Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 11:50, курсовая работа
Ел Президенті Н.Нaзaрбaев 2012 жылғы халыққа Жoлдaуындa экoнoмикaны дaмытудың 10 бaсым бaғыттaрын aтaп көрсетті. Елбaсы oсылaй әлеуметтік-экoнoмикaлық жaңғырту негізінде еліміздің әлемдегі тaбысы жoғaры елдердің қaтaрынa қoсылуының нaқты жoлдaрын нұсқaды. Oл, әсіресе, aуыл шaруaшылығы сaлaсын жaңa сaпaлық деңгейге көтеру мәселесіне aйрықшa тoқтaлып, oның экспoрттық әлеуетін, aстық өндірісін дaмытуғa қoсa, жaйылымдық мaл шaруaшылығын, oның ішінде етті ірі қaрa мен қoй шaруaшылығын нaрық тaлaптaрынa сaй өркендетуге aсa нaзaр aудaрды.
Кіріспе......................................................................................................................3
I. Әдебиеттерге шолу..............................................................................................6
II. Негізгі бөлім.....................................................................................................14
2.1. Малдың сырт пішіні және оны бағалау әдістері......................................15
2.2. Әртүрлі аталық тізбедегі сұр түсті қаракөл қозыларының экстерьерлік ерекшеліктері.........................................................................................................16
2.3.Таза тұқымды голштин дөнежіндердің сырт пішіні, дене бітімі және тірілей салмақ ерекшеліктері...............................................................................20
2.4.Фенотипі әр түрлі тана бұқалар түгінің жыл мерзіміне байланысты өзгеруі.....................................................................................................................24
2.5. Рахат асыл тұқымды жылқы зауытында өсірілетін таза қанды араб жылқыларының сипаттамасы...............................................................................25
III. Қорытынды бөлім............................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Майлы бағыттағы шошқа, жалпы
алғанда, жұмыр болып келеді. Жауырын
тұсындағы кеуде орамы
Етті-майлы шошқаның дене бітімі үйлесімді, айтарлықтай ұзын, денесі үлкен әрі жалпақ. Жауырын тұсындағы кеудесінің орамы, әдетте, дене ұзындығының 90 пайызын құрайды. Кеудесі кең, үлкен. Басы орташа, әукесі кең. Сан еті жұмыр, етті.
Шошқа шаруашылығында өрнекті бонитировкалау әдісін де қолданады, яғни экстерьерді ерекше белгілермен белгілеу (жотаның салбыраңқылығын – төмен қарай иілген доға, шатыр тәрізді көтеріңкілігін жоғары көтерілген доға арқылы). Мұндай жазудың тез әрі көрнекі болатындығы шошқа экстерьерін бағалауды тиімді ете түседі.
Негізгі бөлім
2.1. Малдың сырт
пішіні және оны бағалау
Жануардың сыртқы пішіні дегеніміз – малдың түр-тұлғасы, яғни дене бітімінің сыртқы көрінісі, экстерьері. «Экстерьер» атауын зоотехнияға алғаш рет 1768 жылы француз ғалымы К.Буржель енгізген. Оның пікірі бойынша, бастың көлемі мен пішіні арқылы жануардың дене бітімінің пропорционалдығы туралы қорытынды жасауға болады.
Жылқының мықтылығы мен шаруашылыққа жарамдылығын бағалауда дене бітімінің сыртқы көрінісін пайдалану К.Буржельге дейін де көптеген халықтарда кездескен.
Қ.Н. Бегімбеков және де басқа авторлардың әдебиеттерінде [15], экстерьер туралы ілім кейінгі даму кезінде одан әрі жетілдірілді. Бұл мал шарушылығының қауырт дамуына, жаңа тұқымдардың шығарылуына, жануарларды бағалау әдістерінің жетілдірілуіне, олардың өнімділік сапаларының жақсартылуына, зоотехнияның ғылыми негіздерінің түзілуіне байланысты еді.
Экстерьер туралы ілімнің үнемі дұрыс жолмен жүре бермегенін атап көрсету керек. Мәселен, 19 ғасырдың бірінші жартысындағы француз ғалымы Ф. Генон сиырдың сүттілігін сүт айнасының шамасы бойынша анықтауға тырысты. Сүт айнасы дегеніміз – сиыр желінінің артқы ширегінің артқы жағынан көрінетін беті, ол жоғары қарай түрліше биіктікке таралады, кейде санға дейін таралады. Бұл белгінің сиырдың сүттілігіне қатысы бар деген тұжырымды көптеген зерттеулер жоққа шығарды. Соған қарамастан, жануарлар өнімділігін бағалауға мүмкіндік беретін сыртқы, оңай байқалатын белгілерді іздестіру жалғастырылуда. Сиырдың экстерьерінен сүттіліктің белгілерін іздеген Ф. Генонның ізбасарлары жеткілікті болды. Жануарларды геометриялық фигуралармен салыстыру арқылы (Зеттегастың параллелепипед теориясы) дене бітімінің жалпыға бірдей үлгісін табу әрекеті жасалды, дененің жекелеген бөліктері арқылы бүкіл организмнің өнімділігі туралы пікір айтуға (Вилькенстің «алтын қима»теориясы) талпыныс жасады. Көптеген ғалымдар бұл теорияның негізсіздігін дәлелдеді.
