Ежелгі діни наным-сенімдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 16:56, реферат

Краткое описание

Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше.

Содержание

I.Кіріспе
• Дін туралы жалпы түсінік.
II.Негізгі бөлім
• Ежелгі діни наным сенімдер;анимизм,фетишизм,тотемизм,магия.
• Ежелгі Қазақстандағы діни наным-сенімдер.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аманкелді Ә.Н діни наным сенімдер.docx

— 53.70 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Денсаулық Сақтау Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік  Фармацевтика академиясы

                   Қоғамдық пәндер кафедрасы

 

 

         СӨЖ

Тақырыбы:Ежелгі  діни наным-сенімдер

 

 

 

 

 

Орындаған:Аманкелді Ә.Н.

Тобы:202 “Б” ФК

Қабылдаған:Дуйсебаев М.Т.

 

 

 

                                     Шымкент 2013ж

                                              Жоспар

I.Кіріспе

  • Дін туралы жалпы түсінік.

II.Негізгі бөлім

  • Ежелгі діни наным сенімдер;анимизм,фетишизм,тотемизм,магия.
  • Ежелгі Қазақстандағы  діни наным-сенімдер.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Кіріспе

    Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек,  айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.Теологиялық анықтама бойынша, Құдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген ұғым - Құдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Құдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Құдай туралы білім болғанымен, теология Құдайдың болмысын зерттемейді, ол Құдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауға шақырады. Сондықтан, теология дегеніміз Құдай туралы ілім емес, ол -Құдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология. «Құдайдың сөзі емес», ол «Құдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Құдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, құдіреті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жоғары дәрежеге көтерді. Басқаша айтқанда, «Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру» - деп түсіндіреді.

     

 

 

 

 

 

Ежелгі діни наным  сенімдер;анимизм,фетишизм,тотемизм,магия.

  Қазіргі кезге дейін өмір сүріп  келе жатқан «Прамонотеизм» деген теологиялық  теория бойынша діннің шығуы туралы былай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Құдайлық немесе бір Жаратушы Құдайға сенген. Кейіннен бұндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Құдайлық» ұғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бұл бір Құдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді.Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дәуір» деген теория бар. Мұндай көзқарастың мазмұны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың болғандығын дәлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталдыққа дейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталдықтардың 100-40 мыңыншы жылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дәуірде) кезінде пайда болуы туралы дәлелденді.        Сол кездегі ең бір қарапайым және жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия жэне анимизм деп аталады.

Фетишизм - (португ.сөзі -сиқырлы зат) әр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. Әр алуан заттардан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, құдіретті мән беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары - табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі,келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.с.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жәрдем беруі және т.с.с

Тотемизм - өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде пайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс - сиыр. Сиырды құрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді.

Тотемді құрметтеу – оны қасиет иесі санап құлшылық етушілердің бәрін қастерлеу деген сөз. Яғни, тотем белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылықтың рәмізі. Тотемизм бастапқыда рулар мен тайпалардың, бертін келе тұтастай халықтардың діни наным нысаны және олардың өзгелерден даралығын сипаттайтын белгі болып тұрақтайды. Осыған қарай бұл тайпаның, халықтың өзіндік ғұрыптары мен салттары қалыптасады. Олар мифологияға ауысады. Көне замандарда тотем көбіне зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) бейнеленіп келеді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-бабаларының әруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты. Осылайша тотемизм рулық қауымда тұтастырушы, рулар мен тайпаларда әлеуметтік қатынастарды реттеуші қызмет атқарады.

Магия (грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту. Магияның қолдану әдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды объектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін тигізу, шаш алу, тырнағын aлy; имитативтік объектіге ұқсас объектімен әсер тигізу.Магияның мақсаты бойынша: олардың  ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістік магия. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау магиясы, сүйіспеншілік магиясы, т.с.с Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды; шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар.

Анимизм (лат.-тіл.жан) - деген жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тәннен дербес өмір сүре алады. Мұндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәтижесі. Анимизм – алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқыда бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер деген ұғым орныққан. Жаратылыстан тыс күштер шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі – магия немесе тылсым (“ауызекі сөзде сиқыр, аяр, жады” деп те атайды). Бұл да анимизм және тотемизм қатарлы дүниеге келген құбылыс. Оның негізінде де рухқа, жанға иланым жатыр.

