Еегіншіліктің ғылыми негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Июля 2015 в 17:42, лекция

Краткое описание

1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары
2 Топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру жолдары
3 Топырақ режимдері және оларды оңтайландыру жолдары
4 Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары

Прикрепленные файлы: 1 файл

магистратура жауабы.docx

— 37.76 Кб (Скачать документ)

Егіншілік жүйесі – жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротех. мелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Егіншілік жүйесіне жер жағдайына, ауа райының ерекшеліктерін еске ала отырып, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, дақылды жақсы жерге егу және сапалы тұқым себу, жерді органик., минералдықтыңайтқыштармен тыңайту, суғармалы жерге егілген дақылдарды дер кезінде қандыра суғару, қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру, арамшөппен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу, т.б. жатады. Ғылым негізде дұрыс құрылған ауыспалы егіс жүйесі жердің құнарлылығын арттыра түседі, барлық дақылдардың өнімділігін көтеріп, оның сапасын жақсартумен қатар, ауыл шаруашылыгы машиналарын, техникалык, материалдық ресурстарды, қарқынды технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Дақылдардың құрамына, олардың үлес салмағына қарай ауыспалы егіс жүйесі әр түрлі аталады. Республиканың топырақ-климат жағдайына байланысты Қазақстанда аймақтық Егіншілік жүйесі енгізілуде. Белгілі бір аймақтың ерекшеліктеріне қарай осы жүйенің өзі топырақ қорғау жүйесі, суғармалы жүйе және тау жүйесі, т.б. болып бөлінеді. Топырақ қорғау жүйесі Қазақстанныңсолтүстік, батыс және орталық аудандарындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жыртылады, оған көбіне жаздық дақылдар егіледі. Суғармалы жүйе республиканың оңт.-шығысындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда арнайы ауыспалы егіс игерілген, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар алмастырылып отырылады. Тау Егіншілік жүйесін Алматы облысының шаруашылықтары пайдаланады. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жырту ауыспалы егістігі игерілген. Дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдар егіледі.

Дереккөздер[өңдеу]


ЕГІНШІЛІК 
І ЕГІНШІЛІКТІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 
1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары 
 
Ауылшаруашылық дақылдарының - өсімдік тіршілігі факторларымен қамтамасыз етілуі – жоғары өнім алудың кепілі. Өсімдіктердің осы факторларға қоятын талаптары. 
 
Өсімдік тіршілігінің ғарыштық және жер бетіндегі факторлары. Өсімдік тіршілігі факторларын оптималдау. Топырақ құнарлылығын арттырудың және оны егіншілкте қолданудың теориялық негізі. 
 
Егіншілік заңдары: өсімдік тіршілік факторларының физиологиялық жағынан тепе-теңдігі және бір-бірімен алмастыруға болмайтындығы, минимум, оптимум, максимум, өсімдік тіршілігі факторларының бір мезгілде және бірлесіп әрекет ету, қайтарым заңдары. Оларды Қазақстанның аймақтары бойынша жоғары және сапалы өнім алу үшін пайдалану. 
2 Топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру жолдары 
 
Топырақ құнарлылығы мен оны құнарландыру – мол өнімнің негізі көзі. Топырақ құнарлылығының түрлері. Құнарлылықты ұлғаймалы ұдайы және қарапайым ұдайы жоғарылату. 
 
Топырақ құнарлылығының биологиялық факторлары. Топырақтың органикалық заттары, топырақ биотасы, фитосанитарлық жағдайы. Топырақты құнарландырудағы мәдени өсімдіктер мен ауыспалы егістердің, тыңайтқыштардың атқаратын рөлі. 
 
Топырақ құнарлылығының агрофизикалық көрсеткіштері. Топырақтың – гранулометриялық құрамы, құрылымы, құрылысы, тығыздығы, қуыстылығы. Олардың өсімдіктер тобы мен топырақ түрлері үшін қолайлы көрсеткіштері. Топырақтың гумустық қабатының қалыңдығы және оның маңызы туралы агрономиялық түсініктер. Егіншілікте агрономиялық жағынан бағалы топырақ құрылымының пайда болуы. Топырақ құрылымының оның агрофизикалық қасиеттерімен байланысы, оны жақсарту жолдары. 
 
