Жоғары білім берудің қазіргі заманғы тенденциялары және жоғары мектеп психологиясының пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 09:54, лекция

Краткое описание

Жоғары білім беру психологиясының пәні жоғары мектептегі оқыту мен тәрбие берудің тиімді жолдарын ұйымдастыру менпсихологиялық заңдылықтарына көңіл бөлуді талап етеді. Осы жақтан алғанда пәнді оқытудың негізгі мәселелерін бөліп қарауға болады: оқу іс-әрекетінің психологиялық құрылымы; оқушылырдың танымдық процестерін, кәсіби қабілетін, тұлғалық бісітерін, шеберліктері мен дағдыларының қалыптасуын; студенттердің психофизиологиялық және жас ерекшелік, психикалық ерекшеліктерінің дамуын; оқыту процесі мен тәрбиелеу барысын диагностикалауда психологиялық - дифференциалдық сипаттама берудегі диагностикалық әдістерін; студенттік және оқытушылық ұжымдардың қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын; педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық жақтарын т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЛЕКЦИИ.doc

— 211.00 Кб (Скачать документ)

ТЕОРИЯЛЫҚ КУРС МАЗМҰНЫ

 

1 Дәріс.  Жоғары білім берудің  қазіргі заманғы тенденциялары және жоғары мектеп психологиясының пәні

 

Жоғары мектеп (жоғары білім беру) психологиясы  педагогикалық  психологияның бір бөлімі. Сонымен  қатар жоғары білім берудің кейбір психологиялық мәселелерін шешуде жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, еңбек психологиясы, клиникалық психология, заң психологиясы, психофизиология және экологиялық психология білімдерін негізге алу қажеттігі туады. Осы тұрғадан жоғары мектеп психологиясы пәнаралық пән болып есептеледі.

Жоғары білім беру психологиясының пәні жоғары мектептегі оқыту мен тәрбие берудің тиімді жолдарын ұйымдастыру менпсихологиялық заңдылықтарына көңіл бөлуді талап етеді. Осы жақтан алғанда пәнді оқытудың негізгі мәселелерін бөліп қарауға болады: оқу іс-әрекетінің психологиялық құрылымы; оқушылырдың танымдық процестерін (кәсіби қабілдауын, ойлау, ес, зейін ерекшеліктерін), кәсіби қабілетін, тұлғалық бісітерін, шеберліктері мен дағдыларының қалыптасуын; студенттердің психофизиологиялық және жас ерекшелік, психикалық ерекшеліктерінің дамуын; оқыту процесі мен тәрбиелеу барысын диагностикалауда психологиялық - дифференциалдық сипаттама берудегі диагностикалық әдістерін; студенттік және оқытушылық ұжымдардың қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын; педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық жақтарын  т.б.

Жоғары білім беру психологиясының әдістемелік қоры психология ғылымының барлық бөлімдерінде және салаларында қолданылатын психологиялық әсер етуді зерттеудегі бүкіл тәжірибелік әдістерді және арнаулы зерттеу әдістерін қамтиды. Олар: бақылау, тәжірибе, клиникалық әңгіме, интервью, формалды және аз формалды диагностикалық әдістер, іс-әрекет нәтижесін талдау, генетикалық қалыптастыру әдістері, модельдеу (оның ішінде ЭЕМ), тренинг, әртүрлі сандық талдау әдістері (корреляциялық, факторлық, кластерлі) т.б. көптеген әдістер.

Қазіргі кездегі жоғары білім берудің қозғаушы күштері  мен табиғатын түсіну үшін, олардың  дамуына тікелей әсер ететін заңдылықтар мен жалпы шарттарды қарастыру қажет. Осындай қоғамдық-саяси, ғылыми-техникалық заңдылықтарға мыналарды жатқызуға болады:

  • ғылымилылықты қажет ететін өнеркәсіптердің 50% жоғары білімді мамандар болуы қажет. Бұл фактор жоғары мектептің сандық өсуіне себепші болады;
  • кейінгі 7-10 жылдардағы ғылыми және техникалық ақпараттың өсуі. Бұл фактор маманнан техникалық жаңалықтарды меңгеруін талап етеді;
  • көптеген ғылымдардың қиылысуына әкелетін ғылыми зерттеулердің бірінші қатарға түсуі (биофизика, молекулярлық гентика, физикалық химия т.б.). Мұндай жұмыстар тек ұжымда жұмыс істей алу дағдысын, сонымен қатар жалпы және фундаменталды білімдерді талап етеді;
  • тек дене еңбегі ғана емес ой еңбегінің автоматтанған түрін талап ететін мықты сыртқы ойлау іс-әрекетінің құралдырының болуын талап етеді;
  • кейбір зерттеушілердің пікірінше, ғалымның эвристикалық потенциалын төмендетуге әкелетін кейбір ғылыми және басқа да қиын іс-әрекеттегі адамдардың ғылымға қатыстырылуы. Бұл көрсеткіштердің орнын толықтыру үшін мамандарды ғылыми - әдіснамалық және тәжірибелік білімдермен қамтамасыз етуіміз қажет;
  • ауыл шаруашылығы мен өндірістегі еңбектердің үнемі және тұрақты өсуі, адамдардың материалдық өндірістермен айналысуын азайтып, керісінше рухани және мәдени шығармашылықтармен шұғылданушылардың санын көтереді;
  • білім беру қызметінің сұраныстарына жауап бере алатындай  төлемдік қабілеті жоғары адамдардың өсуі, халықтың ақшалық кірістерінің және тұрмыстарының жақсаруына әкеледі.

Өмір талабының бұл  сұрақтарына индустриалды дамыған  мемлекеттер қалайша жауап береді? Оның тұтас және көпжоспарлы жауаптарынан      мынадай тенденцияларды бөліп көрсетуге болады:

    1. Жоғары білім берудің демократизациясы.   Бұл тенденция жоғары білім алудың кімге болса да ортақтығын, мамандық пен білім алудың, оқу іс-әрекеті мен оқу сипатының еріктілігін, сонымен қатар авторитарлық және бұйрықтық-бюрократиялық басқару моделін қаламауды уағыздайды.
    2. Ғылыми-оқу-өндірістік комплекс құру ерекше жоғары мектеп формалары ретінде ғылым, өндіріс және білім беруді сабақтастыру. Бұл комплекстің негізгі құрамына жоғары оқу немесе жоғары оқу кооперациясының өзегін құрайтын білім беру секторы,  ал перифериясына колледждер, арнаулы оқу орындары, курстар, дәрістер, дипломданған білімнен кейінгі бөлімдер жатады. Ғылыми-зерттеу секторлары (ҒЗИ жүйесі) оқытушылырдың ғылыми деңгейін жақсартуға,  әртүрлі пәнаралық зерттеулерді жандандыруға мүмкіндік жасайды, өндірістік секторға конструкторлық бюролар мен тәжірибелік өндірістер т.с.с. жатады.
    3. Білім берудің түбегейлілігі (фундаменталдылығы). Білім беру мазмұнын талдау мен негізгі инварианттарын ойластыру барысында кездесетін кейбір жалпы және міндетті түрдегі пәндерді сұрыптаулардығы терең білім берудегі қарама-қайшылықтарды кеңейтетін және тереңдететін тенденция. Кей жағдайда тым білім беруді фундаменталдыландыру оқуға деген қызығушылықтарды төмендетуге және кәсіби бейімделуді қиындатуға әкеліп соғады.
    4. Оқытуды дараландыру және студент еңбегін дараландыру.  Бұл оқыту процесінде студенттің өзіндік психофизиологиялық ерекшелігін ескеруден, өзіндік жоспардың таралуымен, факультативтік және элективтік сабақтарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Оқытуды дараландыру аудиториялық сабақтардың есесінен өзбетінше жұмыс көлемін кеңейтуді талап етеді.
    5. Білім берудің гуманитаризациялануы мен гуманизациялануы техникалық және ғылыми-жаратылыстық мамандардың тар техникалық ойлауын жеңуге бағытталған. Осыған бағытталған жұмыстар гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің көбейтілінуімен, студенттердің мәдени өрісін кеңету жұмыстарымен, тренингтер арқылы әлеуметтік әсер етумен, дискуссиялар, іскерлік және рөлдік ойындар жүргізу арқылы жүзеге асады.  Гуманитаризациялау мұғалімдер мен студенттердің тұлғалық өсуіне, жетілінуіне, адамдарға деген адамгершілік көзқарастарының қалыптасуына, шыдамдылыққа, жауапкешілікке әкеледі.
    6. Жоғар білім берудің компьютерленуі. Көптеген жоғары оқу орындарында компьютерлер саны студенттер санынан жоғары. Бұл компьтерлер оқу процесінің барлық формаларында қолданылады (ақпарат жинау, тестік бақылау, есептеу-графикалық жұмыстарда т.с.с.). Іс-әрекетті компьютерлендіру кей жағдайда адамның кәсіби сипатын өзгертеді.
    7. Жаппай жоғары білім беруге көшу тенденциясы. Ол студенттер санының көбеюін басқа әлеуметтік бағдарламалармен салыстырғандағы шығынның өсуімен көрінеді. Мәселен, 1965-1980 жж. салыстырғанда жоғарғы оқуға бөлінген шығыстың өсуі, бүкіл индустриалы дамыған мемлекеттерде 15-25% және 80- жылдарға қарағанда әжептәуір төмендеген. Бұл көрсеткіштер экономикасы төмен дамыған елдерде  жақсы көзге түседі.  Мысалы, Испания 1975-1983жж. аралығында 10 есе, ал АҚШ 1970-1985жж. білім беруге 3,4  (ЖОО-ға – 3,9) есе жоғары шығыс шығарған. 
    8. Европалық университеттерде автоматтандыруға, өзін-өзі басқаруға және ЖОО-ды таңдауға көшу тенденциясы қатты байқалады.
    9. Оқытушыладың кәсіби деңгейіне, ЖОО-дағы психологиялық және педагогикалық дайындыққа деген маңыздылық күннен –күнге өсіп келеді.
    10. Қоғам жағынан ЖОО-ның білім беру деңгейін бағалауға үлкен көңіл бөлінетіндігі байқалады. Мысалы, АҚШ-тамамандардың көрсеткіштері көпқырлы. Осыған орай оқылатын курстар жан-жақтыланып келеді, докторлық диссертацияларға үлкен көңіл бөлінуде т.с.с. 

