Жеке адамның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 11:46, реферат

Краткое описание

Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология СРС.docx

— 346.73 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.

Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.

Адамның мінез-құлығы

 

Сеченов Иван Михайлович

Адам ағзасы баска тірі ағзалар сиякты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды жөне тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жүмысы, білгенін баскаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді.Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті.

Әрбір адам белгілі бір өлеуметтік ортада тіршілік ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда, қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осын- дай қарым-қатынастың нәтижесінде өрбір адам жеке түлға ретінде өмір сүреді. Адамның психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру максатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы - мінез-құлықты білдіреді.

Декарт Рене

Адамның мінез-қүлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология (гр. «еtһоs» - мінез, «logos» - ілім) дейді. Рефлекс — жүйке кызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлык тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзага сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде өсер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс аркылы ағза үнемі өзгеріп түратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сырткы жөне ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің өсері талданады. Рефлекс үғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы - Р.Декарт (1596-1650).

Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топка бөледі. Шартсыз рефлекс орталык жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) аркылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы - түйсік - инстинкт (лат. «instictus» - түйсіну) деп аталады. Түйсік - едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады.

Жаңа туған нәрестенің алғаш рет анасын емуі - тағамдық шарт сыз рефлекске жатады. Көзге бір затты жақындатқанда көзді жұму - қорғаныштық шартсыз рефлекс. Сәбиге таные емес затты көрсеткенде соған карай басы мен көзін бұруы - бағдарлаушы шартсыз рефлекс. Шартсыз рефлекстер арқылы ағзаның ішкі ортасының түрактылығы қамтамасыз етіледі. Ішкі мүшелер мен мүшелер жүйесінің кызметі үйлесімді түрде жүреді. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады.

    А.Е.Личко акцентуацияның өзгерісінің динамикалық бағытын анықтап, оған оның түрінен латентті түріне өтуді жатқызады, акцентуацияның «шеткі психопатияға» және трансформациясының мазмұны жағынан өзіне ұқсас акцентуацияның қосылуын көрсетеді (мысалы, гипертимдінің циклоидтыға ауысуы). Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма варианттары. Соның салдарынан басқаларға тұрақтылық кезіндегі, психогендік әсердің негізгі түрі қатынасында таңдамалы осалы табылады (А.Е.Личко).