Топырақ құнарлылығының агрохимиялық көрсеткіштері. Топырақтағы қоректік заттардың құрамы мен мөлшері. Олардың топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашіріндісіне, орта реакциясына, ылғалдылығына және басқа жағдайларға байланыстылығы. 
3 Топырақ режимдері және оларды оңтайландыру жолдары 
 
Топырақ режимдері және оларды егіншілікте оңтайландыру. Топырақтағы су түрлері, өсімдіктерге сіңімділігі. Өндіріс жағдайындағы судың ысырап болу жолдары. Топырақтың су теңгерімі. Суды пайдаланудың жиынтық мөлшері және коэффициенті. Суарудың топырақта жүретін процестерге және микроклиматқа әсері. Суармалы егіншіліктегі топырақтың ылғалдық режимінің ерекшеліктері. Топырақтың ылғал режімін реттеу жолдары. 
 
Топырақтың ауа режимі және оны реттеу. Топырақ пен атмосфера арасындағы газ алмасудың агротехникалық маңызы. Газ алмасу факторлары. Топырақтың ауалық қасиеттері. Топырақтың ауа режимін реттеу тәсілдері. 
 
Топырақтың жылу режимі. Ауылшаруашылық дақылдарының жылуға қоятын талаптары. Жылу көздері. Топырақтың жылулық қасиеттері. Олардың топырақ құрылысына, гранулометриялық құрамына, жер бедеріне және агроландшафтың басқа көрсеткіштеріне байланыстылығы. Топырақтың тоңдануы мен жібуі. Егіншілікте топырақтың жылу режимін реттеу тәсілдері. 
 
Топырақтың қоректік заттар режимі. Топырақтағы қоректік заттардың динамикасы мен режимі, оның сілтілік-қышқылдық және сіңіру қабілеті. Топырақтағы қоректік элементтерінің қоры, олардың өсімдіктерге сіңімділігі. Өсімдіктер сіңіре алмайтын қоректік элементтердің оңай сіңіре алатын түрге алмасуы. Өсімдіктердің қоректенуінде топырақтың және микроорганизмдердің алатын орны. Егіншілікте топырақтың қоректік режимін реттеу жолдары.  
 
Интенсивтік егіншілікте топырақ құнарлылығын жақсартудағы нормативті-технологиялық негіздердің маңызы. 
4 Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары 
 
Топырақ эрозиясы мен дефляция туралы ұғым, олардың туу себептері. Эрозия түрлері, даму механизмі, келтіретін зияндары. Әр түрлі дәрежеде эрозияға ұшыраған топырақтың құнарлылығы. 
 
Ауыл шаруашылығы дақылдарын эрозияға төзімділігі қабілетіне байланысты бағалау. Жел және су эрозияларымен күрестің кешенді шаралары. Топырақты ирригациялық эрозиядан, екінші рет тұзданудан және батпақтанудан сақтау. 
 
Істен шығып бүлінген және қалпына келтірілген жерлерді (рекультивация) пайдалану ерекшеліктері. 
ІІ АРАМШӨПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС 
 
Арамшөптер, арамшөп қоспасы немесе ластаушылар, маманданған және қоқыстық (рудералдық) арамшөптер туралы түсініктер. 
 
Арамшөптердің егіншілікке келтіретін негізгі зияндары: ылғалды, қоректік заттарды мәдени өсімдіктерге қарағанда көп мөлшерде пайдалануы, ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерін тарататын орта болуы, улылығы және басқа зиянды жақтары. 
 
Агрофитоценоздың қалыптасуы, оның табиғи фитоценоздан айырмашылығы, түрлік құрамы мен құрылымы. 
 
Арамшөптердің фитоценотикалық статистикалық, экономикалық шектері. Ауылшаруашылық дақылдарының арамшөптерге ең төзімсіз кезеңдері. 
 
Арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері. Арамшөптердің тұқымдық өсімталдығы, олардың кеңістікте таралу жолдары. 
 
Тұқымның биологиялық қасиеттері: дем алуы, тіршілік қабілетін ұзақ сақтауы, түрлі жемістілігі, арамшөп тұқымдары мен жемістерінің бір мезгілде көктеп шықпауы, әр уақытылы пісуі. 
 
