Сабақ жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:25, научная работа

Краткое описание

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дінтану.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Индуизмнің басты мерекелері–Кришна мен Раманың туған күндері мерекелері және Ганеша мен Шиваның құрметіне өткізілетін салтанаттар. Кришнаның туған күні оның балалығындағы Вишнудың 8-ші аватарын еске түсірумен байланысты түрлі ойын-сауықпен көңілді аталады. Шиваға арналған салтанат барысында ораза тұту, құмардан бойды тежеу және тақуалық жаттығулар жасау салты орныққан. Гурудан және дінге сенуші өзге адамдардан шыншылдық, өсек-өтірік, ғайбат айтпау, ұрлық жасамау, қолын қанмен былғамау және қиянат жасамау, зина қылмау, менмендік пен мақтауға бой алдырмау қатаң талап етіледі.

3. Үндістанда XV ғ. Нанак  есімді (1469 ж.туылған) адам өмір сүрді. Ол өзін пайғамбармын деп жариялап, ислам дінінде бола отырып, ислам мен индуизмді біріктіруге әрекет жасады. Оның осы әрекеті нәтижесінде сикхизм әскери-діни сектасы пайда болды. Нанак бір құдайға құлшылық жасауды уағыздады, дін жолында варналарға бөлуге қарсы болды. Ол жалғыз құдай идеясын сикхтар құлшылық етіп келген исламнан алды. Бұл құдайды Эк, немесе «дара, жалғыз» деп атады.

Сикхизм ілімі бойынша  ол барша әлемдегі болмыстың дара негізі, сонымен қатар оның өзіне  тән сипаты бар. Сикх өлген соң, соған  барып тұтасуы тиіс, бұл үшін үздіксіз қайта туудың тоқтатылуы, «нирвана» дәрежесіне жету керек. Сикхтердің XVI ғ. жазылған қасиетті кітабы–«Ади-грантхтың» түпнұсқасы Пенджаб штатында Алтын храмда сақтаулы.

Сикхтар өздерінің әскери ұйымын құрды. Оған қолына қару ұстауға қабілетті сикхтар түгел енді. Бұл ұйымға мүше болудың «к» әріпімен басталатын бес шарты бар: кеш–ешқашан сақалын қырынбау; качх–үнемі ұрысқа оңтайлы қысқа шалбар киіп жүру; кангха–шашты тарқпен түю; кирпан– селебе тағынып жүру; канкан–әскери білезік тағыну. Олар «кхальсу» аталатын бір үлкен қауымға бірігіп, жеке халық түрінде негізінен Пенджаб штатын қоныстанады.

Джавахарлар Неру, Махатма  Ганди, Индира Ганди, Раджив Ганди тәрізіді аса ірі қайраткерлер осы индуизм  ортасынан шықты. Олардың бәрі қиянат жасамау идеяларын ұстанып, өздерінің саяси бағдарламаларын осы негізде құрды. Индуизм үнділіктер мекен ететін Непалда, Бангладеште, Шри-Ланкада және басқа елдерде тараған. Бүгінгі Үндістанда индуизм, буддизм, ислам, христиандық, сикхизм, зороастризм және өзге  діндер қатар уағыздалады.

 III. Сабақты қорытындылау.

1. Индуизмнің негізгі  постулаттары қандай?

2. Вишнудың қандай  аватарларын білесіңдер?

3. Сикхтар деген кімдер  және олардың ілімі нені уағыздайды?

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 10.

V. Үйге тапсырма. § 9 оқу.

 

 

10 тақырып. Заратуштра діні.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.  Оқушыларға зороастризм діні, діни ғұрыптары туралы терең білім беру,

көне замандарда қазіргі  Қазақстан территориясында заратуштра дінінің ықпалы болғандығын түсіндіру  және олардың білім-біліктілік дағдыларын қалыптастыру.

