Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 15:51, реферат
Біздің дәуірімізге дейінгі II мың жылдықта Солтүстік Арабияның көшпелі еврей тайпаларының полиатеистік сенімдері мен ырымдарының негізінде пайда болды. Біздің дәуірімізге дейінгі XIII ғасыр Палестинаны (Ханаан) жаулап алады. Иудаизмнің қалыптасуына Яхве құдайын асқақтатушы Иуда тайпасы (атауы осыдан шыққан) ерекше ықпал еткен. Соңынан Яхве жалғыз құдайға айналады. Иуды тайпасынан шыққан Давид патша (біздің дәуірімізге дейінгі 977 жылы шамасы) заманында Израил-Иудейлік патшалық күшейіп, иудейлер тегі пұрсатты жағдайға ие болды. Иудаизмде діни ілім мен асқақтату ертеден басталады.
1. Иудаизм тарихы
2. Иудаизмнің діни институттары
3. Иудаизмнің қағидаттары
4. Әдет-ғұрыптары
5. Иудаизмнің діни мейрамдары
6. Қазіргі заманғы иудаизм
7. Иудаизм Қазақстанда
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министирлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
РЕФЕРАТ
Пәні: Дінтану
Тақырыбы:_____________________
______________________________
Орындаған: ПО 13-2 тобының
студенті Хавалбек Г.
Қарағанды 2013
Жоспар
Иудаизм тарихы
Біздің дәуірімізге дейінгі
II мың жылдықта Солтүстік Арабияның
көшпелі еврей тайпаларының полиатеистік
сенімдері мен ырымдарының
1. Құдай, Дүние, Адам жайлы ілім;
2. діни асқақтатудың тәртібі;
3. моральдық-өнегелік қарым-қатынастар кодексі;
4. діни институттар жүйесі;
5. Құдай аңдамалылығының тұжырымы;
6. Мессианизм - Құдайдың елшісінің немесе маңдайына бақ қонғандардың Мессияға келуі, Құдай патшалығының орнауы.
Иудаизмнің қасиетті кітаптары
Иудаизмнің қасиетті кітабы - Сфарим, ежелгі еврейлік аббревиатурада - Танах, христиандықта - Көне Өсиет. Оған Тора (ілім), немесе Мұса пайғамбар жазды деп саналатын
• Бес кітап (Тұрмыс, Нәтиже, Левит, Сандар, Екінші зандылық);
• Нэвиим (Пайғамбарлар) - діни-саяси және тарихи-хронологиялық сипаттағы 21 кітап;
• Кэтубим (Жазбалар) – әр түрлі діни жанрлардағы 13 кітап кіреді. Көне Өсиеттің ең ежелгі бөлігі біздің дәуірімізге дейінгі X ғасыр белгіленеді. Танахтың Канонизациясы біздің дәуірімізге дейінгі III-VI ғасыр аяқталып, басқыншылық соғыстарының нәтижесінде еврейлердің Жерорта теңізі бойына шашылып, бытырауы басталады, диаспоралар пайда болады; еврей Библиясын грек тіліне аудару басталды (соңғы аудармасы - Сепуагинта).
