Бастыру аппараты және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 21:07, реферат

Краткое описание

Астық өнімін жинау – аса жауапты науқан. Жиналатын өнімнің сапасыменмөлшері жинау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көп байланысты. Сондықтан астық өнімін жинауға қойылатын негізгі талап еңбекті аз жұмсап,өнім сапасын төмендетпей, ысырапсыз жинап алу.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастыру аппараты және түрлері...................................................................4
2. СК-5 және СК-6 комбайндарының молотилкасы.......................................5
3. Қабылдағыш битер........................................................................................7
4. Қайтарғыш битер...........................................................................................9
5. Барабанның айналыс саны..........................................................................11
Қорытынды ..........................................................................................................13
Пайдалынылған әдебиеттер .................................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

Комбайн молотилкасының жұмыс технологиясы.docx

— 155.11 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

1. Бастыру аппараты және түрлері...................................................................4

2. СК-5 және СК-6 комбайндарының молотилкасы.......................................5

3. Қабылдағыш битер........................................................................................7

4. Қайтарғыш битер...........................................................................................9

5. Барабанның айналыс саны..........................................................................11

Қорытынды  ..........................................................................................................13

Пайдалынылған әдебиеттер .................................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Астық өнімін жинау – аса жауапты науқан.  Жиналатын өнімнің сапасыменмөлшері жинау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көп байланысты.  Сондықтан астық өнімін жинауға қойылатын негізгі талап еңбекті аз жұмсап,өнім сапасын төмендетпей, ысырапсыз жинап алу. Ал өнімнің сапасы және оның ысырапсыз жиналуы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың  негізгісі – жинау технологиясы.   Жинау техноло- гиясын жиналатын астық түріне,  жер жағдайына және өнімділігіне байланысты дұрыс ұйымдастырғанда ғана  жоғарыдағы талаптар орындалады.   Астық өнімін жинау үшін мынандай  жұмыстар атқарылуы тиіс: өсімдік сабағын ору, орылған сабақтарменмасақтарды бастырғыш аппаратқа жеткізу, бастырғыш аппаратпен бастырып  дәнді бөлу, оларды топан мен сабаннан тазарту, тазаланған дәндерді шанаққа  жинау және сабан мен топан қоспасын шөмелеге салу.

 Осы аталған жұмыстарды  орындайтын машиналар астық комбайндары.Ком- байндар ауыл шаруашылық   машиналары  ішіндегі ең күрделі машина  болыпсаналады. Астық жинау жұмыстарын  іске асыру тәсілдеріне қарай  жинау  технологиясы да әртүрлі  болады. Жоғары аталған жұмыстардың  барлығын  агрегат бір жүріс  кезінде-ақ немесе бөлек-бөлек  атқара алады. Агрегаттың біржүрісін  бір кезең деп атасақ, астық  жинауды бірнеше кезеңге бөліп  жүргізуге  болады.  Біздің елімізде  астық дақылдарын бір кезеңде  бірден жинайды және  бірнеше  кезеңге бөліп жинайды.  Бір  кезенде жинаған да астықты  тікелей комбайнмен орып, бастырады, яғни агрегаттың бір жұмысшы  жүрісінде барлы  қору, бастыру  жұмыстары атқарылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастыру аппараты және түрлері.

 Комбайнның негізгі бөлігі молотилка болып табылады. Молотилкамынандай негізгі үш бөліктен тұрады: бастырушы аппарат, сабан сіліккіш жәнеелекті  тазалағыш. Сол механизмдердің көмегімен молотилка астықтарды, дәндісабан-топаннан тазартады. Тазартылған дән шанаққа, сабан-топаншөмелелегішке жиналады. Жоғарыда аталған механизмдердің жұмысы өзаратығыз байланысты. Егер бұлардың біреуінің механизмі бұзылса, басқаларыныңжұмыс сапасы нашарлайды. Бастырушы аппарат жаткадан келген астықтыбастырады. Бастыру дегеніміз – масақты үгітіп, дәнді одан бөліп алу. Дәндімасақтан ажыратып бөлу үшін негізінен барабанды аппарат қолданылады.  Барабанды бастырушы аппараттардан басқа бастырушы аппараттардың бірнеше түрі бар. Олар қазір ғылыми түрғыдан зерттелу үстінде, сондықтан шаруашылықтарда әлі де кең көлемде қолданыла қойған жоқ.