  1. Гипертимді тип – үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді, іс-әрекетке деген құштарлық, айналасындағыларға әр дайын аса зейінді болмағандықтан, өзінің жеке күйін күшпен басқарады. Бала – болашақ гипертим, таңертең оянғанда күліп тұрады және жағымды әлемдік қатынас объективті жетістіктерге әрдайын шартталған емес.
  2. Циклотимді тип –  төмен көңіл-күймен, өмірдің қараңғы жақтарына көп көңіл бөледі. Бала оянғанда жылап тұрады, ал ересек жаста өмірдің жақсы жақтарын қабылдамайды, қоршағандардың неодекватты кінә сезімдерін тудырып, соған байланысты топта жоғары статусы болмайды. Қоқақ, тіпті өмірдің қиын емес тапсырмаларымен байланысты болғанда да үнемі қауіпті сезінеді.  Тұлғаның потологиялық дамуында моникалды-депрессивті психозға әкеледі.
  3. Лабильді – акцентуацияның бұл типі көңіл-күйдің тез ауысуын көрсетеді. Лабильді акцентуациясы бар адамдар өте сезімтал болып келеді. Олардың әлсіз жақтары жақын адамдарынан айырылғанда көрінеді. Бұл индивидтер жақсы қарым қатынасты, жылышырайды, шынайы бауырмалдық сезімді көрсетеді. Қарым қатынаспен қызығады, өзімен жасты адамдарға тартылады.
  4. Астено-невротикалық – бұл тип жоғары әлсіздікпен және тітіркенгіштігімен көрінеді. Астено-невротикалық адамдар ипохондрияға жақын және және әр түрлі сайыстарда өзінің әлсіз жақтарын байқатады. Оларда блгіленген жұмысты орындау қолдарынан келмейді дем ойлаған кезде көбіне психикалық ауытқулар болуы мүмкін.
  5. Сенситивті – сенстивті типті адамдар таң қалғыш болып келеді, өзіне-һзі сенімсіздігімен, нәзіктігімен, ұялшақтығымен сипатталады.  Көп жағдайда жасөспірім кезінде мазаққа айналадын. Олар жақсылықты, тыныштықты, көмекті оңай көрсете алады. Олардың қызығушылығы интеллектуалды-эстетика аймағындажәне оларға қоғамның мойындағаны маңызды.
  6. Психастеникалық – бұл тип өзіне-өзі анализ жасау мен рефлекцияға бейім келеді. Олар шешім қабылдағанда жиі қобалжиды және жауапкерщіліктерді өзіне ала бермейді. Бұл субъектілер жинақылықты және ойдың жүйелілігін көрсетеді. Оларда көбінесе өзгерулерсіз бірқалыпты көңіл-күй болады. Жыныстық қатынас кезіндк қателік жасаудан қорқады, бірақ бірақ негізінен жыныстық өмірі ерекшеліктерсіз өтеді.
  7. Шизоидты – шизойдты акцентуация индивидтің тұйықтығымен, басқа адамдардан бөлектенуінен көрініс береді. Бұл адамдарға интуиция мен қайғы мұңды бөлісу қасиеті жетіспейді. Олар эмоциялық байланыстарды әрез орнатады. Бірқалыпты қызығушылықтары қалыптсқан. Көп сөйлемейді. Ішкі жан дүниесі басқаларға әрқашанда жабық және өзінің рахатына ғана арналған қызығушылықтары мен фантазияларымен толтырылған. Алкогольге бейімділігін көрсетеді.
  8. Қозғыш тип ( эпилептоидты ) — өз әсерлерін, сөзін және мінез-құлқын күшпен басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта оралып, өш алуға бейім.
  9. Демонстративті (истероидты)  — бұл тип адамның зейін ортасында болғысы келгенде көрінеді, бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын ұмытады. Демонстративті типке жоғары ығыстыру қабілеті және әлеуметтік ортаға тәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән.
  10. Тұрақсыз – акцентуацияның бүл типі жалқаулықты, жұмысты да оқуды да орындағысы келмейтіндігімен түсіндіріледі. Бұл адамдар көңіл көтеруге, мерекелік уақыт өткізуге ауырсынады. Олар еш назарсыз қалуды және барлық билік өзіне –өзі беріліп қойғанды ұнатады. Жағымсыз қасиеттері ортаның ойларына байланысты туындайды.
  11. Конформды – бұл адамдар барлығы сыйақты ойлауға тырысады. Олар өмірлеріне күрделі өзгерістер жасамайды. Бұл акцентуацияның типіндегі адамдар жылышырайлы, дисциплинаға бағынбайтын және шатаққұмар емес. Жаман қасиеттері қоршаған ортаның көзқарасына байланысты қалыптасады.

Темперамент туралы теориялар.

Темперамент – ғалымдарды ежелгі кезден-ақ қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдардың мінез-құлқын сырттай бақылай отырып, олардың әрқайсысына тән өзіндік дара болмысы, ерекшеліктері бар екенін байқаған. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ мәселеге байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозға-лыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психи-калық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, зандылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.

Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды қасиеттеріне ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (тилологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.

Негізінен темпераменттер туралы ілім көне Қытай (б.э.д. VIII ғ.) емшілерінен бастау алады екен. Адамдардың арасындағы өзіндік ерекшеліктерді олар стихиялы-материалистік тұрғыда түсін-дірген. Яғни, адами ерекшеліктер айырмашылығы денедегі элементтерге байланысты дейді. Қытай және үнді емшілері темпераментке үш элементті: ауамен тыныстауды [ЦИ], өтті (немесе қанды және сөлді негіз етіп алды. Осы үш элементтің біреуінің басым түсуіне байланысты адамдардың мінез ерек-шеліктерін үш түрге бөледі. Айталық, өт [қаны] басым адамдар жолбарыс сиякты күшті әрі батыл, «циі» басымдар маймыл тәрізді ұшып-қонған тынымсыз: сілекейі көптер жайбасар, шабандау қимылдайтын болып келеді.

