Жеке адам психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 20:26, лекция

Краткое описание

Дәрістің қысқа мазмұны: «Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама. Адам мүмкіндіктері. Адам мүмкіндіктері. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдығы мәні. Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке адам психологиясы.docx

— 45.22 Кб (Скачать документ)

Жеке адам психологиясы.

Дәрістің  қысқа мазмұны: «Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама. Адам  мүмкіндіктері. Адам  мүмкіндіктері. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдығы мәні. Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер. Адамның  негізгі түрткілері мен құрылымы. 

 

«Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.   

 Адамды көптеген ғылымдар  қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика,  психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.   

 Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық,  психологиялық,  педагогикалық, әлеуметтік  сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар  бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық  іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі  көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.  

 Индивид (жеке  адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.  Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд  ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.  

 Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:

1. Әрбір адам ең алдымен  адамзат қауымының мүшесі ретінде  шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті  адамның барлық өкілдеріне ортақ  жалпы қасиеттерді иелену. Олардың  қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді  сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген  рухани-психологиялық қасиеттер  жатды.

2. Әр адамның физикалық  ерекшеліктерінен жоғары жүйке  жүйесінің қызметінен туындайтын  және тек өз басына тән психологиялық  өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу  ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге  қайтаратын жауаптарында, басқа  адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің  арқасында әр адамның басқаларға  ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық  ерекшеліктерінде жатқанмен оған  әрине өмір сүру ортасының  да қатысы бар.

3. Адам белгілі бір  елде, рухани дәстүрде белгілі  дәрежеде жеткен материалдық  және рухани мәдениет жемістерін  сусындап өседі. Сол дәуірдің  тарихи ортаның жемісі осының  бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің  ізін қалдырады.  

 Тұлғаны анықтайтындар  қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас  жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі  жән оны қалай қанағаттандыратындығына  байланысты.

Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.

Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен  көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент,  қабілет,  мінез.

Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

Адам  мүмкіндіктері.

Адамның 5 түрлі мүмкіндіктері бар. Олар: гнесологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, комуникативті, Көркемдік мүмкіндіктер.

1.Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.

2.Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды. Бұлар психологиялық және идеологиялық жағдайлар бірлігінде болып, тұлғаның санасы мен өзіндік санасының эмоциональдық-еріктік, интелектуальдық механизмдерінің анықталуымен және өмірлік дүние танымының, көзқарасының, талпынушылығының ашылуымен болады.

3.Шағармашылық  мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.

4.Коммуникативтті  мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.

5.Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік  іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.

Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдығы мәні.

Адам сана иесі ретінде, еңбектену нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіреді, өзіне берген тамаша қасиет-ойлау мен сөйлеу арқасында қатынас жасап, өзінің қоршаған ортасына белсенді түрде ықпал етеді. Яғни дүниенің сырын танып білуде субьектіге айналады. Адам бойындағы даралық өзгелермен қарым- қатынасынан байқалады. Жаңа туған бала индивид (жеке адам) деп саналады. Қалыпты дамыған өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті әлеуметтік ортада өз орын бар адамды жеке адам деп аталады.

Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен еркі білдіреді.

Міне бұл даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері әлеументтік ортада өсіп жетіледі. Жеке адамның тұлғалық сипатын екі түрлі ерекшелігін байқауға болады. Ол: әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар; типтерден туандайтын  және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер.

Бұл екеуі де биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделіп қарастырады. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар.

Биологиялық фактор –адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер. Әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор  адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын  Homo  sapiens  (ақыл-ойлы  адам)  қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы  мүлдем дерлік тоқтады дедік.  Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.

Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі  эволюция  адам  өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп  шықаннан кейін ол  шешуші рөл атқармйтын  болғаны сөзсіз. Енді адамның  эволюциясына  оның өмірін  мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық  өндірістің тәсілі,  еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары  тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз  адамдарда медицинаның көмегі арқасында  қоғам өміріне  белсене қатыса алады.

Табиғи сұрыпталудың  күші қоғам өмірінде  барған сайын әлсіреуде,  өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік  институттар жеке адамдардың биологиялық  жағынан өзгергіштігін  ұдайв әлсіретеді.  Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж.  1млн адамнан  4000  адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды,  ал бұл құрт ауруының  емдеуге қарсыласуы  бойынша сұрыпталуы  мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды  басқа аурулар бойынша да  келтіруге болады.

Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және  адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі,  әлеуметтік өзгерістердің  аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан  мәдени эволюцияның  көрсеткіші болып табылады.  Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың  тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды.  Егер жануарлар үшін табиғи  сұрыпталу эволюцияның  басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.

Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.

Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.

Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның “қалыпты ” орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.

Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.

Енді адамзаттың ақыл-ой  қабілетінің дамуы туралы мәселні қарастырып көрелік. Евгеника (адамның тұқым қуалаушы денсаулығы және оны жақсарту туралы теория) деген ілімнің негізін салушылардың бірі, ағылшын психологантрополыгы Ф. Гальтон  қазіргі адамның ақыл-ойы барған сайын төмендейді деп сендіруге тырысады, өйткені дейді ол төменгі таптарының өкілдері ақыл-ой коэфицент көрсеткіші төмен ал олардың отбасы әдетте көп балалы болады, олай болса қоғамдағы адамдар саны негізінен төмен сол  еңбекші топтарының  балаларының есебінен өсетін болғандықтан, адамдардың ақыл-ой деңгейінің  төмендеуі де табиғи нәрсе деп қорытындылайды Ф. Гальтон. Бұл пікір XX ғ-ң 60-жылдарына басына қарай адамның  ақыл-ой коэфиценті  әлеуметтік жағдайы және  балаларының саны арасында тікелей тәуелділік бар деген пікір жалған деп мойындалды.

Қазіргі балалар бұрынғы ұрпақтан гөрі ақыл-ой жағынан дамығандай ма, қалай?- деген сұрақ бүгін таңда талас мәселе деп есептеледі. Кейбір зерттеушілер айтқандай, балалардың ақыл-ой дамуы бас миының эволюциялық дамуымен генетекалық байланысты деп пайымдауға негіз болатын мәлеметтер бүгін таңда жоқ. Туғанынан немесе жастайынан көру есту  мүмкіндіктерінен айырылып, қолмен ұстап көрүден басқа сыртқы дүниемен байланыс мүшелерінен жұрдай болған балалар алғашында  жануарлардың даму деңгейінде болды. Алайда, оқытудың  арнаулы жүйесін, әдісін қолданудың нәтижесінде олар ақыл-ойы дұрыс адамдардың қалпына келді, ал кейбіреулері МГУ-дың психология факультетін бітіріп шықты.

Информация о работе Жеке адам психологиясы