Католик дінінің философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 12:21, курсовая работа

Краткое описание

Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті.

Содержание

КІРІСПЕ ...............................................................................................................2
І. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ ....................................................................3
1.1. Католик шіркеуінің қоғамдағы ерекше ролі...........................................7
1.2. Фома Аквинский Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы ................10
ІІ. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ................................................15
2.1. XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы ...................................................................................................19
2.2. XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы ...........................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Католиқ дінінің философиясы.docx

— 53.28 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ...............................................................................................................2

І. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ ....................................................................3

1.1. Католик шіркеуінің қоғамдағы ерекше ролі...........................................7

1.2. Фома Аквинский Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы ................10

ІІ. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ................................................15

2.1. XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы ...................................................................................................19

2.2. XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы ...........................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................26

 

 

КІРІСПЕ

 

Кеңестер  Одағы ыдырап, еліміз тәуелсіздігін  алғаннан кейінгі жылдарда көптеген игі өзгерістер болды. Сондай оң өзгерістердің бірі ретінде кеңес заманындағы атеистік қасаң түсініктен арылып, адамдардың дінге жүзін бұра бастауын атап өтуге болар еді. Қазақ «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп текке айтпаған.Өйткені, жамандықтың бәрі де дінсіздіктен, имансыздықтан бастау алады. Осы орайда, халықтың, әсіресе, жастардың дін жолына бет бұруы қуанарлық жай екендігі анық. Бірақ та, таяқтың екі ұшы болытындығы секілді, бұл мәселенің теріс жағының да бар екендігін өмір көрсетіп отыр. Заңымыздың жұмсақтығын пайдаланып, дін атын жамылып шетелдерден ағылған миссионерлер жастарымызды да, жасамыстарымызды да қармақтарына түсіріп, күмәнді секталардың қатарын толықтыруда. Ондай ағымдардың ықпалына түскендер жақын туыс-бауырларынан, отбасынан қол үзіп қана қоймай, жалпы қоғамнан аулақтап, өзі өмір кешіп жатқан мемлекеттің заңдарын мансұқ етіп, жалған пайғамбарлар мен әулиелердің қолдарындағы жанды қуыршаққа айналады. Адамдардың психикасына әсер етіп, оларға ықпал жүргізудің небір сұмдық сойқан тәсілдерін пайдаланатын сектанттар тарапынан қатердің бар екендігін және оның біз ойлағаннан гөрі ауқымды да қауіпті болатындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Уақыт өткен сайын дін атын жамылған жалған әулиелердің қармағына түсіп, зардап шеккендер қатарының көбейе түсуі осыны айғақтайды.  

І. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ

 

Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шыкты. IV г. Рим империясы Батыс және ІІІығыс империя болып бөлінген кезде, Батыс Рим империясыньщ христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.

Он бір  ғасыр бойы VIII ғ. - 1870 жылы Рим шіркеуі  Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып түрды. Бірақ та 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшысы Муссолиимен  келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемлекет болуына жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді.

Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы - Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының үзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы - Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жүмысын орындайтындар Ватиканның Куриясы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жүмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады. Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады. Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек Италяндыктар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бүл атақты Поляк кардиналы король Войтыл Папа атағына сайланды.

II Ватикан  соборының шешімдерін іш жүзінде  алға дамытқан Папа Иоанн Павел  II шынында «үлы» Папа болып  атағы қалды. Себебі жоғарыда  көрсетілген Собордың шешімдерін  іш жүзінде алға дамытқан Папа  болды. О Қазіргі 265-ші Папа, неміс кардиналы Иозер Ратцингер,  оған Бенедикт XVI деген ат қойды.

Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь  жүмыс істейді. 1991 жылы Ватиканның шешімі бойынша Қарағанды қаласында  Орта Азия мен Қазакстан жерінің  Апостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетімен Қазақстан дипломатты қатынасы басталды. 2001 жылы қыркүйек айының 22-25 күндері  аралығында Рим папасы Иоани Павел  П-нің біздің елге ерекше сапармен келіп  кетуі католик шіркеуінің Қазақстанға  деген жақсы ниетін көрсетед.

