Астық массасының қасиеттері. Астық массасы сақтау объектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 23:39, реферат

Краткое описание

Негізгі құрауыш – астық тобы деп аталған дақылдың (бидай, арпа ж.б.) дәндері немесе тұқымы. Астық массасының әрбір дәнінің өзіне тән морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары болады. Олар аналық өсімдіктер мен масақта әркелкі орналасады, толысу кезені де әр мезгілде жүреді. - Егін жинағанда астық массасында уатылған дәндер, басқа дақылдар мен арамшөптердің тұқымдары, сабақ пен масақ білігінің бөліктері, масқша қауыздары, қылтықтары, құм, шаң т.б. ұщырасады.

Содержание

Физикалық қасиеттері, астық массасын сақтау практикасында және өндеу кезінде олардың маңызы.
Астық массасында жүретін физиологиялық процестер және олардың сипаттамасы.
Асық массасының өздігінен құзуі, оның пайда болуына әсер етуші жағдайлар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астық массасының қасиеттері.docx

— 46.87 Кб (Скачать документ)

Астық массасының қасиеттері. Астық массасы сақтау объектісі ретінде.

  1. Физикалық қасиеттері, астық массасын сақтау практикасында және өндеу кезінде олардың маңызы.
  2. Астық массасында жүретін физиологиялық процестер және олардың сипаттамасы.
  3. Асық массасының өздігінен құзуі, оның пайда болуына әсер етуші жағдайлар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдау мекемелеріне түсетін  әр түрлі дақылдардың асытқ массасы  құрамы бойынша біркелкі болмайды және түрлі-түрлі құрауыштардың жиынтығын  құрайды.

Негізгі құрауыш  – астық тобы деп аталған дақылдың (бидай, арпа ж.б.) дәндері немесе тұқымы. Астық массасының әрбір дәнінің  өзіне тән морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары  болады. Олар аналық өсімдіктер мен  масақта әркелкі орналасады, толысу кезені де әр мезгілде жүреді.  - Егін жинағанда астық массасында уатылған дәндер, басқа дақылдар мен арамшөптердің  тұқымдары, сабақ пен масақ білігінің  бөліктері, масқша қауыздары, қылтықтары, құм, шаң т.б. ұщырасады.

Астық массасында әрқашанда микроорганизмдер де болады. Жекелеген дәндер, тұқымдар мен астық массасының қоспалары  пішіні мен көлемі бойынша біркелкі болмайды және қоймаға олар тығыз  орналаспайды.  
Қатты құрауыштардың арасында ауамен толтырылған саңылаулар болады, ал олар сақтаудағы астық массасының барлық құрауыштарына әсер етеді. Залалданған астық массасында зиянкестер (жәндіктер, кенелер) болуы ықтимал.   
Барлық астық топтары, дақылына қарамай, мынадай физикалық 
касиеттерімен ерекшеленеді:  
- сусымалылығымен,  
- өздігінен сүрыпталынуы-мен,  
- қуыстылығымен,  
- газдар мен булардың сорбциясы жөне десорбциясы,  
- жылылық-физикалық жене масса алмасу қасиеттерімен.  
 
Астық массасының қасиеттерін ескермей астық сақтау, өндірістік үлкен шығындарға үрындырады.

2 . Физикалық қасиеттері, астық массасын сақтау практикасында және өндеу кезінде олардың маңызы. 
Астық және астық массасының горизонталь жазықтыққа бүрьші жасай орналасқан бетте жылжуын олардың сусымалылығы деп атайды.  
 
Астық массасы жақсы сусымалылығымен ерекшеленеді, ал мүны конвейер, нория т.б. қүралдармен орын ауыстырғанда, шанақтар мен силостарға астықты тиегенде және түсіргенде пайдаланады. Астық массасының сусымалылығы   элеваторларда,   үн,   жарма,   қүрама   жем   зауыттарында шанақтар мен силостардың ең теменгі иілу бүрышьш (еңкіштігін) анықтайды, оны астық қоймаларының беріктігін ж.б. есептегенде ескереді.

Әдетте астық  массасының сусымалылығын үйкеліс  жөне табиғи көлбеу бүрышын өлшеу  жолымен анықталатын, сыртқы жөне ішкі үйкеліс коэффициенттерімен сипаттайды.

