топырақтың аса тығыздығынан тамырлардың тармақтануы өте әлсіресе, тереңдеген сайын кейінгі ылғалдырақ және мейлінше тығыздалмаған қабаттарда қайтадан арта түседі. Ылғал қоры азая келе топырақтың жоғары қабатындағы жанама тамырлардың біраз бөлігі тіршілігін тоқтатып, сол себепті қуаңшылық жылдары өсімдіктер дамуының соңғы кезеңдерінде тармақтану қарқыны күрт бәсеңдейді.

Біздің тәжірибеде алынған мәліметтер арпа өсімдіктерінің топырақтағы буын тамырларының дамуы алғы дақыл мен тұқым себу мөлшеріне, сондай-ақ нақты жылдың жауын-шашынмен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты өзгеретіндігін айқын көрсетеді.

Зерттеу жүргізілген 1986-1992 жылдары гектарына 3 млн. дән себілген егістікте өсу кезеңі бойынша арпаның 1 өсімдікке шаққандағы буын тамырларының саны сүрі жерге себілген егістікте орта есеппен 16,0 данаға, арпаның сүрі жерден кейінгі екінші дақылында 12,6, үшінші дақылында 10,8 данаға теңелсе, ал үздіксіз бір танапқа себілетін арпа егістігінде небары 6,5 дана тамыр түзілген (2-сурет).

Сүрі танаптағы арпаның 1 өсімдікке шаққандағы буын тамырларының саны егістікте қолданылатын минералды тыңайтқыштар мен тұқым себу мөлшеріне қарай түрліше қалыптасатынын дәлелдейді.

 


Информация о работе Еегіншіліктің ғылыми негіздері