Католик дінінің философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 12:21, курсовая работа

Краткое описание

Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті.

Содержание

КІРІСПЕ ...............................................................................................................2
І. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ ....................................................................3
1.1. Католик шіркеуінің қоғамдағы ерекше ролі...........................................7
1.2. Фома Аквинский Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы ................10
ІІ. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ................................................15
2.1. XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы ...................................................................................................19
2.2. XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы ...........................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Католиқ дінінің философиясы.docx

— 53.28 Кб (Скачать документ)

 

 

2.1. XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы

XII—XIII ғасыр католик шіркеуі  мен папа өкіметінің қоғамдық  өмірге ықпалы барған сайын  күшейе түсті. Бұл кезеңнің  ең беделді папасы Иннокентий III (1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің  асқақтағаны соншалық, оның қолын  тек қана императорлар сүйе  алатын болды, ал қалғандары  аяқ киіміндегі кресті сүюмен  ғана қанағаттанды. Римнің католиктік  шіркеуі мемлекеттер арасындағы  даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен, коммерциялық  қызметпен шұғылданудың арқасында  дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының  біріне айналды. Индульгенцияларды  («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі  туралы грамоталарды сату ісі  де папа билігінде болды. Ал  мұндай ; индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.

Орта ғасырлық Еуропа қоғамы —  діни қоғам болды, міне сондықтан  да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз  діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан ғазеттерді қалай  үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен  үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор рөл атқарды. Осы  дәуірдеғі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» I және «Махаббат» үштіғінің бірлігіне  тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнөдан арылуға тікелей  байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің  қағидалары мұлтіксіз орындалуы  және тағдырға бой ұсынушылық басты  шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай  тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген  талпынысы болып табылады.

Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың  басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді.

Архангел Михаил шіркеуі

Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы  саясатты өздерінің қалауы бойынша  жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V—VI ғасырда Батыс Еуропаның  бүкіл мектептері шіркеу билігінде  болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға  дейінгі жүргізілетін жұмысстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы  басты мақсат — шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы  орайда діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып  қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін  өнер» — грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатын жастарға ) арналған арнайы мектептер болды. IX ғасырдан бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы «бекзадалар мектептері» ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.

XI—XII ғасырдан бастап Еуропада  ашыла бастаған алғашқы университеттер  ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына  айнала бастады. XI ғасырда Италияда  Балон құқық мектебінің неғізінде  Балон университеті (1038 жылы) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим  заңының жандануына, оны тереңдетіп  оқуға мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның  түпкір-түпкірінен келген тыңдаушылар  саны жыл сайын өсе бастады.  XII ғасырда Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады.

Англияда Оксфорд университеті (1167 жылы), ал одан кейін ілешала Кембридж университеті (1209 жылы) — ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі — белгілі университет галымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214—1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі — адамның ақыл-ойы мен төжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді.

Франциядағы алғашқы және ең ірі  оқу орны — Париж университеті (1160 жылы). Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмысс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді.

Орта ғасырлық университеттік ғылымды  — схоластика, яғни мектептік ғылым  деп атады, Оның негізгі белгілері  — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне  сүйену, теологиялық — догматтық  алғышарттарды рациональдық принциптермен  біріктіру, формалдық — логикалық  мәселелерге қызығушылық және танымның негізгі әдісі ретінде төжірибенің  рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор  болды. Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты  орынға қойылды. Бірақ, университеттердің  саны көбейген сайын (XV ғасырда 65-ке жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сияқты басқа да ғылым салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу  бағдарламаларына жаңа ғылым салалары енгізілді. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде  Византияда да білім беру саласында  Еуропаның батысыңдағы сияқты христиан шіркеуінің ықпалы зор болды. Оған дөлел  ретінде ұлы Платонның өзі  құрған және бір мың жылдан артық  өмір сүрген білімнің алтын ордасы Афины мектебінің жабылып қалғанынын айтсақ та жеткілікті сияқты. Сөйтіп, көне философия діни ілімдермен алмастырылды. Бірақ, IX ғасыр ортасына қарай Константинопольде  жоғарғы мектеп ашылып, ондағы білім  беру жүйесі көне заманның үлгісімен  жүзеге асырыла бастады. Бұл дәуірдегі  Византия мәдениетінің көрнекті өкілі — «Мириобиблионаның» (негізінен көне авторлардьщ 280 шығармаларына берілген бага — талдаулардың жинағы) және толып жатқан діни еңбектердің авторы патриарх Фотий (820—890 жылдар) болды.

IX ғасыр жаратылыстану ғылымдары  жаңа арнаға түсіп, дами бастады.  Ғылымның әртүрлі салаларына  байланысты энциклопедиялар жарыққа  шыға бастады, онда Византия  коғамы жайында ғана емес, сонымен  қатар көршілес жатқан халықтар  туралы да әр түрлі қызықты  мағлұматтар берілді. Хирургиялық  ғылыми еңбектер, математика оқулықтары  жарық көрді. Дөл ғылымдармен  қатар алхимия, астрономия, магия,  және тағы да басқа ғылым  салалары да өз өрісін кеңейте  бастады.