Үйкеліс бүрышы деп астық массасының белгілі бір жазықтық бетінен жылжи бастайтын ең төменгі бүрышты атайды.

Табиғи көлбеу бүрышы деп астық массасының горизонталь жазықтыққа, мәселен қойма еденіне еркін түсу нөтижесінде пайда болатын конус диаметрі мен табанының арасындағы бүрышты атайды.

Астық массасының сусымалылығына коп факторлар  әсер етеді:

түйіршікті қүрамы мен  түйіршіктілік сипаттамасы,

Дән бетінің күйі мен сипаттамасы (пішіні, көлемі, ылғалдығы,

 қоспалардың молшері  және олардың құрамы,

дән ағатын күбырдың материалы, пішіні мен оның бетінің күйі).

Астық массаларының табиғи көлбеу бұрышы

Дақыл

Табиғи көлбеу бұрышы, град

Дақыл

Табиғи көлбеу бұрышы, град

Бидай

23-28

Арпа

28-45

Қара бидай

23-28

Жүгері  

30-40

Тары 

20-27

Күнбағыс 

31-45

Ас бұршақ

24-31

Күріш

27-48

Май бұршақ

25-32

Сұлы 

31-54

Сиыр жоңышқа

28-33

Эспарцет 

39-57


Силостарды толтырғанда өздігінен сүрыпталу барынша көп байқалады. Бүған қозғалыстағы бөліктерге көрсететін ауа кедергісі мұмкіндік береді. Астық массасының өздігінен сүрыпталуы-қолайсыз қүбылыс. Қоймалардағы астық топтарының біркелкілігінің бұзылуы силостағы және ондағы астыкты жөнелткеңде, астық сапасын дүрыс бағалауды қиындатады, сонымен бірге жоғары тіршілікті құрауыштар шөғырланған үйінді бөліктерінде әр түрлі физиологиялық және микробиологиялық процестердің дамуына мұмкіндік жасайды. Мұның өзі астық массасында өздігінен қызу, басылып қалу т.б. алғы шарты болып табылады.

Астық массасының ауамен толтырылған  бөлігін қуыстылық деп атайды. Астықтың орналасу тығыздығы мен қуыстылығын жалпы көлеміне пайыз мөлшерімен көрсетеді.

Қуыстылықтың арқасында  асытқты кептіруге, белсенді желдетуге  және газация жасауға мұмкіндік  туады.

Астық массасының қоймаларда орналасуының қуыстылығы мен тығыздығы  астық массасының қатты құрауыштарының пішініне, серпімділігіне, мөлшеріне  және бетінің күйіне, ондағы қоспалардың  шамасы мен түріне, астық тобының  массасына және ылғалдылығына, қойманың пішіні мен сыйымдылығына, сақтау мерзімінің ұзақтығына байланысты.

Астық массаларының қуыстылығы

Дақыл

Қуыстылығы, %

Дақыл

Қуыстылығы, %

Майлы кұнбағыс

60-80

Жүгері  

35-55

Сұлы 

50-70

Тары 

30-50

Күріш

50-65

Қара бидай

35-45

Қарақұмық

50-60

Бидай

35-45

Арпа

45-55

Ас бұршақ

40-45

Зығыр

35-45

Сиыр жоңышқа

30-40


 

Астық массасы былайша  алғанда жақсы сорбент: ол қоршаған ортадан әр түрлі заттар мен газдардың  буларын сіңіру қаблетімен ерекшеленеді. Сорбентер мен сіңірілетін заттардың  қасиеттеріне байланысты сорбция қүбылысы адсорбция, абсорция, хемосорбция жөне капиллярлық конденсация болып ажыратылады. Астық массасында сорбциялық қүбылыстың барлық түрлері байқалады және оларды жеке-жеке бөліп қарастыру көбінесе қиынға соғады.

Сондықтан адсорбцияның, капиллярлық конденсацияның, хемосорбцияның жиынтық нәтижесін  сорбция, ал астық массасынан әр түрлі  жағдайларда бу мен газдарды сіңіру қабілетінің деңгейін сорбциялық сыйымдылык деп атайды.

Белгілі бір жағдайларда  астық массасыснан қоршаған орта кеңістігіне бу мен газдың толық  немесе бір бөлігінің булануы  байқалады, мүны десорбция деп атайды.

