Сабақ жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:25, научная работа

Краткое описание

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дінтану.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Мифтердің ішінде Мемфис қаласының қорғаушысы Птах атты құдайдың әлемді жаратуы туралы миф ерекше маңызды. Бұл құдай барлық дүниені, бүкіл әлемді оймен және сөзбен жаратқан. Ол аттарын тізіп айта отырып, алғашқы 8 құдайды жаратады.

Құдайдың аты

Қызметі, бейнесі

Амон-Ра

Египет дінінде «барлық  әкелерді, барлық құдайлардың әкесі, көкті көтеріп, жерді орнықтырушы, бірден-бір ұлы жаратушы құдай» болып қала берді. «Амон» сөзі «құпия», «тылсым» деген мағынаны білдіреді. Амон-Ра бір уақытта Осирис те, Птах та, басқа да құдайлар кейіпінде бола алады деп саналды.

Осирис

Өліп, қайтадан тіріліп  отыруына қарай әр мерзімде жыл сайын  жаңғырып отыратын барша табиғат  символына айналды.

Исида (Исет)

Осиристің әйелі диқаншылық және адамзаттың білім нәрін жинауына қамқоршы Ұлы Ана-құдай бейнесін сақтауымен қатар молшылық, отбасы, су, жел құдайы және суда жүзу жебеушісі болып танылады. Ол адал жар және қайырымды ана символы.

Ренеутет

Тағдыр мен қамбадағы  астық құдайы, жылан түрінде бейнеленеді.

Хатор

Аспан және махаббат құдайы.

Тефнут

Дымқылдық құдайы.

Сохмет

Соғыс құдайы.

Баст

Сауық құдайы, мысық түрінде  бейнеленген.

Египет құдайларының пантеоны жергілікті культтердің бір орталыққа–Ұлы құдай бейнесіне тоғысып, мемлекеттік дінге айналуы Египеттің мемлекеттік тұтастығына қызмет етті.


2. Көне Египеттегі  құдайға құлшылық рәсімдері діни ғұрыптарының негізінде адам жаны және Осиристің тірілуіне сену жөніндегі діни түсініктер жатты. Олар адам жаны мынадай 4 бөліктен құралды деп санады:

1) Ба–жанның өзі.

2) Хайбет–оның көлеңкесі.

3) Рен–есімі.

4) Ка–адаммен бірге пайда болатын, бірақ онымен бірге өлмейтін, тіптен тәнді сақтаған жағдайда өмір сүре беретін көзге көрінбейтін екінші бейнесі. Осыдан өлген адамның тәнін бальзамдап сақтау, оның мүрдесінің жанына қажет делінген заттар мен ас-су қою рәсімі орныққан.

3. Көне египеттіктердің о дүниеге қалтықсыз сенімі Осирис туралы мифтен айқын көрінеді. О дүниеге аттанған адамдар Осирис құдаймен шендестіріліп, олардың қабырғаға қашалған аттарына «Осирис» есімі міндетті түрде қоса жазылатын болған. Адам жанының пейішке (Иару даласына) барып жай табуы, сонда өзіне шығарылатын үкімді күтуі үшін жерлеу рәсімін дұрыс атқару ерекше маңызды саналған. Адам өлген соң Иару даласына, Осиристің алдына барады, соның көзінше Гор, Анубис және Маат өліктің жүрегін безбенге салып, оның кінасын айырып, үкім шығарады. Бұл уақытта өлік «Өлілер кітабынан» «Күнәні мойындау» дұғасын оқып, өз жүрегінің тазалығын дәлелдейді. «Таза» адам Иару даласына жіберіледі де, күнәлілер денесі арыстан, басы крокодил құбыжық–Амтқа жемтікке тасталады.

            4. Көне Египет діні бойынша фараон жердегі құдай саналды, мемлекеттік және дін басқару соның қолына топтастырылды, Күн құдайы–Ра-ның мұрагері және оның жер бетіндегі бейнесінің өзі болып құрметтелді. Бертініректе фараон әкім ретінде Осириспен шендестіріліп, жерді қастерлеу рәсімдерін тегіс басқарушы, жер қазынасының бас сақшысы дәрежесінде орнықты. Көне Египет дінінің мемлекеттік сипаты шет аймақтардағы барлық құдайлар культін бір пантеонға біріктіру қажеттігін талап етті. Осындай орталықтандыру барысында Египетті басқару мен ондағы діннің тұтастығының кепілі ретінде фараонды «тірі құдай» дағуасына көтеру заңды құбылыс болатын.