кейінгі кітаптар
Иудаизм тарихындағы келесі
кезең - раввиндікомитеталмудтық - XIX ғасыр
басына дейін созылды. ӀӀ-ӀӀӀ ғасыр
Құқықтық ережелер жинағы пайда болды
- Мишна (Қайталау). Мишнаға Галаха (Заң)
ережелік актілерінің жинағы және Талмуд
пен Галахаға түсініктеме берген
- Аггада (Аңыз) кіреді. IV-V ғасыр Аммораи
(түсініктемелер) Мишнаға жаңа заңдық
ережелер қосылды. Гемара (Аяқтау) жинағы
пайда болды. Гемара Мишнамен бірге
Талмудты (ілім) құрады. Талмудтың екі
түрі ажыратылады: • иерусалимдік -
Палестинада және вавилондық диаспораларда
қалыптасқан. Талмуд - моральдық, этикалық
кодекстің заңнамалық негізі. Талмуд
соңғы рет III-V ғғ. өңделді. Онда еврейлерге
нұсқаулар берілген (613 нұсқау). Иудаизмде
мынадай мейрамдар тойланады: шаббат
(сенбі) - кез келген жұмысқа тыйым
салатын, демалыс уақыты; йомкиппур
(бәрін кешіру күні) - тәубе етуді
білдіретін тәуліктік ораза тұту;
песах (пасха) - көктемнің келгенін білдіретін
және еврейлердің Египет құлдығынан
құтылғанын тойлау және т.б. Иудаизмде
кеңінен тараған ғұрыптың бірі -
сүндетке отырғызу. Талмуд канонизациясынан
кейін екі жаңа бағыт пайда
болды: 1) консервативті, раввинат (ежелгі
еврейше"рав" - ұлы), институтын жоққа
шығаратын, кейде Талмуд және Талмудқа
түсініктемелер; бұл бағытқа караимдерді
жатқызады; • модернистік - шын мәнінде,
иудаизмнің нақтылы уақыт пен
жерге ыңғайлануы. Рационалистік
және мистикалық бағыт. Соңғысы Каббалаға
негізделеді, шынайы құдайлық жаңалықты
ашу мақсатында Тораның әріптік
символикасын шешуге талпынады. Қасиетті
кітап - Зогар (Құбылу). Каббала хасидизмге
(ежелгі еврейше"хасид" - тақуа) әсер
етті. Талмудта қыл¬мыстық және азаматтық
сипат¬тағы заңдар, адамгершілік заңдар,
отбасылық және жеке адам өміріне
қатысты кеңестер бар. Талмудта 365 тыйым
және 248 бұйрық әмірлер жинақталған
иудей әдет-ғұрыптар жүйесі бар. Иудей
діни ілімінің негізі дүниені жаратушы
бір құдіретті Яхве Құдайына деген
сенім. Иудаизмде құтқарушының келуіне
деген сенім бар, ол мессия (мәсіх)
деп аталады. Иудаизм бойынша
мессия жер бетін¬де әділетті тәртіп
орнатады деп есептелінеді. Ақырзаман
және өлілердің қайта тірілуіне
сенім – еврей ұлтының
Иудаизмнің діни институттары
Израильде Иудаизмнің діни институттары мемле¬кеттік бюджеттен қаржыландырылады. Жоғарғы рав¬винат діни ұйымдар мен бірлестіктерді қадағалайды. Парламент және үкіметте раввинаттың мүддесін қорғайтын басты діни — саяси партия Мафдал болып табылады. Таяу Шығыс, Солтүстік Африка Балкан елінен келгендер Сефард қауымын құрады. Еуропа, Амери¬ка, Австралия, ОАР-дан келушілер ашкеназиялық қауымды құрады. 1921 жылы Сефард және Ашкеназийлік бас рав¬виндер басқаратын жоғары раввинат кеңесі сайланды. Израиль мемлекетінің қалалары мен елді мекен¬дерінде 200 діни кеңестер (моацот, датиот) жұмыс жасайды, Израиль елінде 24 раввинат соттар бар. Ді¬ни мектептер (ешибот) үлесі орта білім беру орында¬ры¬ның 17%-ын құрайды. Израильдің барлық мектеп¬терінде діни пәндер оқытылады. Білікті дін маман¬дары діни институттарда дайындалады.
Иудаизмнің қағидаттары
Иудаизмнің негізгі қағидаттары
XІІ ғасырда өмір сүрген атақты философ-талмудшы,
рабби Моисей мен Маймон (1135-1204) іліміне
сүйенген төмендегідей 13 ережелерден
тұрады: 1. Құдай бар. 2. Құдай бір.