                   

                 Ежелгі Қазақстандағы діни наным-сенімдер.

    Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында ерте заманнан бастап көптеген діндер шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп жатты. Олардың түрлеріне келетін болсақ, осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандай діндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тәңірі, Жер-Су, Ұмай, Шаманизм, Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) және Зороастризм. Ежелгі қазақ хандығының тікелей ата-тегі түріктерден таралды дейтін болсақ, ежелгі түріктердің басты Құдайы Көк Тәңіріне сенгендіктен, қазақ халқының да алғашқы сенімділігін «Тәңірлік» деп айта аламыз. Олай деп айту себебіміз, көшпенді түрік халқы үшін табиғат, оның ішінде Аспан, олардың өмір сүруіне тікелей байланысты болды. Көгілдір Аспан - ең жоғарғы әлемнің тірегі, тіршіліктің тірегі. Тіршіліктің тірегі Жер мен Су. Сонымен әлемді ұстап, басқарушы – Тәңір.Сонымен, табиғи күштерді пір тұтудан, тәңірлік көп түсініктіктен бас Құдайына айналуы. Түрік халықтарының мифологиясының өзіндік  ерекшелігі - Жер мен Аспанның тығыз байланыстығы. Ондай байланыстырушының дәнекері - алып Бәйтерек. Осы биік Бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Аспан денелері сакралды киелі ретінде қарастырып қадірленген. Мысалы, «Оғызнама» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз деп қойған екен. Қазіргі қазақ халықтары балаларында Күнсұлу, Айсұлу, Жұлдыз, Шолпан деген аттар кеңінен колданылуда. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уәлихановтың жазғанына тоқталсақ: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астына белбеу буынады. Біз ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдарды белбеуді аяғына буады».

Тотемизм. Қазақ халқының діни сенімінде тотемистік сенім болды және олардың әдет-ғұрпының қалыптасуында, тұрмысында жан-жақты рөл атқарды деп ойлауға негіз бар. Мысалы, ескі жыл есебіндегі он екі жануардың атымен байланысты атаулар. Оған қоса үй жануарларының әрқайсының иесі бар деп біліп, ат қойып айдар таққан: Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата, Жылқышы немесе Қамбар ата т.б. оған байланысты аңызды да бәріміз бала кезімізден біліп өстік. "Хайуанаттарға байланысты ертегілерді аңдап отырсаң, жан-жануарлар турасындағы бұлдыр көріністерді көреміз. Одан мифтік, діни түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсініктерді аңғарамыз" (Әуезов). Сонымен бірге, Қазақ халқындағы тотемизмдік элементтерінің бір түрі "табу" болып табылады, яғни, бір нәрсеге тиым салу мағынасын білдіреді. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас туыстық қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табуда кейбір жануарлар мен өсімдіктер "қасиетті" деп ұғынылып, олардың өз атын атауға тыйым салынған. Егер өз атын атаса, зиян келтіреді деп түсінген. Мысалы, қасқырдың атын қасқыр демей "ит-құс", "ұзынқұлақ" сияқты атаулар берген. Басқа ешбір халықта кездеспейтін, қазақ әйелдерінің ата-енесін, қайын-қайынаға, абысын-ажын, қайын сіңілі, өз ерінің аты т.б. атамауының негізі де осы табуда деп жорамалдауға болады. Өмірде болатын түрлі жағымды-жағымсыз құбылыстардың бәрі де тылсым күштер әрекетінің нәтижесі деп түсінгендіктен, олардың киесіне ұшырамас үшін әр түрлі жөн-жоралғылар, қағидалар, құрбан шалу, көпшілік болып түрлі ырымдарды орындау қалыптасқан. Қазақ арасында "Сақтансаң сақтаймын" деп Құдай айтыпты деген сөздің төркіні де өте тереңде жатыр. Мүмкіндігінше адамның сақтануға тиісті құбылыс-нысаналарын атап кетейік: жын, пері, дию, шайтан, обыр, албасты, күлдіргіш, әбілет, монтаны, матру, сұқ, уббе, бәдік, жезтырнақ, шимұрын, қарғу, аусыл, шешек, жалмауыз (Амантурлин). т.б.

