Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 20:26, лекция
Дәрістің қысқа мазмұны: «Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама. Адам мүмкіндіктері. Адам мүмкіндіктері. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдығы мәні. Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
Сонымен бірге ойлаудың басты органы болып табылатын мидың эволюциясын растайтын мәлеметтерде бүгін таңда жоқ. Мидың эволюциясының тоқтағанын тікелей негіздейтін дәлел болмағанымен, бірақ Homo sapiens пайда болғаннан бергі 30-40 мың жыл ішінде оның мөлшері өзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі адам тектес маймылдардың эволюциясы кезінде олардың миы үнемі дамып, өсіп отврған болатын. Мысалы: австралопитектің миының мөлшері 500-600 см3 болған болса , питекантроптың миы 900см3 , синантроптардың миы 1000 см3 –ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының орташа мөлшері ересектерде-1400см3 , әйелдерде-1270см3 . Сонымен қатар адамның жеке басының дарындылығы оның миының мөлшеріне тікелей тәуелді бола бермейді.
Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтардың пікірінше, адамның түр ретіндегі биологиялық эволюциясы Homo sapiens пайда болғаннан бері тоқтады деуге болады. Мұның дәлелі ретінде сол уақыттан бері адам миының өзгермегендігін, оның морфологиялық өзгерісінің аяқталғанын келтірсе де болады. Бұған қарама-қарсы пікір айтуға жеткілікті негіз жоқ.
Сонымен антропогенез процесінің дамуы адам түрінің қалыптасуының аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. О сы кезден бастап эволюция әлеуметтік өмірмен байланысты іске асып, адамның болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның өмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік инфомация келгенін атап айту қажет.
Адамзатты қандай болашақ күтіп тұр, яғни түрдің даму тұрғысынан қарағанда, адамзаттың болашағы қандай деген сұраққа кейде кейбіреулер геномның әлсіреуі салдарынан жануарлармен өсімдіктердің барлық түрлері біртіндеп өледі деген пікірді айтып жүр. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірінше, басты қауіп түрлердің қартаюында емес, биосфераның түрліше қалдықтармен барған сайын көп ластануында, радиациалану деңгейінің барған сайын өсуінде, экологиялық себептерінде болып отыр. Генетикалық ауытқуларының салдарынан кесел нәрестелердің тууының көбеюі , ақыл-есі нашар адамдардың сананың артуы, генетикалық ауытқулар адамзаттың болашақ өміріне төніп басты қауіп-қатер ең алдымен біздің ьәдени дамуымыздың төмендігінде екендігін көрсеткді.
Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер.
Адам-әлеументтік қатынастармен саналы іс әрекетті жүзеге асырушы, табиғатта кемелденіп жетілген ақыл ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай адамды ғылымның көптеген салалары зерттейді. (Философия, анатомия, физиология, антропология, тарих, педагогика, психология) Әр ғылым адам проблемасын әр қырынан зерттейді. Философия- дүние танымдық, көзқарасын анатомиямен физиология –денесімен жүйке жүйесінің құрылысын оның қызметін, антропология-адамның қоғамда алатын орынын, табиғаттағы өзеге құрылыстар мен байланысын тарих –қоғам өміріндегі қарым қатынасын саралау, ал педагогикалық адам тәрбиесі, оның білім беру жүйесін қарастырып,оның қоғамның белсенді азамат етіп қарастыруын көздейді. Психология-адамның жан дүниесін,сырын, психикасын даму заңдылықтарын, оның жеке қасиеттерінің жеиілуі мен қалыптастыру жолдарын зерттейді. Қарап отырсақ әр ғылым өз бетінше белгілі бір мақсаты көздейді.
Адамды зерттеуді Р.С.Немов 3 кезеңмен қарастырады:
1.Философиялық-әдебиеттік.2.
Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі - ежелгі ойшылдардан XIX ғасырға дейін созылады. Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын, адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Оның биологиялық, психологиялық, мінездік, мәдениеттік т.б жақтары жеке адамға қатысты деп түсінді және ондай түсінік күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жеке адамды кең түрде талдаудың өзіндік негізі бар. Адамның қажеттілігіне байланысты мейлі тәндік болсын, мейлі жандық болсын тұтас алғанда жеке адамды сипаттайды. Әдебиеттерде, философиялық және әлеуметтік ғылымдарда жеке адамды бұлай қарастырылуын түсінуге де болады. Дегенмен, психологияда мұндай қарастыру тым кең, жалпылық деп саналады. Сондықтан, гылыми - нақты мазмұнды қажет етті.
Жеке адамды зерттеудің клиникалық кезеңі – XIX ғ. бастауында көрініс берді. Онымен врач-психиаторлар айналысты. Олар жан ауруымен ауыратындардың өмір сүру тарихын, мінездерін бақылап, оларға диагностика жасау, емдеу және олардың табиғаты туралы кәсіби қорытындылар жасады. Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.
Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ертеден белгілі. Алғашқы теориялардың бірі греция философы Аристрах Эпикурдің адам әрекеттері, қылықтары оның сезімдерге туралы, өз тұрмысында жағымды сезімдерді тудыруға ұмтылып, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынуы жөнінде айтады. ХVІІІ ғ француз материалист ағартушылар бұл теорияны жақтады. Олар жағымсыз сезімдерге қарсы шығып, дүниені ең қызығы алаңсыз өмір сүру дүниенің барлық қызық тамашасын көріп қалу, сондықтан жағымды сезімге көбірек ұмтылу керек деп есептеді. Сөйтіп, француздар мұқтаждық туралы физиологиялық теорияға негіз салды. Бұл теорияда, тәнде болатын биологиялық, физиологиялық ағымды мұқтаждықпен байланыстырады. Мұқтаждық адам тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды деп есептеді.
Неміс оқымыстысы психоаналистик психоневролог З. Фрейд (1856-1939) сексуалдық теориясында адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, құмартуға апарып теңейді. Екі түрлі ынтығу бар деп есептейді.
Екінші ынтығу біріншіден кейін пайда болады. «Мен» ынтығуы өзінің өмір сүруіне қажетті ынтығу болып саналады. Фрейд, жыныс құмартулары адам әрекетінің арлық қылықтарын негіз болады, әрі оны басқарады деп есептеді. Адам қажеттіліктері: материалдық, рухани болып бөлінеді. Адамда екі түрлі күш бар: биологиялық- ол жыныс ынтығуы; әлеументтік ынтығу. Міне, осы ынтығуларды адам өзін-өзі сақтау инстинкті арқылы оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны дұрыс қолданады, оны әрдайым басқарып отырады және жақсы мақсатқа жұмсайды және мәдени қажеттілік түрін басқарады. З. Фрейдің адам бойындағы белсенді әрекеттің табиғи әрі, биологиялық құбылыс екенін дәлелдеп берудің өзі айтарлықтай жаңалық. болғанымен оның белсенділік әрекетінің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар . А. Кординер, Е. Формм, К.Хорни т.б. орынсыз деп санады. Олар, Фрейдтің көзқарасындағы кемшілікті атап айта алмасада, өздерінше «жаңа Фридизм» деген ағымды тудырды. «Жаңа Фрейдизм» ағымы адам тіршілік еткен ортасыны тәуелді, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санайды. «Жаңа Фрейдшілердің» ойынша тіршілік ортасына бейімделген адам әлеументтен өзінің ғашығын іздейді. Соған ұмтылады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады деп адам белсенділігін асыра дәріптейді.
Философиялық - әдебиеттік және клиникалық тұрғыдан қарастыру кезеңі тұлға мәнін түсінудің алғашқы қадамы деуге болады.