3. Құдай денелік пішінде
Әдет-ғұрыптары
Маңызды әдет-ғұрыптық талаптар қатарына мыналар жатады:
• Сүндетке отырғызу, ұл балалар дүниеге келген соң сегізінші күні жасалады. Бұл Яхвеге сыйыну¬шылар қатарына қосылу белгісі. Сүндетке отырғызу¬ды могель атқарады.
• Сенбі күнін тыныштық пен дұға жасау күні ретінде қастерлеу. Ивритте сенбі – шаббат деп ата¬лады. Сенбі күні жұмыс жасауға болмайды (малаха);
Іс-әрекеттің шұғыл формалары: жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер және т.б. рұқсат етіледі. Үйде жұмыс істеуге тыйым салынады. Сенбі күні өлген адамдарды жерлеуге болмайды және т.б.
"Шаббат басында, яғни
жұма күні күн батар кеш¬құрым
мезгілде отбасы анасының
Сенбі күні ұзақ сапарға шығуға болмайды. Кеме бортында отырған жолаушыларға борттан түсуге болмайды. Ортодоксалды еврей синагогадан жаяу жүретіндей қашықтықта тұрады. Өйткені, ол сенбі күні автомобиль жүргізе алмайды. Ол қоғамдық көлікті де пайдалана алмайды”.
• Күшейтілген дұға жасау, (тфила) дұға жасауға (кавана) толық берілу қажет. Қол жуарда, тамақ ал¬дында және тамақтан кейін дұға оқу керек. Тамақтың әрбір түрі үшін өзіндік дұға мәтіні болады. Сенбілік, мерекелік шырағданды жағар алдында да дұға оқылады.
Синагогада біріккен құлшылық ету он ересек адамның, яғни "діни қатынаста құқығы бар еркек болғанда ғана жүргізіледі. Бірақ, ерекше жағдайда жалғыз дұға жасауға болады”.
• Пост (ауыз бекіту) – күнәдан тазару, тәубаға келу күндері, ұлы апат және т.б. Иудейлік діни ілім бойынша, тек күйіс қайыратын жануарлардың, шехит ережесі бойынша бауыздалған үй құстарының етін жеуге болады. Шошқа, жылқы, қоян етін жеуге, бір уақытта ет және сүт тамақтарын колдануға тыйым салынады. Егер тамақ алдында иудей сүт тағамын ішсе, онда ет тағамдарын жеу алдында, олар ауыз шайқауы немесе бейтарап (нан түйірін) тағам жеуі керек. Тамаққа қанды қолдануға айырықша тыйым салынған.
• Шавуот (шабуот) – апта мейрамы немесе Мұсаға Синай тауында Тораның берілуіне байла¬нысты мейрам. Иудей діни ойшылдарының пікірін¬ше, бұл мейрам пасханың бірінші күнінен соң 50-ші күні өткізіледі.
Иудаизмнің көп ғасырлық тарихында жікшілдік, секталар, бағыттар, қозғалыстар пайда болды. Бүгінгі уақытта, ғалымдардың пікірінше, мынадай иудаизм бағыттары қалыптасты: караим, хасидизм, реформа¬торлық, консерваторлық, ортодоксальды. ХІІ-ХІІІ ғасырда еврей діни ойшылдарының арасында Каббала философиялық көзқарастар жүйесі тарала бастады. Каббалистердің қасиетті кітабы – "Зогар” ("Шұғыла”).
Иудаизмнің діни мейрамдары:
1. Рошха-Ашана (Рош-Хашана) – діни Жаңа жыл, бұл күнді керней дыбыстары күні деп те атайды. Бұл мейрам жаман, зұлым рухтарды керней дыбыстарымен аластайтын ай мейрамымен байланысты. Вавилондық тұтқындалудан кейін, вавилондық мәдениет ықпалы¬мен бұл мейрам "аспан соты” мейрамына айналды. Бұл күні Яхве бүкіл тіршілікке үкім шығарады.
