Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 12:38, доклад
Дін – қоғам мен мемлекетті, ұлттар мен ұлыстарды ортақ идеялар мен құндылықтар төңірегіне топтастыратын сенім болумен қатар, бір мезгілде әлеуметтік алауыздықтар мен қайшылықтарға түрткі беретін өте нәзік әрі асқан ыждаһаттылықты талап ететін сфера. Сондықтан, Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен конфессияаралық ауызбіршілікті сақтаудағы қыруар жұмыстарының басты мәні – діннің оңды әлеуетін ұтымды пайдалана отырып, оны ел дамуының рухани тетігіне айналдыруы жайдан-жай емес. Осының шынайы көрінісі іспетті, елімізде бүгінгі күнде адамдар мен азаматтардың діни сенімдерді ұстануына қатысты қолайлы ахуал қалыптасып отыр. Бұл мемлекеттің осы салада жүргізіп отырған бірізді және байсалды саясатының нәтижесі.
ӘОЖ 289.9
Жаңа діни қозғалыстардың идеялық бағыттарын түсіну сұрақтары бойынша жастардың діни сауаттылығы.
Г.О.Сулей, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың МЖБ-101 тобының студенті,Павлодар қаласы
Қазақстанның жастарының санасында дін түсінігі мен оның қоғамдағы міндеттері, орнын анықтау өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі кезде қоғамымызда зор саяси және әлеуметтік өзгерістер жүріп жатыр. Соның ішінде дін туралы мәселе өте күрделеніп тұр, өйткені дінге деген бетбұрыс егемендік алғаннан бері жоғары дәрежеде дамуда. Бірақ сол бетбұрыстар дұрыс бағытта ма?Жастар дінді дұрыс түсінуде ме?
Дін – қоғам мен мемлекетті, ұлттар мен ұлыстарды ортақ идеялар мен құндылықтар төңірегіне топтастыратын сенім болумен қатар, бір мезгілде әлеуметтік алауыздықтар мен қайшылықтарға түрткі беретін өте нәзік әрі асқан ыждаһаттылықты талап ететін сфера. Сондықтан, Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен конфессияаралық ауызбіршілікті сақтаудағы қыруар жұмыстарының басты мәні – діннің оңды әлеуетін ұтымды пайдалана отырып, оны ел дамуының рухани тетігіне айналдыруы жайдан-жай емес. Осының шынайы көрінісі іспетті, елімізде бүгінгі күнде адамдар мен азаматтардың діни сенімдерді ұстануына қатысты қолайлы ахуал қалыптасып отыр. Бұл мемлекеттің осы салада жүргізіп отырған бірізді және байсалды саясатының нәтижесі.
Дін ерте заманнан
бері адамзатпен бірге жасап
келеді. Ол дами келе адамның
танымын, сенімін
Дін - мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық - дәстүрлі діндерінің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.
Жас қазақстан қазіргі
кезде қиын да айшықты
Тәуелсіздік алған кездерден бастап, елімізге шет мемлекеттерден әртүрлі сылтаумен келген діни ағымдар мен секталар халқымызға көп зиянын тигізді. Жаны жаңалыққа құмар, аңғал жастарды арбап жолдан тайдырды. Көптеген қазақ жастары әртүрлі теріс пиғылдағы діни ағымдардың арбауына түсті.Ел болашағы саналатын жастарды дұрыс тәрбиелеп, олардың діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамдағы дінді жамылып әрекет ететін әртүрлі экстремистік және лаңкестік әрекеттер жайлы хабардар болуларын қамтамасыз етуіміз қажет.
Қазіргі заманда еліміздегі діни ахуал туралы сөз қозғаған кезде, жастар туралы айтпай өту мүмкін емес.Өйткені ел жастарының дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні кез келген діни ғимаратқа бара қалсаңыз, ондағы жиналған халықтың көп бөлігін жастар екендігін көрер едік. Бұл қоғамдағы дінді ұстанушылардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді.