Арамшөптердің вегетативтік жолмен: тамырсабақтары, атпатамырлары, баданалары, түйнектері және басқада вегетативтік мүшелері арқылы көбеюі. 
 
Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу: қоректену тәсілі, өмір сүру ұзақтығы, өсіп-даму мерзімі, көбеюінің ерекшеліктері бойынша топтарға бөлу. 
 
Егіншілік алқаптарында жиі кездесетін арамшөптердің сипаттамасы. Аз жылдық (раңтәріздес, жаздық, күздік, қыстап шығатын, екі жылдық), көп жылдық (көгентамырлы, атпатамырлы, кіндіктамырлы, түйнектамырлы, өрмелегіштер) арамшөптер өкілдеріне қысқаша сипаттама. 
 
Егістіктің және топырақтың арамшөптенуін есепке алу әдістері: көзбен шамалау (визуалды), сандық-салмақтық, сандық, лабораториялық. Танаптың арамшөптену картасын жасау. Картаға түсіру техникасы, жиілігі. Арамшөптену картасын ауыспалы егістерде арамшөптерді жою үшін пайдалану.  
 
Арамшөптермен күрес әдістерін топтау принциптері мен белгілері: алдын ала сақтандыру шаралары, арамшөптерді әртүрлі тәсілдер (физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық, фитоценотикалық, экологиялық, ұйымдастырушылық, кешенді) арқылы жою. 
 
Арамшөптермен алдын ала күрес шаралары: карантиндік шаралар, тұқымды тазалау, органикалық тыңайтқыштарды дұрыс дайындау және сақтау, суару суының тазалығы. 
 
Арамшөптермен агротехникалық жолмен күрес: арамшөптердің топырақтағы тұқымдарын, вегетативтік көбею мүшелерін жою әдістері, көктеп шыққан арамшөптерді отау. Арамшөптермен күресутің биологиялық әдісі. Оның бүгінгі жағдайы мен келешегі. 
 
Арамшөптермен күрестің химиялық әдістері. Гербицидтердің арамшөптерге әсерінің механизмі, оларды жіктеу, қолдану тәсілдері, мерзімі және қолданудың тиімділігін анықтайтын жағдайлар. Негізгі ауылшаруашылық дақылдары егістіктерінде, жайылымдықтар мен шабындықтарда гербицидтерді қолдану. Гербицидтерді қолдану техникасы, олармен жұмыс істегендегі сақтандыру шаралары. Гербицид қолданудың экологиялық тәртібі. Арамшөптермен күрестің кешенді шаралары. 
IІІ АУЫСПАЛЫ ЕГІС 
 
Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері. Ауыспалы егіс, егіс көлемінің құрылымы, бірдақылдылық (монодақылдылық), алмаспайтын (үзіліссіз) дақыл, қайталап себілетін дақылдар, пайдаланылатын жерлер туралы түсініктер. 
 
Ауыспалы егістердің даму тарихы. Оның ғылыми негізде дамуындағы көп жылдық далалық тәжірибелердің атқаратын рөлі. 
 
Дақылдарды алмастырып егудің себептері: химиялық, физикалық, биологиялық және экономикалық. 
 
Парды және дақылдардың жеке топтарын алғы егіс ретінде сипаттау. Парлар және олардың ауыспалы егістегі рөлі, алғы дақыл ретіндегі маңызы мен сипаттамалары. Парларды жіктеу, олар туралы осы күнгі көзқарастар. 
 
Көпжылдық екпе шөптердің, отамалы, жаппай себілетін дәнді-бұршақты, дәнді дақылдардың ауыспалы егісте алатын орны мен маңызы. Аралық дақылдар. Ауылшаруашылық өндірісін интенсивтендіру жағдайында аралық дақылдар мен сидераттардың агротехникалық маңызы. Аралық дақылдарды жіктеу. Аралық дақылдардың ауыспалы егістегі орны және оларды тиімді пайдаланудың негізгі шарттары. 
 
Ауыспалы егістерді өндірілетін негізгі өнім түріне, егістің далалық, малазықтық, арнайы типтерге бөлінуі. 
 
Ауыл шаруашылығы дақылдары мен пардың арақатынасына және танап санына байланысты ауыспалы жіктеу. 
 
