Иудаизм тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 15:51, реферат

Краткое описание

Біздің дәуірімізге дейінгі II мың жылдықта Солтүстік Арабияның көшпелі еврей тайпаларының полиатеистік сенімдері мен ырымдарының негізінде пайда болды. Біздің дәуірімізге дейінгі XIII ғасыр Палестинаны (Ханаан) жаулап алады. Иудаизмнің қалыптасуына Яхве құдайын асқақтатушы Иуда тайпасы (атауы осыдан шыққан) ерекше ықпал еткен. Соңынан Яхве жалғыз құдайға айналады. Иуды тайпасынан шыққан Давид патша (біздің дәуірімізге дейінгі 977 жылы шамасы) заманында Израил-Иудейлік патшалық күшейіп, иудейлер тегі пұрсатты жағдайға ие болды. Иудаизмде діни ілім мен асқақтату ертеден басталады.

Содержание

1. Иудаизм тарихы
2. Иудаизмнің діни институттары
3. Иудаизмнің қағидаттары
4. Әдет-ғұрыптары
5. Иудаизмнің діни мейрамдары
6. Қазіргі заманғы иудаизм
7. Иудаизм Қазақстанда

Прикрепленные файлы: 1 файл

иудаизм реферат.docx

— 29.17 Кб (Скачать документ)

Республикада қазіргі  уақытта қазіргі заман иудаизмінің  барлық үш тармағы бар, ол Израильмен және АҚШ пен халықаралық байланысты нығайтумен негізделген. Қазақстанда  мұсылмандар мен еврейлердің  көптеген жылдар бойына қатар өмір сүруі кенфессияаралық келісімнің оң мысалы бола алады. «Иерусалим Пост»  Израиль газеті былай деп жазады: «Қазақстан - соңғы үш жыл ішінде он жаңа синагога іргетасы қаланған әлемдегі жалғыз мұсылман елі болып табылады». Қазіргі уақытта синагогалар  Астанада, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Теміртау, Шымкент қалаларында  жұмыс істейді. 2001 жылы тамыз айында Павлодар қаласында жаңа еврейлер ғибадатханасы  ашылды. Республиканың барлық облыстарында жеке еврейлік діни қоғамдастықтар құрылған. Иудаизмді нығайтудың нақты адымы 2002 жылы 21-22 қазанда Алматы қаласында  болып өткен Еуроазиялық раввиндер  конгресінің отырысы болды. Конгресстің  негізгі міндеттері конфессияаралық  келісімді нығайтуға және діни еврей  қоғамдастық қызметтерін қазіргі  заман шындығымен үйлестіруге арналған раввинаттар стратегиясын әзірлеу  болды. Еуроазияттық раввиндер конгресінің  мүшелерін Елбасы Н.Ә. Назарбаев  қабылдады. Қазақстанның бірнеше қалаларында  синагогалар салынды. Барлық ірі  қалаларда еврей жексенбілік (воскресенье) мектептері бар. 2004 жылы Қазақстан еврейлері, сондай-ақ дүниежүзілік еврейлер үшін үшін маңызды іс-шара Астана қаласында  Орталық Азиядағы ең ірі ғибадатхана  «Бейт Рахель - Хабад Любавич» ашылуы болды. Оған Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев, қазақстандық мемлекет қайраткерлері, бүкіл әлем раввиндері және Израильдің, АҚШ, Еуропа мен ТМД қоғамдық еврей ұйымдарының  өкілдері қатысты.

 Еврей күнтізбесіне  сәйкес жыл сайын көне еврей  мерекелерін тойлау өтеді, ең  қызықтысы Пурим, Песах, Лаг  Баомер және Ханука болып табылады.

1996 жылдан бері Қазақстанның  бас раввині Ешая Коген (Израильде  11 желтоқсанда 1971 жылы туылған)  Астана қаласында ғибадатхана  раввині - Юда Кубалкин, Павлодар  қаласында - Шмуэль Карнаух. 2002 жылдан  бастап Қазақстанда «Шалом» (құрылтайшысы - Қазақстанның Еврейлер конгресі) газеті шығады. Қазақстанда 10-ға  жуық синагогалар, 70 мыңға жуық  дін ұстанушылар бар. Елімізде  Қазақстан еврейлер конгресі қызмет жасауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ энциклопедиясы, 10 том

2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

3.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.


Информация о работе Иудаизм тарихы