Орта ғасырлық Еуропаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды. Алхимия жәй қарапайым  металды алтынға немесе күміске  айналдыра алатьш субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен болды. Мұндағы басты мақсат —  адам өмірін ұзарту болды. Алхимияның мақсаты және олардың қолданған  әдістері күмәнді жене қиялға жақын  болғанымен алхимия көп жағдайларда  қазіргі заман ғылымдарының, әсіресе  химияның туындауына айрықша әсер етті. Бізге келіп жеткен Еуропалық  алхимиктердің авторларының бірі —  ағылшын монахы Роджер Бэкон мен  неміс философы ұлы Альберт болды. Бұл екі ғұламаның екеуі де жөй қарапайым металдардың алтынға  айналатынына кәміл сенген және алтынды  «жетілген металл», ал төменгі металдарды алтынға қарағанда әлдеқайда  жетілмеген деп есептеген. Демек, алхимиктер жәй металды табиғатта болмаған «философия тасы» арқылы алтынға  және күміске айналдыру жолдарын табуға әрекеттенген. Роджер Бэкон  «патша арағында» еріген алтын өмірдің  шипасы деп есептеген. Ал Ұлы Альберт болса өз заманының ұлы химигі болды.

 

 

2.2. XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы

XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас  кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы күшейді. Оның ұлан-байтақ жер иеліктері болды. Ол жерлерден түсіп жатқан табыстар Рим папасының қазынасына жөнелтілетін. Католик шіркеуі индульгенциялар сату арқылы көп табыс тауып тұрды. Индульгенция деген Рим папасының атынан сатылатын немесе ерекше қызметі үшін сыйға берілетін грамота еді. Сол грамотаны алған адамның бұл дүниедегі күнәсі кешіріледі, о дүниеге барғанда жаны жұмақтан орын алады деп есептелді.

Сонымен қатар шіркеу құдайға табынуға келгендерден де көп табыс табатын. Қоғамдағы тәртіп мәселесінің қатаң  сақталуына үлес қосып отырған болып, кінәздерден де жер, мал-мүлік, ақшалай  сыйлықтар алып отырды. Католик шіркеуі  өзіне қарсы пікір айтушыларды  құдайдан безген деп жариялап, қатаң  жазалады. Балама пікірге жол берілмеді. Бұл әрекет ғылым-білімнің, ақыл-ойдың  дамуына едәуір кедергі келтірді.

Германиядағы феодалдық бытыраңқылықты, өкімет билігінің әлсіздігін пайдаланып, католик шіркеуінің басшылары қоғамдық қатынастарда да өз үстемдігін орнатты. Дінбасылары кінәздерді бағыныштылықта ұстауға тырысты. Орталықтандырылған өкімет билігі күшті Англия мен Францияда  олардың мұндай әрекеттеріне шек  қойылған болатын. Тек бытыраңқы  Германияда ғана Рим папасы барлық билікті өз қолына шоғырландыруға тырысты. Католик шіркеуі орталықтарының қыруар жерді иемденуі жері жоқ неміс  рыцарьларының да наразылығын туғызған болатын.

Жері құнарлы, ауа райы шаруашылыққа өте қолайлы Германияда католик  шіркеуі табысқа белшесінен батты. Ол табысынан мемлекетке салық төлемеді. Сол табыстарының арқасында шіркеу үлде мен бүлдеге бөленді, өте  қымбатқа түсетін діни мейрамдарды  жиі өткізіп тұрды.

Шіркеу табыстарының ауыртпалығы  карапайым еңбекші халыққа, яғни шаруаларға, колөнершілер мен саудагерлерге  түсетін. Сол себепті олардың  католик шіркеуінің озбырлығына деген наразылығы күннен-күнге күшейе түсті. Католик шіркеуінің балама пікірге жол бермейтін қатыгездігіне оқымыстылар, зиялы кауым наразылығы да күн санап арта берді. Ақыры, католик шіркеуінің өкімет билігіне ұмтылуы неміс кінәздерінің наразылығын туғызды.

Сөйтіп XVI ғасырдың басында Германиядағы барлық әлеуметтік топтардың Рим  папасына, шіркеу орталықтарына қарсы  наразылықтары шегіне жетті.[1]

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі  ахуалы исламмен салыстырғанда тым  күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен  секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы  көрініс береді. Христиандардың басым  көпшілігі славяндық православие  бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік уә 8 монастыр жұмыс істейді. Қазақстандағы  православие шіркеуінің тікелей  Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік  деңгейіндегі бөлім екенін ескерелік...

Христиандықтың  еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың  өзі екі топқа бөлінеді: Рим  католик шіркеуі және Грек католик  шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен  Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында  белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың  саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе  Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик  ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері  ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат  жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің  Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында  діни оқу орындары мен басылымдары  бар екенін айта кетелік.  
Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Мұқашев А. Бейбітшілік елшісі рим Папасының Қазақстанға сапары алдында / Мұқашев А. // Егемен Қазақстан. - 2001.
  2. Мень А. История религии. – Москва, 1993.
  3. Мень А.  Истории религии. Москва, 2001
  4. Әмірғазин. Дінтану. – Астана, 2002.
  5. Ағдарбеков, Төкіжан. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері : оқу құралы / Т. Ағдарбеков. - Алматы : Заң әдебиеті, 2008.
  6. Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және мәдениеттану. А, 2002.
  7. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994.
  8. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.

 

 


Информация о работе Католик дінінің философиясы