Зоопсихологияның пәні мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:04, лекция

Краткое описание

Ғылыми бағыттың қалыптасуына дейінгі жануарлар психикасы туралы түсініктің дамуы. Психикалық бейнелеу көрінуінің тарихи қажетті шарты ретінде жануарлар психикасының пайда болуы. Эволюция процесіндегі жануарлар психикасы дамуының негізгі кезеңдері. А.Н.Леонтьев зерттеулеріндегі психиканың пайда болуы мен дамуы мәселесінің талдануы.
Зоопсихологияның зерттеу пәні және оның ғылымдар жүйесіндегі орны. Зоопсихология және этология. Зоопсихологияның ғылым ретіндегі даму тарихы. Зоопсихологияның дамуындағы Ч.Дарвин мен В.А.Вагнер ролі. Қазіргі кезеңдегі зоопсихологияның әдістері және зопсихологиялық білімдердің ғылым мен халық шаруашылығы үшін мәні.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 лекция.doc

— 76.00 Кб (Скачать документ)

ЗООПСИХОЛОГИЯНЫҢ  ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

Дәрістің  тезистері

 

Жануарлар психикасы  мен жүріс-тұрысы

Ғылыми бағыттың қалыптасуына дейінгі жануарлар психикасы  туралы түсініктің дамуы. Психикалық бейнелеу көрінуінің тарихи қажетті шарты  ретінде жануарлар психикасының пайда болуы. Эволюция процесіндегі жануарлар психикасы дамуының негізгі кезеңдері. А.Н.Леонтьев зерттеулеріндегі психиканың пайда болуы мен дамуы мәселесінің талдануы.

Зоопсихология пәні мен әдістері

Зоопсихологияның зерттеу  пәні және оның ғылымдар жүйесіндегі орны. Зоопсихология және этология. Зоопсихологияның ғылым ретіндегі даму тарихы. Зоопсихологияның дамуындағы Ч.Дарвин мен В.А.Вагнер ролі. Қазіргі кезеңдегі зоопсихологияның әдістері және зопсихологиялық білімдердің ғылым мен халық шаруашылығы үшін мәні.

Зоопсихология – түрлі топтардағы жануарлардың сыртқы беленділігінде байқалатын, сәйкес нейробиологиялық механизмдермен қамтамасыз етілетін арнайы психикалық қасиеттерді зерттейтін ілім болып табылады.

Зоопсихологияның  ең басты міндеті – адам және басқа жануарлардың түрлері арасындағы қатынастарды анықтап, психиканың тууы мен даму жолы мен заңдылықтарын түсіндіру болып келеді. Сонымен бірге, жануарлардың мінез-құлқын зерттеп, оны сипаттау барысында мінез-құлықтың себептерін анықтау үшін салыстырмалы биогенетикалық зерттеулер жүргізу болып келеді.

Зоопсихология дисциплинасы рамкасында жануарлардың психикалық іс әрекетінің жалпы сипаттамасы, онтогенездегі жануарлар белсенділігінің  жалпы сипаттамасы, психиканың эволюциясы, жануарлардың интеллектісі мәселелері қарастырылады. Осы мәселелер диалектикалық материализм тұрғысынан эволюциондық пландағы салыстырмалы биогенетикалық әдіс арқылы шешіледі.

 

ЗООПСИХОЛОГИЯНЫҢ  ПӘНІ

 

Адамзат тарихи дамуының бүкіл этаптарында жануарлардың рухани өмірі туралы танымдық қызығушылықтарын сөндірмеген. Фольклор, діни көзқарастардан жануарлардың  психикалық ерекшеліктері мен мінез-құлқына қатысты қызығушылықтарды байқаймыз.

Жаратылыс танушыілімдер  саласында жануарладың психологиясынан  гөрі олардың формаларын зерттеуге  көп көңіл бөлді.

Бірақ ХХ ғасырда  адам психологиясын танып білуден  бұрын адамға дейінгі психикалық феноменологияның дамуын анықтау мәселелері туды.

Зоопсихология ілімі жануарлардың психикасын зерттеумен айналысады. Бұл ілімнің зерттеу  пәнін қарастырудан алдын жануарлардың психикасы, мінез-құлқы (жүріс-тұрысы), психикалық іс әрекеті туралы түсініктерді анықтап алу керек.

Лениндік бейнелеу теорясы бойынша психика мазмыны  жағынан объективті шындықты бейнелеудің (сәулелендірудің) формасы болып есептелінеді. Сонымен бірге, жануар ағзасына өз белсенділігін орта компоненттеріне қатысты адекватты бағдар жасауға мүмкіндік береді. Және де психика белсенді түрде объективті шындықты бейнелей отырып, өзі сол объективті ортаның ең жоғары ұйымдасқан материясының (ми мен жүйке жүйесі) қасиеті болып келеді.

