Зигмунд Фрейдтің тұлға туралы теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:29, реферат

Краткое описание

Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдті тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

зигмунд.docx

— 37.20 Кб (Скачать документ)

Зигмунд Фрейдтің тұлға туралы теориясы

Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдті тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы. 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд студенттік одаққа қосымша тарих , политика, философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты. Бұл үшін ол алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды. Өйткені оның ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ болатын. Клиникада Фрейд диагностика әдістерін миына зақым келген балаларды сондай-ақ әр-түрлі тілдік ақаулары бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді. Оның ғылыми еңбектері медициналық зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды. Зигмунд Фрейд жоғары білікті невропатолог дәрігер ретінде танылады. Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр тогы арқылы яғни физиотерапия әдістерімен емдейді. Алайда Фрейд көп ұзамай бұл физиотерапиялық әдістерге қанағаттанбайды, өйткені емдеудің тиімділігі жақсартуды қажет етті. Ол басқа әдістерді іздестіре бастады. Соның ішінде сол кездің дәрігерлері жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген гипноз арқылы емдеуді қолданады. Сол дәрігерлердің ішінде Ю.Брейрде бар. Ол жас З.Фрейдке зор ықпал етті. Олар өздеріне келген ауру адамдардың ауруларының себептерін және оларды емдеу жолдарын бірге талқылады. Көбінесе оларға қояншық ауруымен ауратын әйелдер емделуге келетін. Бұл аурудың көріну себептері – қорқыныш (фобия), сезімталдықтарды жоғалту, тамаққа тәбеті болмау, екі адам сияқты әрекет ету, елестер т.б. Жеңіл гипноз түрін қолдану арқылы (түс көру тәрізді ұйқылы-ояу күй) Брейр мен Фрейд ауру адамдарға сол аурумен ауырар алдындағы оқиғаларды айтқызды. Аурулар сол оқиғаларды есіне түсіре алса және сөзбен жеткізе алса бұл ауру шамалы уақытқа бәсеңдейді. Мұндай жағдайды Брейр көне грекше «катарсис» (тазару) деп атаған. Көне заман философтары бұл сөзді адам өнер туындыларын қабылдағанда пайда болатын және оның жанын жағымсыз күйлерден тазартатын сезім күйлерінің атауы ретінде қолданған. Ғылыми білім – бұл білім өте мұқияттылықты қажет ететін құбылыстар себебін білу. Ол құбылыстарға сипаттама беріп қана қойған жоқ, олардың себептері мен заңдылықтарын іздеді. Психология саласына көшкен кезде де ол осы принциптерді ұстанды. Ол медицина факультетінде оқыды. Оның ұстазы еуропаның әйгілі физиологы Эрнст Брюкке болды. Оның зертханасында көптеген елдердің ғалымдары жұмыс істеді оның ішінде орыс физиологиясы мен ғылыми психологияның негізін салған И.М.Сеченов болды. Брюккенің жетекшілігімен студент Фрейд Вена физиология институтында жұмыс істеді. Ол жерде ол күніне бірнеше сағат микроскоппен жұмыс істеді. Қартайған шағында бүкіл әлем мойындаған психолог болған ол достарының біріне зертханада жануарлардың арқа жұлынының жүйке жасушаларының құрылымын зерттеген жылдар оның ең бақытты сәттері екендігін айтты. Осы кезеңде қалыптасқан оның бойындағы ғылымға деген қызығушылық пен табандылықты З.Фрейд өмірінің соңғы 10 жылдығында да жоғалтқан жоқ.