Адам психологиясының эксперименттік кезеңі - XX ғ. алғашқы он жылдығынан бастап кәсіби психологтар айналысты. Оның қалыптасуына А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел және т.б. үлес қосты. Кәсіби психологтар бұған дейін танымдық процестерді және адам жағдайларын зерттеген болатын. Эксперименттік кезеңде дені дұрыс адамдарды сенімді валидті тестілік әдістерді жасап, бағалады.
Тұлғаны зерттеуде эксперименталдық кезеңі танымдық процесті зерттеуде едәуір жетістікке жеткен кезең. Ол психология ғылымының тұтас мінез актісін түсіндірудегі тоқыраумен тұспа-тұс келді. Үстемдік құрған адамды атомдық тұрғыдан қарау адам психологиясын жекелеген процестер мен жағдайлар тұрғысынан қарауды талап етті.
Адамға эксперименттік тұрғыдан қарауда ағылшын психологі Р.Кеттел ескі негізде құрмай, өзінде жаңа талпыныс жасауда ауру адамды емес, дені сауды және оларға нақты, әрі дұрыс әдісті қолданды.
Адамды экспериментальдық зерттеумен А.Ф.Лазурский, Г.Айзенек, Р.Кеттел шұғылданды. А.Ф.Лазурский тұлғаны ғылыми бақылаудың жүйелі техникасы мен әдісін ендірді. Ол сонымен бірге табиғи эксперимент арқылы дені сау адам психологиясы мен мінезіне қатысты мәлімет алу, қорыту сияқты еңбектер жасады. Г.Айзенек алынған бақылауды математикалық өңдеу процедурасы мен әдісін, құжатты талдау, сауал, т.б. тұлға туралы жинақталған мәліметтер нәтижесіндегі мәліметтермен тұлғаның өзіне ғана тән тұрақты келбетін сипаттады. Г.Оллпорт «Келбет теориясы" деп аталатын жаңа теорияны дүниеге әкелді. Ал, Кеттел Г.Айзенектің әдісін пайдалана отырып, тұлғаға факторлық талдау жасады. Олда барынша нақты факторға негізделген түлға келбетін белгіледі. Ол тұлғаны зерттеудің тестілік негізін дүниеге әкелді. Тұлғаны зерттеу тесті 16 факторлық тестіден тұрды. Бұл тест Кеттелдің атымен «Кеттелдің 16 факторлық тесті» деп аталды.
Тұлға туралы қазіргі теориялар.
XXғ. 20 ғасыр 30 жылдардан бастап
түлға психологиясын зерттеу
белсенді дифференциядық
Психодинамикалық теория типіне К.Левиновтің формуламен берілген символикалық түсініктік типі жатады: В = F (Р,Е). В- мінезді, F-функциональдық тәуелділік белгіні, Р-тұлғаның ішкі субъективті психологиялық қасиетін, Е- әлеуметтік ортасы дегенді білдіретін шартты белгілер болып табылады. Психодинамикалық теорияның символикалық көрінісі мынадай болады: В = Ғ (Р)
Мұнда мінез психологиялық қасиеттен шығарылып тасталды. Ол толығымен олардың негізінде түсіндіріледі.
Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде В = Ғ (Е) берілді.
Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).
Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.
Экспериментальді емес теория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.
Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.
Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.
Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.
Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс - әрекет сияқты.
Г.Оллпорт пен Р.Кеттелдің жасаған теориясы - келбеттік теорияны, психодинамикалық, экспериментальдық, құрылымдық - динамикалықтың қатарына жатқызуға болады. Мұнда адамның барлық өмірі қамтылып, оның тұлғалығының ішкі психологиялық қасиеттерңн сипаттайтын түсініктер бар. Бұл теория арқылы адамдарды бір-бірінен дамушылық деңгейінің белгілі бір түріне қатысты айыруға болатындығына байланысты теорияны қуаттауына болады. Ал тұлғалық тұтас сипаттау тек тестілеу немесе қатаң зерттеу тәсілі арқылы гана анықтауға болады.