Ауыспалы егістерді құрудың принциптері. Қазақстанның әр түрлі егіншілік аймағында ауыспалы егістерді құрудың агроэкологиялық принциптері.  
 
Далалық, малазықтық және арнайы ауыспалы егістердің негізгі буындары. Танаптардың көлемі мен пішіні, оларды оптималдау. Ауыспалы егіс айналымы. 
 
Далалық және құрғақ далалық аймақтардағы егістік ауыспалы егістер, нобайлары. Ондағы ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың арақатынасы (меншікті үлесі). Топырақты қорғау ауыспалы егістері және олардың нобайлары. 
 
Суармалы егіншіліктегі күріш, мақта, қант қызылшасы, темекі, көкөніс ауыспалы егістері, олардың нобайлары. 
 
Тәлімі егіншіліктің ерекшеліктері, орналасқан аймақтары. Тәлімі егіншілік топтары. өте қуаң тәлімі жер, жартылай қуаң тәлімі жер, қуаң тәлімі жер, олардың сипаттамасы, ауыспалы егіс нобайлары. 
 
Малазықтық ауыспалы егістің түрлері, олардың нобайлары. Көлтабан арқылы суарылатын жерлердегі дақылдар құрамы және ауыспалы егістері. Ауыспалы егістерді бағалау көрсеткіштері. 
 
Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және игеру үшін картограммаларын, танаптың арамшөптену картасын, жер бедерін, дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін және басқа факторларды пайдалану. Ауыспалы егістердің тиімділігін анықтау. Агроқұжат пен танаптардың тарихи кітапшасы. 
 
 
ІV ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ 
 
Топырақ өңдеудің мақсаттары мен міндеттері. Топырақ өңдегенде жүретін технологиялық операциялар (процестер). Топырақтың технологиялық қасиеттері. 
 
Топырақты негізгі өңдеу тәсілдері, жүргізу техникасы және құралдары.  
 
Топырақты терең және арнайы өңдеудің тәсілдері: фрезалау, саңлаулау, ін тәрізді қуыстар жасау, қат-қабаттап жырту, плантажды жырту. 
 
Топырақтың беткі қабатын өңдеу тәсілдері: сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, тығыздау (катоктау), шлейфтеу, қарық тарту, ұялау, түптеу, шоқтау, мала басу (малалау). 
 
Топырақ өңдеу тереңдігі және өңдеу қабатын қалыңдату. Қазақстанның далалық және құрғақ далалық аймақтарында бір жылдық жаппай себілетін, жаздық дақылдар үшін отамалы дақылдардан, екпелі көпжылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Топырақтың терең өңдеу қабатын жасау. 
 
Сүдігер өңдеудің мерзімі және тереңдігі. Олардың топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсері. 
 
Отамалы дақылдардан кейін танаптың жағдайы. Жаппай себілетін бір жылдық дақылдармен салыстырғанда отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу ерекшеліктері. 
 
Екпелі көпжылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Олардың топырақтың физикалық қасиеттеріне әсері. Екпелі көпжылдық шөптердің қыртысын негізгі өңдеуге қойылатын талаптар. Көпжылдық шөптердің қыртысын өңдеу мерзімі мен тереңдігі, олардың маңызы. 
 
Көктемде топырақты негізгі өңдеу, оның жүргізілу мерзімі және тереңдігі. Көктемде топырақты негізгі өңдеудің кемшіліктері. 
 
Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесінің маңызы және мақсаты, жүргізу құралдары. 
 
Егін сепкеннен кейін топырақ өңдеу жүйесі, маңызы, мақсаты, жүргізу мерзімі және тереңдігі, құралдары. 
 
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы суармалы егіншілікте жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі. 
 
Біржылдық жаппай себілетін дақылдардан кейін топырақты негізгі өңдеу жүйесі. Сүдігер жырту, оның ерекшелігі, жырту мерзімі мен тереңдігі, құралдары. 
 
Отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу жүйесі, жырту мерзімі және тереңдігі. 
 
Екпелі көпжылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Сүдігер жырту ерекшеліктері, мерзімі, тереңдігі, құралдары. 
 
Аралық дақылдар, маңызы, түрлері, өсіруге керекті сыртқы орта жағдайлары. Аралық дақылдар үшін әр түрлі алғы егістерден кейін топырақ өңдеу жүйесі. 
 