Бұл көрсетілген тенденциялар әр еледерде олардың ұлттық, экономикалық, білім беру дәстүрлерінің ерекшеліктеріне  қарай көрінеді.

 

2 Дәріс. Іс-әрекет психологиясы және жоғарғы мектептегі оқыту мәселелері

Студенттерді оқыту  – олардың іс-әрекеті мен психикасына  білім беру, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатымен, әсер ету.

Т.В.Габайдың анықтауы бойынша, өзіне 2 жүйелікті, немесе іс-әрекетті қамтитын оқу іс-әрекетініңқұрамдас бөлігі.  Біріншісі – оның негізгі функционалдық компоненті – іс-әрекет-оқу. Оқу іс-әрекетініңфункционалдық дайындық компонентіне – оқыту іс-әрекеті кіреді. Оқыту іс-әрекеті – оқушылардың алғашқы тәжрибе меңгерулерімен іске асатын, «таза» таным актісі. Оқыту іс-әрекеті оқу іс-әрекетінің сәтті болуына бағытталған.

Оқу іс-әрекетінде тек  іс-әрекеттің танымдық қызметі ғана қамтылмай, оның қажеттілік, түрткі, эмоция ерікке де бағыталуымен анықталады.

Іс-әрекеттің негізгі  сипаты оның заттылығында. Заттығы  оның табиғи объектілігінде ғана емес, ондағы қоғамдық қозғалыс тәсілінде.

Іс-әрекеттің  екінші бір сипаты- оның әлеуметтік, қоғамдық-тарихи табиғатында. Ол психологиялық жаңа құрылудағы қалыптасатын іс-әрекеттің  сыртқы формасының ішкі формаға ауысуындағы  негізгі интериоризациялық бағыт.

Іс-әрекетәруақытта да жанама сипатқа алады. Ондағы негізгі  құрал рөліне жабдық, материалдық  заттар, белгілер, символдар және адамдардың қарым-қатынасы жатады.