2.  Зороастризм діні  туралы тың мәліметтер бере  отырып білімдерін тереңдету.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие  беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Ахурамазда»–қайырымды от құдайы.

«Авеста»–зороастризм дінінің қасиетті кітабы.

«Митра»–заратуштра мифтерінде әлем Күн құдайы.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Заратуштра дінінің пайда болуы.
  2. Қасиетті «Авеста».
  3. Заратуштра дінінің мейрамдары мен ғұрыптары.

 

1.Заратуштра аңыз бойынша б.з.д. 1500-1200 ж.ж. аралығында өмір сүрген. Ол отқа, қайырымдылық құдайы Ахурамаздаға табынуға негізделген жаңа дін жүйесін, әлемдік этика үлгісін жасады. Ол үшін Жақсылық пен Жамандық адам жанының да, тіптен адамзаттың да проблемасы болған емес. Бұлар–космос құдіреттері еді.

Заратуштра діні қазіргі  Иран территоряисында пайда болған. Екінші бір деректерде Заратуштра б.з.д. VII-VI ғ.ғ. шамасында Мидияда дүниеге келген.Туғанда оған ата-анасы Спитама есімін берген. Оған ұлы құдай– Ахурамазда және оның жеті сипаты туралы аян келеді. Жаңа діни ілім Бактрия (Амудария бойына) мен Согдиананың әміршісі Виштасптың назарына ілігіп, Заратуштраны өзінің кеңесшісі әрі бас діни уағызшы етіп алады. Виштасптың жарлығымен «Авестаның» бастапқы тарулары алтын табақшаларға түсіріледі. Б.з.д. 546 ж. бактрияны Парсы патшасы Кир басып алады. Кир жаңа дінді өз ұлылығын насихаттауға пайдалануды ойлайды. Зороастризм  іздері қазір де Иран мен Индия тұрғындары арасынан байқалып отырады.

2. Қасиетті «Авестаның»  ең көне тараулары б.з.д. XIII ғ.  жатады. «Авеста» бойынша әлемді  ең көне замандардан тұңғыш  адам басқарып келген. Оны Ангра-Майну құдай өлтірген соң, әлемде ізгілік пен зұлымдық күресі басталды. Ол орасан апатқа әкеліп соқтырды: барша әлем отқа оранып майып болды. Осыдан соң әлем екінші қайтара жаратылды.

Ахурамазданың жарық  пен ізгілік әлеміне ↔ Ангра-Майнудың зұлымдық пен қапас әлемі қарсы  тұрды.

Зұлымдық құдайы Ахурамазданы мейлінше жек көрді. Бірақ, оған қарсы әлдене жасауға дәрменсіз еді: бір ауыз ізгі сөздің өзі зұлымдық рухын құртып жібере алатын еді.

Заратуштра діні бойынша, ақырзаман болғанда өлгендер Ахурамазданың  алдына жауапқа барады. Өлген адамның  жаны аспанға ұшып, «жаза көпіріне» барады. Оларды онда құдайлар күтіп тұрады. Күнәсіз жандар жарық пен қайырымдылық әлеміне, күнә жасағандар зұлымдық әлеміне жіберіледі.

Адамның тәні жер үстінде  қалып, табиғатпен тұтасады:

Қаны → суға; сүйегі → топыраққа; өмірлік қуаты → отқа қосылады.

Ақырзаман келгенде Ахурамазданың  бұйрығымен адамдардың жаны бір-бірін  тауып қосылады. Осыдан соң үш күнге  ізгілер жұмаққа, зұлымдар тамұққа  түседі. Үш күннен соң Ахурамазда барлық адамдарды бір жерге жиып, жерді  балқытып, сол балқыған денені адамдарға жібереді. Одан күнә жасамаған адамдар сескенбек емес, өйткені олар үшін балқыған жердің ыстығы жылы сүттей ғана сезіледі, ал күнәлілер ол ыстықтан қуырылып қалады. Осылай қасиетті от әлемді барлық күнә атаулыдан арылтады.