Аймақтың топырақ-климат ерекшеліктеріне байланысты егін сепкенге дейін жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесі, өңдеу тереңдігі мен құралдары. 
 
Суармалы егіншілікте егін сепкеннен кейінгі жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесінің мақсаты, жүргізілу мерзімі, тереңдігі, құралдары. 
 
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарынның тәлімі егіншілігінде топырақ өңдеу жүйесі. Тәлімі егіншіліктің суармалы және суарылмайтын егіншіліктен айырмашылығы. Сүдігер өңдеу мезгілі, тәсілі, тереңдігі, құралдары. 
 
Жаздық дақылдар үшін егін себер алдындағы және сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі. 
 
Күздік дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі. Пар өңдеу жүйесі: тәсілі, тереңдігі, құралдары. 
 
Ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі егіншілікте таза парды негізгі өңдеу және жаз айларында күтіп-баптау. 
 
Егіншілікте республиканың суарылмайтын астықты солтүстік, батыс және басқа өңірлерінде пар өңдеу жүйесі (мерзімі, тереңдігі, құралдары). Ықтырмалы парды өңдеу жүйесінің ерекшелігі. 
 
Пардан басқа алғы дақылдардан кейін күздік дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі: екпелі көпжылдық шөптерден, отамалы және дәнді дақылдардан кейін топырақ өңдеу жүйесі, ерекшеліктері. 
 
Эрозияға ұшырайтын жерлердегі топырақ өңдеу жүйесінің ерекшелігі. Жерді өңдеу тәсілдері.  
 
Топырақты минималды өңдеу, мақсаты, бағыттары, өңдеу ерекшеліктері, құралдары. 
 
Топырақты нөлдік өңдеу, оған осы күнгі көзқарас. Нөлдік өңдеудің топырақтың негізгі қасиеттеріне тигізетін әсері. 
 
Топырақты жылдам өңдеу, оның еңбек өнімділігіне, топырақ өңдеу сапасына әсері. Топырақ өңдеу сапасына агротехникалық баға беру. 
V ЕГІНШІЛІК ЖҮЙЕЛЕРІ 
 
Егіншілік жүйелерінің даму кезеңдері. Егіншілік жүйесінің түрлері: қарапайым, экстенсивті және интенсивті. 
 
Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері: егіншіліктің жалпы заңдылықтары, топырақтың құнарлылығы туралы ілім, топырақты эрозиядан қорғау мәселелері. Егіншілік жүйесінің тиімділігі. Егіншілік жүйелерінің негізгі буындары. 
 
Қазақстандағы интенсивті егіншілік жүйелері: отамалы, агроландшафтық және басқалар. 
Ұсынылатын әдебиеттер  
Негізгі әдебиеттер:

3 Ауыспалы егістердегі арпаның  өсу және даму ерекшеліктері

 

3.1 Ауыспалы егіс жүйесі

 

Егіншілік мәдениетін арттыру өсірілетін дақылдардан сапалы және мол өнім алудың негізгі кепілі болып саналады. Осы күрделі мәселенің оңтайлы шешімін табу ауыспалы егіс жүйесін кеңінен игерудің арқасында іске асырылмақ. Нәтижесінде біз егістік жерлерді тиімді пайдаланып, топырақтың құнарлылығын сақтап әрі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға толық мүмкіндік аламыз. Тәлімі жерлерде енгізілген ауыспалы егістердің негізі сүрі жыртылған танап болып есептеледі. Себебі ол жерде қыста-көктемде жауған жауын-шашын және қоректік заттар жиналып, арамшөптер, өсімдіктер зиянкестері және ауруларымен күресудің агртехникалық тәсілдері сәтті жүргізіледі.

Ал енді сүрі жыртылған танаптан кейін қандай дақылдың орналасуы тұрғысында ғалымдар арасында әртүрлі пікір қалыптасқан. Кейбіреулері сүрі жерден кейін екінші дақыл ретінде күздік бидай орналастыруды жөн көрсе, ал қалғандары тәлімі жерге жақсы бейімделген, ауа райының қолайсыз өзгерістеріне төзімді, жоғары өнім түзетін арпа дақылын себуді ұсынады. Біз осы ұсынысты қолдай отырып, аталған мәселені ғылыми тұрғыда анықтау үшін Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына қарасты тәлімі егіншілік бөлімінің ғалымдарымен бірлесіп, тәлімі жерде орналасқан ауыспалы егістердегі арпаның орнын және оның егіс көлемін анықтау мақсатында бірсыпыра жұмыстар жүргізгенбіз. Зерттеулерге тиісті бағасын беріп, нақты қорытынды жасау үшін 1-тәжірибедегі ауыспалы егістің үлгілерін пайдаландық.