  Барабанды бастырушы аппараттар екі түрлі болады:  тісті және ұрмалы.Тісті барабанды аппарат ұрма барабанды аппаратқа қарағанда ылғалды астықтыжақсы бастырады. Бірақ тісті барабанды аппарат ұрмалы аппаратқа қарағанда дәнді көбірек шағады және сабанды өте ұсақтап жібереді.   Ұсақталған сабаннан дәнді ажыратып бөлу қиын. Ұрмалы барабанды аппаратпен,  тісті аппаратқа қарағанда,  астықтың әр түрін бастыруға болады.  Онда барабан астына торлыдека қойылғандықтан бастыру кезінде бөлінген дән сабан сіліккішке бармай-ақ, деканың торы арқылы өтіп бірден тазалағышқа барады.  Сөйтіп сабан сіліккіштің жұмысын жеңілдетеді.  Ал тісті барабандарға мұндай декақойылмайды, себебі оларңа да тістер бекітіледі.  Декасының тесіктері жоқ, бітеу болғандықтан бөлінген дәндердің барлығы сабан сіліккішке барып, сонда бөлініп шығады. Бұл оның жұмысын ауырлатады.

Барабанды бастырушы аппарат арқылы астықты екі әдіспен бастыруғаболады, бұларды бір фазды, екі фазды әдіс деп атайды. Бір фазды әдіс кезіндебір ғана барабанды бастырушы аппарат қойылады. Ал екі фазды әдіс кезіндеастықты бастыру жұмысы кезекпен бірінен кейін бірі атқарылады. Біріншібарабанның айналыс жылдамдығы екінші барабандікіне қарағанда екі есе аз. Бастырылатын астық алдымен бірінші барабанға, айналыс жылдамдығы азбарабанға беріледі.  Бұл кезде толық піскен дәндер көбінесе масақтан ажырайдыда декадан төмен түседі.  Бұл дәндерге үлкен сору күші әсер етпегендіктен ұсақталмай, шағылмай аман болады.

 

СК-5 және СК-6 комбайндарының молотилкасы.

2-сурет. СК-5 және СК-6 комбайндарының  молотилкасы:

1 — бөлгіші бар барабан  капотының қақпағы; 2 — барабан; 3 — бөлгіш; 4 — соққылауыш битер; 5 — маңдайша; 6 — саусақты айыр-ғыш  тор; 7,27 және 33 — шнектер; 8 — қайтарғыш фартук; 9 және 14 —-қарсы жетек біліктер; 10 — сабан сіліккіш клавишаларының білігі; 11 —клавиша; 12 — сабан сіліккіштің фартугы; 13 және 17— аспалар; 15 — ұзартқыштың рычагы; 16 —жоғарғы тор ұзартқышы-ның көлбеу бұрышын өзгертуге арналған тесік; 17 — жалюз ұзарт-қышьшың көлбеу бұрышын өзгертуге арналган тесік; 18 — жоғарғы тордың ұзартқышы; 19—топан нығыздауыш; 20— топан нырыздауыштын, білігі; 21 —шөмелелегіштің бекітетін кронштейні; 22 —• науа; 23 — жылжымалы қалқанша; 24 — мандайша; 25— масақ шнегі құндарының ашылмалы төсем тақтайы; 26 — басқарылушы доңғалақ мостысын бекітетін ось; 28 және 34 — төменгі електі реттеуге арналған ойық; 29 — елек станының артқы аспасының осі; 30 және 31 — електер; 32 — саусақты тор; 35 — желдеткіш; 36 — транспорттық тақтайдын, фартугы; 38 — негізгі дека; 39 — транспорттық тақтай; 40 — деканың қондырмасы; 41 — тас тұтқыштың қалқаншасы; 42 — молотилканың алдындағы фартугының нығыздалатын беті; 43 — кезектік нығыздауыш; 44 — молотилканың алдыңғы фартугы; 45 және 46 — дека қондырғысының қалқаншалары; 47 — молотилканың қабылдау камерасы мен жатканың көлбеу корпусы арасындары төменгі нығыздауыш; 48 — бағыттауыш қалқанша; 49 — кронштейн; 50 — қамыт; 51 — молотилканың қабылдау камерасы мен жатканың көлбеу корпусы аралығындағы жоғарғы нығыздауыш; 52- қабылдауыш битер.