            5. Египет ақсүйектеріне қойылған ең көне құлшылық ескерткіштері– мастабтар немесе үш бөліктен тұратын қабірлер. Оның алдынғы бөлігіне құрбандық шалатын қондырғы мен о дүниеге өткен адамға тартулар қойылатын болған. Екінші бөлмесіне өлген адамның тас мүсіні орнатылған. Ал жердің астын үңгіп жасалған бөлегіне саркофаг орналастырылған. Көне патшалық дәуір фараондарының мүрдесі үшін алып пирамидалар тұрғызылған. Орта және Жаңа патшалық дәуірлерінде пирамидалар орнына тау үңгірлерін қашап, қуалай отырып ұзын галереялар жасалатын болған. Храмның ішіне құдайға тарту алып, фараондар мен дінбасыларының ғана енуіне рұқсат етілді. Дін жолындағы қара халық аса ерекше жағдайларда ғана, мәселен, тұңғыш бала көргенде, құдай үйінің ауласына ене алатын болды.

            III. Сабақты қорытындылау.

1.Көне Египетте құдайлар  пантеонының болуы неліктен?

2.Көне Египетте абыздар  қандай позиция ұстанды және  оның себебі неде?

3.Косымша әдебиеттерге сүйеніп, көне Египеттегі диқанның, майдагердің, бақалшының діни нанымдары туралы реферат-хабарлама немесе эссе жазындар.

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма  беру § 6.

V. Үйге тапсырма. § 5, инсерт әдісімен талдау.

 

 

6 тақырып. Көне Грециядағы дін.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға Грек мифологиясы, құдайлар пантеоны туралы терең білім беру және олардың білім-біліктілігін арттыру.
  2. Оқушыларды көне грек дініне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білуге дағдыландыру.
  3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

      Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіріп, дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Көне грек мифологиясы.
  2. Гректердің құдайлар пантеоны.
  3. Көне гректердің сенімдері мен ғұрыптарының ерекшеліктері.

 

Дінтану–грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі:

Хтон (грек тіл.-жер) Олимпке дейінгі кезең

Классикалық немесе Олимп кезеңі

Героикалық  кезең

Хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктің негізі әрі анасы–асыраушы Ұлы Жер-Ана. Мифология бойынша жер тіршілік иесі және оның барлық тіршіліктері бар. Бұл кезеңдердегі мифологияның басты кейіпкерлері-медуза, химера, гидра т.б.

Олимп кезеңі патриархатқа өтумен, алғашқы мемлекеттердің п.б. ерекшеленеді. Бұрынғы құбыжық құдайлар орнына қайырымды құдайлар бейнелері пайда бола бастайды. Олим кезеңінің алғашқы мифтері жаңа құдайлардың ескі құдайлармен күресін баяндайды. Бұл күресте құдайлардың үлкені Зевс титандарды, циклоптарды, Хаостың өзге құбыжықтарын жеңіп, оларды жердің түпсіз тереңіне–Тартарға қуып салып, әлемді қайта жасайды. Ұлы Ана-Жер бейнесі → Гера, Афродита, Артемида, Афина сияқты жасампаз әйел құдайларының бейнесіне ауысады. Гера Зевстің әйелі, ал қалған үшеуі қыздары. Теңіз құдайы Посейдон мен жер асты дүниесінің құдайы Аид Зевстің ағалары болып келеді.

Әлеуметтік қатынастарда қайшылықтардың күшейе түсуімен полистер арасындағы бәсекелестіктерге байланысты бұкараның құдайларға сенімдері  шайқала бастайды. Халықта құдайлар қаншама күшті болмасын, Зевстің өзі де, оның сүйікті ұлы Геракл де қанша ерлік жасамасын, олардың бәрі-құдайлар да, адамдар да ақыр-соңында тағдырға тәуелді деген түсінік орныға бастайды. 