Протестантизм, шығуы XVI ғ. Батыс Европада капиталистік қатынастар тууына байланысты феодалдық қүрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папашылыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси Реформация деп аталған қозғалыс туды. Ең бір үлкен реформаторлық козғалысты бастаған профессор Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг университетінің мұғалімі, дінбасшысы. Ол 1517 жылы 31 қазан айында Виттенберг университетінің кақпасына өзінің 95 тезисін іліп, индульгенция сатуына қарсы шықты. Лютердің әрбір адамы Христосқа деген сенімін өзі реттеу арқылы ешқандай дін кызметкерлерінсіз-ақ Қүдаймен байланысады, Құдай алдында барлық адам тең деуі протентантизмнің негізгі догмасына айналады. Лютер католиктік иерархияға қарсы шықты. Оның жалпы бағдарламасында дін басшыларының сайланып қойылуы, шіркеудің Рим Папасына тәуелділігін жою, діни ғүрыптарын жеңілдетуі, феодалдық шіркеулік жер иеліктерді жою, Римге ақша жібермеу, шіркеудің әдет-ғүрыптарын қысқарту, шіркеуді мемлекетке бағындыру т.б. талаптар қойылды.

Лютердің  көзқарасы бойынша, әрбір христиан өз бетімен Библияны оқу керек  екендігін, Библиядан өзге шындық жоқ  екендігін дәлелдеді. Алғашқы күнә адамзатты күнәһар етіп қоймай, оның табиғатын бұзды. Сол себепті  адамның енді қайырымдылық жасау  қолынан келмейді. Ол өзіне-өзі жәрдем бере алмайды. «Қүтқарушылық» тек Қүдайдан келеді, ол үшін адамдар тек Қүдайға  қүлшылық жасауы қажет. Ал басқа жолдармен  діни іс-әрекет, аскетикалық, салт, шіркеуге бару барлығы дүрыс емес. Қайырымдылық, жақсылық тек Қүдайды сүюден пайда  болады, евангелідегі Христосты сүюден шығад. Оның соңы Лютерандық шіркеуінің пайда болуына алып келді. Лютерандардың  сенімі мен догматикасының көзі ретінде  Таурат, сондай-ақ М.Лютер еңбектері, әсіресе, оның «Қысқаша катехезис» еңбегі танылады. Лютерандық шіркеу иерархиясын  және қүлшылық ету күпиясын теріске  шығарады. Қүдай мен адамның тікелей  байланыстығын мойындайды.

Дүние жүзінде  бір-біріне дербес 250 лютерандық діни одақ бар. Қазақстан жеріне лютерандар ХҮІІІ ғасырда ақ патшаның саясаты арқасында Ресей мен Қазақстанға кіре бастады. 1941 жылы немістердің депортациясына байланысты Қазақстан жеріне көптеп енді. Лютеран қауымы 1958 жылы Ақмола қаласында, 1963 жылы Алматы қаласына тіркелді. 1993 жылы Алматыда олардың «учередительный Синоды» (съезі) өтті. Осының арқасында 1998 жылы Алматыда «Приход» синоды ашылды. Республикамызда неміс үлттарының азаюына байланысты, 1993 жылдың 1 қаңтарында республикада 152 қауымдастық болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында олардың 29-ы ғана қалды.

XVI ғ.  бірінші ширегінде Кальвинизм деп аталатын протестан ағымы пайда болды. Бүл ағымның негізін салушы - шаруа отбасынан шыкқан Швейяария реформаторы Ивингли Ультрих (1484-1551). Ивингли өлгеннен кейін оның ілімін Жак Кельвин (1500-1564) үгіттеп дәйектеді.

