Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 11:50, курсовая работа
Ел Президенті Н.Нaзaрбaев 2012 жылғы халыққа Жoлдaуындa экoнoмикaны дaмытудың 10 бaсым бaғыттaрын aтaп көрсетті. Елбaсы oсылaй әлеуметтік-экoнoмикaлық жaңғырту негізінде еліміздің әлемдегі тaбысы жoғaры елдердің қaтaрынa қoсылуының нaқты жoлдaрын нұсқaды. Oл, әсіресе, aуыл шaруaшылығы сaлaсын жaңa сaпaлық деңгейге көтеру мәселесіне aйрықшa тoқтaлып, oның экспoрттық әлеуетін, aстық өндірісін дaмытуғa қoсa, жaйылымдық мaл шaруaшылығын, oның ішінде етті ірі қaрa мен қoй шaруaшылығын нaрық тaлaптaрынa сaй өркендетуге aсa нaзaр aудaрды.
Кіріспе......................................................................................................................3
I. Әдебиеттерге шолу..............................................................................................6
II. Негізгі бөлім.....................................................................................................14
2.1. Малдың сырт пішіні және оны бағалау әдістері......................................15
2.2. Әртүрлі аталық тізбедегі сұр түсті қаракөл қозыларының экстерьерлік ерекшеліктері.........................................................................................................16
2.3.Таза тұқымды голштин дөнежіндердің сырт пішіні, дене бітімі және тірілей салмақ ерекшеліктері...............................................................................20
2.4.Фенотипі әр түрлі тана бұқалар түгінің жыл мерзіміне байланысты өзгеруі.....................................................................................................................24
2.5. Рахат асыл тұқымды жылқы зауытында өсірілетін таза қанды араб жылқыларының сипаттамасы...............................................................................25
III. Қорытынды бөлім............................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы
Курстық жұмыс
Ауыл шаруашылық малдарын өсіру және селекциясы пәні бойынша
Тақырыбы:
«Дене бітімдері және экстерьері бойынша малды тұқымға жатқызу»
Мазмұны :
Кіріспе....................... |
I. Әдебиеттерге шолу............. |
II. Негізгі бөлім................. |
2.1. Малдың сырт пішіні
және оны бағалау әдістері..... |
2.2. Әртүрлі аталық тізбедегі
сұр түсті қаракөл
қозыларының экстерьерлік |
2.3.Таза тұқымды голштин
дөнежіндердің сырт пішіні, дене
бітімі және тірілей салмақ
ерекшеліктері................. |
2.4.Фенотипі әр түрлі
тана бұқалар түгінің жыл
2.5. Рахат асыл тұқымды
жылқы зауытында өсірілетін III. Қорытынды бөлім............... Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................ |
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы өндірісінің
негізгі саласы болып табылатын
мал шаруашылығы еліміздің
Қазіргі мал шаруашылығы саласында – мамандандыруды тереңдету, мал шарушылығы салаларын интенсивті дамыту жолына көшіру есебінен өнім өндіруді еселеп арттыру міндеті қойылуда.
Асыл тұқымды мал өсіру
ісі мал шаруашылығын интенсивтендірудің
маңызды мәселесі болып табылады.
Сондықтан заман талабына сай, асыл
тұқымды мал өсіру ісін ұйымдастыруға
және оның тиімділігін арттыруды
түбегейлі жақсартуға, малдың тұқымдық
және өнімдік қасиеттерін жетілдіру
жөніндегі жұмыстарды күшейтуге, асыл
тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың
желісін ұйымдық-шаруашылық жағынан
нығайтуға бағытталған кең
Ел Президенті Н.Нaзaрбaев
2012 жылғы халыққа Жoлдaуындa экoнoмикaны
дaмытудың 10 бaсым бaғыттaрын aтaп көрсетті.
Елбaсы oсылaй әлеуметтік-
Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауында ауыл шаруашылығын, әсіресе ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғарту қажет деп атап өтті.
Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет:
Ауыл шарушылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту.
Бұл өзекті міндет. Бұл арада бізге:
Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс.