Фрейд тұлға проблемаларын  зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында  санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын  процестерге деген қызығушылық  Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық  күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде  гипноздан оянғаннан кейін бөлме  бұрышында тұрған қолшатырды алу  керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан  кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін  сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп  жауап берді. Сол гипноздан кейінгі  сәтінде әйелге қол шатыр бөтен  біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды. Бұл фактілер Фрейдке дейінде  белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай  фактілерді талдау негізінде Фрейд  өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері  мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде  қиындатып тіпті жүйке-психика  ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен  санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан  арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі  мен теориясы психоанализ деп  аталады. ХХ ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек  Фрейд тек ауру адамның емес сонымен  қатар сау адамның да сезім  күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым  деп саналды. Бұл жерде сана деп  – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей  білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд  өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды. Бірақ оның адамға тән бүкіл қиыншылық, қызығушылық, құмарлық атаулының басты себебі адам бойындағы санадан тыс сексуалды күштердің әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі онық көптеген зерттеушілер ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын тудырды. З.Фрейдтің ұстанған принциптерімен көзқарастарына қарама-қайшы пікірлер орын алды. Ал оның теориясы әуелден ақ сынға алынды, тіпті жоққа шығарылды. Бірнеше ондаған жылдар бойы күн сайын 8-10 сағаттан З.Фрейд дәрігерлік тәжірибесін шыңдады. Осы тәжірибелерінен алған фактлері арқылы ол толғақ құрылымына сипаттама берді. Тәжірибе жүргізуші дәрігер ретінде Фрейд қолда бар фактлерді өте мұқият қолданды. Бұл фактілердің білгірі деуге болады. Фактілерді жинақтай отырып олардың негізінде өз теориялық қағидаларын құрды. Алайда кейінірек ол көбінесе теория жасаумен шұғылданып оларды нақты фактлері негізінде дәлелдеуге аз көңіл бөлді. Бұл жерде Фрейд даңқы арта түскен сайын өз көзқарастары дұрыс дегенге әбден сеніп өзін жоғары бағалай бастағандай еді. Фрейдтің мінезі бір беткей болатын және оның тұжырымдамасын өзгертуге немесе толықтыруға тырысқан өз шәкірттерінің барлығын дерлік алыстатып алды. Психоанализге жолдың кең ашылуы үлкен еңбектен келгендіктен әр шегіністі Фрейд сатқындық ретінде қарастырды. Психоаналитикалық ассоциациядан өз жақтастарымен қатар Фрейдтің шәкірттері де – А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, М.Клейн, Ж.Лакан сияқты зерттеушілер де қуылды. Мұндай атмосфера З.Фрейд салған ізге және оның беделіне мүлтіксіз бас шұлғуды танытты. Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның «сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өщзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл жөнінен З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты» деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы «Түс жору» кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты. 1901 жылы оның «күнделікті тұрмыс психопатологиясы» кітабы жарық көрді, мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді түсіндірді: есімдерді ұмыту, сөзден таю, санадан тыс уәждердің көрінуі. Фрейд бойынша, мұның себептерін санадан тыс импульстерден, шұғылданатын әрекеттерінен іздеген жөн. Бұлардан кейін оның «Даналық және оның санадан тыс құбылысқа қатынасы» (1905), «Сексуалдылық теорияисы бойынша үш очерк» (1905), «Тотем және табу» (1913) еңбектері жарық көрді. Фрейдтің халықаралық деңгейдегі атақ-даңқы З.Фрейдтің танымалдығы арта берді: халықаралық деңгейде де атақты болды. 1909 ж. оны АҚШ шақырады, оның дәрістерін көптеген ғалымдар, солардың ішінде америкалық психология атасы Вильям Джемс те тыңдаған. З.Фрейдті құшақтап тұрып ол: «Болашақ – сіздің қолыңызда», – деген екен (Ярошевский, 1989, 21 бет). 1910 жылы Нюрнбергте психоанализ бойынша Бірінші халықаралық конгресс өтті. Оған қатысушылар психоанализді психологиядан өзіндің ерекшелігі бар жеке, айрықша ғылым деп жариялады. Алайда көп ұзамай осы қоғамдастың ішінде оның таралуына әкелген қарсы пікірлер туындады. Фрейдтің көптеген жақын жүрген жақтастары онымен арақатынасын үзіп, өздерінің мектептерін ашып, бағыттарын қалыптастырды. Солардың ішінде Альфред Адлер мен Карл Юнг те бар, олар соңынан атақты психологтар болды. Олардың көпшілігі сексуалды инстинктің басым рөлге ие екендігін мойындамады. Көп ұзамай З.Фрейдтің өзі де өз тұжырымдамасына түзетулер енгізді. Бұған оны өмір мәжбүрледі. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Емдеушілердің көбі сексуалды сезім күйлеріне емес, соғыс уақытында оларды күйзелткен сынақ, қиыншылықтарға байланысты невроз ауруымен ауырды. ХIХ ғ. соңында веналық бұқара халықты емдеу кезінде туындаған З.Фрейдтің бұрынғы тұжырымдамасы кешегі солдаттар мен офицерлердің соғыс жағдайында туындаған психикалық күйзеліс күйін түсіндіруге жарамсыз болып шықты. З.Фрейдтің жаңа емдеушілерінің өлімді көп көруден туындаған психикалық күйзеліс пен соққылары ерекше инстинкт бар деген болжам жасауға себеп болды. Ол Танатос деген атауға ие болды. Бұл жерде Танатос деп не өзгелерді, не өзін өлтіруге, жоюға деген ерекше құмарлықты түсіндірді. З.Фрейдтің көзқарасы бойынша, бұл инстинкт сексуалды инстинктпен қатар мінез-құлықтың кез келген түрінің негізіне алынған. З.Фрейдт бұл мәселені зерттеуге интермелеген өз өміріндегі жағдайлар да болды. 20-жылдардың басында ол көп шылым шегуден туындаған өте ауыр ауру түрімен ауырды. Бір операциядан соң екіншісіне шыдамдылықпен төзіп, жұмыс істеуін тоқтатпады. 1915-1917 жж. ол Вена университетінде «Психоанализге кіріспе дәрістер» деген атпен жарияланған курс оқыды. Бұл курс олықтыруды қажет етті, оларды ғалым 1933 жылы 8 дәріс түрінде жариялады. З.Фрейд шығармашылығының осы соңғы кезеңінде оның «Бұқара психологиясы және «Мен» талдауы» (1921), «Мен және Ол» (1923) еңбектері жарық көрді. Бұл кітаптарында оның адамның жеке тұлғасының құрылымына деген көзқарастарының өзгергендігін көреміз (Ярошевский, 1989, 22 бет). 30-шы жылдары Европадағы әлеуметтік жағдай ушыға түсті. 1933 жылы Германияда билік басына фашизм келді. Нацистер өртеген кітаптардың ішінде Фрейдтің кітаптары да бар еді. Мұны естіген Фрейд: «Біз қандай прогресске қол жеткіздік! Орта ғасырларда олар менің өзімді өртер еді, ал бүгін олар менеің кітаптарымды өртеуге қанағаттанды!» (цит. Ярошевский, 1989 ж., 27 бет). Ол бірнеше жылдан кейін Освенцим және Майданек пештерінде миллиондаған еврей мен өзге де нецизм құрбандары қаза табатынын білген жоқ. Солардың ішінде Фрейдтің 4 қарындасы бар. Оның өзін әлемге әйгілі Фрейдті де Австрияны жаулап алғаннан кейін осы жағдай күтетін еді. Алайда Франциядағы америка елшіснің көмегімен оның Англияға қоныс аударуына рұқсат алуға қол жеткізді. Кетер алдында ол гестапоның өзімен жақсы қарым-қатынас жасағаны жоқ екендігі туралы қолхат тастауы керек болды. Қол қойып жатып З.Фрейд былай деп сұрады: «Әр адамға гестапоның бар ниетімен үлгі етпеспе екен». Англияда Фрейдті ғалымдар жақсы қарсалды, бірақ оның күні санаулы еді. Бұрынғы дерті күшейіп, оның өз өтініші бойынша емдеуші дәрігер, екі ине (укол) салды. Сөйтіп 1939 жылдың 21 қыркүйегінде Лондонда З.Фрейд қайтыс болды (Ярошевский, 1989, 28 бет). З.Фрейд теориясының әлемге әйгілі ілім ретінде танылғандығы соншалық бүгінде ғалымдар «психология – бұл Фрейдтің өзі» деген қағида қалыптасқан.