Әлі толық пісіңкіремегендіктен үгітілмей масақта қалған басқа дәндерүлкен жылдамдықпен айналатын екінші барабанмен бастырылады.  Сөйтіп, екіфазды бастыру кезінде дәннін, шарылу проценті азаяды.  Бұл әдіс көбінесе ылғал астықтарды жинау үшін қолданылады. Мысалы, күрішті бастыру үшін немесе солтүстік аудандарда астық жинау үшін осы екі фазды бастыру әдісіқолданылады.  Бір фазды және екі фазды бастырушы аппараттар жұмыстарында оншама көп айырмашылық жоқ.  Екі барабанды бастырып – тазалағыш қондырғының құрылысы - қабылдағыш битерден , бірінші бастырғыш барабаннан ,екінші бастырғыш барабаннан , декалардан  және , қайтарғыштардан  және , аралық  және қайтарғыш III битерлерден, бағыттағыш  жәнеаралық  торлардан, клавишалардан , жапқыштан , алдыңғы топтыберіліс білігі  және сіліккіш тақтайшадан  тұрады. Екі фазды бастырғыш аппарат: қабылдағыш битер; бірінші және екінші барабандар;  қайтарғыштар; аралық битер; қайтарғыш битер;  бағыттағыш елек;  клавишалар;  апқыш; декалар; алдыңғы топты беріліс білігі; аралық елек; сіліккіш тақтайша.

 

Қабылдағыш битер.

 Қабылдағыш битердің төрт қалақшасы бар. Ол қораптағы біріншіпанелдегі терезе арқылы орнатылады да шарлы подшипниктің қорабыменбекітіледі. Қабылдағыш битер қозғалысты шынжырлы берілістің көмегіменкөлбеу камераның жоғарғы білігінен алады. Бастырғыш барабандар және масақты ұру арқылы дән бөледі. Ол үшін барабанның бетіне ұрғыштарқойылады. Ұрғыштардың беттері бедерленген және ол бедерлердің оңға немесесолға бағытталуы мүмкін. Сондықтанда оларды кезекпен алмастырып орнатукерек. Барабандарды оң жақ панелдегі терезе арқылы орнатады. Барабандарқозғалысты сына белдікті вариатор арқылы басты топтық беріліс білігіне айналады. Барабандардың айналыс жылдамдығын осы вариатор арқылыгидроцилиндрдің көмегімен комбайншы кабинада отырып-ақ өзгерте алады. Декалар  және пісіріліп тұтас бір бөлік етіп жасалған. Ондағы көлденеңпланкалардың ара қашықтықтары тұрақты емес, айнымалы болып келеді. Алдыңғы  және артқы декалардың арасында аралық тор , ал соңғыдеканың артында бағыттағыш тор бекітілген.

Бастырғыш аппараттағы барабан мен деканың аралығындағы саңылаудыкомбайншы кабинадағы жұмыс орнынан реттей алады. Комбайнды жасағанзаводтың ұсынысы бойынша ол саңылаулар мына төмендегідей болуы керек:алдыңғы барабанда кіре берісінде – 20 мм., артында – 7 мм, ал екінші барабандакіре берісінде – 18 мм., артында – 6 мм. Аралық   және қайтарғыш  битерлер төрт қалақшалы және құрылыстары ұқсас жасалған. Текайырмашылықтары олардың біліктерінде. Аралық битерді қозғалысқа сынабелдікті берілістің көмегімен комбайнның оң жағындағы басты топтық берілісбілігімен келтіреді. Қайтарғыш битер комбайнның сол жағынан шынжырлыберілістің көмегімен аралық битерден қозғалыс алады.