Жастардың ойынша, дін ол адамдарды сабырлыққа және адамдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеумен қатар, олардың бойында болашаққа деген сенімділікті қалыптастырады. Көптеген жастар үшін сенім өмірдегі мәнді құндылық ретінде жақсылыққа деген үміт болып табылады. Сонымен, дін – адамдардың рухани қалыптасуы мен дамуында шешуші ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады.
Кейбір жастар дін ұғымын бұрыс түсініп шет елден келген діни ағымдардың жетегінде кетде.
Осындай жайлар жалғасын табатын болса, келешекте жастардың бір бөлігінің осындай жаңа діни ағымдарға өту мүмкіндігін көрсетіп отыр. Мұндай ағымдардың кең таралуы елдегі діни ахуалды шиеленістіріп, ішкі саяси тұрақтылыққа қауіп төндіретін фактор екендігін ескеру керек. Бұл, өз кезегінде, қоғам тарапынан мұндай факторлардың орын алуына тосқауыл қою керектігін күн тәртібіне шығаратыны анық. Осы бағыттағы жұмыстар отбасылық рухани тәрбиеден бастау алып, жастардың діни сауатын көтерумен, олардың әлеуметтік және материалдық қорғалуын жүзеге асырумен және қоғам деңгейіндегі кең көлемдегі ақпараттық іс-шаралардан көрініс табатын кешенді жұмыстармен жалғасын табуы тиіс.Дін рухани сфераның, тұтас алғанда, қоғамның маңызды элементі. Осы орайда айтар болсақ – қоғамның діни өмірінің дәрежесі мен деңгейі, оның динамикасы әлеуметтік ортаның рухани-мәдени саласын түсінудің кілті және оның идеологиясын жасақтаудың шарты болып табылады.Жоғарыда айтып өткеніміздей, жастар – қоғамның ертеңі. Олар, бір мезгілде, бүгінгі шынайылықтағы белсенді қоғамдық күш. Сондықтан жастардың бойында тартымды мәдени, саяси және діни дүниетанымдық позицияны қалыптастыру – мемлекеттің және қоғамның басты міндеттері қатарын құрайды.Адамзат тарихында пайда болған жалпыадамзаттық құндылықтарды мұрат етіп қоятын кез-келген жасампаз дін моральдық-адамгершілік құндылықтарды, этикалық ұстанымдар мен қағидаларды, ата-ана мен Отанға деген сый-құрметті басты орынға қояды. Діннің адамзат үшін тартымдылығы да осында болса керек. Дін – сенім. Сондықтан, жастардың діндегі құндылықтарды бойларына сіңіруі және оны өмірлік ұстанымға айналдыруы басты орынға тұруы керек.
Енді, осы құндылықтардың жастарымыздың өміріндегі орны қандай деген сауал төңірегінде ой тұжырымдап көрелік. Бүгінгі жастардың қоғамдық санасында демократиялық қоғам мұраттарынан туындайтын өз ойын еркін білдіруі, көзқарастарының ашықтығы, сенім бостандығы, өздерін жүзеге асыру мүмкіндіктері басты орын алатындығын ешбір зерттеулерсіз де білуге болады. Ең бастысы – ел жастарының бойында жақсы әрі сапалы білім алуға деген құлшынысы жоғары.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары орын алған әлеуметтік-экономикалық саладағы қиындықтар тұрғындар үшін оңай соқпаса да, біздің халқымыз білімге деген құштарлығы мен ұмтылысын басты орынға қоя білгендігін көрер едік. Міне, осындай өміршең мұраттың көрінісі іспетті еліміздің жастары әлемдік білім-ғылым додаларында ел абыройын жоғары көтеріп келеді. Демек, бүгінгі күндегі ел жастарының идеологиясы айқын және нақты: жақсы білім алу арқылы лайықты өмір сүру.
Сөзімді тұжырымдай келе, діни
ағымдардың жетегіне ермей,
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Opынбеков М. Ежелгі
2.http:/www.qazaq.kz/
3. Дінтану: Жалпы дінтану негіздері — 2008 жылы Алматы қаласы.«Бастау»