Осы үлгілер бойынша жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижелеріне сүйенсек, тәлімі егіншілік жағдайында шектеулі фактор топырақ ылғалы болғандықтан, оның қоры біз орналастырып отырған дақылдардың арасында айтарлықтай айырмашылық байқалтпады. Тек, ылғал көлемі сүрі танаппен салыстырғанда ауыспайтын арпа егістігінде 78 мм, ал сүрі жерден кейін орналасқан арпада 32 мм кем болды. Жиналған өнім мөлшеріне келетін болсақ, ол әр танаптағы топырақтың құнарлылығына және жауын-шашынның түсу мерзіміне қарай қалыптасқан. Мысалы, күздік бидай күздегі-көктемдегі ылғалдыққа байланысты өсіп-өнсе, жаздық арпа мамыр айындағы топырақ ылғалына сәйкес өнім құрайды. Әрине, бұл құбылыс өсу кезеңіндегі ауа райымен тығыз байланысты болғандықтан, бірінші кезекте жалпы ылғал қорын тиімді пайдалану мәселесіне көңіл бөлген жөн. Осы тұрғыда дәлірек айтсақ, сүрі айдалған танапта өсірілген күздік бидайдың 1 кг дәнін құрау үшін жұмсалған ылғал шығыны 14,4 мм болса, арпа дақылы – 13,2 мм, ал ауыспайтын егістікте – 18,1 мм-ге жетті. Осыған қарағанда арпаның ылғал пайдалану қабілеті күздік бидаймен салыстырғанда біршама аз мөлшерді көрсетеді.

Арпаны сүрі жерден кейін үшінші дақыл ретінде орналастырған жағдайда егістіктің арамшөппен ластануы аз-маз көбейеді, бірақ олардың арпа өніміне аса кері әсер ете алмағаны байқалады. Бұл құбылысты арпа дақылының арамшөптерге қарағанда тез өсіп-жетіліп кетуімен түсіндіруге болады. Сонымен тікелей сүрі айдалған танапта өсірілген күздік бидайдың 3 жылдық орташа өнімі әр гектардан 17,8 ц құраса, арпа дақылы – 16,8 ц, оны екінші-үшінші танаптарда ораналастырғанда тиісінше – 15,2 және 14,0 ц, ал ауыспайтын арпа егістігінен 11,8 ц дән жиналды.

Келтірілген мәліметтерді сараптай келіп айтарымыз, біздер орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстар тәлімі жерде игерілген 4-танапты сүрі жерлі-арпаланған ауыспалы егістерінде жүргізілді.

 

3.2 Топырақ ылғалдылығының ағымы  және егістіктің ылғалмен қамтылу  дәрежесі

 

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жиі қайталанатын құрғақшылық пен тұрақты ылғал тапшылығы әрдайым зерттеушілерге топырақтың су режимін жақсартуды және оларды реттеудің жаңа жолдарын іздестіруді міндеттейді. Сол себепті өсімдіктердің топырақ ылғалын ұтымды пайдалануын жақсартуға бағытталған барлық агротехникалық шаралардың ғылыми және практикалық маңызы ерекше.

Зерттелген 1979-1992 жылдары қысқы-көктемгі кезеңдеріндегі ауа райының көп жылдық көрсеткіштерден әжептеуір айырмашылығы болғандықтан, алғы дақылдар бойынша арпа себер алдындағы өнімді ылғал қорында да елеулі өзгешеліктер байқалды. Көктемгі ылғалдың барынша мол қоры сүрі танап топырағында жиналып, арпаның екінші, үшінші және ауыспайтын дақылынан тиісінше 23,8; 38,5 және 65,9 мм немесе 22,1; 41,5 және 100,8% артық құралған (1-сурет).