Көне грек мифологиясы  мен дінінен Гомердің «Илиада» және «Одиссея» және Гесиодтің «Теогония» поэмаларында (б.з.д.VIII ғ.) мол мағлұмат беріледі. Көне гректердің құдайлар пантеоны:

Құдайлардың аттары

Құдайлардың қызметі

Зевс

Олимп тауы барлық құдайлардың  ортақ «үйі» болды, Зевс–барлық Олимп құдайларының үлкені. Көптеген құдайлардың, нимфалар мен музалардың әкесі саналады. Сауық құдайлары харит, өнерді колдаушы тоғыз муза, Персефона, Артемида, Афродита, Аполлон, Гермес–бәрі Зевстен туған.

Посейдон

Зевстің ағасы, теңіз  құдайы, қаһарлы құдай түрінде  суреттеледі. Зайыбы –Амфитрия нимфамен және теңіз тұңғиығын билейтін баласы Тритонмен теңіз түбіндегі ғажайып сарайда өмір сүрген. Некесіз баласы жартылай адам, жартылай бұқа–Минотавр.

Аид

Жер асты әлемі мен  өлілер патшалығының құдайы. Өлген  адамдар жер асты әлеміне өлілер патшалығына өтіп, күнәсіздер Елисей даласына, күнә жасағандар Тартарға жіберіледі деген ұғым қалыптасты. Аид қақпасын үш басты төбет–Цербер күзетеді.

Гестия

Отбасы құдайы және өмірлік  қуат беруші от қорғаушысы әйел құдай– Космостың және әлемнің орнықты құрылымының мәңгілігі мен шексіздігінің рәмізі.

Деметра

(Грек тіл. «жер-ана») диқаншылық пен молшылық құдайы, бидай тұқымын беріп, диқандыққа үйретуші. Бүкіл табиғат соның мейірімі аясында ғана гүлдеп, шешек жарады.

Аполлон

Ол–циклоп, титан, алыптар т.б. құтқармайтын құдіретті жебенің иесі, емшілер мен тәуіптердің қорғаны, барлық аурулардан сауықтыраушы. Пайғамбарлар мен көріпкелдердің, қала тұрғызушы, көркем өнер мен музыканың құдайы.

Артемида

Аңшылық құдайы, табиғат  әлеміндегі үйлесім мен тәртіпті қадағалаушы.

Афина

Даналықтың, өнердің, кәсіпкерліктің және соғыстың құдайы. Көне гректер  Афинаны қолына найза мен қалқан ұстаған, даналығының символы–жапалақ пен жылан ере жүретін әйел бейнесінде суреттеген.

Афродита

Махаббат пен сұлулық, бейбіт өмір, молшылық, көктем және бақытты неке құдайы.

Гефест

От құдайы және ұсталық  иесі. Зевстің найзағайын жасаған. Афродитаның күйеуі.

Арес

Зевстің баласы, ешқандай мән-мағынасыз қантөгіс соғыстардың  құдайы.

Гермес

Құдайлардың ішіндегі ең іскері, жүргіншілердің желеп-жебеушісі, өлген адамдардың жанының жер асты әлеміне сапарына жол бастаушы. Табиғат құпиялары мен тылсым сырларын біледі.

Дионис

Жүзімшілік пен шарапшылық және жердің молшылық қуатының құдайы. Адамдардың мастық сезіммен көңіл сарайының  ашылып, кенеттен шабыттануына жігерлендіруші.

Гелиос

Күн сайын отты арғымақтармен  көкті шарлап, барша әлемге жарықпен жылу таратушы Күн құдайы. Қылмыскерлерді зағип етеді.

Фемида

Әділет құдайы.


Көне Грециядағы дін  мемлекет саясатымен, мемлекетті басқару  мәселелерімен тығыз байланыста болды. Абыздар мемлекет қызметінде саналды.

Гректер таң сайын  міндетті түрде Күн құдайы Гелиосқа арнап дұға оқитын еді. Көп адамдар қатынасқан тойлар мен халық жиналыстарында ерекше дұғалар оқылды. Дін қызметшілерінің тағы бір маңызды қызметі– құстың іш құрылысына немесе ұшуына, аспан денелерінің қозғалысына, найзағайға қарап болашақты болжау болатын. Гректерде осы болашақты айтуға байланысты оракул деген ұғым болды. Оның мәнісі–құдайлардың дін қызметшілері арқылы қойылған сұрақтарға тікелей жауап беруі.

