Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 18:39, реферат
1. Адам, индивид, жеке тұлға-өзара байланысты бұл ұғымдар өмірде жиі бірге қолданылғанымен, социология ғылымы оларды бір-бірінен бөліп қарастырады. "Адам” деген термин –жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдеи субъект. Адам табиғаты біртұтас әлеуметтік жүйе болып табылады. Адамның мәнді әлеуметтік қасиеттері- оның азаматтылығын анықтайды. Адам белгілі бір қоғамдық қатынастың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге сол қатынастың өзін " дүниеге әкелуші”.
• қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Зан-ков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымынажақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оқай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның тех-нологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.
Оқыту технологиясының ерекшеліктері:
• түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
• үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
• олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
• оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.
4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс
1. Диогностикалық құралдар
арқылы оқушылардың білім, біліктілік
дағдыларын анықтап, содан кейін
оларды білімдеріне қарай
2. Оқу материалыи меңгерту және бекіту үшін танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
Бұл бөлік педагогикада жақсы зерттелген, оған бұрын жасалған алуан түрлі оқыту әдістемелері кіреді. Бүгінгі танда бастауыш мектептерде дәстүрлі Л.В.ЗанковжәнеД.Б.Эльконин, В.В.Давыдов әдістемелері қолданылады.
3. Материалды меңгерудің сапасын бақылау
Егер әдістемелерде оқушылардың білімді меңгеріп және бекітуі үшін оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға баса назар аударылса, технологияда танымдық іс-әрекетті ұйым-дастыру және оның нәтижесін тексеру қатар жүреді. Бұлар өзара байланысты. Олардың біреуіне жете көңіл бөлмеу, педагогикалық жүйені бұзады. Осы көзқарасқа сүйеніп оқыту процесін сызба түрінде былай бейнелейміз.
Білім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Ал оқу материалын сыныптың көбі меңгермесе, онда өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу) қолданылады.
4. Топпен немесе жеке
оқушылармен қосымша жұмыс
5. Оқушылардың үлгермеу
себептерін анықтау. Технологияның
бұл бөлігі өлі толық
6. Сыныптың барлық оқушыларының
білімі мен тәрбиесіндегі
Бұл бөлікте барлық сынып оқушыларының меңгермеген тақырыптарын түсіндіру үшін мұғалім сабақ жоспарларының алуан түрлі варианттарын қолданады. Мұғалім бұрынғы сыныптарда оқылған, бірақ қазір ұмытылған материалдарды жаңа тақырыптармен байланыстырады.
Сонымен технология әдістемеден өзге, себебі ол оқушылардың материалды меңгеру іс-әрекетін басқарады, олардың үлгермеу себептерін анықтауға ерекше назар аударады. Технологияға білімді сапалы түрде меңгеру процесін басқару және білім сапасын тексеру блоктары, кері байланыс жүйесі енеді. Кері байланысты мұқият түрде жан-жақты жасау керек. Ең бастысы, оқу материалын оқушының меңгеруі. Педагогика ғылымында білім сапасы бірінші орынға шығады. Оны көтеру педагогика мен психология ғылымдары алдында тұрған маңызды міндет.
Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс-әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс-әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа онімдер жасауын продуктивтік іс-әрекет дейді.
Іс-әрекетке үйрену репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдерді қолданып жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бірсөзбен айтқанда, дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп, біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс-әрекеті продуктивтік (өнімді) іс-әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір-бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс-әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В.П.Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.
I деңгей (оқушылық) - репродуктивтік
іс-әрекеттің ең қарапайым
II деңгей (алгоритмдік) - репродуктивтік
іс-әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар
алгоритм бойынша түрлі
• Құбылыстың сыртқы белгілері.
• Ол өткен кездегі жағдай.
• Құбылыс мәні, оның өту механизімі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).
• Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
• Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру.
• Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
Тәжірибені жасау жоспары:
• Тәжірибенің мақсатын тұжырымдау.