Елбасымыз 2013жылдың жолдауында
үкімет басшылырына мыналарды
Бұл келелі міндеттерді дaмытуғa
ғылыми-әдістемелік тұрғыдaн
Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, әсіресе сұрыптау және жұп таңдауда малдың дене бітіміне үлкен мән беріледі. Себебі, малдың дене бітімі мен өнім бағыты, қажырлығы, белгілі жер жағдайына бейімділігі, ауа райының, бағып-күтудің жағымсыз жағдайларына бейімділігі және денсаулығы арасында тығыз байланыс бар
Малдың экстерьері – малдың сыртқы дене құрылысы. Ол малдың биологиялық ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағытына байланысты.
Малдың экстерьерін зерттеу арқылы оның денсаулығы жөнінде және қандай тұқымға жататындығын білеміз. Асыл тұқымды мал өсіру жұмысымен айналысқан уақытта малдың өнімділігін зерттеумен қатар, сыртқы дене құрылысын да зерттейді, әсіресе сұрыптау және жұптау мезгілдерінде малдың экстерьерін ерекше ескереді. Малдың экстерьері оның тұқымына, жынысына, жасына және күтіп-бағуына байланысты. Малдарды экстерьері бойынша іріктегенде оның өнімділік бағытына, сүйегінің мықтылығына, дене етінің жетілуіне және дене құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігін дұрыс анықтау қажет. Себебі, дене мүшесінің кемістігі оның денсаулығының нашар екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар мал өнімді аз беретіні белгілі.
Курстық жұмыстың мақсаты – малды экстерьеріне қарап тұқымға жатқызуды толық игеру. Малдан қалаған өнім алу және белгілі бір жағдайға өсіру үшін лайықты дене бітімін ажырату, жіктеу.
Курстық жұмыстың міндеті: Әр мал тұқымында өніміне сәйкес, жергілікті өскен ортасына лайықты дене бітімі болуы керек. Демек, мал мамандары өсіріп отырған мал тұқымдарының ерекшеліктерін жақсы біліп, олардың ішінен өздерінің жағдайына сәйкес дене бітімі барын таңдай білуі қажет.
Әдебиеттерге шолу
Жолшыбек Т. [1], мағлұматы бойынша жануардың сыртқы пішіні дегеніміз – малдың түр-тұлғасы, яғни дене бітімінің сыртқы көрінісі, экстерьері. «Экстерьер» атауын тұңғыш рет зоотехнияға 1768 жылы француз ғалымы К.Буржель енгізген. Оның пікірі бойынша, бастың көлемі мен пішіні арқылы жануардың дене бітімінің пропорционалдығы туралы қорытынды жасауға болады. К.Буржельге дейін де көптеген халықтарда кездескен. Ертедегі Римде Варрон (біздің заманымызға дейінгі І ғасыр) «Шаруа ісі туралы» деген кітабында жануарларды экстерьері бойынша бағалау жөніндегі ұсыныстар жасаған. Жануарлардың түсіне де айрықша көңіл бөлген. Арабтың мал дәрігері Абу-Бекра (ХІҮ ғасыр) жылқының экстерьері жөнінде кітап жазған. 1717 жылы Ресейде шыққан «Конска» деген кітапта Ю.М.Долгоруков экстерьерді бағалау әдістерін сипаттаған.
Н.А.Кравченко [2], жануарлардың дене бітімі деп олардың жеке ерекшеліктерін, тіршілік жағдайларына бейімделгіштігін және шаруашылыққа пайдалы өнімділігін анықтайтын, тұқым қуалайтын қасиеттерінің жиынтығынан келіп туындайтын, сол организмнің ұлпалары мен ағзаларының, мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметіндегі өзара біртұтас байланысты түсінеді.