Жануарлар психикасы  олардың мінез-құлықынан арашаланбайды. Мінез-құлық (жүріс-тұрыс) деп ағзаның ортамен өз өміріне қажетті байланыстарды жасауға бағытталған жануардың, көбінесе, сыртқы қозғалыс белсенділігінің көріністер жиынтығын түсінеміз.  Психикалық бейнелеу осы белсенділіктің негізінде жануардың қоршаған ортаға әсер етуі барысында жүзеге асады. Осындағы психикалық бейнелеу барысында тек қоршаған орта компоненттері ғана емес, сонымен бірге, жануардың өз мінез-құлқы да, өзі жасаған ортадағы өзгерістер де бейнеленеді. Танымдық қабілеттеріне ие жоғарғы жануарларға айналасындағы ортасын өзгерту барысында орта компоненттерін толыққұнды, әрі тереңірек бейнелей алу тән.

Сөйтіп, психиканы айналасындағы әлемге бағытталған белсенділігінің нәтижесі мен барысындағы сол ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеуден тұратын жануар ағзасының функциясы (қызметі) деп санауға болады. Сыртқы белсенділік пен оның бейнеленуі, мінез-құлық пен психика бөлінбейтін органикалық бірлікті құрайды.

Сайып келгенде, психиканың алғы себебі  - мінез-құлық. Мінез-құлықтың арқасында ортамен ағзаның байланысы түзіледі. Мінез-құлықсыз психика жоқ. Бірақ та психика мінез-құлықтың туындысы бола отырып, өз тарапынан ағзаның сыртқы белсенділігін үйлестіріп, бағыттап отырады. Сөйтіп, психика айналадағы әлемді адекватты түрде бейнелей отырып, жануар ағзасына сол әлемде бағыт-бағдар жасауға, ортаның биологиялық мәні бар компоненттерімен адекватты қарым-қатынас түзуге мүмкіндік береді.

Мінез-құлық  пен психиканың диалектикалық байланысының мәнін «психикалық іс әрекет» ұғымы айқын көрсетеді. Жануардың психикалық іс әрекеті деп психика мен мінез-өқұлықтың бүкіл комплексін, жануардың сыртқы белсенділігінің өнімі ретіндегі бірыңғай психикалық бейнелеу процесін түсінеміз.

Сондықтан психикалық бейнелеудегі мінез-құлық приматын ескере отырып, жануарлардың психикалық іс әрекетін зерттеуде оның нақты тіршілік ету жағдайындағы қозғалыс белсенділігінің анализінен шығамыз. Сөйтіп, зоопсихологияның зерттеу объектісі психикалық іс әрекет болып табылады. Ал зоопсихологияның пәнін келесі анықтама арқылы белгілейміз: Зоопсихология - жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің көріністері, заңдылықтары мен эволюциясы туралы, жануарлардың психикалық процесстерінің онто- және филогенезде пайда болуы мен дамуы туралы, және адам санасының пайда болуының алғышарттары  мен тарихнамасы туралы ілім.

Сөйтіп, зоопсихологтың жұмысы психикалыққа дейін мен психикалық бейнелеудің түйіскен жерінен басталады. Психика эволюциясының бастапқы формаларынан көтеріле отырып, зоопсихологтың іс әрекет өрісі адамның санасына дейін жетеді. Адам психикасы жануарлардыкімен салыстырғанда жаңа, сапасы басқа болса да, жануарлар психикасымен генетикалық байланысты.

Психиканың  тууы мен дамуы мәселесін аса  негіздеп зерттеп, түсіндірген совет ғалымы А.Н. Леонтьев болатын. Оның концепциясы бойынша сезімталдылықтың генезисі мен мәні алғашқы психикалық бейнелеу формасы болып келеді, және де психикалық қасиет тікелей ағзаның тіршілік етуінен туындайды.

Өмірдің жануар формасының, мінез-құлықтың пайда болуы тікелей сыртқы белсенділіктің (психикалыққа дейінгі – мұнде механикалық тітіркену формасындағы сыртқы белсенділікті айтамыз) заттық шындықты бейнелеумен (яғни, психикалық бейнелеумен) жанамаланатын белсенділікке көшуімен анықталады.

Жануар  мінез-құлқына деген зоопсихология тарихындағы негізгі концепциялар.