Экстерьер мен өнімділіктің арасындағы байланысты дұрыс түсіну жолындағы ізденістер орыс зоотехния мектебіне де тән болды. В.И.Всеволодовтың (1832ж) «Үй жануарларын, әсіресе жылқыларды сырттай қарап бағалау» атты кітабы Ресейдегі экстерьер жөніндегі тұңғыш кітап еді. Орыс ғалымдары М.Г.Ливанов, М.И.Придорогин, П.Н.Кулешов, Е.А.Богданов, Е.Ф.Лискун организмнің көрінісі мен атқаратын қызметінің байланысы туралы ілімді жетілдірді.
Экстерьеріне қарай
Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, әсіресе сұрыптауда, малдың сыртқы пішініне, яғни түр-тұлғасына үлкен мән беріледі. Себебі, малдың түр-тұлғасы оның жалпы дене бітімінің және белгілі бір өнім беруге бейімділігінің сыртқы көрінісі іспеттес. Сондықтанда малдың қай түрінің болмасын тұқымдық және өнімдік құндылығын анықтағанда сыртқы пішініне берген баға міндетті түрде есепке алынады.
Екінші жағынан малдың дене бітіміне баға беру де оның сыртқы пішінін жан-жақты тексеруден басталады.
Сонымен, малдың сыртқы пішініне қарап баға беру қажетті де жауапты зоотехниялық шаралардың бірі және мұны жетік меңгеру үшін маман оны іс жүзінде көп жүргізіп, машықтану керек.
Осы тұрғыдан біздің «Сүтті
ірі қараны экстерьері бойынша бағалау
жөнінде ұсыныстарымыздың»
Сұрыптау тәжірибесінде малдың сыртқы пішінін бағалау үшін төмендегі әдістер қолданылады: көз мөлшермен бағалау, балл жүйесі (сандық) бойынша бағалау және бой өлшемдері арқылы бағалау. Ерекше жануарларды, әдетте, суретке түсіру әдісімен де бағалайды.
Көз мөлшермен бағалау. Сыртқы дене мүшелерінің малдың жасына, жынысына және өнімділік бағытына байланысты қалыпты жағдайы мен ауытқу дәрежелерін, кемістіктерін анықтап сипаттаудың маңызы үлкен. Жануардың экстерьерін көз мөлшермен бағалау үшін оның тұқымын, дене мүшелерінің топографиясын, физиологиялық күйін жақсы білу керек. Алдымен жануардың жалпы дене бітіміне сипаттама беріп, оның үйлесімділігін, өнімділік бағытын атап көрсетеді. Одан соң дененің жеке мүшелерін бағалайды. Жануардың экстерьерін сипаттайтын ең маңызды дене мүшелері мыналар: басы, мойны, шоқтығы, кеудесі, арқасы, белі, сауыры, аяқтары, желін және сыртқы жыныс мүшелері. Сондай-ақ терінің, бұлшық еттердің, сүйектің дамуын да бағалайды. Дене мүшелерін сипаттауды, әдетте, жануардың басынан бастайды да, аяқтарымен аяқтайды. Дене бітіміндегі кемістіктерге аса назар аударады.
Балл жүйесі арқылы бағалау. Малдың сыртқы пішінін балл беру арқылы бағалау әдісінің мақсаты – малдың сыртқы пішініне көзбен берген жалпы бағанығ дәлдігін арттыру. Экстерьерді балл жүйесі бойынша бағалаған уақытта әуелі жекелеген немесе бір топ дене мүшелеріне нақтылы балл санымен баға беріледі де, кейін нәтижелерді қосу арқылы қорытынды баға шығарады. Селекция тәжірибесінде мал түлігінің түріне, тұқымына, жынысына, жасына байланысты әр түрлі балл жүйесі қолданылады. Мысалы, 5 балдық, 10 балдық, 100 балдық жүйелер қолданылады. Сондықтан әуелі нақтылы бағаланатын малға лайықты қабылданған балл жүйесімен танысып алу керек. Осы тұрғыдан кестеде берілген сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиыр тұқымдары экстерьерін бағалайтын балл жүйесімен танысайық.
Бұл кестеде көрсетілген балл жүйесінен байқайтынымыз, әр түрлі дене мүшелеріне немесе мүшелер тобына берілетін ең жоғары балл саны әртүрлі, себебі бұл мәселені шешкенде мүшелердің сол малдың негізгі өніміне байланысты атқарытын рөлі басшылыққа алынады.
