Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2013 в 10:13, доклад
Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол – әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес. Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі бассқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.
Жетекші тағайындалады.Жетекші-
Жас маманның кәсіби бейімдеу үрдісін басқару және бақылау.
Кезеңдер |
Әдіскер мен жетекші іс-әрекеттің мазмұны |
І кезең Бастапқы: Жас маманның кәсіби жұмысына кәсіби және психологиялық дайындық деңгейін бағалау |
|
ІІ кезең Негізгі: жас маманның бейімделуі қалай жүзеге асып жатқанын зерттеу |
|
ІІІ кезең Қорытынды: жас маман қызметін талдау, жас маманмен психо-түзету жұмыстарын жүргізу |
|
Жас мамандар мен жұмыс нәтижесінде:
Жас маманмен жүргізілетін жұмыс нәтижесі шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешіні қалыптастырады.
Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан.
Тәрбиеші шығармашылығының жұмыс мазмұны.
Мақсаткерлік
|
|
Мақсатқа жету жолындағы міндеттерді белгілеу және оны жүзеге асыру |
Мақсатқа сай белгілі бір мәселелік тақырыппен айналысу |
Озық үлгідегі педагогикалық тәжірибені өз тәжірибесімен шебер ұштастыра білу |
Оқыту мен тәрбиелеуді дамытудың технолгияларын, әдіс-тәсілдерін оқып үйрену, меңгеру. |
Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіне білім беру технологияларын, озық тәжірибелерді енгізуде оларды белгілі бір бақылаудан өткізу |
Атқарылған жұмыстың нәтижесін бағалау, қорытындысын шығару (диагностикалық зерттеу, рейтинг мониторинг) |
Шығармашылық жұмысын әртүрлі шараларды қорғап, жетістікке жету. |
Шығармашылық жұмыспен айналысу нәтижесінде қазіргі заманға лайық рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияларды меңгерген, білімі мен білігі жоғары тәрбиешілерден шығармашылық топ құрылады. Шығармашылық топ жұмысы әдістемелік жұмысты жандандырудың тиімді түрі және жаңалықтың жаршысы. Шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің жетістігін игере білу, оның өсуіне ықпал ету, басқаға үлгі етіп отыру – үлкен мәні бар еңбек. Сондықтан шығармашылық топ жоспары бойынша семинарлар, көрме, ашық сабақтар, интелектуалдық ойындар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.
Мамандардың біліктілігін шыңдайтын, сынайтын шаралардың бірі – аудан, облыс көлеміндегі байқау-сайыстар десек, осындай шараларға қатысатын тәрбешілерді өтілетін шараның мақсат, міндеттеріне сай етіп дайындау, оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан көмек беру шығармашылық топтың ең басты міндеті болып саналады. Ал шығармашылық топ жұмысының нәтижесі шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер тәжірибелерін жинақтап таратуды, педагогикалық жетістіктерді насихаттауды көздейді.
Мемлекет пен ата-ана тәрбиешіге өзінің ең қымбатты асылын, халықтың болашағы сәбиінің тағдырын барлық ықылас ниетімен сеніп тапсырады. Мұндай сенім мектепке дейінгі мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қазақтың алғашқы қайраткері әйелдер арасынан тұңғыш рет балаларды жұмыс кезінде қоғамдық орында тәрбиелеу үшін балабақшалар ашуға зор мән берген ағартушы Нәзипа Құлжанова тәрбиешінің ұстаздық бейнесін, педагогикалық кәсіби мамандықтың негізі саналатын адамгершілік қасиетті жоғары бағалаған. Бұлжағынан алғанда Нәзипа Құлжанова балабақша тәрбиешісіне жеке тұлға ретінде өте жоғары талап қоя білді
«Тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді,сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты, инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор болуы керек. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс»-деп жазды.
Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруда олардың маңдай тері еңбектерінің жемісін көруге көмегін тигізетін әдіскер қауымының атқарар еңбегі қашанда ауқымды, маңызды,қажетті және жауапты іс болып қала бермек.