Жеке адамның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 11:46, реферат

Краткое описание

Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология СРС.docx

— 346.73 Кб (Скачать документ)

Орта ғасырдағы ғалымдар темпе-раментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырыс-ты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, яғни, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама ұсынды. Ол сангвиникпен пен меланхолик өміріндегі барлық маңызды жағдайларды эмоционалды уайымдайды, ал холерик ашуланшақтық, белсенділік танытса, флегматикті өмірге аса бейімделген адамдар деп санады.

Ал А.В. Вундт темпераменттің әрбір түрін эмоционалдық әрекетіне және олардың тұрақтылық деңгейіне байла-нысты бейнеледі.

 

Шындығында темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқа-лмайды, ол ақыл-ой және ерік процес-терінен де көрініп жатады.

19 ғасырдың аяғында темперамент  туралы теориялардың дамуы жаңа бағыт алды. Неміс анатомы Гейне темпе-раменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н.Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындаєы молекулярлық қозға-лыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-І909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

Ерте кезден бастап зерттеушілер адамдардың мінез-құлықтарын, күйзе-лістерін бақылай келе, адамдардың дене бітімі және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетіндігін байқаған.

Демек, жеке физикалық немесе психикалық қассиеттері бойынша өзара ұқсас көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтірудің нәтижесінде темпе-раменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты.

Клиникалық жағдайларында әртүрлі дене құрлымды адамдардың мінез-құлқын бақылау жағдайларында Э. Кречмер темпераменттің негізгі мазмұнын құрайтын психикалық қасиеттердің негізгі топтарын ұсынды. Бұл біріншіден, психастезия (психикалық тітіркендіргіштерге қатынасы аса жоғары немесе төменгі сезімталдылық), екіншіден, көңіл-күй фоны (көңілкөтеруге немесе қайғыруға бейім), үшіншіден, психикалық қарқын (психикалық үрдістердің тежелуі немесе тездететуі), төртіншіден, жалпы қозғалыс қарқыны немесе психомоторлық сфера (қозғалыс траекториясының қозғалмалылығы немесе тежелуі).

Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар және дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:

1) Лептосоматик - (грек –  нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке ұзын.

2) Пикник – (грек –  толық, нығыз). Майлы тканді, бойы  орташа немесе қысқа, денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған саусақтары бар.

3) Атлетик – (грек –  күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері мығым, бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.

4) Диспластик – (грек –  нашар қалыптасқан). Дене бітімінде  нақты форма жоқ, бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады [2].

Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көп-шілігі лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э. Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене құры-лымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер былайша түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар. Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.

Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін ажыратады:

1) Шизотимик – дене  құрылымы лептосоматикалық немесе  астеникалық. Психикасы бұзылғанда  шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын өзгертпейді. қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.

2) Циклотимик – дене  құрылымы пикниктік. Психикасы бұзылғанда  маниакальді – депрессивті психозға  бейім. Шизотимикке қарсы тип. Қоршаған  адамдармен қарым-қатынасы тез түседі.

3) Иксотимик – дене  бітімі атлеттік. Психикалық ауытқуларда  эпилепсияға бейім. Салмақты, мимикасы мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі жоғары емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта қоныстанғанда және ауысқанда қиыншылықпен бейімделеді.

Э. Кречмер конституциялық типология теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жыл-дарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антро-поскопиялық әдісті қолданды .

У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:

1) Эндоморфты тип- қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.

2) Мезоморфты тип – бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз ке»де агрессивті мінез-құлық байқалады.

3) Эктоморфты тип - арық, ішкі  мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық,интровертті және өмірдің қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.

У. Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында негізделген және статистикалық дәледенген болып саналады. Бұл теориялардын көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға алды.

Белгілі поляк ғалымы Ян Стреляу адамның дене құрлымы ерекшеліктерінің темпераментпен байланысын зерттеуді шектемеуді ұсынды, адамның өмірлік жағдайларға және қызметіне бейімделуіндегі темпераменттің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын қарастыру керек деп тұжырымдаған. Оның пікірінше, индивидтің өсуі кезінде және ерекше орта жағдайлардың әсер етуінен темперамент белгілі бір өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген [4].

