Жоба.Әдіскер қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2013 в 10:13, доклад

Краткое описание

Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол – әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес. Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі бассқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоба Әдіскер қызметі.doc

— 505.50 Кб (Скачать документ)

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде.

     Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білшім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бірі – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жариялануы болса, Президентіміздің Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.

     Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек.

      Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан ХХІ ғасырда бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану процесі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестіктер т.б. дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Болашақта тек білімді ел ғана  қандайда болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін-өзі сақтап қалатыны сөзсіз. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа  реформаларды жүзеге асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс.

       Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген .

   Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің  жаңаша жетілдірілген әдіс – тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгіні де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.

    Мектепке дейінгі білім мекемелері басшылары алдында тәрбие мен білім беру ісінің мазмұнын серпінді түрде дамыта отырып, тиімділігі мен сапасын арттыру міндеті тұр. Осы заманғы басшы мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері, сонымен қатар әдістемелік қызметті басқару мәселелерінде білікті болуы тиіс. Мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік қызмет педагогикалық ұжымның жұмысын білім беру бағдарламалары міндеттерін шешуге бағыттайтын болғандықтан басқару ісіне жатады.

        Басқарудың тиімді тәсілі- менеджменттік басқару. Ю.Конаржевский «Менеджмент және мектепішілік басқару» кітабында «Ұстанымдар жүйесі ашық және оны өмірде игеру, теориялық одан әрі ұғыну барысында басқа ұстанымдармен толығып отырады» дей келе, ұстанымның бірнеше түрін ажыратып көрсетеді.

  1. Адамға құрмет және сенім ұстанымы. Бұл ұстаным оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушыға бірнеше талаптар қояды. Олардың ішінде мыналарға назар аударған жөн.
  • адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мүмкіндіктерін мойындау;
  • өзара құрмет егізінде сенімділік ахуалдықалыптастыру;
  • адамға өзін-өзі таныту, өз мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
  • бастамашылдықты, шығармашылық биімділікті, ұжымда өз орнын таба білудібарынша дамыту.
  1. «Ынтымақтастық» ұстанымы. Талаптар:
  • адаммен педагогикалық жүйенің пассивті элементі емес, белсенді факторы ретіндесанасу;
  • педагогтардың жеке қасиетін білу және ескеру;
  • білім мекемесінде жоғары өнімділікті жұмыстық ахуалды қалыптастыру;
  • педагогтың бойындағы балаларға деген ізгіліктік қатынастарды, құзіреттілікті, басшылықты, жауапкершілікті бағалау;
  • мамандар тарапынан болатын кез-келген педагогикалық мақсатқа лайықты бастамаларға қолдау көресту, мұқияттылық, көзқарас таныту.
  1. «Тұрақты жаңғырту» ұстанымы. Бұл ұстаным жаңа технологияларды және оқыту мен тәрбиелеәдістемелерін игеру, ұйымдастыру және психологиялық құралдарды өзгерту, үрдістерді ұйымдастырудың негізгі басшылық ұстанымы болып табылады. Осы ұстаным негізінде жаңашылдық қалыптасады. Жаңашылдықты енгізуді үйретуден бастау керек. Әрбір жаңаша құрылатын тиімді жұмыс бағдарламасының 5 сатысы болады.
  1. Әр жұмысты тапсырмаларға бөліп, әр бөлімді жан-жақты түсіндіріп шығу керек.
  2. Түсіндіріп қоймай, өзіңіз соны істеп көрсетуіңіз керек.
  3. Енді өзі жасап көруіне мүмкіндік беріңіз.
  4. Атқарылған іске ағымдық бақылау жасау, міндетті түрде мадақтау.
  5. жетістікті айтып мақтауын жеткізу, ал кеткен кемшілікті өз мойыныңызға алып, оны өзіңізден іздеңіз.

      Осы аталған ұстанымдарды ескерген жағдайда ғана әдістемелік жұмыс нәтижесі болары белгілі.

      Әдістемелік жұмыс – мектепке дейінгі мекемедегі барлық педагог қызметкерлердің өз мамандығын жетілдіретін, шеберлікті арттыратын, озат тәжірибе мен ғылым жаңалықтарын өз жұмысына шығармашылықпен енгізетін бірден-бір жұмыс түрі.

       Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол - әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес. Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі бассқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.

      Әрқашан даму үстіндегі кәсіби білім көтеру жүйесінің басты тұлғасы – кәсіби дайындығы жоғары, жеке басының емес, педагогтың жағдайын ойлайтын, жаңа талапқа сай технологияны тез меңгере алатын және оны оқу-тәрбие үрдісінде шебер қолдана білуге үйрететін - әдіскер.

     Кәсіби білім көтеру гуманизмі бұрынғы «Маған тәуелді адамдарға әмір жүргіземін» деген көзқарасты жойып, «Менің мамандығыма мұқтаж адамдарға көмектесемін» деген бағытты ұстанады.

      Әдіскер маман иелерінің есінде болатын жайт: ең алдымен әдіскер жоғары мәдениетті, өз ісіне жауапты, тыңдаушыларға немқұрайлы қарамайтын, олардың көңілінен шыға білетін маман болуы тиіс. Білім беру жүйесінің қазіргі заман талабы қатардағы әдіскерден жаңашыл болуды, кәсіби шебер, өмірге бейімділікті, қызметте жақсы нәтиже көрсете білуді талап етеді. Білім жетілдіру жүйесінің басты міндеті – маманға көмек көресту.

       Білім беру жүйесіндегі бұл категория - өз қызмет талабына байланысты әдістеме ілімімен кәсіби шұғылданатын педогогикалық қызметкер.

     Әдіскер белгілі бір педагогикалық жүйені әдістеме жағынан қамтамасыз етеді, педогогикалық кадрлардың кәсіби білімін жетілдіруге қатысады.

      Әдіскердің өмірден алған тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез-құлқы әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Ол қандай қиын жағдай болсын, кедергілерге қарамастан педагогтармен тікелей тынымсыз жұмыс жасайды.

Мектепке дейінгі  мекеме әдіскерінің моделі


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігінің 2008 жыл 12 ақпан №61 «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын» бекіту бұйрығында «Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері (аға тәрбиешісі) лауазымдық міндеттері атап көрсетілген. Осы лауазымдық міндеттерді орындауда әдіскер әдістемелік жұмысқа белгілі бір мақсат қоя білуі керек. Осы мақсатқа байланысты әдістемелік қызметтің жоспары жасақталады. Оның мазмұны мамандардың көкейкесті мәселелерін қамтып, педагогиканың озық тәсіліне, жаңа технологияларға негізделе жасалуы тиіс. Жоспар мынадай принциптерге негізделіп құрылады:

  • педагогикалық ұжым алдындағы міндеттердің айқын болуы, нақты мәселелерге арналып құрылуы;
  • жоспарланған жұмыстың алдыңғы және соңғы жоспарланатын шаралармен өзара байланысы;
  • жоспарланған жұмыс мазмұнының жүйелілігі, оның орындалу міндеттілігі;
  • берілетін тапсырмаларды жоспарлауда педагогтардың білім дәрежесін, кәсіптік дайындығын, мүмкіншілігін ескеру.

Әдіскер қызметінің моделі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Мектепке дейінгі мекеме педагогінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бағдарламаларын

іске асырудың негізгі  құралы болып табылады. Педагогтың кәсіби шеберлігін шыңдаудың бірнеше кезеңдері бар.

Олар:

  1. Ұстаздық етудің мазмұнын, мәнін түсіну, оның қоғамға қажеттілігін, орнын бағалай білу, ұстаздыққа жол іздеу, байқау кезеңі.
  2. Озат тәжірибелерді қолдана отырып оқыту мен тәрбие жұмысының сара жолын іздеу кезеңі
  3. Ұстаздық жолдың барлық кезеңдеріне талдау жасап, әдіс-тәсілдерді сұрыптап, ең таңдаулысын анықтауға талпыныс жасау кезеңі.
  4. Шығармашылықпен еңбек ету кезеңі.
  5. Өз тәжірибесін көпшілікке ұсыну кезеңі.

            Міне, педагогтың кәсіби шеберлігін қалыптастыруда осы аталған кезеңдерден өту ұстаз шеберлігінің шыңдалу мектебі болып табылады.