Жаткадан келген астық бастырушы аппаратқа беріледі. Ол кезде көлбеутранспортерден көтеріліп келе жатқан астықтың қозғалыс бағытын бастырушыаппаратқа қарай бұру үшін қабылдағыш битер қойылған. Оның өзі айналыптұратын қалақшалы барабан тәрізді. Ол келе жатқан массаны қалақшаларыменқысып, өзінің астынан өткізеді де бастырушы аппаратқа қарай бағыттайды.Бастыру кезінде негізгі жұмысты ұрмалы барабан атқарады. Ол барабан біліккеотырғызылған дискілерден құралады. Шеткі екі диск білікке берік етіпбекітілген, ал ортадағы дискілер білікке жанаспайды. Оның себебі білікортасын күштен босату болып табылады. Егер ортадағы дискілер білікке күштүсіретін болса, білік аз да болса майысады.

Ондай майысу салдарынан үлкен жылдамдықпен айналатын және массасыауыр бөлшектердің динамикалық тепе-теңдігін бұзады, діріл туғызады, тіптісынуға себеп болады. Дискілердің аралығы берік планкамен жалғастырылып,ол планкалар үстіне ұрмалар арнаулы болтпен бекітіледі. Рамалар бетіндебедерлі кесіктер бар. Ол кесіктер оңға қарай немесе солға қарай көлбегенболады. Бір барабанға бекітілген оң және сол ұрмалар өзара кезектесіп орналасуға тиіс. Егер кесіктері бір бағыттаңы ғана ұрмалар бекітілсе, онда күшбарабанның бір жақ подшипнигіне ғана түсіп, оны тез істен шығарады. Бірбарабанға бекіген ұрмалар салмағында да айырмашылық болмауға тиіс. Олайболмаса жоғарыда айтылғандай динамикалық тепе-тендік бұзылады. Егерұрмалардын біреуі істен шықса, онда бір барабандағы барлық ұрмаларалмастырылады. Оларды алмастырмас бұрын, салмақтарын жеке-жеке өлшептексереді. Олардың өзара айырмашылықтары 5 г шамасынан аспауы тиіс.

Барабан білігі екі қатарлы шарикті подшипникке отырғызылып, оныңқорабы арқылы молотилка қаңқасына бекітіледі. Біліктің бір басына қозғалысқакелтіруші шкив бекітіледі. Ол шкивтің құрылысы төменде вариатор құрылысынқарастырған кезде баяндалады. Дека планкалар мен темір шыбықтарданқұралған торулы беттен тұрады. Бастырылатын астық барабан арқылықозғалып көлденең планкалардың қырларына үйкеліп бастырылады, бұдан арыдәндер масақтан бөлініп тор арқылы дека астына түседі. Дека алдыңғы жәнеартқы жағында білікке отырғызылған. Планкалардың қыры тозған кезде солбіліктен босатып, басқаша ауыстырып қоюға болады. Сонда планкалардыңартқы тозбаған қырлары алдына қарайды.

 

Қайтарғыш битер.

 Дека бекітіліп, біліктің екі басына барабан мен дека аралығындағысаңылауды өзгертетін механизм орнатылады. Саңылауды реттеу жөніндетөменде баяндалады. Қайтарғыш битер дегеніміз – тісті қалақшалары барбарабан. Оның негізгі қызметі ұрмалы барабаннан үлкен жылдамдықпеншыққан астық массасын қалақшаларымен ұрып, сабан сіліккішке қарайбағыттау болып табылады. Оның астына саусақты тор бекітілген. Қайтарғышбитер астық массасын ұрған кезде сабаннан бөлініп шыққан дәндер солсаусақты тор арқылы өтіп тазалағышқа барады, ал сабан оның бетімен сырғыпсабан сіліккішке бағытталады. Бастырушы аппараттың жұмыс сапасы оныңреттелуіне тікелей байланысты. Оңан екі түрлі реттеу жүргізіледі. Біріншісі -ұру күшін бастырылатын астық түріне қарай реттеу, яғни барабанныңайналысжылдамдығын өзгерту. Екіншісі – барабан мен деканың арасындағы саңылаудыбастырылатын астықтың, физика-механикалық қасиеттеріне қарай өзгерту.

