Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 12:38, доклад
Дін – қоғам мен мемлекетті, ұлттар мен ұлыстарды ортақ идеялар мен құндылықтар төңірегіне топтастыратын сенім болумен қатар, бір мезгілде әлеуметтік алауыздықтар мен қайшылықтарға түрткі беретін өте нәзік әрі асқан ыждаһаттылықты талап ететін сфера. Сондықтан, Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен конфессияаралық ауызбіршілікті сақтаудағы қыруар жұмыстарының басты мәні – діннің оңды әлеуетін ұтымды пайдалана отырып, оны ел дамуының рухани тетігіне айналдыруы жайдан-жай емес. Осының шынайы көрінісі іспетті, елімізде бүгінгі күнде адамдар мен азаматтардың діни сенімдерді ұстануына қатысты қолайлы ахуал қалыптасып отыр. Бұл мемлекеттің осы салада жүргізіп отырған бірізді және байсалды саясатының нәтижесі.