Қазіргі кезде ғалымдар ізденістер нәтижесінде темперамент тиологиясын жаңа мәліметтермен толықтыруда. В.С. Мерлин мектебінде темпераменттің негізгі 9 параметрлерін бөліп көрсетті:

1) эмоционалдық қозғыштық; 2) зейіннің қозғыштығы; 3) эмоцияның  күші; 4) мазасыздық; 5) еріксіз қозғалыстардың  реактивтілігі; 6) мақсатты бағытталған  әрекеттің белсенділігі; 7) пластикалық- ригидтілік; 8) қарсылық; 9) субъективация. Алайда барлық ұсынылған сипаттамаларды  темпераментке жатқыза алмаймыз, мысалы, зейіннің қозғыштығы таным  үрдістерін сипаттайды, ал еріктің  бел-сенділігі және субъективация  мінездің қасиеттеріне жатқызамыз.

В.М. Русаловтың ойынша темпераментті адамның сөйлеу мінез-құлқына, яғни, адамның дауыс ырғағына, сөйлеу қарқындылығына, грамматикалық қателердің болуына, жауаптардың жылдамдығына, пікірлердің ұзақтылығына, адамдармен әңгімелесу әрекеттеріне байланысты анықтауға болады деген. Жалпы алғанда, әрбір адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие өмірде қайөқай темпераментте таза күйінде сирек ұшырасады. Көп жағдайда бір адамның бойында бір темпераменттің белгілері басымдау болғанымен, басқа темпе-раменттің нышандары да кейде қылаң беріп қалуы мүмкін. Темперамент арқылы адамның көзқарасын, таным-түсінігін, наным-сенімін анықтау мүмкін емес. Темперамент тек адамның жеке басының динамикасын ғана сипаттайды.

 

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ

Неврология, жалпы және медициналық психология кафедрасы

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Жеке адамның мінез және темперамент типтері

 

Дайындаған: Уалиева Т.Ж.

108 ОМ

 Тексерген: Исимова А.Е.

 

 

 

 

 

 

Астана 2012

Жоспар

  1. Кіріспе

Жеке тұлғаның қалытасуы

  1. Негізгі бөлім

А) Темперамент туралы түсінік. Типтері

Б) Мінез туралы түсінік. Ерекшеліктрі. Зерттеулері

1. А.Е.Личко бойына акцентуация типтері

В) Темперамент туралы теориялар

    1. Көне Қытай елшілері бойынша
    2. Көне Грек медиктері, Гиппократтың мектебі, Гален, Платон, Демокрит, Әбу әли Ибн Сина бойынша темперамент
    3. Иммануиль Кант, А.В.Вундт теориялары
    4. Э.Кречмер бойынша темпераменттің мазмұны
    5. У.Шелдонның корреляциондық анализі
    6. В.С.Марленнің мектебіндегі темпераменттің негізгі параметрлері

3. Қорытынды бөлім

    Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Либин А.В. Дифференциальная  психология. - М.: Смысл, 1999. -534 с.

2. Кречмер Э. Строение  тела и характер //Психология индивидуальных  различий. Тексты. - М., 1982. - С. 219-247.

3. Шелдон У. Анализ конституциональных  различий по биографическим данным //Психология индивидуальных различий. Тексты. - М., 1982. - С. 252-261.

4. Нартова-Бочавер С.К. Диффе-ренциальная  психология: Учебное пособие /С.К. Нартова-Бочавер. - М.: Флинта, Московский психолого  – социальный институт, 2006. - 280 с.

5. Ильин Е. П. Психология  индивидуальных различий / Е.П. Ильин. – СПб.: Питер, 2004. – 701 с.

6.    Бап – баба С.Б.. Жантану негіздері: Алматы, Заң әдебиеті, 2003.- 306 б.

7.    Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы, 2004.- 377 б.

8.    Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе, Алматы, 2004

9.    Немов Р.С. Психология. – М., 2001

10. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.

11.www.google.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жеке адамның дамуы