3. Заратуштра ілімі Ізгілік пен Зұлымдық, Жарық пен Қапастың ымырасыз күресі арқылы ең жоғары адамшылық құндылықтарына жетуді

3 дәуірге бөледі:

1

2

3

Жарату

Әлемге Ангро-Майнудің зұлымдық тарата келуі немесе Жақсы мен Жаманның сапырылысы

Ізгіліктің зұлымдықты жеңіп мәңгі жасау дәуірі немесе Ажыратылу

Мұның негізінде бәрі өзінің бастапқы қалпына оралады  деген қарабайыр философияның жатқандығын аңғару қиын емес. Осы қайырымдылық дүниесіне оралуы жолында, зұлымдыққа қарсылықтың көрінісі ретінде күніне бес мәрте (күннің қозғалысы цикліне қарай) Ахурамаздаға құлшылық жасап, дұға оқу міндетті саналады.


3. Көктемнің ортасында аспанның жаратылуы тойланады. Бұл мереке әр адамның салауатты өмір жолындағы көрсетуі тиіс қажыр-қайратын марапаттады. Жаздың тең ортасы, күзде астық жинау, малдың жайлаудан қайтуы, қыс ортасы, көктемде күн мен түннің теңелуі қарсаңындағы жылдың соңғы кеші мерекелері болды. Сонымен бірге мерекеде фравашиге–ақиқат үшін күрескен шаһиттердің аруағына ерекше құрмет көрсетілді. Осылардың ішінде күн мен түннің теңеліп, жаңа жылдың келуімен байланысты Наурыз (жаңа күн) мерекесі ерекше болды. Ол ақиқат пен ізгіліктің мәңгілік салтанат құруының қарсаңы деген ұғыммен байланыстырылып, өмір қуат-тазартушы отқа арналды.

Заратуштра дінінің ғұрыптарының ішіндегі ең бастысы–Ахурамазданың рәмізі ретінде отты қастерлеу. От–адам жанының негізі. Заратуштра храмдары барлық жерлерде бір үлгімен салынды: құрылыстың дәл ортасында арнайы бөлме бөлініп, оған қасиетті ошақ қойылды.

Заратуштра діні (зороастризм) Иран империясының мемлекеттік діні болды. Өткен дәуірдің VI ғасырынан жаңа дәуірдің VII ғасырына дейін Таяу және Орта Шығыстағы басым дін болды. Ол өзінен кейінгі діндерге– иудаизмге, буддизмге, христиандық пен исламға дүниетанымдық негіз салды. Андронов мәдениетінің тікелей мұрагері, жоғары ұйымдасқан қоғам құра білген сақ тайпалары осы иран мәдениетімен белсенді қатынасқа түсіп, зороастризмнің терең ықпалын сезінді. Сақтардың діни түсініктерінің арийлердің діни нанымдарына жуықтап келетіндігін аңғаруға болады. Бұл әсіресе күн құдайы–Митра бейнесінен толығырақ байқалады. Сақ тайпаларының бірқатары осы құдайға сенім ортақтығымен топтасады. Демек, көне замандарда қазіргі Қазақстан территориясында заратуштра дінінің ықпалы болған.

III. Сабақты қорытындылау.

1. Заратуштра дінінің негізі қалай қаланды?

2. «Авестаның» негізгі мазмұны  қандай?

3. Заратуштра дінінің ғұрыптары  қандай?

4. Заратуштра дінінің Қазақстанда таралуын айтып беріңдер.

ІV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 11.

V. Үйге тапсырма.§ 10 оқу.

 

 

11 тақырып. Тәңір діні.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға тәңір діні, діни ғұрыптары туралы терең білім беру.

2. Тәңір діні туралы  тың мәліметтер бере отырып оқушылардың білімдерін тереңдету.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие  беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

«Аруақ»–өлген адамның рухы немесе жаны.