Астық массасын тасымалдағанда, сақтағанда байқалатын барлық сорбциялық қүбылыстарды, олардың астықтың сапасы мен сақталуына әсеріне қарай екі топқа белуге болады:

газдар  мен булардың сорбциясы және десорбциясы,

су  буларының сорбциясы мен десорбциясы.

Көптеген зерттеулер мен  іс-саналық деректер корсеткендей, өндірістік жағдайларда астық сақтау кезеңінде оның ылғалдылығының өздігінен  өзгеруі байқалады.

Әр түрлі дақыл  дәндерінің тепе-теңдік ылғалдылығы

Дақыл

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

75

80

Ауаның температурасы, 0С

0

10

20

30

0

10

20

30

Бидай

15,8

15,5

15,1

14,8

16,7

16,3

16,0

15,7

Қара бидай, арпа

17,0

16,7

16,3

15,4

18,3

17,9

17,4

16,5

Сұлы 

16,6

16,1

15,6

15,0

17,9

17,3

16,8

16,2

Күріш

15,5

15,0

14,5

13,9

16,6

15,9

15,2

14,7

Жүгері

16,6

16,3

15,9

14,9

17,6

17,3

16,9

15,9

Тары 

16,1

15,6

15,1

14,4

17,1

16,6

15,9

15,3

Ас бұршақ

16,8

16,5

16,1

15,8

17,7

17,3

17,0

16,7

Май бұршақ

14,0

13,6

13,1

12,5

16,2

15,7

15,3

14,5

Күнбағыс 

8,9

8,5

7,6

9,5

 

9,3

9,1

8,5





Астықты ылғалды  атмосферада сақтағанада оның ылғалдылығы     артады, 

   ал     қүрғақта     кебуі     жүреді.    

Белгілі     бір ылғалдылықтағы дәінді дымқыл ауаға орналастырса, ал ондай ауада әрқашаңда су буының белгілі бір мөлшері болады, әрекеттесудің нәтижесінде төмеңдегідей процестер жүруі мүмкін:

- дәндегі ылғал ауаға ауысады да (булану, десорбция, кебу), дән кебеді: бүл жағдай дән бетіндегі су буының парциалдық қысымы (Рп.д.) атмосфералық ауадағы су буының парциалдық қысымынан (Рп.а.) жоғары болғанда байқалады, басқаша айтқанда Рп.д>Рп.а.;

- дән бетіндегі су буларының парциялдық қысымдары ауадағы су буларының қысымынан төмен болса, ауадағы ылғал дәнге сініріледі (Рп.д.<Рп.д.).

Біраздан кейін ылғалдың қайта бөліну процесі нәтижесіңде ауадағы бу мен дән бетіндегі будың парциалдық қысымдары теңеседі де, динамикалық тепе-теңцік орнайды (Рп.д.=Рп.а.).

Тепе-тендік күйге сәйкес келетін астық (дән) ылғалдылығын тепе-теңдік ылғалдылық деп атайды.

Оны белсенді желдету, кептіру ережелерін, астықты сақтаудың қауіпсіз жағдайларын, тандап алу үшін пайдаланады. Астықтың тепе-теңдік ылғалдылығы оның сорбциялық қасиеттері (қүрылымы мен химиялық құрамы) мен ауаның күйіне (салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасына) тәуелді.

Астык массасының жылулык-физикалық және масса айырбастау касиеттері.

Бүлар туралы түсінік астық  массасын сақтағанда, кептіргенде, белсенді желдеткенде болатын жылу алмасу қүбылыстарын түсіну қажет.

Жылу сыйымдылық - астықты қыздыруға қажетті жылудың мөлшерімен сипатталады және меншікті жылу сыйымдылық шамасымен айғақталады.

Соңғысы әдетте астықтың қүрғақ заты мен судың жылу сыйымдылықтарының  арасындағы орташа өлшенген шамамен  есептейді.

Жылу сыйымдылықты астықты  кептіргенде ескереді, өйткені жылу шығыны астықтың алғашқы ылғалдылығына  тәуелді болып келеді.

Жылу өткізгіштік — астықтың жылу өткізгіштік қасиетін сипаттайды.

Оның коэффициенті 0,13-тен 0,2-қа Вт/м.К дейін ауытқиды, яғни жылу өткізгіштігі нашар.

Ол астық массасының органикалық  қүрамы мен ауаның болуына байланысты.