Грек діндері адамның  тән сұлулығын уағыздады. Бұл  белгілі мерзімде өткізіліп отыратын бейбіт сайыстарынан көрініс тапты. Тәні сау, күшті адамдарды көріп, құдайлар разы болып отырады деп  саналды. Біртіндеп бұл сайыстар Олимп ойындарына ауысты. Барлық құдайларға арналған осы ойын кезінде соғыс қимылдары тоқтатылатын болды. Олимп ойындарының өткізілуімен байланысты жыл есебі жүргізілетін болды (жыл есебі б.з.д. 776 ж. басталды).

III. Сабақты қорытындылау.

1.Көне грек мифологиясы  дамуының кезеңдеріне талдау жасаңдар.

2.Көне грек құдайларының концептуалды ассоциациясын (логикалық, тақырыптық өзара байланысы) жасаңдар.

3.Олимпия ойындары  қалай пайда болды?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма  беру § 7.

V. Үйге тапсырма. § 6 оқу, талдау.

 

 

7 тақырып. Көне Римдегі дін.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Оқушыларға көне Рим мифологиясы, құдайлар пантеоны, діни ғұрыптары туралы терең білім беру және олардың білімін арттыру.

2.  Оқушыларды көне рим дініне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білуге дағдыландыру.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие  беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіріп, дамыту.

Негізгі ұғымдар:

Фериялар–римнің діни күнтізбесіндегі мейрамдар.

Понтифик–шариғат түрінде бекітіліген діни кітаптар.

Бас понтифик–барлық құдіретті және адамшылық істерінің қазысы мен төрешісі.

Паренталий–ақпанда ата-баба аруақтарына арналып өткізілетін мейрам.

Флоралий–сәуір мен мамыр айы аралығында гүл құдайы Флораның құрметіне ұйымдастырылатын мереке.

Сатурналий–желтоқсанда Сатурн құрметіне өткізілетін мереке.

Авгулер–жұрт алдында сәуегейлік жасаушы коллегиясы.

Гаруспиктер–малдардың ішкі құрылысына қарап сәуегейлік жасаушылар.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар

  1. Көне Рим мифологиясы.
  2. Римдіктердің құдайлар пантеоны.
  3. Рим діни  ғұрыптары.

 

1. Көне Рим мәдениетіне көне Греция мен этрускілер дінінің орасан ықпалы болды. Римдіктер өз құдайлары мен ғұрыптарын этрускілерден қабылдады. Этрускілерде бірінші орында аспан құдайы Тин тұрды, одан кейінгі орындарда патшалық әмір құдайы Уни (римдіктерде – Юнона), қолөнер кәсіпшілігі құдайы Менерва (римдіктерде–Минерва) болды.

Құдайлардың ерекше қадірлі  үштігі.

 

Этрускілерде

Римдіктерде

Жер асты отының құдайы–Вехнас

Вулкан

Теңіз құдайы–Нефнус

Нептун

Соғыс құдайы–Марис

Марс


2. Римдіктердің құдайлар пантеоны:

Құдайлардың аты

Құдайлардың қызметі

Юпитер

Римдіктердің басты және ең мәртебелі құдайы. Ол–шарап жасау, антқа беріктік пен шекара беріктігі, жеңімпаз соғыс құдайы, республиканың және Рим императорларының жебеушісі.

Юнона

Әйелдердің, некенің, аналардың  және жоғары биліктің қорғаушысы.

Минерва

Қолөнер кәсіпшілігі  құдайы. Көне Римдіктер ғұрпында Юпитер, Юнона, Минерваның құрметіне Капитолийде тұрғызылған храм басты храм болып саналады.

Марс

Жабайы табиғат, құнарлылық пен соғыс құдайы, ырыс иесі, аңшылықта  табыс әкелетін, соғыста жеңіске  бастайтын Рим қауымының бас  сақшысы.

Квирин

Халық жиналыстарының жебеуші  құдайы. Осыдан римдіктер өздерін «римдік квирит халқы» деп атайды.

Янус

Кіріп, шығатын есіктердің әміршісі, әрбір нәрсенің бастауының әміршісі. Өткенді және болашқты бірдей біледі.

Информация о работе Сабақ жоспары