Бегімбеков Қ.Н., Төреханов
А.Ә., Байжұманов Ә. [3], мағлұматы бойынша
жануарлардың дене бітімінің әр түрлі
типтерінде қан құрамын зерттеудің
зор маңызы бар. У.Дюрст жануарлардың
дене бітімінің типтерін жіктеуді тотығу
процестерінің дәрежесіндегі
Омарқожаұлы Н.,Шуркин Р. [4], зерттеулерінде мал шаруашылығында экстерьерді бағалаудың бірнеше тәсілдері бар. Бұлардың ішінде ең негізгісі – көзбен көріп шамалау, мұнда жылқының экстерьеріне қарай үйлесімсіздігі және тұқым типінің айқындылығы бағаланады. Мысалы, етке бейімделген болса, дене бітімі шомбал, кеудесі кең және көлемді, сирақтары қысқа, жұмыр, мойыны қысқа болуға тиісті, егер шабысты немесе желісті жылқы болса, оның денесі керісінше болады. Белдің және арқаның қайқандығы, көкіректің тар және аяқтарының нашарлығы экстерьер кемістіктерінің ең негізгілері болып саналады. Бұл сияқты кемшіліктер көбінесе малдарды дұрыс бағып-күтпегендіктен, жеткілікті азықтандырмағандықтан және дұрыс пайдаланбағандықтан болатын кемшіліктер. Төлді жақсы өсіргенде және оларды дұрыс пайдаланғанда экстерьерді жақсартуға болады.
Малдардың конституциялық ерекшеліктерін оқып үйренудегі әр түрлі әдістер конституция түрлері топтарының көп екендігін көрсетіп берді. Әр түрлі конституциялар мына негізге сүйеніп жасалған: малдардың морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің түрі, ішкі секрет бездері қызыметіне т.с.с. Сонымен, морфолгиялық түп негізге организмнің кез-келген жүйесі мен мүшесі, бұлшық ет талшығының диаметрі есепке алынған. Функционалдық түп негізге организмдегі зат алмасу ерекшеліктері мен тотығу процесінің деңгейін т.с.с. есепке алған.
Қазіргі кездегі көптеген конституция түрлерін топтастырудың ішінде П.Н. Кулешовтің топтастыруының зоотехнияда маңызы бар.
П. Н. Кулешовтің деректеріне
сүйенсек [5], ол топтастыру негізіне
морфологиялық түп негізді
Сөлекет түр терісінің мықты жетілуі және дөрекі көлемді сүйегімен суреттеледі, бұларда бұлшық ет мейлінше көлемді, май қабаты аз жетілген. Бұл топтағы малдар сүт өндіруге қабілеттілігі төмен және ақырын семіртіледі, бірақ та бұлардың шыдамдылығы және мықтылығы жоғары. Бұл топтарға: жұмысқа пайдаланылатын ірі қара, қойдың қылшық жүнді тұқымдары жатады.
Нәзік түр дене бітімінің қысыңқылығымен, терісінің жұқалылығымен, сүйегінің жұқалылығымен бейнеленеді, бұл конституция түріндегі малдың басы шағын, жеңіл, зат алмасуы жоғары. Бұл түрге: салт мінетін аттар, сүт бағытындағы ірі қара, қойдың биязы жүнді тұқымдары т.с.с. жатады.
Тығыз түр, малдардың бұл түріне мықты сүйек, бұлшық еттің және ішкі мүшелердің жақсы жетілуі, мықты (мығым) терілік тән. Малдың бұл түріндегі зат алмасу қызу жүреді. Бұл малдың ең қабылаларлық (құптарлық) түрі. Бұған ірі тұқымының ет-сүт бағытындағылар, жегін аттар, ет-жүн бағытындағы қойлар жатады.
Болбыр түр малдағы тері асты және май ұлпаларының жақсы жетілуімен сипатталады. Мал момақан, флегмативті мінезде, жақсы семіртіледі және тез май басады. Бұл түрге ет бағытындағы ірі қара, май бағытындағы шошқа, ауыр жүк таситын жылқылар жатады.
Т.С. Садықұлов [6], деректернде
бұл жіктеуді яғни П. Н. Кулешовтің жіктеуіне
тығыз типке жақын мықты типпен
толықтырды. Мықты типке жататын
дене бітімі бар малда нәзік немесе
сөлекет типке тән белгілер болмайды.
Сүйегі берік , барлық мүшелері бір-біріне
сәйкес жақсы жетілген. Терісі, түгі,
дәнекер және май ұлпаларының
жетілуі малдың негізгі өнімділік
бағытына лайықты келеді. Мықты типке
жататын мал селекцияның
Информация о работе Дене бітімдері және экстерьері бойынша малды тұқымға жатқызу