Астық массасы ылғалдылығының жоғарылауына байланысты оның жылу өткізгіштігі артады, алайда төменгі деңгейде қалады.

Температура ө т к і з г і ш т  і к - астық температурасының өзгеру шапшандығын, оның жылу инерциясын көрсетеді. Астық массасы өте темен температура өткізгіштік коэффициентімен сипатталынады, яғни жоғары жылу инерциясына ие.

Астық массасының температура өткізгіштігінің  төмендігінің пайдасы да бар: дүрыс салқындатылғанда, тіпті жылдың жылы мезгілінің өзінде, астық массасында төменгі температура сақталады. Сонымен астық массасын суыкпен өндеп үзақ уақыт бүзылмайтын етуге мүмкіндік туындайды.

Температура откізгіштіктің төмендігінің теріс  жағы, ол қолайлы жағдайлардың нәтижесінде белсенді физиологиялық процестер әсерінен (астық, микрорганизмдер, кенелер мен жәндіктер тіршілігінен) бөлінген жылу астық массасында бөгеледі де, оның температурасының көтерілуіне (өздігінен қызуына) өкеп соғады.

Термоылғалөткізгіштік - астық үйіндісінде температура өзгеруінен оның массасындағы ылғалдың орын алмастыру қүбылысы.

Термоылғалөткізгіштіктің  нәтижесінде ылғалдың жылы қабаттардан  шамалы жылынған қабаттарға ауысуы жүреді.

Ылғал ауысу қүбылысы астық массасын сақтағанда үлкен іс-саналық маңызға ие болады. Ол үйіндінің әр қабатында температура өзгерісі болғанда байқалады, әсіресе күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдердегі максимальды температура ауытқуларында (градиенттерінде) туындайды. Қойма қабырғаларының әркелкі жылынуы, жылы астық массасының суық асфальт немесе кірпіш еденді қоймаларда ауысуы, күн көзінде кептіру де ылғалдың жылы қабаттардан салқын қабатқа ауысуына себеп болады. Бүл қабаттарда ылғалды ауа салқындағанда су тамшылары пайда болады, басқаша    айтқанда    ылғалдьң    конденсациясы    байқалады.    Сонымен термоылғалөткізгіштіктің әсерінен үйіндінің жекелеген қабаттары ылғалданады да өзінің тіршілік әрекетін күшейтеді. Оларда астыктык өздігінен қызуы, тіпті дәннің өнуі байқалуы мүмкін.

Астық массасындағы физиологиялық процестер.

 Дәннің болашақ тіршілігіне әсер ететін, қоймада сақталатын топты дән массасы дейміз.

Дән массасының үзақ тіршілігі деп, белгілі бір уақыт ішінде дән мен түқымның түтынушылық (түқымдық, технололгиялық және азық-түліктік) қасиеттерін сақтауын айтамыз.

Дән массасының үзақ тіршілігі 3 топқа бөлінеді.

Биологиялық үзақ тіршілік деп, белгілі бір уақыт ішінде, дән массасы тобында, не болмаса қоймадағы түқым тобының, бір дәні болса да көктеп шығуға бейімділігін сақтауын айтамыз.

Түқымдық  үзақ тіршілік деп, белгілі бір уақыт ішінде, түкымның өзінің түқымдық кондициясын сақтауын (I және II класс) айтады.

Технологиялық үзак тіршілік деп белгілі бір уақыт ішінде, дән массасы өзінің азық-түліктік, жемшөптік және технологиялық қасиеттерін сақтауын айтамыз.

Биологиялык үзак тіршілік 3 топқа бөлінеді:

микробиотіктер, мезобиотіктер және макробиотіктер болып.

Микробиотіктер тобының үзақ тіршілігі бірнеше күннен 3 жылға дейін, мезобиотіктердікі 3 жылдан 15 жылға дейін, ал макробиотіктердікі 15 жылдан 100 жылға дейін созылады.

Тыныс алу.

Бұл маңызды физиологиялық  процесс және тірі ағзаларда зат  алмасудың негізі болып табылады.

Өттегінің дәнге еркін  енуіне байланысты тыныс алу процесі аэробты тыныс алудың жиынтық теңдеуіне сәйкес жүреді:

Информация о работе Астық массасының қасиеттері. Астық массасы сақтау объектісі ретінде