Ал грек медиктері бұл «құбылысқа» cәл басқашалау қараған. Төрт темперамент туралы ілімді алғаш дамытқан грек ойшылдарының бірі — Эмпедокл (б. э. д) 490— 430 ж. төрт элементтің тең болуы немесе бірінің басым түсуі әр адамның ақыл-ой қабілетіне және мінез ерекшелігіне тікелей әсер етеді. Яғни, ақылды немесе кеще болу тек солардың тұтасуына, қарекетіне тәуелді деп түсіндірді.

Біздің дәуірімізге дейінгі 460—377 жылдар шамасында өмір сүрген Гиппократтың мектебі өмірді өзгермелі үрдіс ретінде қарастырды. Заттардың алуан түрлілігіне сүйенетін бірегей стихия туралы ілімді төрт сұйық (қан, сөл, сары өт және қара өт) туралы ілім алмастырды. Гиппократтың пайымдауынша «дененің табиғаты да осылардан құралған осылар арқылы ғана ауырады, осылар арқылы ғана айығады. Күші мен саны жағынан алғанда олардың тұтасу тепе-теңдігі сақталған жағдайда және олар жақсырақ араласа түскен кезде ғана дене сау-сергек бола түседі». Жұртшылыќқа әйгілі Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, дәлелдей алмады.

Жеке адамның өскелең белсенділігі оның табиғи және әлеуметтік ортамен байланысының сипатын зерттеуге мәжбүр етті. Осы байланыс қазіргі кездің ең басты теориялық тақырыптарына айналып отыр. «Ауа, су және мекенжер туралы кітабында кейбір азиялық халықтардың өмір салтын алға тарта отырып, Гиппократ әдет – ғұрып, яғни адамдық болмыс ағзаның табиғатын өзгерте алатынын дәлелдеп шықты. Мұның өзі адам бойындағы әлеуметтік және биологиялық сәйкестілік туралы мәселені талқылауға ұмтылған алғашқы талпыныс еді.

Көне грек медиктерінің ой – пейілі адамды танып – білуге құштар болғанымен бәрібір психикалық қызметтердің орындалуы үшін аса қажетті органдар құрылымымен тап баса алмады. Ықылым заманнан бері Шығыста да, Грецияда да «жүрек әмірі», «ми әмірі» деген екі теория тайталасып келеді.

Көптеген қадағалаулар мен хирургиялық операциялардың барысында көне грек емшісі Алкмеон [б.д.д. VI ғасыр] «ми дегеніміз жан – сезімнің органы» деген ой түйді. Мидың құрылымын сезінудің кейін сезімдік деректерді жинақтаудың нәтижесінде мидың өнімі іспеттес психика туралы ілім пайда болды. Алкмеонның ізімен Гиппократ та миды психиканың органы ретінде уағыздап, ол –үлкен темір сияқты деп түсіндірді. Бұл ұғым медицинадан философияға көшіп барды. Сөйтсе тұра, Алкмеонның ми – психиканың органы деген жаңалығын көптеген ғасырлар бойы жәй болжам ретінде бағалап келді. Солтүстік Грециядағы емшілік мектептен дәріс алған Аристотельдің өзі «жүрек әмірі» атты қағидаға жүгінеді. Сөйтіп, өзінен кейінгі, тіпті XXI ғасырға дейінгі физиологтарға бағдар болып келген «жалпы сезімталдық» деген түсінікті қалыптастырады... Александриялық емшілердің және одан кейінгі медицинаның тәжірибелеріне сүйене отырып, Ежелгі Римнің ойшылы Гален (б.д.д. I ғасыры) философияның, биологиялық және медицинаның жетістіктерін ұсынықты ұштастырып бір арнаға бұра білді. Ол кезде адам денесін анатомиялауға тыйым салынған болатын. Тек маймыл мен сүт қоректілер арқылы органдардың құрылымы мен қызметі зерттеледі. Гладиаторлардың хирургы болған соң Гален өзінің анатомиялық білімін жетілдіру мүмкіндігінен айырыла қойған жоқ. Ол жан – сезімнің органдары – ми, жүрек және бауыр деп есептеді. Рим дәрігері Гален (129—199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Оның пікірінше, организмде жылылық неғұрлым басым болса. адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