«Ел»–қасиетті жер-суды және Тәңірді сидырған дүниетаным.

«Құт»–тәңірдің қолдауына ие болу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

 Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

      1. Тәңір  ұғымы.

      2. Тәңір  дінінің ғұрыптары.

 

1.Көнедегі түркілердің дүниетанымының  түпкі қазығы–Тәңір ұғымы. Бірақ осы ұғымға қатысты ғалымдардың пікірі күні бүгінге дейін бір арнаға түскен жоқ. Бірі оны таза діни тұрғыдан қарастырса, екіншілері негізінен дүниетанымдық, философиялық мәнде түсіндіреді.

Тәңір туралы Махмут Қашқаридің «Түрік сөздігінде» мынандай түсінік  берілген: «Тәңірі. Ұлы Тәңір. Құдай  ұрғыр кәпірлер аспанды: Тәңгі: Тәңірі дейді. Ол көздеріне зор үлкен көрінген нәрсенің бәрін мәселен,  биік тау, биік ағаштарды да Тәңгі: Тәңірі–дейді. Өйткені, сондай нәрселерге табынады. Олардың қателіктерінен тәңірдің өзі сақтасын» (М.Қашқари. Түрік сөздігі. Алматы, «Хат», 1998, 3 том, 504-505 б.б.)

Біріншіден, Қашқари «Ұлы» деген  ұғымды тек Тәңірдің эпитеті ретінде  қолданған. Демек, Тәңірдің мәні оның ұлылығында. Бұл Тәңір туралы ең салиқалы білім. Тәңір кім, не?–деп сұрақ қойсаңыз, жауап біреу, ол–ұлы. Ал, ұлылықтың сыры, тек өзіне (яғни Тәңірге) ғана мәлім. Егер сыры адамға мәлім болса, оның иесі ұлылық?!

Екіншіден, Алла болмысының негізі де осы Ұлы Тәңірде жатқанға ұқсайды. М.Қашқари айтуында Ұлы Тәңір мен Ұлы Алланың еш айырмасы жоқ. Бұл түркілік және мұсылмандық дүниетанымның бірлігінің дәлелі.

Үшіншіден, ешқашан Тәңірді  нақтылы әлде немен салыстыра  немесе соның өзі деуге болмайды, Тәңір деген көк Аспан емес. Ол–ұлы. Ал, ұлылықтың не синонимі, не теңдесі болмайды, ол өзімен-өзі ғана тең.

Тәңір деген ұғым «Күлтегін» жырында да бар:

Биікте көк  Тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған, -  дейді. Яғни, Тәңір түркілердің түсінігінде жарылқаушы, бірақ Жартушы емес. Ол–оның барлығы және барша жаратылыстың тағдырын айқындаушы әміршілігі.

Бұл жерде Тәңір–оның жолындағыларды мақсатқа топтастырушы, қуаттандырушы ұлы күш. Түркілердің дүниетанымына оптимизм тән. Биік көктегі Тәңірі оларға қиял, арманына қанат, жүрегіне қайрат беретін тұңғиық. Биікке бас ию, биіктікті аңсау адамды өршіл философияға талпындырады. Биіктікке ұмтылу–ерлік, батырлық философиясы.

Түркілер үшін өздерінің  күш-қайратын жұмсайтын нәрсе тіптен де абстрактілі емес, олар дүниетанымын «ел» деген ұғым арқылы білдірген. Түркілер «ел» ұғымына қасиетті Жер-Суды және Тәңірді сидырған. Осылардың бәрі бар болғанда, басы бүтін болғанда «ел» бар.

Осымен қатар оларда «құт» түсінігі болған. Ол–Тәңірдің қолдауына ие болу, соның жолында «елге» қызмет жасау. Демек, түркілердің көсемдері осындай Тәңірдің барлығын танитын, соның жебеуімен халқына немесе «елге» қызмет жасаушы, оны басқарушылар.

Информация о работе Сабақ жоспары