Бастырылатын астық түріне байланысты барабанның айналыс санынөзгерту үшін, оны қозғалысқа келтіретін белдікті берілісте вариатор қойылған.Жетектеуші және жетектелуші шкивтердің конструкциялық құрылысы бірдей,бірақ бірінің жұмысшы диаметрі кіші де, екіншісінікі үлкен. Осы екі шкивтіңконструкциялық құрылысы бірдей болғандықтан, олардың орындарынауыстырып бекітуге болады. СКД-5 және СКД-5Р комбайндарында барабанныңайналыс санын өзгерту үшін, оны қозғалысқа келтіретін жетектеуші жәнежетектелуші шкивтердің дискілері жылжымалы етіп жасалған. Қозғалмайтыншкив сына (шпонка) арқылы берік бекітіледі де оның күпшегінде (ступица)қозғалатын шкив сына арқылы жалғасып, қосымша хомутпен бекітіледі.Қосымша қамытты босатып, қозғалатын дискіні ось бойымен қозғалмайтындискінің күпшегі арқылы жылжытуға болады. Екі дискі қосымша шпилкаларарқылы жалғасқан және араларына тірегіш болттар қойылған. Екі дискінің арақашықтығын ұлғайту үшін қамытты және екі дискі арасындағы шпилка гайкаларын босатып, тірегіш болттарды кіргізе бұрау керек. Ал кішірейту керекболса, тірегіш болтты шығара бұрап, екінші дискалардан алыстатады, қосымшақамытты босатып, шпилькалардың гайкаларын кіргізе бұрайды.

 Егер диаметрі кіші  шкив жетектеуші (топты беріліс  білігінде) болса, ондабарабанның айналыс  санын вариатор көмегімен 400-750 шамасына  дейінөзгертуге, ал диаметрі кіші  шкив жетектелуші (барабанның білігінде) болса,онда барабанның айналыс  санын 800-1335 шамасына дейін өзгертуге  болады.Барабан айналысын өзгерткен кезде мынандай құбылыс болады. Комбайнеркабинадағы тұтқаны бұрау арқылы жұлдызшаны айналдырады. Онымен біргелкі біліктегі бірдей жылжымалы втулканың сыртқы бөлігі ішкі бөлігіне кіренемесе шыға бұралады. Сөйтіп екі дискінің аралығы өзгереді де бір-бірінеберіліс саны, яғни айналыс саны өзгереді. Барабанның айналыс санын тұтқаарқылы жерде тұрып-ақ өзгертуге болады. Ол үшін барабанды іске қосып,двигательді аз айналу қалпына келтіреді. Бұдан кейін тұтқаны қолмен тиістіжағына бұрайды. Оны сағат тілі жүретін жаққа бұраған кезде барабанғаайналыс саны артады, ал керісінше бұраған кезде айналыс саны азаяды.Барабанның айналыс санын кабинадағы тахометр арқылы бақылап отырады.Жұмысқа кіріспес бұрын барабанды тиісті айналыс санына қояды. Жұмыскезінде бастыру сапасына қарай өзгертуге болады.

 

Барабанның айналыс саны.

Барабанның айналыс саны көп болса, онда шағылып сынған дәндербункерде көбірек кездеседі және сабан да өте ұсақталып туралады, сондықтантазалағыш механизмдер дәнді сабаннан ажыратып үлгіре алмайды, дәнніңбірқатары сабанға ілесіп кетіп шығынданады. Керісінше, барабанның айналыссаны аз болса, ол астықты түгел басып үлгіре алмайды, сабанмен біргебастырылмаған масақ болады. Сол сияқты үлкен масса келгенде барабантығылып қала береді де оның өнімділігі азаяды. Астықты бастыру сапасыбарабанның айналыс санына ғана байланысты емес. Бастыру сапасы барабанмен дека арасындағы саңылауғада байланысты. Егер осы саңылау мөлшерідұрыс қойылмаса, онда дәндер сынып шағылады немесе масақтарбастырылмаған күйде сабанға кетеді. Барабан мен дека арасындағы саңылаудыреттеу комбайндарда екі түрлі жолмен жүргізіледі.

Информация о работе Бастыру аппараты және түрлері