Адамның іс-әрекеті әруақытта  мақсаткөзделген, белгілі жоспарланған нәтижеге саналы бағытталған мақсат ретінде, жетістікке жетуге негізделіп жүзеге асады. Мақсат іс-әрекетті жетелепотырады және оның барысын реттейді.

Іс-әрекет- белгілі жұмыстың жиынтығы емес, оның түрткілерін туғызып  отыратын әрекет жүйелері.

Іс-әрекет адамның білімінен, түрткісінен, қабілетінен сыртқы дүниесінің нәтижелілігін анықтайтын, өнімділік сипатын көрсетеді.

Оқу іс-әрекетінде абстрактылықтан  нақтылыққа, жалпыдан жекеге көшу жүзеге асады. 

Оқу іс-әрекетінің негізгі  нәтижесі оқушыларда теориялық білімді қалыптастырумен анықталады.

И.И.Ильясовтың  анықтамасы бойынша, іс-әрекет субъектінің өзіндік  дамуын, өзіндік өзгерісін көрсететін, дағды, шеберлік және білімді меңгергенді.Оқу  іс-әрекетінің ззаты ретінде танымдық іс-әрекет барысында түзетілетін, толықтырылатынжәне нақтыланатынбастапқы дүниені бейнелеуі. Оқу іс-әрекеті өзіне көптеген ерекше әрекеттерді және әртүрлі операциялар деңгейін қамтиды. Илиясов алғашқы оқу әрекетінің деңгейіне мыналарды жатқызады:

а)  оқу материалының мазмұнын анықтау әрекеті;

ә)  оқу материалын өңдеу әрекеті.

Бұл көрсетілгендердің  бірінші категориясына мыналар  жатады: дайындық деңгейі, құндылықтар  жүйесі, оқуға деген қатынас, ЖОО  туралы ақпараттандыру, болашақ кәсібі туралы түсінік. Бұл категорияның факторлары бірінші курстағылардың бейімделу кезеңіндегі «мен қайда келдім» және  «мені қоршаған кімдер» деген ұғымдарды түсіну барысында көрінеді. Біртіндеп бірінші категория факторлары әлсіреп, екінші топ категорияларының рөлі күшее түседі.  Оларға: оқу үрдісін ұйымдастыру, оқыту деңгейі, студент пен оқытушының өзара қатынас типтері т.б.

Бұл тұрғыда студенттік жастаға таңдап алған мамандығы  қызықтырады. Қазіргі студенттерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші  топқа : өз мамандықтары бойынша білім  алушылар жатады. Бұл топтағылар үшін келешекте өздерін маман ретін де пайдаланулары -  негізгі мақсат. Екінші топқа: Бизнеске бағытталғандар жатады. Бұлар үшін алған білімдері келешекте өз істерін бастауға, сатушылықпен айналысуға қажет. Олар келешекте білімнің қажет болатындығын түсінсе де, өз мамандықтарына селсоқ қарайды. Үшінші топқа: бір жағынан «өзіндік анықталмағандар» десек, екінші жағынан – күнделікті өмірдің тұрмыстық әртүрлі күйбің мәселелерімен басылып қалғандар деуге болады.

Қазіргі кезде жастар үшін мамандық таңдау прагматикалық  мазмұнға ие болып отыр. Білім алудың, ерекше әлеуметтік мәдени, тұлғалық және лауазымдық тартымдылығын көрсететін ерекше әлеуметтік феноменділік сияқты құндылығы өте төмендеп кетті.

Зерттеушілер қазіргі  студенттер типтерін төмендегідей бөледі:

  1. бірінші типтегілерді шартты түрде «кәсіпкерлер» деп атауға болады. Бұл студенттер білімді болашақтағы бизнес жолында жетістіктерге жетуі үшін, қызметте тезірек көтерілуі үшін, басқару ісімен, ұйымдастырушылық қызметпен айналысу үшін қажетті теориялық және тәжірибелік бағытта алуға тырысады. Ол өз мамандығын дұрыс таңдағанына күмәнданбайды;
  2. екінші тип – «эмигранттар». Олар білім алуда шет тілін терең білуге тырысып, шет елдерде жұмыс істеу үшін  білім алады. Оларда жеке бастылық, оптимизм және кез келген жағдайларға төзімділік жақсы дамыған.

