Зоопсихологияның пәні мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:04, лекция

Краткое описание

Ғылыми бағыттың қалыптасуына дейінгі жануарлар психикасы туралы түсініктің дамуы. Психикалық бейнелеу көрінуінің тарихи қажетті шарты ретінде жануарлар психикасының пайда болуы. Эволюция процесіндегі жануарлар психикасы дамуының негізгі кезеңдері. А.Н.Леонтьев зерттеулеріндегі психиканың пайда болуы мен дамуы мәселесінің талдануы.
Зоопсихологияның зерттеу пәні және оның ғылымдар жүйесіндегі орны. Зоопсихология және этология. Зоопсихологияның ғылым ретіндегі даму тарихы. Зоопсихологияның дамуындағы Ч.Дарвин мен В.А.Вагнер ролі. Қазіргі кезеңдегі зоопсихологияның әдістері және зопсихологиялық білімдердің ғылым мен халық шаруашылығы үшін мәні.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 лекция.doc

— 76.00 Кб (Скачать документ)

Зоопсихологиялық  зерттеулердің ең маңызды моменті  тәжірибені жүргізгенде немесе әдістемелерді қолданғанда биологиялық адекватты шарттарды ескеру болып табылады.

Зоопсихологиялық  экспериментальды әдістердің алуан  түрлері бар. Бірақ та барлығы  да жануар алдына белгілі бір мәселені шешу қажеттігін тудыруға келіп тіреледі.

«Лабиринт»  әдісі бойынша жануар тікелей  қабылданбайтын «мақсатқа», белгілі  бір жолды табу мәселесі қойылады. Бұл әдіс үйрене алу қабілетіне байланысты сұрақтарды зерттеуге мүмкіндік  береді.

«Айналып өту  жолы» әдісі бойынша жануар «мақсатқа» жету үшін кедергілерден өту керек. Мұнда енді жануар тікелей жемін қабылдайды. Мұнда жолды табудағы қозғалыс жылдамдығы мен траекториясы ескеріледі.

«Дифференциациялы дрессировка» сыналып жатқан жануардың бір мезгілде немесе біртіндеп көрсетілетін объекттерді және олардың белгілерін ажырата алу қабілетін анықтауға бағытталған. Жануардың дұрыс таңдаулары марапатталып отырады. Объекттердің белгілері арасындағы өзгешеліктерді қысқарта отырып, жануардың объекттерді ажырата алу шектерін байқауға болады. бұл әдістің көмегімен дағдылардың қалыптасу процесстерін, есте қалдыру мүмкіндіктерін тексеруге болады.

Аталып кеткен экспериментальды әдістердің алуан түрлері мен  модификациялары қазіргі күнгі  зхоопсихологиялық зерттеулерде қолданылады. Әрбір зерттеудің мақсаты мен  міндеттеріне байланысты әдістер арсеналын модификациялауға болады.

 

Негізгі әдебиет:

  1. Зорина З.А. Зоопсихология. Элементарное мышление животных. М., 2003.
  2. Леонтьев А. Н. Проблемы развития психики.—М., 1981.
  3. Линдбланд Я. Человек—ты, я и первозданный. – М., 1991.
  4. Маркевич А. П. Происхождение и развитие животного мира.—М., 1956.
  5. Меннинг О. Поведение животных.—М., 1982.
  6. Слободчиков В. И., Исаев Е. И. Основы психологической антропологии.— М., 1995.
  7. Фабри К.Э. Основы зоопсихологии М., 1976
  8. 7.Правоторов Г.В. Зоопсихология для гуманитариев. Новосибирск, 2002.

 

 

  1. Қосымша әдебиет:

 

  1. Верещагин С. М., Лапицкий В. П. Сравнительная физиология нервной системы беспозвоночных.—Л., 1982.
  2. 9.  Дубров А. П. Рассказы о животных, говорящих человеческим языком.—М.,   1992.
  3. Лавик-Гудолл. В тени человека.—М., 1974.
  4. Рахимбеков К., Рахимбекова Г.К. Зоопсихология и сравнительная психология. Алматы, 2000.

Информация о работе Зоопсихологияның пәні мен міндеттері