Ғылыми зоопсихология  мен салыстырмалы психология XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында пайда болды. Бұл Ж.Л. Леклерк-Бюффон мен Ж.Б. Ламарктың еңбектеріне байланысты болды. Кейіннен адам мен жануарлар психикасының шығу тегігінң бірлігін көрсеткен Ч.Дарвиннің еңбектері жалғасты. Бірақ та сол кезде адам мен жануарлар психикасының сапалы өзгешеліктерін ғалымдар аса ескерген жоқ. Дарвиннен кейін антропоморфистік идеялар құлаш жайды.ғылыми фактткар жеткіліксіз жерде психика жайлы примитивті пікірлер орын алды.

Антропоморфизмнің айтуынша жануарлардың психикалық функциялары адамдардыкімен аналогиялық түрде болады. олар жануарлардан адамдардікі секілді психикалық қабілеттер мен қасиеттерді іздеді. Бұл ағым рамкасында да адам мен жануар арсындағы психикалық құбылыстырдың сапалы айырмашылықтарыжоққа шығарылды.

Одан кейін субъективті идеализм бағыты бойынша адам психикасы ерекше, ештеңемен байланысы жоқ деген көзқарастар туды. Табиғи тұрғыдан зерттелмейтін нәрсе ретінде көрсетті. Мұнда жануарлар психикасы мен адам психикасы мүлдем бөлініп тасталды. Адам психикасы ештеңеге ұқсамайтын «рухани бастама» деп түсіндірілді. Бұл «рухани бастама» ғылыми тұрғыдан түсіндіруге келмейтін факторлар арқасында пайда болады деп түсіндірді.

Психофизикалық  параллелизм бойынша психика материядан бөлек өмір сүреді. Психиканың материалдық негізі жоққа шығарылады. Ол өзінің ішкі материалды емес заңдылықтарға сүйенеді. Бұл заңдылықтар органикалық әлемнің заңдылықтарынан мүлдем өзгеше.

 Совет  зоопсихологиясының негізін салушы В.А.Вагнер жануар мен адам психикасының ортақ элементтері барлығын жоққа шығармайды. Бірақ ең маңыздысы осы екеуінің арасындағы сапалы өзгешеліктерді айқындап, ескеруд қажеттігін атап көрсеткен. Психикалық іс әрекет мәселелеріне қатысты жайпақ эволюционизмнің позициясында (олардың көзқарастары бойынша адам мен жануар психикасының арасындағы айырмашылық сандық өзгерістерге келіп тіреледі.), Ж.Леб теориясындағы тропизмдер туралы (күрделі нәрсені қарапайыға әкеп тіреу – психикалық функциялардың жоғарғы формаларын төменг-) түрлі варианттарды да, бихевиористтердің, рефлексологтардың позицияларын сынға алды.

Диалектикалық материализм бойынша психика органикалық материяның жоғары дамыған формасының өнімі. Ол объективті өмір сүретін орта компоненттерін бейнелеу функциясын атқарады. Жануарлар психикасы мен мінез-құлқының ақиқи бейнесін комплексті түрде зерттеу  арқылы ала аламыз. Сөйтіп, ғылыми зоопсихологияның зерттеулеріжануарлар мінез-құлқының құрылымын объективті психологиялық анализ жүргізу мен экологиялық физиологиялық ерекшеліктерді ескеру арқылы жүреді.

Л.С. Выготскийдің айтуынша адам мен жануар арсындағы  психикалық іс әрекеттің ең басты айырмашылығы – адам қоғамдық еңбек практикасы, сөйлеуі арқылы сыртқы объективті шындықты екі жақты бейнелей алады – сезімдік және ұғымдық. Яғни адамда сезімталдылықпен қатар, ұғым көмегімен жүретін абстрактылы логикалық ойлау қасиеті бар. Логикалық ойлаусыз заттардың мән-мағынасына жету, себеп-салдардың түп-тамырын танып білу, заңдылықтарды ашу мүмкін емес. Жануар ортаны тануда, онымен қарым-қатынас жасауда тек нақты қабылданған (осы шақта, өткен шақта) шектеледі. Орта компоненттерін танып білу тек соларға қатысты қозғалыс белсенділігі болса ғана жүреді. Дистантты қабылдау толық мәлімет бере алмайды.

Адам заттардың  ішкі мәнін, құбылыстардың заңдылықтарын, шығу тегін білуге қабілетті.

Вагнер зоопсихологияны  салыстырмалы психологияның бір  бөлігі деп, екінші бөлігіне адам психологиясын қосқан. Ал салыстырмалы психология жануар мен адам психикасының пайда болуы мен даму заңдылықтарын, олардың психикасы арасындағы ортақтық пен өзгешелікті зерттейін ілім.

Ғылыми зоопсихология  жануарлардың субъективті толғаныстарын тану міндетін өз алдына қоймайды. Бірақ ол жануарлардың қабылдау, елестету т.б. психикалық категорияларының мәні мен сипатының ерекшеліктері туралы, олардың элементарлы ойлау кескіндері туралы сұрақтарға жауап беру керек.