Арпаның өсу кезеңі бойына қоректену аумағының әсерінен туындайтын ылғал қорындағы айырмашылықтар едәуір шамаға жетеді және көбінесе қуаңшылық жылдары өсімдіктердің өнімділік сипатына түбегейлі өзгерістер енгізуі ықтимал.

Егістіктегі топырақ ылғалдылығын анықтау барысында тұқым себу мөлшерінің жаздық арпа өсімдіктерінің су режимін реттеудегі маңызды орын алатындығы белгілі болды. Атап айтқанда, түптену кезеңіндегі гектарына 2 және 5 млн. дәннен себілген егістікті салыстыра талдасақ, сүрі танап топырағында 13,4 мм, арпаның екінші дақылында 15,0 мм, үшінші дақылында 14,5 мм ылғал сирек егістікте көп сақталған. Кейінгі масақтану кезеңінде ылғалдың жалпы мөлшері азайғанымен аталған заңдылық бұзылмастан, осы нұсқалардың арасындағы айырмашылық тиісінше 17,5; 19,6 және 17,4 миллиметрге жетті. Сондықтан да топырақ ылғалының қолайлы жағдайында тіршілік еткен арпа өсімдіктерінің барлық даму кезеңдерінде түзілетін құрғақ заттардың массасы жөнінде айқын басымдылық танытатындығы анық. Керісінше, масақтану мерзіміндегі жиі егістіктерде, әсіресе алғы дақылы сүрі жер емес танаптарда топырақ ылғалы мейлінше азайып, сыртқы ортада құрғақшылықтың әсерін күшейте түседі.

Математикалық есептеулер себер алдында (r=0,85 ± 0,20), түптенуде (r=0,77 ± 0,25) және масақтану кезеңінде (r=0,59 ± 0,33) байқалатын арпа өнімі мен топырақтағы өнімді ылғал мөлшерінің арасындағы жоғары оң тәуелділіктің барлығын көрсетеді.

Топырақ ылғалының қоры мен дән өнімінің арасындағы тәуелділік коэффициентін талдау арпа өнімін құрауда негізгі рөльді ерте көктемдегі топырақ ылғалының қоры атқаратындығын дәлелдейді және осы шаманың мәніне басты назар аударылуы керек.

Ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймақтарда топырақ ылғалы құнарлылықтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан оның ауыспалы егіс танаптарындағы өнім бірлігіне жұмсалатын шығынын қарастырудың айтарлықтай мәні бар (1-кесте).

Жүргізілген бақылаулар ылғал шығынының бұл түрі алғы дақылға және нақты жылдың жауын-шашынмен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай өзгеретіндігін көрсетеді. Орта есеппен 1979-1992 жылдары 1 центнер дән түзу үшін жұмсалған жалпы ылғал шығыны барлық алғы дақылдар бойынша 9,1-18,0 мм аралығында ауытқыған. Дәлірек айтсақ, ауыспалы егіс жүйесіндегі алғы дақылдардан кейін орналасқан арпа егістігіндегі ылғал шығыны 9,1-12,4 мм құраса, ал тек қана танабы ауыспайтын арпа егістігіндегі бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде үлкен шамаға жеткен.

1-кесте – Алғы дақыл мен өсу кезеңіндегі жауын-шашын мөлшеріне байланысты 1 ц арпа дәнін түзу үшін жұмсалған ылғал шығыны

 

Алғы дақыл

Себер алдындағы ылғал қоры, мм

Өсу кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері, мм

Жинар алдындағы ылғал қоры, мм

Өсу кезеңіндегі жалпы ылғал шығыны, мм

Дән өнімі, ц/га

1 ц дәнге жұмсалған жалпы ылғал шығыны, мм

Орташа есеппен 1979-1992 жж.