Мысалы сүтті бағыттағы сиыр экстерьерін балл жүйесімен бағалағанда дене мүшелері 3 топқа бөлінген де, барлық 10 балдың 5еуі желіннің еншісіне тиген. Бұл арада желін мен сүт өнімінің арасындағы байланыс ескеріліп отыр.
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиыр экстерьерін бағалайтын балл жүйесі кесте-1
Дене мүшелері |
Бағаланатын негізгі көрсеткіштер |
Берілетін ең жоғары балл саны |
|
Дене мүшелерінің
Көлемі, бөлімдерінің біркелкілігі, денеге бекіген аумағының көлемі, сүт бездерінің жетілуі, емшектерінің жетілуі, орналасуы
Алдыңғы және артқы аяқтарының жетілу дәрежесі, орналасуы және тұяқтарының пішіні мен жетілуі
Жалпы балл саны |
3
5
2
10 |
Мал экстерьерін балл жүйесімен бағалау, әдетте, мына төмендегі тәртіппен жүргізіледі. Әуелі малды алдынан, бүйірінен 1,5-2 метр жерден қарау арқылы оның дене мүшелерінің үйлесімділігін, жалпы түр-тұлғасының жетілу дәрежесін анықтайды. Бұдан кейін әр дене мүшелерін, қажет болса қолмен ұстап бағалайды. Қорытынды баға берген уақытта мал өнімділігіне, тіршілікке бейімділігіне тікелей әсер ететін экстерьер кемшіліктеріне үлкен мән беріледі.
Малдың бойын өлшеу. А.Ә.Төреханов және Қ.Н. Бегімбековтың мәліметтеріне жүгінсек, малдың бойын өлшеу оның экстерьері туралы нақтылы, дәл деректер береді. Сондықтан малдың түр-тұлғасын дұрыс сипаттау үшін оның рөлі өте үлкен. Бірақ бұл әдіс көзбен бағалауға қосымша көмекші әдіс деп есептеледі. Себебі бой өлшемдері дене мүшелерінің сандық мөлшерін дұрыс көрсеткенімен, сапалық сипатын аша алмайды.
Дегенмен, малдың бойы туралы
өлшемдер мына төмендегі зоотехниялық
маңызы бар мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді: 1. Малдың жасына сәйкес өсіп-жетілуін,
дене пішінінің өзгеруін талдауға болады;
2. Нақтылы бір малды немесе мал
тобын түр-тұлғасы бойынша бір-
Әдетте, малдың бойын өлшеуге негізінен 3 құрал керек: 1. Өлшеуіш таяқ; 2. Өлшеуіш таспа(лента); 3. Өлшеуіш циркуль. Арнайы мақсатпен бұрыш өлшеуіш (гониометр) пайдаланылады. Алғашқы үш құрал сантиметрлік шамаларға бөлінген, әдетте өлшем көрсеткіші 0,5см-ге дейін дәлдікпен есептелінеді.
Өлшеуіш таяқ – ағаштан немесе темірден жасалады. Ол арналған түліктің түрі, малдың жасына байланысты әртүрлі болады. Өлшеуіш таяқ негізгі тік діңгегінен және қосымша жылжымалы, көлденең бекітетін алмалы-салмалы таяқшалардан тұрады. Оларды бір-бірімен байланыстыру, жылжыту бой өлшемінің түрлеріне (биіктігі, ені, ұзындығы) байланысты әртүрлі болады.
Өлшеуіш таспа (лента) – ұзындығы 3-5метрлік, дәлдігі милиметр деңгейінде көрсетілген жіңішке таспа. Өлшеуіш таспа негізінен дене мүшелерінің орамын анықтауға арналған.
Өлшеуіш циркуль – темірден
жасалады. Бір-бірімен жылжымалы
қосылған, ұшы жұмыр, жарты шеңберлі
екі аяқшадан және бір аяқшасы
бойымен жылжитын жұқа, доға тәрізді
иілген металл табақшадан тұрады. Доға
тәрізді металл табақшасында аяқшалар
ұшының ара қашықтығы милиметр дәлдігінде
көрсетілген сантиметрлік бөліктерге
бөлінген. Онда қашықтықты қай жақтан
бастап есептеу керектігі көрсетілген.
Бұл циркульмен шағын дене мүшелерінің
ені мен ұзындығын өлшеу
Малдың бойын өлшеу
мына тәртіппен жүргізіледі. Әуелі
өлшеуіш құралдардың дұрыс-
Мал бойының өлшемдері өте көп, барлығы 70-ке жуық. Дегенмен, әр мал үшін дене өлшемдерінің қалыптасқан саны бар
Өлшеуіш таяқпен:
Өлшеуіш циркульмен:
Өлшеуіш таспамен:
Жылқы бойының өлшемдері:
Информация о работе Дене бітімдері және экстерьері бойынша малды тұқымға жатқызу