Қатаң зерттеу тәсіліне - тұлғаның тілді меңгеруімен және қазіргі статистиканың күрделі әдістері арқылы ғана анықтауға болады.
Осы әдістер арқылы Р.Кеттел 16 түрлі түлғалық келбет анықтап, аның күшті жэне әлсіз сияқты екі түрлі дамушылығын белгілейді. Кеттел сауалы 100 сұрақты қамтиды да, оны мақұлдау немесе мақұлдамау арқылы, соңындағы жинақтаған баллық «кілтіне» қарай белгіленеді. Сол арқылы оның түлғалық келбеті анықталады. Тұлға келбетін Р.Мейлиде анықтады.
Кебет теориясына алтернативті түрде элеуметтік үйрету теория деп аталатын тұлға түжырымдамасы кең тарайды. Мүнда да түлғаны жан-жақты қарастыру мінездік түсінік пен әлеуметтік - динамикалық, экспериментальдық, қүрылымдық-динамикалық жүктелумен жүзеге асады. Мүның негізгі ерекшілігі құлықтар немесе құлықтар топтамасы мен психологиялық сипаттама жасалады.
Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінез белгілеп, оны бірнеше мынадай, топқа бөледі:
1. Адам қабілеті.
2. Когнетивті стротегиясы.
3. Кітетіні.
4. Құндылығы.
5. Мінез жоспары.
Ал З.Фрейдтің тұлғалық психоаналитикалық теориясы Батыста кең танымал. Оны психодинамикалық, экспериментальды емес, құрылымдық-динамикалық типке жатқызуға болады. Ол тұлғаның психологиялық қасиетін, әсіресе қажеттілігі мен себептерін сипаттайды. З.Фрейд өзіндік сананы - айсбергтің шыңына теңейді. Адам өз жанында болып жатқанның мардымсыз бөлігін ғана белсенді сезінеді. Ал оның жанында болып жатқанның негізгі бөлігі тәжірбиесі мен тұлғалануы бейсанада болады деп көрсетеді. Фрейд тұлға құрылымын үш құрамда: «оно» , «мен» , және «Мен-тыс» деп белгілейді. «Оно» - бұл өзінің дербес бейсаналықтағы қызығушылық, қажеттілік пен себепке терең енуі; «Мен» - санасы; «Мен-тыс»-бұл саналык жэне бейсаналық деңгейі. «Оно» - ләззат принципіне, «Мен» - шындық принципіне, «Мен-тыс» - қоғамда орын алған моралдық норма мен құндылықты басшылыққа алады.
Жағымсыз эмоциональдық жағдайдан құтылуға байланысты «Мен» көмегімен өзінің қорғаныстық механизімдерін жасайды. Ондай рационализация, реакуляция қалыптастыру, проекция, интеллектуализация, ескертпелер жатады. Егер осы және бұданда басқа қорғаныстық механизімдер нәтиже бермесе, ол «Оно» -дағы кодталған, символикалық формаға байланысты болғаны.
З.Фрейдтің тұлға теориясы жэне неофрейдистер тұжырымдамасы шет елдер мен ресей психологтары арасында сынға ұшырады. Бұл сын адамның биологиялық шегіне, оның әлеуметтік мінезінің себебіне, оны басқару ролінің төмендігіне байланысты. Олардағы дәлелдер ғылыми негізделіп, нақтыланған дәлелденген деуге болмайды, деген олар тартымды әрі өмірлік ақиқатқа жанасымды құрылған.
З.Фрейд пен неофрейдистер тұлғаның жалпы психологиясын жасауда үлесі болды. Олардың үлесі қорғаныс механизмі, мінез-құлық детерминизациясы мен бейсаналық мәселесіне қатысты.
Жеке адам психологиясын
анықтауда гуманистік