Осы екі типке қарсы  тұратын үшінші тип «дәстүрлісі». Олар жақсы білімді, кәсіби дайындықты қалайды, сол себепті білімді диплом алу үшін, ғылыми ізденумен шұғылдану үшін алады.

Оқыту мен  таным жүйесінде студенттер іс-әрекетін және жүріс-тұрысын үш негізгі типтерге бөлуге болады:

Бірінші типтегі  студент жоо-дағы оқыту міндеттері мен мақсаттарына кең түрдегі  көзқарасымен ерекшеленеді.Олар бағдарламада көрсетілген деңгейден көрі кеңірек  білім алуды қалайды және оқу  орнының барлық өміріне белсенді қатынасады. Бұл типтегілер мамандануға үлкен көңіл бөліп, жан-жақты дайындалуға бағытталған.

Екінші типтегі  тұлға өз мамандығына нақтылы  бағытталғандығымен ерекшеленеді. Бұл  типтегі студенттердің де танымдақ іс-әрекеті бағдарламадан тыс  терең білімге арналады. Бірінші типтегіге бағдарламаның кеңдігі маңызды болса, екінші типтегіге білімнің тереңдігі маңызды.

Үшінші типтегі  студенттердің танымдық бағыты бағдарлама көлемінде ғана болады. Бұл типтегілердің сұралынған студенттердің 26,8% көрсеткендей шығармашылығы және белсенділігі өте төмен болып келеді.

Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін талдау нәтижелерінен  оларды, өзіндік жүріс-тұрыс моделіне қарай, 3 типтік топқа бөлуге болады.

Ал, оқуға деген  ынталануына қарай 5 топқа бөледі.

Бірінші топтағы студенттерге, терең білім алуға, өзбетінше жұмыс әдістеріне,, кәсіби шеберлік пен дағдыларды меңгеруге, оқу іс-әрекетінің тиімді тәсілдерін іздестіруге ұмтылушылар жатады. Олар оқу іс-әрекетінің кез-келген түрлерінде белсенді.

Екінші топтағы  студенттерге, оқу іс-әрекетінің қай жүйесіне болса да ұмтылушылар  жатады. Бұлар іс-әрекеттердің қай түрі болсада қызығымпаз, бірақ кейбір пәндердің тереңделіп оқытылуынан тез жалығып кетеді. Осы себептен кей жағдайларда олардың білімдері үстіртін болып келеді. Олардың негізгі принциптері- бәрінен аздап.

Үшінші топтағы  студенттерге тек өз кәсібіне ғана қызығушылар жатады. Олардың білім  алулары да, іс-әрекеттері де тек  өз мамандығы көлемінде шектеледі. Білімге деген қызығушылықтары  таңдамалы түрде, тек болашақ  мамандығына негізделген.

Төртінші топтағы  студенттерге тек өздерін қызықтыратын пәндерді таңдап оқитын «орташалар» жатады. Олар сабаққа жүйелі қатынаспайды, қандай-да болса іс-әрекеттерге қызықпайды, себебі олар өздерінің мамандықтарын нақтылы таңдамаған.

Бесінші топтағы студенттерге жалқаулар жатады. Олар жоғары оқуға ата-аналарының итермелеуімен немесе жолдастарымен «серіктесіп», немесе жұмысқа және әскерге бармау үшін келгендер.

Озық оқитындарды 3 подтипке бөлуге болады: «жан-жақты»,  «маман», « әмбебаб».

Жақсы студенттерді 2 подтипке бөлуге болады:

  1. жақсы маманданған, бірақ еңбекқор емес студенттер.
  2. орташа маманданған, бірақ өте еңбекқор.

Үшке оқитындарды  да бірнеше подтипке бөлуге болады:

  1. жоғары оқудағы оқу еркшеліктеріне бейімделмеген студенттер.

2) ұсынылған материалды қабылдау сапасы мен логикалық тұжырымдауға қабілетсіз студенттер.

Информация о работе Жоғары білім берудің қазіргі заманғы тенденциялары және жоғары мектеп психологиясының пәні