• Тәжірибені жасар алдында гипотезалар ұсыну. Тәжірибені өткізуге керекті жағдайларды анықтау.
• Тәжірибе үшін жабдықтарды және материалдарды анықтау және іріктеу.
• Тәжірибені жоспарлау.
• Тәжірибе нәтижелерін шығаратын тәсілдерді анықтау.
• Тәжірибені өткізу, бақылау, нәтижелерін анықтау.
• Нәтижелерді математикалық тәсілмен өңдеу.
• Алынған нәтижелерді талдау.
• Тәжірибеден қорытынды жасау.
III деңгей (эвристикалық)
Эвристика - грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді.
Эвристикалық оқыту мақсаты - оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, мәселелерді өз бетімен шешуге үйрету.
IV деңгей (шығармашылық)
Шығармапіылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндерінде қорғалатын білімдік німдердің үш түрі бар.
Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: Шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, (феже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, өойылым, сценарий, газеттің мазмұны.
Пәнаралық және пәннен тыс өнімдер - бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер (талдау тәсілдері, құрастырылған сұрақтар, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу тех-нологиясы, өздік жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс-әрекетін талдау, өзіне-өзі баға беру, пікірлер, сын-пікірлер жазу).
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нысандары:
• зерттеушілік (эксперимент, тәжірибе өткізу, ғылыми мәселені өзінің шешуі, теореманы дәлелдеу);
• шығарма (тақпақ, ертегі, есептер, очерктер, трактаттар).
• көркемөнер шығармалары (бейнелеу өнері, сызба, кескіндеме, ән, саз, би, кесте тігу, суретке түсіру, композиция, көрме);
• техникалық шығарма (бұйым, үлгі, макет, сызба, фигура, компьютерлік бағдарлама).
• көрермендергеарналғаншығармала
• педагогикалық шығармалар (мұғалімнің орнына сабақ беру, сөзжұмбақ жасау, ойын, викторина).
• методологиялық шығарма (тақырыптың жоспарын жасау, оқушыларға арналған тесті сұрақтарын құрастыру, өзін-өзі талдап жазған күнделік жүргізу.
Шығармашылық жұмыстарды бағалағанда оның жаңалығына, қисындылығына, безендірілуіне, оқушының сұрақтарға дәйекті жауап беруіне, көрермендерді және әділ қазылар алқасын қызықтыра білуіне назар аударылады.
Жоғары деңгей 8-10 ұпай алғандар. 1 -орын алған балалардың да шығармашылық деңгейі жоғары деп бағалауға болады, 4-7 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері орташа. 1 -3 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері төмен. Себебі оның жұмысы үлгі бойынша орындалып, аздап жетілдірілген. Жаңалығы аз. Осындай бағалар шығармашылық апталық кезінде беріледі. Шығармашылық жұмыстар бойынша шығармашылық апталық өткізуге болады. Озып шьщқандар моральдық және материалдық жағынан ынталандырылады.
Жоғары сыныптарда ғылыми апталықтар өтеді.
Түсінік деңгейін (сапасын) тексеру үшін ауызша сүрау әдісі, жазбаша тексеру жұмыстары жүргізіліп баға қойылады.
Бағдарламалық материалдық 70% -ын меңгерген оқушы (түсініп, есте сақтаған), 30% қатесін өз бетімен түзете алады. 70% -дан төменгі білім сапасы оқушы білімінің берік еместігін көрсетеді. Сондықтан оқу материалын нашар меңгерген оқушымен қосымша жұмыс жүргізу керек.
Оқыту технологиясы:
• Оқушыныңбілімділік, білік, дағдыларын диагностикалық құралдар арқылы анықтау.
• Оқыту процесінің тиімділігін (пайдалылығын) объективтік әдістер арқылы тексеру.
• Оқу материалының 70% -ын оқушыға меңгерту.
Оқыту қандай болу керек. Негізгі талап — оқыту процесі арқылы оқушыға білімді меңгерту.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.
2. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.
3. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.
4. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001.
5. Педагогика. - Алматы, 2003.