Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 09:54, лекция
Жоғары білім беру психологиясының пәні жоғары мектептегі оқыту мен тәрбие берудің тиімді жолдарын ұйымдастыру менпсихологиялық заңдылықтарына көңіл бөлуді талап етеді. Осы жақтан алғанда пәнді оқытудың негізгі мәселелерін бөліп қарауға болады: оқу іс-әрекетінің психологиялық құрылымы; оқушылырдың танымдық процестерін, кәсіби қабілетін, тұлғалық бісітерін, шеберліктері мен дағдыларының қалыптасуын; студенттердің психофизиологиялық және жас ерекшелік, психикалық ерекшеліктерінің дамуын; оқыту процесі мен тәрбиелеу барысын диагностикалауда психологиялық - дифференциалдық сипаттама берудегі диагностикалық әдістерін; студенттік және оқытушылық ұжымдардың қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын; педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық жақтарын т.б.