Лютеран шіркеуіне караганда кальвенизмде түрақты символдық сенім жоқ, Библия тек жалғыз діни ілім. Екінші бір беделді сенім ілімі Кальвиннің шығармасы «Наставления в христианской вере» (1536-1559). Бүл кітапта Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге келтіріп және баска да реформаторлардың еңбектерін көрсете білді. Реформаторлар барлык, діни атрибутиканы (икон, свеч, крес) алып тастады. Крещениемен және причащениені діни символикалық әдет деп қарастырады. Діни уағыздың екі түрін қалдырды, намаз оқу мен діни өлең айту. Кальвенизмнің діни үғымында фаталдық көзқарас басым, оның мәні мынада: дүние жаралғанға дейін Қүдай біреулерді жарылқады, біреулерді қарғады, кейбіреулері жүмаққа, екінші біреулерді тамұқка жазды, міне, осы мәңгілік жазмыш «үкім» тіпті де өзгермеді.

 

1.1. Католик шіркеуінің қөғамдағы  ерекше ролі

Ортағасырлық мәдениеттің басты  ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнәларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.

Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын  шағын топ. Олардың өзі екі  топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі  және Грек католик шіркеуі. Бұл екі  шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі  католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік.  
Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде.

Протестанттықтың жаңа формалары, әсіресе, тәуелсіздік жылдарында елімізде өте белсенді миссионерлік іс-қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра азаматтарымызды  өз қатарына тарта білді. Олар негізінен  АҚШ-та орналасқан протестант миссионер  ұйымдары. Елуліктер, Методистер (Біріккен Методист шіркеуі – АҚШ, Флорида  уилаяты), Мун сектасы (Оңтүстік Корея), Меннондар, Пресвитериандар (АҚШ), Жаңа апостолдар шіркеуі (АҚШ), Әлемдік Қырман Шіркеуі (АҚШ, Колорадо уилаяты), Қожайындар шіркеуі (АҚШ, Флорида уилаяты), Агапе, Жаңа өмір шіркеуі, Ізгі хабар, Иеһоуа куәгерлері (АҚШ) т.т. Елімізде протестанттықтың 20 шақты сектасы және мыңнан астам діни бірлестіктері мен қоғамдарының қызмет етіп жатқаны біраз нәрсені аңғартса керек. Күн сайын шетелдердегі протестант шіркеулерінің жаңа тармақтары елімізге миссионерлерін жөнелтуде. Олардың ең басты мақсаты – Қазақстанды інжілдендіру (евангелизация) және қазақ халқын түгелдей өз нанымдарына инандыру болып табылады. Осы арада АҚШ-тағы діни фундаментализмнің негізін қалаған протестант шіркеулері екенін есте сақтаған жөн...  
Қазақстанда мұсылмандар мен христиандар жалпы халықтың шамамен 97 пайызын құрайды. Бұларға қоса елімізде көптәңірлі (политеистік) және атеистік бағыттағы нанымдарды ұстанатын шағын топтармен қатар біртәңірлі (монотеист) йаһұдилік (иудаизм) дінінің уәкілдері де бар. Әсіресе, йаһұдилер (еврейлер) мен олардың діни бірлестіктерінің саны тәуелсіздік жылдарында шектен тыс артқан. Тәуелсіздікке дейін бірде бір діни ұйымы болмаған йаһұдилердің бүгінгі күні 25 діни бірлестігі және барлық облыс орталықтарында дерліктей синагогалары жұмыс істеп жатыр. Орталық Азия бойынша ең үлкен синагога жуырда Астана қаласында ашылған. Израил, АҚШ және өзге елдердегі бас раввиндер елімізге жиі келіп, ресми адамдар, кәсіпкерлер және жамағат уәкілдерімен кездесулер өткізуде. Қазақстан йаһұдилері құрылтайы «Шалом» деп аталатын газет шығарады. Йаһұдилердің елімізде санының артуы және діни іс-шараларының бұдан да дамуы күтілуде...

Информация о работе Католик дінінің философиясы