Фрейдизм — австриялық ғалым Зигмунд Фрейдтің (1856- 1939) есімімен аталатын психологиядағы бағыт. Зерттеу  ілімі психоанализ деп аталады. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең  таралған ағым. З.Фрейдтің зерттеуі бойынша, адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен  шешуші факторы, жыныстық елігу болып  табылады. Мұндай елігу мен сезім  әрекетін ол санадан тыс табиғи қажеттілік деп санады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмеді. Адам бойындағы белсенділік әрекет табиғи әрі биологиялық құбылыс  деп саналады. Шетелдік психолоттар  Фрейдтің көзқарасын орынсыз деп  санағанымен, кемшілігін ашып көрсете  алмады. Олар фрейдизмді ғылым жетістіктеріне бейімдемек болып, "жаңа фрейдизм" деген ағым шығарды. Бұл ағым бойынша: адам тіршілік еткен ортасына тәуелді  болып, сол ортаға бейімделгіш келеді.

А. Маслоудың тұлға теориясы

Гуманистік психология - XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері — А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт. Гуманистік психологияның мынадай негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

  • адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;
  • әрбір адам қайталанбас тұлға;
  • адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;
  • адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет;
  • адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;
  • өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады;
  • адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.

Гуманистік психология өкілдерінің  тұжырымдарының көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде  бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология ғылымының саласы, адамды жоғары рухты, алдына өзін жетілдіру  мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс  жасайтын тірі жан ретінде қарастырады.

