Бастыру аппараты және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 21:07, реферат

Краткое описание

Астық өнімін жинау – аса жауапты науқан. Жиналатын өнімнің сапасыменмөлшері жинау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көп байланысты. Сондықтан астық өнімін жинауға қойылатын негізгі талап еңбекті аз жұмсап,өнім сапасын төмендетпей, ысырапсыз жинап алу.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастыру аппараты және түрлері...................................................................4
2. СК-5 және СК-6 комбайндарының молотилкасы.......................................5
3. Қабылдағыш битер........................................................................................7
4. Қайтарғыш битер...........................................................................................9
5. Барабанның айналыс саны..........................................................................11
Қорытынды ..........................................................................................................13
Пайдалынылған әдебиеттер .................................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

Комбайн молотилкасының жұмыс технологиясы.docx

— 155.11 Кб (Скачать документ)

Бастырушы аппараттағы саңылауды реттеу үшін мынадай жұмыстарды орындау қажет. Тұтқа мен эксцентрикті жалғайтын тартқыштың бір ұшыншығарып тастайды. Комбайнның оң жағындағы (жүріс бағытымен алғанда)эксцентриктің тұтқасын тік төмен қаратып орналастырады. Бастырушыаппараттың алды-артына жасалған саңылау өлшегіш тесіктің қақпағын ашып,барабан ұрмасы мен дека планкасы арасындағы саңылауды өлшейді. Саңылаушамасы алғаш 14 мм болуға тиіс. Осы шамадан өзгеше болса, винтті механизм  арқылы саңылауды тиісті шамаға келтіреді.

Саңылауды өлшеп, онықалпына келтіріп реттеу жұмысы бастырушы аппараттың оң жағына және солжағына бірдей жүргізіледі. Винтті механизм арқылы саңылауды тиісті шамағақойғаннан кейін тұтқаны  сектордағы бесінші тесік тұсына келтіреді детартқышты жалғайды. Саңылаудың дұрыс қойылғандығын тексеру үшін тұтқаны  кейін жылжытып, сектордағы  бірінші (жоғарыдан) тесікке орнатады, барабан мендека арасындағы саңылауды жеке-жеке өлшейді. Тұтқа  осы қалыптарыкезінде бастырушы аппараттың алдыңғы саңылауы 14 мм, артқы саңылауы 2мм болуға тиіс. Осылайша бастырушы аппаратты жұмыс басталар алдындаретке келтіргеннен кейін, жұмыс кезінде комбайнды тоқтатпай-ақ, қосымшареттеулер жүргізуге болады. Ол үшін комбайншы басқару алаңындағы тұтқаны сектордағы тиісті тесіктерге ауыстырып орналастыра береді. Секторда барлығы он тесік бар.

Тұтқаны бір тесікке ауыстырса, барабан мен дека арасындағы саңылау бірмиллиметр өзгереді. Сонымен жұмыс кезінде тұтқаның 8 көмегімен бастырушыаппараттың алдыңғы саңылауды 14-24 мм шамасына, ал артындағы саңылауды2-12 мм шамасына дейін өзгертуге болады. "Нива" мен "Колос"комбайндарында саңылауды реттеу рычагты механизм  арқылыжүргізіледі. Негізгі дека  тартқыштар  арқылы тұтқамен жалғасқан, ал тұтқабасқару алаңына орналасқан. Мұндаңы саңылаулар да жұмыс басталар алдындажәне жұмыс кезінде реттеледі. Жұмыс басталар алдында тұтқаны ең шеткітесікке қояды. Сол кезде "Б" саңылауы  және "Г" саңылауы 2 мм болуға тиіс.Керісінше жағдайда реттегіш винт  пен тартқыштардың  ұзындығын өзгертуарқылықалыпқа келтіреді, ал жұмыс кезінде тұтқаны 4 сектордың 3 басқатесігіне ауыстыру арқылы саңылауды көбейтеді.

Барабан мен деканың арасындағы саңылауды барабанның өн бойыментүгел өлшеу керек, яғни оң жақтағы, сол жақтағы және ортасынаң саңылаулар шамасы бірдей болуы тиіс. Егер осы шарт орындалмаса, яғнидеканың планкалары мен барабан ұрмалары өзара параллель болмаса, ондабастырушы аппараттың бір жағында (саңылау кіші жағында) дәндер шағылыпқирайды, екінші жағында (саңылау үлкен жағында) масақ бастырылмай қалады.Бастырушы аппараттағы саңылауды реттеу кезінде барабан ұрмалары мендаканын, ақаусыздығын тексеру керек. Көбінесе тасты жерлердегі астықтыбастыру кезінде бастырушы аппаратқа астыққа ілесіп тас келеді, сүйтіп ондағыұрмаларды немесе дека планкаларын майыстырады.

Тас өткендіктен саңылау ұлғаяды да одан масақ бастырылмай өтіп кетеді. Сондықтан да жөңдеу кезінде барабан қамшыларымен дека планкаларының түзулігін арнаулы плитада тексеру қажет. Сабан сіліккіш және дән тазартқыш. Бастырғыш аппараттан астық массасы екі бөлініп шығады. Біріншісі – дека тесіктерінен өткен дәндер мен топан қоспасы, олар тазартқыш механизмге  түседі, ал екіншісі – декадан өтпей аппараттың артқы жағына шыққан дәндермен сабан қоспасы, олар сабан сіліккішке жіберіледі. Сабан сіліккіш механизмдердің де көптеген түрлері бар.  Солардың ішіндегі ең тиімдісі клавишты сабан сіліккіштер. Олардың құрылысы қарапайым және өздері сенімді жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Комбайндар ауыл шаруашылық машиналары ішіндегі ең күрделі машина болып саналады. Астық жинау жұмыстарын іске асыру тәсілдеріне қарай жинаутехнологиясы да әртүрлі болады. Жоғары аталған жұмыстардың барлығынагрегат бір жүріс кезінде-ақ немесе бөлек-бөлек атқара алады. Агрегаттың біржүрісін бір кезең деп атасақ, астық жинауды бірнеше кезеңге бөліп жүргізугеболады. Біздің елімізде астық дақылдарын бір кезеңде бірден жинайды жәнебірнеше кезеңге бөліп жинайды. Бір кезенде жинаған да астықты тікелейкомбайнмен орып, бастырады, яғни агрегаттың бір жұмысшы жүрісінде барлықору, бастыру жұмыстары атқарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.http://webcache.googleusercontent.com

2.http://referattar.kazaksha.info

3.Алшынбаев Мухтар, Әлиев  Болат "Ауыл шаруашылығы машиналары", Алматы , «Қайнар», 1979, 224б.

 

 

 


Информация о работе Бастыру аппараты және түрлері