2. Йом-Киппур – сот күні, кешірім, тәубеге келу және күнәдан арылу, о дүниелік болған ата-ана, жақын туысқандарды еске түсіру күндері. Раввиндер іліміне сәйкес, Рош-Ашанадан кейін 10 күн ішінде (тәубеге келу күндері) Яхве барлық адамдардың іс-шаруасын тексереді және әрбір адамның келесі жылғы тағдыры туралы өзінің соңғы шешімін дайындайды.
Бұл шешім Йом-Киппур күні жарияланады.
1. Ханука – жарық мейрамы (Оттардың 8 күндік мейрамы).
2. Пурим (ежелгі грек сөзі "пур” – жеребе) – Эсфири (Есфири) құрметіндегі мейрам. Бұл күні парсы патшасы Артаксеркс (б.з.д. ІV ғ.) уақытында зұлым Аманның қиянатынан азат болу атап өтіледі. Бұл оқиға жайлы Інжілдік кітап "Есфирьде” әңгіме болады. Бұл – вавилондық тұтқындаудан азат болу.
3. Песах – пасха; азаттық мейрамы – Египеттен еврейлердің шығуын еске түсіруге арналған сегіз күндік мейрам.
4. Йом Га-Шоа – Апат күні немесе Холокосты еске түсіру күні. "Шоа” ивритте "құйын” мағынасын береді. Алғашқыда қаралы күн "холокост” және қаһармандық күні деп аталды. Бұл күнді 1951 жылы Израиль парламенті белгіледі. Варшавалық гетто көтерілісінің жылдық мерзімін Ниссан айының 27-сі күні атап өтеді. Бұл күнді зайырлы билік енгізуіне байланысты иудей ультраортодокстары мойында¬майды. Көптеген еврейлердің пікірінше, айырықша мемориалды күнді белгілеу дәстүрге қайшы келеді
Қазіргі заманғы иудаизм
Қазіргі заманғы иудаизм негізгі үш ағымға бөлінеді: ортодоксальдық, реформалық және консервативтік. Ортодокстар ішінде өз кезегінде бейортодокстар мен ХаБад хасид қозғалысы бөлінеді.
1. Ортодоксалдық иудаизм жиырма жүзжылдықтар ішінде өзгергені шамалы. Ортодокстар Талмұтта жазылған ережелерді қатаң сақтайды. Бейортодокстар сионизм мен қазіргі заманғы мәдениетті танымайды, синагогаға сенбі күні бару үшін көлік пайдалануға рұқсат бермейді. ХаБаД хасидтері сионизмді және қазіргі заман мәдениетін таниды, еврейлерді Тораның барлық өсиеттерін қатаң сақтауға шақырады.
2. Реформистік иудаизм - дін ілімінің либералды түрі, онда Талмұт ережелері мен дәстүрлеріне мән аз беріледі. Бастысы - рәсімдерді сақтау емес, қоғамдық белсенділік. Алайда барлық реформистік иудаизмнің діни жүйесі қатаң бір құдайға сенуге негізделген.
3. Қазіргі заман иудаизмінің үшінші тармағы - ортодоксальды және либералды бағыттар арасында аралық орынға ие консервативтік ағым. Иудаист-консерваторлар еврей мерекелерін сақтайды және негізгі дәстүрлерді ұстанады. Сондай-ақ олар заңды қазіргі заман мәдениетімен және философиямен байланыстырып жаңаша байқап түсіндіруге тырысады, олар Талмұт - ақылгөйлер Тораны өмірмен қалай байланыстыру керектігін ақылдасатын дамушы жүйе деп есептейді.
Иудаизм Қазақстанда
Қазақстанда иудаизм бастапқыда
басында қағанмен хазар ақсүйектерінің
шектелген тобымен қабылданды. XIV
ғасырда еврейлердің