Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 18:39, реферат
1. Адам, индивид, жеке тұлға-өзара байланысты бұл ұғымдар өмірде жиі бірге қолданылғанымен, социология ғылымы оларды бір-бірінен бөліп қарастырады. "Адам” деген термин –жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдеи субъект. Адам табиғаты біртұтас әлеуметтік жүйе болып табылады. Адамның мәнді әлеуметтік қасиеттері- оның азаматтылығын анықтайды. Адам белгілі бір қоғамдық қатынастың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге сол қатынастың өзін " дүниеге әкелуші”.
Жеке тұлға және технология
1. Адам, индивид, жеке тұлға-өзара
байланысты бұл ұғымдар өмірде
жиі бірге қолданылғанымен, социология
ғылымы оларды бір-бірінен
Ал индивидд дегеніміз-қоғамның жеке бір мүшесі, яғни жеке адам.
Жеке тұлға дегеніміз-өзінің қайталанбас индивидуалдығымен ерекшеленетін индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғам дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы. Жеке тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі қарама-қайшы көзқарастарымен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие бола қоймайды. Ал екінші көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған ішкі қасиеттері мен белгілерін толығымен терістейді және жеке тұлғаны әлеуметтік тәжірибе барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Бұл жеке тұлғаның қалыптасу процесіндегі көзқарастар болып табылады.Бұл құбылысты талдауда біз жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерімен қатар оның әлеуметтік тәжірибелерін де ескеруіміз қажет.
Бұл көзқарастарға байланысты жеке тұлға әртүрлі әлеуметтік және мәдени тәжірибелердің түрлеріне қатысты биологиялық организм ретінде дамиды. Мұнда жеке тұлғалық белгілердің қалыптасу процесіне әсер ететін туған қабілеттері, даму қарқыны терістелмейді.
Жеке тұлға ұғымы адамда оның өмірлік қызметінің әлеуметтік бастауын сипаттауға көмектеседі. Адам әлеуметтік байланыстарда , әлеуметтік институттарда, мәдениетте, яғни қоғамдық өмірде басқа адамдармен қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылатын қасиеттерді жасайды.
Жеке тұлға ұғымы әрбір адамда әлеуметтік мағыналы белгілердің индивидуалды бейнеленуін және оның негізгі барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде бейнеленуін көрсетеді. Социология ғылымы тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуының әлеуметтік негізін, тұлғалар типі қоғамында өсетін әлеуметтәік қызметтер мен әлеуметтік мазмұнда , яғни жеке тұлғаны қоғамдық өмірдің қайнар көзі ретінде зерттеуге тырысады. Социологтардың көзқарасы бойынша жеке тұлға басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы ндивидуалды өмір қызметінің әлеуметтік белгілерін бейнелейтін және сол арқылы қоғамдық қатынастардың дамуы мен тұрақтануына әсер ететін жеке адамдарды білдіреді.
2. Жеке тұлға белгілерінің
пайда болуы мен дамуын талдау
үшін жеке тұлғалардың
Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі.
Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер физикалық қоршаған ортаға жеке тұлғаның дамуында үлкен роль берді. Атақты социолог П.Сорокин 1928 ж. басылған еңбектерінде Конфуций, Аристотель, Гиппократтан бастап, қазіргі кезеңнің географы Эллиот Хантингтонға дейінгі көптеген ғалымдар теорияларын кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тәртібіндегі топтық ерекшеліктер негізінен ауа-райындағы географиялық ерекшеліктермен табиғи ресурстардағы ерекшеліктерме,н анықталады. Ғалымдардың бұл тобына философ Г.В.Плеханов пен Л.Н.Гумилевті де жатқызамыз. Бұл зерттеушілер жасаған теориялар ұлттық сананы ақтау үшін негіз болып табылады, бірақ жеке тұлғаның дамуына физикалық факторлардың шешуші әсерін ақтай алмайды, шындығында ұқсас физикалық және географиялық жағдайда жеке тұлғаның әртүрлі типтері қалыптасады және керісінше жеке тұлғаның ұқсас топтық белгілері қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында дамиды. Осыған байланысты физикалық орта әлеуметтік топтың мәдени ерекшеліктеріне әсер ете алады., бірақ тұлғаның жеке қалыптасуына әсері шамалы.
Мәдениет. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді.
Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді.
Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік катег.ориясы, жеке тұлға болады. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда болады.
Яғни жеке тұлғалардың қалыптасуына биологиялық факторлары және жеке әлеуметтік топтағы жалпы мәдени үлгі әсер етеді. Сонымен қатар тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық тәжірибе және индивидуалды тәжірибе болып табылады. Бұл факторлар жеке тұлғалардың әлеуметтену процесінде толық бейнеленеді.
3. Адам дүниеге келгенде
әлі негізінен биологиялық жан.
Нәрестеде әлеуметтік өмір
Демек, адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар , мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі социологияда әлеуметтендіру деп аталады.
Өскелең ұрпақтың әлеуметтену мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде , атап айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі мен осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын дамытушылародың еңбектерінде аталып, жасөспірімдердің психикалық және жыныстық пісіп-жетілуі олардың әлеуметтенуінің қайнар көзі ретінде қарастырылды. Ал необихевиоризм өкілдері "әлеуметтену” ұғымының мазмұнын "әлеуметтік өмірді оқытып-үйрету” мәселелерді құрайды деп есептейді. Символдық интеракционизм мектебінің мүшелері "әлеуметтену” дегеніміз "әлеуметтік мқарым-қатынас нәтижесі” деп түсіндіреді. Гуманистік психология ағымының өкілдері "әлеуметтену” терминінің мазмұнын " мен” ұғымының баламасы ретіндегі "пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың” өзіндік маңызды мәселелерді құрайды деп біледі.
"Әлеуметтену” ұғымына
берілген орыс ғалымдарының
Демек "әлеуметтену” термині мен "тәрбие” ұғымының арасында айтарлықтай елеулі айырмашылықтар бар. "тәрбие” ұғымы қоғамның өз мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған мақсатты тәрбие беруін білдіреді. Ал "әлеуметтену” термині болса, өзінің мазмұнына мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән белгілерден басқа да қоршаған ортаның ықпалымен өмірдің өзінен туындайтын әрі күнделікті тұрмыста жиі кездесіп тұратын тәрбиелік мүмкіндіктерді де қамтиды. Мысалы, жасөспірімдердің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына құрбы-құрдастарының тигізетін ықпалын әлеуметтендіру процесі ретінде алып қарастыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ. «Психология негіздері» Алматы 2005 ж.
2. Сәбет Бап – Бапа «Психология» Алматы 2004 ж,
3. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология» Алматы 1980 ж.
Педагогикалық технология
Жоспар:
1. Технология туралы ұғым, артықшылықтары;
2. Өндірістік және
әлеуметтік технологиялардың
3. Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары;
4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.
1. Технология — өнім
алу үшін керекті
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, ондаөндірістік және әлеуметтік саладағыпроцестер "технология" деген атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің тұрл ері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
2. Өндірістік және әлеуметтік
технологиялардың
Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Олеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы - өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс-қимылдардық орындары алмастырылып, нәтиже төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктелген процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор рөл атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта-қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды.
Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталанады. Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір-біріне жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан "Әлеуметтік технология" ұғымын "Өндірістік технология" ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде ңосымша жұмыстар істеу) болуында.
Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат - адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Біраң мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
3. Мақсат бізге керекті
түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа
жеттік пе?"- деген сұрақтарға
жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада
"диагностика арқылы
Технологияның кезеңдері:
• Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат аньщ болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)