1

131,3

88,6

15,2

204,7

22,5

9,1

2

107,5

88,6

9,1

187,0

16,1

11,6

3

92,8

88,6

7,0

174,4

14,1

12,4

4

65,4

88,6

4,2

149,8

8,3

18,0

Қуаңшылық жылдары

1

105,7

27,3

0

133,0

12,1

11,0

2

82,7

27,3

0

11,0

6,1

18,0

3

71,0

27,3

0

98,3

4,0

24,6

4

47,7

27,3

0

75,0

1,4

53,6

Ылғалы орташа жылдары

1

137,2

76,9

2,3

211,8

22,3

9,5

2

113,0

76,9

0

189,9

14,7

12,9

3

98,6

76,9

0

173,7

12,5

13,9

4

69,0

76,9

0

145,9

8,3

17,6

Ылғалды жылдары

1

139,6

139,4

39,8

239,2

29,1

8,2

2

115,8

139,4

25,4

229,8

23,8

9,7

3

101,0

139,4

19,6

220,8

21,9

10,1

4

71,8

139,4

11,8

199,4

12,4

16,1


 

 

Ескертулер:

1 Сүрі  жерге егілген арпа,

2 Арпаның сүрі жерден кейінгі екінші дақылы,

3 Арпаның  сүрі жерден кейінгі үшінші  дақылы,

4 Ауыспайтын  арпа егістігі.

 

Арпаның өсу кезеңіндегі жауған жауын-шашынның мөлшеріне қарай егістікте жұмсалған ылғал шығынының көлемі де өз алдына сөз етуге тұрарлық. Мәселен, аталған кезеңдегі жауын-шашыны бар болғаны 27,3 мм құраған қуаңшылық жылдары ылғал шығыны күрт өсіп, сүрі жердегі егістікте 11,0 мм, арпаның екінші дақылында 18,0 мм, үшінші дақылында 24,6 мм, ал ауыспайтын егістікте шамадан тыс 53,6 миллиметрге дейін көбейген. Керісінше, арпаның пісіп-жетілу мерзімінде орта есеппен 139,6 мм жауын жауған ылғалды жылдары түзілетін өнім бірлігіне жұмсалған ылғал әлдеқайда төмендеп, зерттеудегі алғы дақылдарға сәйкес небары 8,2-16,1 мм арасында ғана өзгеріс тапты.

Кейінгі 1993-2000 жылдары сүрі танапта қолданылған минералды тыңайтқыштардың тиімділігін нақты жылдың болмысына қарай талдар болсақ, тыңайтылған егістіктерде бақылаумен салыстырғанда қуаңшылық жылдары жұмсалған ылғал шығыны 1,6-2,8 мм, ылғалы орташа жылдары 0,8-1,3 мм, ылғалды жылдары 0,6-0,8 миллиметрге кеміген. Демек, тәлімі аймақтағы ауыспалы егісте топырақ ылғалы барынша көп жиналатын сүрі танаптар бір жағынан құрғақшылықтың теріс әсерін әлсіретсе, екінші жағынан тыңайтқыштардың жағымды ықпалын анағұрлым арттыра түседі.

 

3.3 Топырақтың қоректік режимі

 

Қоректік режимге жүргізілген бақылаулар механикалық өңдеулердің нәтижесінде қалыпты жағдайдағы ылғалдылығы мен органикалық қалдықтардың минералдану қарқындылығы жоғары жүретін сүрі танаптағы нитраттардың айрықша  басымдылығын көрсетеді.

Атап айтсақ, арпа себер алдында топырақтың 0-40 см қабатындағы азоттың нитратты мөлшері сүрі жердегі егістікте орта есеппен 40,4 мг құраса, екінші дақылында 20,9 мг және үшінші дақылында ( 15,5 мг) әлденеше төмендеп, ал ең аз шамасы (10,2 мг) ауыспайтын егістікте тіркелген. Корреляциялық талдаудың нәтижелері топырақтағы нитраттың көктемгі деңгейі мен дән өнімінің арасындағы тығыз тәуелді байланысты дәлелдейді (r=0,71± 0,21).

Арпаның түптену кезеңіндегі анықтауда өсімдіктердің  азотты болмашы пайдаланғаны байқалып, толық пісу мерзіміне  қарай аталған алғы дақылдар бойынша оның мәні тиісінше 25,5; 11,3;  6,9 және 4,5 милиграмға теңелген. Осы шамалас заңдылықты фосфор-калий режимі жөнінен де айтуымызға сенімді деректер бар. Демек, таза сүрі жерден кейін орналасқан арпа егістігі бүкіл өсу кезеңі бойына басқа танаптармен салыстырғанда қоректік элементтермен  әлдеқайда жаксы жабдықталады.

Информация о работе Еегіншіліктің ғылыми негіздері