Қажеттіліктер пирамидасы — адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, ол америкалық психолог А. Маслоудың теориясының қарапайым сипаттамасы. Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген. Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді :

  1. Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.
  2. Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.
  3. Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.
  4. Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.
  5. Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.

Одан толығырақ санатталған  иерархия да бар. Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:

  1. Физиологиялық (ең төменгі)
  2. Қауіпсіздік
  3. Махаббат/бір нәрсеге тиеселілік
  4. Құрмет
  5. Білім алу
  6. Эстетикалық
  7. Өзінің маңызын түсіну

Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ  бұл алдыңғы қажеттілік маңызын  жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен  қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы  әр түрлі.

Карл Густав Юнг-тың тұлға  теориясы

Карл Густав Юнг(1875- 1961) - швейцарлық психолог және психиатр. 1910-1913 жылы кейін 1933 жылы Цюрих университетінің доценті, психоаналитикалық мектептің Цюрихтағы  бұтағын қалаушы.

Юнг развил учение о коллективном бессознательном, в образах (архетипах) которого видел источник общечеловеческой символики, в том числе мифов  и сновидений («Метаморфозы и символы  либидо»). Цель психотерапии, по Юнгу, это  осуществление индивидуации личности. Также получила известность концепция  психологических типов Юнга, разделяемых  по установке (экстравертные и интровертные) и по сочетанию функций (мышления, чувства, ощущения и интуиции). На типологии Юнга основываются более развёрнутая Типология Майерс — Бриггс и классификация психотипов в соционике.

Первоначально Юнг развивал гипотезу, согласно которой мышление превалировало над чувством у  мужчин, а чувство имело более  высокий приоритет по сравнению  с мышлением среди женщин. Впоследствии Юнг от этой гипотезы отказался.

Юнг отрицал идеи, согласно которым личность полностью детерминирована  её опытом, обучением и воздействием окружающей среды. Он считал, что каждый индивид появляется на свет с «целостным личностным эскизом … представленным в потенции с самого рождения». И  что «окружающая среда вовсе  не дарует личности возможность ею стать, но лишь выявляет то, что уже  было в ней заложено», таким образом, отказавшись от ряда положений психоанализа. Вместе с тем Юнг выделял несколько  уровней бессознательного: индивидуальное, семейное, групповое, национальное, расовое  и коллективное бессознательное, которое  включает в себя универсальные для  всех времён и культур архетипы.

Юнг полагал, что существует определённая наследуемая структура  психики, развивавшаяся сотни тысяч  лет, которая заставляет нас переживать и реализовывать наш жизненный  опыт вполне определённым образом. И  эта определённость выражена в том, что Юнг назвал архетипами, которые  влияют на наши мысли, чувства, поступки.

Юнг является автором ассоциативного теста, в ходе которого испытуемому  предъявляют ряд слов и анализируют  скорость реакции при назывании  свободных ассоциаций к этим словам. Анализируя результаты тестирования людей, Юнг предположил, что некоторые  сферы опыта у человека приобретают  автономный характер и не подчиняются  сознательному контролю. Эти эмоционально заряженные части опыта Юнг назвал комплексами. В основе комплекса, по его предположению, всегда может  быть обнаружено архетипическое ядро.

Юнг предполагал, что часть  комплексов возникает в результате психотравмирующих ситуаций. Как  правило, это моральный конфликт, целиком проистекающий из невозможности  полного включения сущности субъекта. Но доподлинно природа возникновения  и развития комплексов неизвестна. Образно, травмирующие ситуации откалывают от эго-комплекса кусочки, уходящие глубоко в подсознание и приобретающие  далее определенную автономию. Упоминание информации, связанной с комплексом, усиливает защитные реакции, препятствующие осознаванию комплекса. Комплексы  пытаются проникнуть в сознание через  сновидения, телесные и поведенческие  симптомы, паттерны отношений, содержание бреда или галлюцинаций в психозе, превосходя наши сознательные намерения (сознательную мотивацию). При неврозе  грань, разделяющая сознательное и  бессознательное ещё сохранна, но истончена, что позволяет комплексам напоминать о своем существовании, о глубоком мотивационном расколе  личности.

Лечение по Юнгу идет по пути интеграции психологических составляющих личности, а не просто как проработка бессознательного по Фрейду. Комплексы, возникающие как осколки после  ударов психотравмирующих ситуаций, несут не только ночные кошмары, ошибочные  действия, забывание необходимой  информации, но и являются проводниками творчества. Следовательно, объединить их можно посредством арт-терапии («активного воображения») — своего рода совместной деятельности между  человеком и его чертами, несовместимыми с его сознанием в других формах деятельности.

Информация о работе Зигмунд Фрейдтің тұлға туралы теориясы