Олардың әрқайсысы Платон (б.д.д. IV ғасыр) ұсынған жан – сезім бөлігіне сәйкес түрліше психикалық қызметке ие болатын еді: айталық, бауыр – құштарлықты, жүрек – ашу мен батылдықты, миақылды тұтады. Темпераменттің физиологиялық негіздері туралы ілімнің медици-налық практика аясындағы психологиялық типологиядан өрбіп шыққандығына шүбә жоқ. Түрлерді бейнелейтін элементтерге қатысты тізбектерді түсіну үшін аса бас ауыртудың қажеті жоқ, өйткені ол деректердің жиынтығы емес, тайға таңба басқандай белгілі төрт «түбір» туралы ілім ғана. Тек Демокрит сананы психологиялық талдау жасаудың нәтижесінде төрт дәмдік қасиеттерді — тәттілікті, кермектікті, қыш-қылдықты және ащылықты ажырата білді. Бұл жаңалықты екі мың жылдан соң эксперименталды психология ғылымы да растап отыр.

Ежелгі психология тындырған маңызды шаруалардың бірі — темпераменттер туралы ілімді аяғынан қаз бастыру еді. Тіпті, әлі күнге дейін осы ілімнің «холерик», «флегматик», «мелан-холик», «сангвиник» атты түсінік-атаулары тілімізде өзгеріссіз қолданылып келеді. Әрине, Гиппократ пен Галеннің іліміндегі осы түрлердің сипаттамасы қаз-қалпында қалды дей алмаймыз. Қазіргі зерттеушілер нақты психологиялық және физиологиялық ізденістер аясында көне ілімнің тек жалпылама принциптерін ғана пайдаланып жүр. Адамдардың арасындағы жекелеген ерекшеліктер немесе негізгі түрлер ұштаса келіп, дене бітімінің кейбір өзгешеліктерін құрауға ықпал етеді деген идея әлі күнге дейін дифференциалды психофизио-логияның басшылыққа алар қағидасы екенін мысал етуге болады.

Бір ғажабы, ежелгі дәуірде ғылыми психофизиологиялық ойлаудың негізгі категориялары қалыптаса қоймағанымен, қазіргі жоғары жүйке қызметінің түрлері теориясына жүк болып жүрген мәселелерді көтере білген.

Көне дәуірдегі психофизиологиялық ұғымдардың дамуы Гален ұсынған жүйемен ғана шектеліп қалады. Содан бір жарым ғасыр өткенде барып, Әбу әли Ибн Сина (980—1037) Галеннің психо–физиологиялық іліміне ден қоя бастайды. Ол екі психологияны пайдалана отырып, жан-сезімі туралы екі ілім жасайды. Әсіресе, «Канон» атты еңбегінде дәрігердің көзқарасын бейнелейтін ілімді өрбіте келе, көптеген адами құбылыстарды мате-риалистік тұрғыдан бағалайды; психиканың бүтіндей миға тәуелді екенін мәлімдейді. Уайым-қайғының денсаулыққа тигізер әсерін зерттеу тәсілі де оның жаңашылдығы еді. Ол бір жас жігіттің арықтап кетуінің жан-сезімдік себебін қалай анықтағанын әңгімелейді: оған бірнеше сөз айтып, қайсысы ауруын меңдете түсетіндігін тамырын басу арқылы біліп алған. Сөз жоқ, тап осының өзі психофизиологиялық днагностика сала-сында алғашқы қадам болуы мүмкін.

Психофизиологиялық әсерге (эмоцияға) тікелей қатысы мынадай бір тәжірибені де Ибн Синаның атына таңып жүрміз: екі тоқтыға бірден мөлшерде азық береді. Тек біреуін еркін, оңаша жағдайда бағады да, ал екіншісінің маңайына қас-қырды әкеп, байлап қояды. Сонда, соңғысы ішіп-жемі жеткілікті болғанына қарамастан, күннен - күнге арықтап, ақырында, өліп қалыпты. Тәжірибе арқылы қарамақарсы сезімдік жағдайдың «орға жығарлық» ролін жете ұғынуға мүмкіндік туды. Сөйтіп, емшілік ғылымының атасы атанған Әбу әли Ибн Сина экспе-рименталды психофизиологияның да негізін қалады.

Информация о работе Жеке адамның дамуы