      Білімі мен мәдениет деңгейін айтпағанда, жеке бас ерекшеліктері сан алуан әр тәрбиешінің тұлғалық және кәсіби өсуі балабақшадағы әдістемелік жұмыстың деңгейіне тығыз байланысты. Қазіргі тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері: педагогикалық оқулар, ізденістік конференциялар, әдістеме бірлестіктері, семинарлар, озық тәжірибе тарату т.б. Осы сан алуан жұмыстар деңгейі кей кезде мақсатына жетпей жатады.

Оның бірнеше себептері бар:

1-ден, кей жағдайда әдістемелік  шаралар балабақшаның алдына қойған мақсатына сәйкес бағытталмайды және өзара байланыссыз, әртүрлі бағытта     

жүргізіледі.

2-ден, осы шараларда тәрбиешілер кәсіби өсуіне қажеттілік тұрғысынан  емес, әйтеуір жоспарға сай қатысуымыз керек деген ниетпен            қабылдайды.

3-ден, педагогтың ой-өрісі жоғары, әдістемелік шебер тәрбиешілер өздерінің ізденістік жұмысын жүйелеу, тәжірибелік талдау, саралау жұмыстарынан қатты қиналады. Олардың сабақ деңгейі жоғары, көптеген әдіс-тәсілдерді

тиімді қолдана біледі, бірақ  әдістемелік жағынан жүйесіз бірізділік жоқ

екенін өздері мойындайды.

      Осы мәселелерді зерттеу тек табылған фактілерді біліп қана қою емес, оларды түрлі салалық классификацияларға бөлу, әр проблеманы жан-жақты қамтып, шешу шараларын орындауды қажет етеді.

      Тәрбешілердің педагогикалық әрекеттерінің нәтижелілігі оның сабақтарынан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруынан көрінеді. Сондықтан нәтижеліктің өлшемі ретінде Б.Блумның «толық меңгерту теориясы» негінде жасалған тәрбиешінің қалыптасу сатыларын анықтау әдісін қолдану маңызы.

 

Тәрбиеші

нің   аты-жөні

 Бағалау

 Синтез 

Анализ

Қолдану

Түсіну 

Есте сақтап, танып білу

Өзінің инновациялық қажеттіліктерін  бағалай алуы, одан әрі даму жүйесін  қалыптастыру деңгейінде

Жаңа әдіс тәсілдердің нәтижелерін  жинақтау негізінде өзінің жаңашыл  дық бағыттағы нақты қажеттілігіне  қалыптастыру деңгейінде

Әдіс-тәсілдер ді қолдану барысындағы нәтиже лерді талдай алатын деңгейде

Әр түрлі тәсілдерді ара-тұра қолдана  алатын деңгейде

Педагогикалық іс-әрекет терін дамыту қажеттілігін түсіну деңгей інде

Өзі білетін материалды сол күйінде  бере алуды қажет деп есептейтін деңгейде

1

             

2

             

3

             



Сондай-ақ бұл кестеден әр тәрбиеші өзінің келіп тұрған актуальды зонасынан потенциялдық мүмкіндік зонасына қарай дамытудың мүмкіндіктерін қарастырады.Тәрбиешілік жұмысты жаңа бастаған жас маманның сапалы жұмысы оның тез және сәтті бейімделуіне, өзінің педагогикалық мүмкіндіктерін қандай дәрежеде жүзеге асыратынына байланысты. Сондықтан әдіскер қызметінің бір түрі -  жас маманмен жұмыс, яғни жас маманның кәсіби бейімделуін үнемі қадағалап, назарда ұстап отыру керек. Әдіскер жас маманмен танысып, әңгімелесіп жұмысты неден бастау керек екенін анықтайды. Ал жас маман өз тарапынан білуге деген талпынысын, қызығушылығын білдіріп, талаптарын айтады. Осы әңгімелесудің нәтиежесінде нақты жоспар қойылып, онда бірлесіп атқаратын педагогикалық тақырыптағы кеңестер, сабаққа қатысулар, оны талдаулар, сабақтар мен тәрбиелік шаралардың түрлері белгіленеді.

Информация о работе Жоба.Әдіскер қызметі