Жануарлар мінез-құлқын тек психологиялық тұрғыдан ғана емес, жалпыбиологиялық негіздері мен заңдылықтары жағынан да зерттейді. Мәселенің мұндай сипатын этологтар қарастырады. Оларды біріншіден жануарлар мінез-құлқындағы экологиялық факторлар қызықтырады. Қалай жануарлар индивидуалды (жеке) өмір сүруі барысындажәне эволюциялық процесс барысындақоршаған орта жағдайлары мен шарттарына бейімделеді? Сонымен бірге, этолог мінез-құлықтың филогенездегі өзгеру заңдылықтарынжәне жаңа мінез-құлық формаларының пайда болуын көрсетуге тырысады. Этологиялық анализдің спецификасы зерттеушінің назарын түрге тән мінез-құлық компоненттеріне (инстинктивті) аударады.

Көптеген бақылау  мен эксперименттердің нәтижелері бойынша этологтар «биологиялық мінез-құлықтың» теориясын жасады. Басты орынды инстинктивті мінез-құлық концепциясы алады.

Зоопсихологтар  жануарлардың мінез-құлқының психикалық аспекттеріне көңіл бөлсе, этологтар  – биологиялыққа назар аударады. әрине, бұл бөлініс шартты түрде  ғана. Психикалық факторсыз мінез-құлықтың бүкіл биологиялық аспектін қамту мүмкін емес.

Совет зоологы  Северцов эволюция процесінде белгілі  бір жағдайда психиканың бейімдеуші ролі зор. Сондықтан жануар психикасының дамуы тарихи қажеттілік болып келеді. психикалық бейнелеусіз жануар әлемінің эволюциясы жоқ.

Екінші жақтан зоопсихология этологиясыз да дами алмайды. Себебі, психикалық тек сыртқы мінез-құлық, қылық, әрекеттерден ғана көрінеді. Этологтардың жинаған білімдеріне сүйене отырып, жануарлардың психикалық әлеміне енуге болады.

Зопсихология  физиология, нейрофизиология және ЖЖ іс әрекеті физиологиясымен  де тығыз байланысты. Физиолог психикалық бейнелеудің өзін зертемейді, тек соны іске асыратын ағзадағы процестерді қарастырады.

Зоопсихологияның  мәні мен жинаған мағлұматтары жалпы  психологияның шешетін мәселелеріне де өз септігін тигізеді. Адамның психикалық іс әрекетінің биологиялық тамырын, сананың пайда болуы мен дамуын түсіндіруде зор роль атқарады. Балалар психологиясы, антропология, медициналық практика да зоопсихология пәнімен тығыз байланыс жасайды.

Зоопсихологияның зерттеу әдістері.

Жоғарыда айтылғандай, жануар психикасының негізі мен бастамасы  «жануар практикасы» болып келеді. Бірақ та жануарлардың заттық іс әрекеті жалпы бейімдеуші деңгейден жоғары көтерілмейді. Жануарлардың қозғалыс белсенділігінің нақты формаларын, олардың әрекеттерінің құрылымын, ортаның жеке компоненттеріне қатысты бағытталған мінез-құлық акттарын  психологиялық талдау белгілі бір психикалық процестер мен қасиетер туралы түсінік береді. Жануар мінез-құлқын психологиялық талдау жануарлардың белгілі бір тапсырмаларды орындау, мәселелерді шешу барысындағы қозғалыстарын детальдап зерттеу арқылы жүреді.

Зоопсихологиялық  зерттеулерде жануарларды табиғи жағдайда бақылау маңызды болып келеді. Мұнда айналадағы орта өзгерістері барысындағы жануар мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылаумаңызды болып келеді. Бұл психикалық іс әрекеттің сыртқы себептері туралы және оның бейімдеуші функциялары туралы айтуға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, жануар мінез-құлқының құрылымын зерттеу  оның белсенділігінің сапалы бағалануын, дәл сандық өлшемдерді жүргізуді талап етеді. Мұндай процедураларды тек жануар мінез-құлқына қатысты ғана емес, сыртқы шарттарға (орта параметрларына) қатысты да жүргізу керек.

Н.Н. Ладыгина-Котс бақылау мен эксперимент әдісін үйлестіре қолданған. 1917-1919 ж.ж. «мәселелі тор» әдісімен макакалардың моторлы дағдыларын зерттеді. Лабораториялық экспериментте алынған нәтижелерді өз бақылаулары арқылы алынған нәтижелермен толықтырып отырды.

Информация о работе Зоопсихологияның пәні мен міндеттері