Анимизм. Қазақтар дүниедегі жан-жануар, аң-құстар әр үйдің, жеке адамның, тіпті ұсақ жәндіктердің өз иесі - рухы бар деп түсінген. С.А. Токаревтың зерттеулері көрсеткендей, әрбір рудың өз Жебеушісі, яғни ежелден бері тіршілік етіп келе жатқан рухтас "мыс" құдіреті болады. Ал марқұм болғандардың жандары "кормос", бірақ ешбір байланыссыз (Токарев)."Аспан рухы", "Жер-су рухы", "Таудың рухы" т.б. Л. П. Потаповтың анықтамасынша, "оларға табыну рулық меншікпен, кәсіптік құдіретпен бірігіп кеткен".Мұнда таулардың, өзен мен көлдердің киелі әруағын қастерлеу емес, сол таудың, өзен мен көлдің өзін қастерлеп құдірет тұту, яғни, біз бұл арада табиғаттың рух-бейнесін емес, өзін тіріге санап қастерлеу ісін көреміз. Бұл анимистикалық дүниетанымның ең бір көне түрі -анимизм деп аталады.Жалпы анимизмнің қазіргі кездердегі барлық діни жүйелерге өзек болғандығы және жай ғана құбылыстан күрделі құбылысқа қарай өрлей дамығаны ғылымда мәлім жайт.

Фетишизм. Енді фетишизм элементтерінің қазақ халқы арасындағы түрлеріне қысқаша шолу жасайық:

1) қазақ халқы малдың  алғашқы төлдеген кезіндегі алғашқы  уызын өздері ішпейді. Мәнісі  аруақтарға арнау.

Фетиштік ырымның бірі - кәрі жілік, оны күндіз малшының түнде  күзетшінің қызметін атқарады деген  сенімнен туған. Жас нәрестенің бесігіне әр түрлі: үкінің қауырсынын, қасқырдың, арыстанның т.б. жыртқыш аңдардың терісін тағады. Бұл ырымның мақсаты баланы әр түрлі "жын-шайтандардан" сақтайды деген сенімге саяды.Қазақ даласының қай түкпіріне барсаңыз да "әулие" саналатын мазарларды көреміз. Бұл кейбір зерттеушілердің пікірінше фетиштік сенімнің мұсылман дінінің келуімен байланысты өзгерген түрі болуы мүмкін.Дүниежүзінің барша халықтарында талисман, амулет аталынып жүрген "көз тию", "тіл тиюден" сақтайтын түрін қазақтарда тұмар деп атаған. Мұнда "қырғыз немесе қырғыз әйелі өзімен бірге үш бұрышты өзін сақтайтын аяттар жазылған тұмар тағады. Ол адамды бақытсыздықтан сақтайды деп сенеді" (Левшин) деген пікір орынды.Сонымен бірге, тұмардың өзі бірнеше дәуірді басынан кешіргенін байқауға болады. Алғашында тұмар ретінде өз тотемдерінің бір мүшесі не терісі т.б. болса, кейіннен мұсылмандықтың енуіне байланысты тұмарға құраннан аяттар жазып салатын болған. Бұдан ерте кездегі діндердің өзгерген түрлерінің қазақ халқының ерекшелігіне байланысты мұсылмандыққа да ықпал жасағанын көреміз.Көшпелі әлемнің қарғыс таңбасы - тайпалық ыдыраушылық екені тарихтан белгілі. Жайылым-қонысқа байланысты жан-жалдар, барымта - мал айдап кету, қыз алып қашу, қанды кек тәрізді ұдайы болып жататын жайсыз әрекеттер, бөлшектенудің де зардабы аз болған жоқ. Тіпті триболистік көзқарастардың зәрі әлі күнге дейін толығымен жойылып бітпегенін еске алсақ, ұлттық тұтастығымызды нығайту барысында бұл мәселенің қаншалықты азаматтық жауапкершілікті талап ететінін бағалау қиын емес. Сол кезеңдерде мұндай жағдайларда қатаң тәртіпті сақтап отыру қажет болды. Бұл үшін жалпы мемлекеттік, тайпалы билікпен қоса халықтың нанымдық-сенімдік дүниетанымы да саяси жауапкершілікті бағыттап отыруға мүмкіндік бергені сөзсіз.

 Магия (грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту. Магияның қолдану әдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды объектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін тигізу, шаш алу, тырнағын aлy; имитативтік объектіге ұқсас объектімен әсер тигізу.Магияның мақсаты бойынша: олардың  ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістік магия. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау магиясы, сүйіспеншілік магиясы, т.с.с Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды; шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар.

Информация о работе Ежелгі діни наным-сенімдер